Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
8
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
21.89 Кб
Скачать

 

 

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салық деген не?

 

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мелекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен қабаттаса жүреді.Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына  қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.Салықтарда мемлекеттің  экономикалық мазмұны  нақты түрде көрінеді, ал салықтардың  әлеуметтік- экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

  Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.. Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты- бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады .             Салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құрү және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру. Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;

салық салу саламсында мемлекет органдарының міндетін анықтау;

арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;

салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

   Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Қазақстан Республикасынығ салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.Қазақстан   Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар.

             Салықтың түрлері:

   1.Корпорациялық табыс салығы

    2.Жеке табыс салығы.

   3.Қосылған құн салығы.

   4.Акциздер.

   4.1. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.

   5.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.

   6.Әлеуметтік салық.

   7.Жер салығы.

   8.Көлік салығы.

   9.Мүлік салығы.

 

      «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

Мәтінді оқып, оның мазмұнын білдіретін тірек сөздерді теріп жазыңыз да орыс тіліне аударыңыз

Мәтінді бірнеше бөлімдерге бөліп, оларға атау беріңіз

Мәтін мазмұнына лайықты сұрақ құрастырыңыз

Мәтіндегі сыне сімдерді тауып, олармен сөзтіркестерін құрастырыңыз

Түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, төменде берілген сөздердің анықтамасын жазыңыз

Сөздер: салық, табыс, мемлекет, саясат

Сөйлемдерді аяқтаңыз:

Салық емлекетепн бірге пайда болып,

Мемлекет құрылымының өзгеруі...

Салықтың әлеуметтік-экономикалық мәні...

Қазақстандағы салық саясатының басты мақсаты...

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес...

 

СӨЙЛЕСУ МӘНЕРІ

Менің кәсібім

Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

-Мен жұмысқа орналасуға келіп едім.

-Кәсібіңіз не?

-Мен-автожөндеушімін.

-Біліміңіз қандай?

-Орта-кәсіптік білімім бар.

-Бұрын қайда жұмыс істеп едіңіз?

-Бұрын машина жасау зауытында жұмыс істедім.

-Еңбек өтіліңіз неше жыл?

-Еңбек өтілім 11 жыл?

-Олай болса,маған еңбек кітапшаңызды беріңіз де, жеке іс парағын толтырыңыз.

 

Аударма шеберлігі : сіз қалай аударар едіңіз ?

МЕНЕДЖМЕНТ – управление производством, совокупность принципов, етодов, средств и форм управления производством, разрабатываемых с целью повышения эффективности производства и увеличения прибыли.

МЕНЕДЖМЕНТ – өндірісті басқару, өндірісті басқарудың принциптері, әдістері, құралдары және формалары жиынтығы, олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалып, қабылданады.

 

СӨЗ МАРЖАНЫ – МАҚАЛ

 

Есепсіз дүние жоқ.

В мире нет ничего, сотворенного без счета.

Алтын тапсаң санап ал.

Если золото нашел, пересчитай.

Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады.

Деньги стараются утечь а счет старается их удержать..

Тамшыдан тама берсе, дария болар. Из капель образуется река.

 

 

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

 

1.Бір сөздің  негізгі түбірі-білім беретін құрал аты, туынды түбірі-көпшілік келіп білім алатын орын аты. Ол қандай сөздер?

2. Қалай жазылады, бөлек пе, бірге ме?

 

   бір       қашан  аз

 Әр         кісі       еш       оқытушы        бір       талай

              

                 кім                                     бір          бала

Соседние файлы в папке каз яз лекции