Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Memleket_kursovaya_okon.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
79.52 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

Кіріспе................................................................................................................... 3

  1. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ....................... 4

1.1 Мемлекеттің пайда болуы мен қалыптасуы ............................................ 4

1.2 Мемлекет ұғымының түсінігі, типтері мен нысандары............................ 9

2. МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ. ҚР-НЫҢ МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІҢ АТҚАРАТЫН ОРГАНДАР........................................................... 14

2.1. Мемлекет қызметінің түсінігі мен мазмұны............................................ 14

2.2. ҚР-ның мемлекеттік қызметі аткарушы органдарының түсінігі мен бақылау жүйесі..................................................................................................... 22

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................... 32

Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ.................................................... 33

Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекет қызметінің түсінігі мен мазмұны» деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, оның бүгінгі мемлекет органдарының атқаратын қызметін түсіндіру болып келеді. Негізінең мемлекет дегеніміз - белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.

Мемлекеттің міндеттерді орындауы олардың қызмет бағыттарынан көрінеді. Мемлекеттің қызметтері дегеніміз – қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған және ешбір өзгермейтін қатаң қағида (догма) емес, қайта олар өзгермелі, өзгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді. Мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару болып табылады. Қоғам - өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі -өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері де, жекелеген адамдар  да қажетті іс-әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекеттің істейтін қызметі сан алуан. Мемлекет өзіне қарайтын кәсіпорындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.

Мемлекеттің сан қилы қызметін атқаратын механизмі. Мемлекеттің механизмі –белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар  болады. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызмет атқаруын белгілеуде барлық  мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар  қойылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттің қызметінің атқаратын және кадағалайтын басты заң болып Конституция біздің еліміздің бірлігінің, тұтастығының белгісі. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата заңы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]