Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
11
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
43.32 Кб
Скачать

Тесты главы:  1. Профессиональный казахский (руский) язык итог.12.09.2012 с 2012-09-01 по 2012-12-29.     Пройти тест     Результаты теста 

 

   Бүгінгі Қазақстан - әлемге ьөзіндік ерекше өркендеуімен танылып отырған ел. Ол туралыСыртқы істер Министірі былай дейді: Мәтін. «Қазақстан ешқандай елмен, ешқандай көрші мемлекеттермен қақтығысқа түскен жоқ. Сонымен қоса Қазақстан бүгінгі күні шекара мәселелерін де шешіп отыр. Қазақстан осы жылдарыон миллиардтаған шетел инвестициясын тартты. Олар көптеген атақты ғаламдық корпорациялар болды. Біз бүгін өзіміздің кәсіби мерекемізге табысты жұмыстарымызды мақтаныш тұта жетіп отырмыз. Көптеген салмақты жетістіктеріміз бар. Біз сыртқы саясаттың, біріншіден, Елбасының саясаты екндігін тұсінеміз».     

   «Бүгінде Қазақстан – Еуропалық ынтымақтастығы Қазақстанның қолайлы экономикалықжәне саяси дамуы аясында өріп отыр. Қазақстандық реформаларымыздың сәтті жүргізілуі арқасында, саясаткерлер, сарапшылар мен журналистер енді дамудың «Қазақстандық жолы» туралы айта бастады. Дүниежүзілік банктің топтпстыруы бойынша Қазақстан табысы орта деңгейдегі елдердің тобына енеді. Орта айлық жалақы, зейнетақы, стипендия мөлшері үш есеге жуық өсті. Днесаулық сақтау саласының шығыстары төрт есеге ғылым мен білім беру шығыстары үш есеге өсті».

       Сондай – ақ біздің еліміздегі ұлтаралық татуластық та әлемді таңқалдырып отыр. Ол туралы Елбасы былай дейді: «БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан біздің рес-публикамыз «басқа мемлекеттер үшін ұлтаралық келісімнің тұрақты да орнықты дамудың үлгісі» болып табылатынын айтты. Қазақстанда діни жетекшілерінің екі съезі өтті. Сөйтіп, көне қазақ топырағы өркениеттер мен діндер арасындағы диалогты жүргізу үшін жер шарының әр қиырынан келген әлемдік және дәстүрлі конференциялар өкілдерін қабылдау жоғары мәртебесіне ие болды».

     Мәтін бойынша тапсырмалар

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2.Мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді теріп жазыңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз

3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

4.Мәтіннің мазмұнын ауызша баяндаңыз

 

СҰХБАТ

Елбасы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Жолдауында мемлекеттік қызметшілерге қандай міндет қойған?

Елбасы биылғы Жолдауында барлық мемлекеттік қызметшілергемемлекет қолға алып жатқан шараларды түсіндіру, адамдарды біріктіру, оларды туындаған проблемаларды шешуге көтеру сияқты міндеттерді қойған.

Елбасы үштұғырлы деп қандай міндеттерді айтады?

Елбасымыз биылғы Жолдауында: «Барша Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсарып, біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды үщтұғырлы міндет болып қала берді» - деді.

Елбасының дағдарыстар туралы айтқан сөзі қандай еді?

Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ?

БИРЖЕВАЯ СДЕЛКА-торговая сделка с ценными бумагами, товарами или иностранной валютой. Подразделяется на два основных типа: кассовая, при которой деньги уплачиваются тотчас, и срочная, когда ценные бумаги или товары передаюся после свершения сделки, а деньги за них уплачиваются через определенный срок (обычно в пределах месяца). Основная масса сделок на бирже срочные, причем при таких сделках существует понятие «на разницу» означающее уплату одним контрагентом другому по истечении установленного срока разницы между курсом, действовавшим при заключении сделки и фактическим курсом в момент истечения ее срока. Срочные сделки часто представляют собой просто «игру» на разнице курсов: проигравший уплачивает ее, не передавая ценные бумагами и товары. Это позволяет дельцам спекулировать крупными сумами на бирже.

БИРЖАЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР-бағалы қағаздармен, товарлармен немесе шетелдік валютамен сауда келісімін жасау. Бұл негізгі екі түрге бөлінеді: кассалық келісім-мұнда ақша төленіледі, мерзімдік келісімде бағалы қағаздар немесе товарлар келісім жасалғаннан кейін бірден беріледі, ал ақша белгілі бір емрзімнен кейін (әдетте бір ай ішінде) төленеді. Биржаға келісімдер негізінен мерзімдік келісімдер болады, оның үстіне «айырманы» белгіленген мерзім біткеннен кейін бір контрагент екінші контрагентке төлеуге тиіс.Айырма дегеніміз келісім жасалған кездегі курс пен мерзім біткеннен кейінгі іс жүзіндегі курс арасындағы айырма болып табылады. Мерзімдік келісімдер     көбінесе курстар арасындағы айырма «ойынын» көрсетеді: ұтылған, бағалы қағаздар мен товарлар бермей, оны төлейді. Бұл биржада іскер адамдардың ірі сомамен алыпсатарлық жасауына мүміндік береді.

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

Сөйлем соңында тыныс белгілерінің екі түрі қатар қойыла ма?

Өлең жолдарын қара сөзге айналдырып кім жаза алады?

–Отыруға отын жоқ үзбей жағып/Абай/

–Өкпемнен барады өтіп күзгі суық. /Сұлтанмахмұт/

– Құмарланып сүюші ед,

- Отанын балап жаныңа /Н.Байғанин/

Табыс

Кәсіпорын табысы дегеніміз-ақша қорының, басқа да мүліктің түсу және (немесе) капиталдың артуына алып келетін міндеттемелерді жабу нәтижесінен экономикалық пайданың артуы.

Табыс шығын сияқты келесі түрлерге бөлінеді: қарапайым қызмет түрінен түскен табыс; операциялық; сатудан тыс; кездейсоқ;

Қарапайым қызмет түрінен түскен табысқа тауар мен өнімді сатудан түскен түсім, жұмыстың орындалуы мен көрсетілген қызметке байланысты түсімдер жатады.

Операциялық табысқа мыналар қатысады:

-кәсіпорын активтерін уақытша қолданғаны үшін (уақытша иелік ету мен қолдану) төлемақы;

-интеллектуалды меншіктің ойлап табу, өнеркәсіптік үлгілеріне және басқка да түрлеріне патент құқығын беру төлемақысы;

-жарғылық капиталдың басқа кәсіпорынға қатысуымен байланысты түсімдер (пайыздар мен басқа да құнды қағаздар бойынша табысты қосқанда)

-бірлескен қызмет нәтижесінде кәсіпорынмен алынған пайда (жай серіктестік келісім-шарт бойынша);

-негізгі құралдар мен өзге активтерді сатудан түскен түсім;

-кәсіпорын ақша қорын ұсынғаны мен пайдаланғаны үшін алынатын пайызы, сондай-ақ банкте сол кәсіпорынның шотында жатқан ақша қорын банк пайдаланғаны үшін пайызы жатады.

Сатудан тыс табыс-бұл:

-келісім-шартты бұзылғаны мен тұрақсыздығы үшін айыппұлдар. өсімдер;

-қайтарымсыз алынған және сыйға тарту келім-шарты бойынша активтер;

-кәсіпорынға тигізілген залалдың орнын толтыру түсімдері;

-есепті жылда анықталған алдыңғы жылдың пайдасы;

-мерзімінің өтуі бойынша кредиторлық және депозиттік берешек сомасы;

-курстық айырмашылықтар;

-басқа да өткізуден тыс табыстар.

Кездейсоқ табыс деп шаруашылық қызметтің кездейсоқ жағдайының салдарынан пайда болған түсімдер: сақтандыру төлемдері, келешекте пайдалану мен қайтып қалпына келтіруге жарамайтын активтерді өндірістен шығарудан қалған материалдық құндылық құны және т.б.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағытына байланысты табыстар: негізгі, инвестициялық және қаржылық болып жіктеледі. Осының әрқайсысына тоқталайық:

     -Негізгі қызметтен түскен табыс-бұл өнімді сатудан (көрсетілген қызметтен, орындалған жұмыстан) түскен түсім.

-Инвестициялық қызметтен түскен табыс-айналыстан тыс активтерді сатудың, құнды қағазды өткізудің қаржылық қорытындысы.

-Қаржылық қызметтен түскен табыс инвесторлар арасында кәсіпорынның акциялары мен облигацияларын орналастыру нәтижесінен тұрады.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2.Мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді теріп жазыңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз

3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

4.Мәтіннің мазмұнын ауызша баяндаңыз

 

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ?

ДЕПОНЕНТ (лат.)-юридическое лицо, которому принадлежит денежная сумма временно находящаяся у предприятия или организации. К депонентам относятся рабочие и служащие, не получившие в срок начисленной им зарплаты; лица, в чью пользу произведено удержание из заработной платы работников по исполнительным документам и  постановлениям судебных органов. Депонированные суммы учитываются на специальных счетах и выплачиваются лицам или перечислются организациям по их требованию.

ДЕПОНЕНТ (лат.)-кәсіпорында және ұйымда уақытша сақталып тұрған ақшасы бар заңды адам. Депоненттерге есептелінген мерзімді жалақысын алмаған жұмысшылар мен қызметшілер, орындау құжаттары мен сот органдарының қаулысы бойынша қызметкерлердің жалақысынан пайдасына ұстау жүргізілген адам жатады. Депоненттелінген сома арнаулы есептерде есепке алынады және адамға, кәсіпорынға олардың талап етуі бойынша беріледі немесе аударылады.

 

 

ОЙЫН-ОЙ ӨСІРЕР

1.Берілген сөздермен кім тез сөйлем құрап жаза алады? Адам, еңбе, білім.

2.Осы есімдігін бірде бастауыш, бірде анықтауыш, бірде баяндауыш етіп кім сөйлем құрап жазады?

3.Мына сөйлемдердің қайсысы дұрыс? Дәлелдеңдер.

-             Мына келген-Ержан мен Досбол

- Мына келген  Ержанмен дос бол!

-Ол бес сөзден құралған бір сөйлем ойлап жазыпты.

Оның бастауышы-қазақтың ұлы ақынының аты тура толықтауышы-кәрі сөзінің антонимі, жанама толықтауышы-қос сөз, оның бірінші сыңары өнер деген сөз екіншісін өздерінің табыңдар. Ал баяндауышы-үндейді сөзінің синонимі. Сөйлемді кім табар екен?

 Құрмалас сөйлем

 

Құрмалас сөйлем-екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.

 

Құрамалас сөйлем

 

Құрмаластың түрлері

 

Құрамына қарай

1

Салалас құрмалас

Ыңғайлас

Қарсылықты

Себеп-салдар

Талғаулы

Түсіндірмелі

кезектес

Кемінде екі жай сөйлемнен болады

2

Сабақтас құрмалас

шартты бағыныңқы

қарсылықты бағыныңқы

себеп бағыныңқы

мезгіл бағыныңқы

қимыл-сын бағыныңқы

мақсат бағыныңқы

Кемінде екі жай сөйлемнен болады

3

Аралас құрмалас

 

Кемінде үш жай сөйлемнен болады

 

Салалас құрмалас сөйлем

 

Салалас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.

 

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

Ыңғайлас салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы.

Ыңғайлас салалас құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді.

Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді. Баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады. Мысалы. Ол кісі қарай шұбатылған жолмен төмен кетті, мен жорға асылған жолмен жоғары кеттім. (С.М.) Күн батты, таңды қара көлеңке басты. (П.П.)

Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен. (Ғ.С.)

Қарсылықты салалас-құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі.

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас, біріншіден, құрамындағы жай сөйлемдер бір-біріне қарама-қарсы айтылады, екіншіден, баяндауыштары қарсы мәндес сөздерден болып келеді. Мысалы: Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді, -жұмыстан қолы тимеді. (Н.Ғабд.) Бас болмақ оңай,-бастамақ қиын.

Жалғаулықты қарсылықты салалас.

Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.

Мысалы: Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. (М.Г.)

 

Түсіндірмелі салалас-құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай қарым-қатынаста болатын салаластың түрі.

Кейбір жағдайда, бірінші жай сөйлемнің құрамында соңғы жай сөйлемге нұсқайтындай сөздер болады; олар көбінесе сілтеу есімдіктері: сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынандай, т.б. Мысалы: Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі парыздан шалды көз алдында шын көріп тұрғандай болды. (Б.Соқп.)

Себеп-салдар салалас-құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін құрмаластың түрі.

Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласты құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарап айтуға болады. Мысалы: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қырдың су секілді тез суалар. (Абай)

Жалғаулықты се,беп-салдар салалас сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді. (Х.Ес.)

Талғаулы салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің тек біреуіндегі іс-оқиғаның 

      жүзеге асатындығына болжал жасауды білдіретін салаластың түрі.

Талғаулы салалас не, немесе, я, болмаса, әлде деген шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрамын. (Х.Ес.)

Кезектес салалас-құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмалас түрі.

Кезектес салалас бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді. (Ғ.Мұст.)

 

Сабақтас құрмалас сөйлем

 

Сабақтас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.

Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. (Т.Абдрахманова.)

Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.

Сабақтас құрмаластың түрлері:

Шартты бағыныңқы сабақтас-бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтас.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас-басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтас.

Себепті бағыныңқы сабақтас-бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтас.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас-бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтас.

Сұрақтары - қанша? қашаннан бері? қашанға шейін?

 

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас-бағыныңқысы басыңқыдағы істің, амалдың қалай орындалғанын білдіретін сабақтас.

 

Мақсат бағыныңқы сабақтас-бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтас.

 

Аралас құрмалас сөйлем

 

Аралас құрмалас сөйлем-құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрі. Мысалы: Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ. (Ә.Ә.)

 

Біріккен сөздер

 

Біріккен сөздер-екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер. Мысалы: алғысөз (алғы және сөз), белбеу (бел және бау), ашудас (ашу я ащы және тас), өнеркәсіп (өнер және кәсіп), тоқсан (тоғыз және он).

Қазақ тілінде біріккен сөз екі түрлі болады. Бірі-құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталып отырады. Мысалы: түйеқұс (түйе+құс), бұзаубас (бұзау+бас), басмақала (бас+мақала), т.б.

Екіншісі құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы: биыл (бұл+жыл). Бүгін (бұл+күн), түрегелді (тұр+келді).

 

Қос сөздер-сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер. Мысалы: жан-жануар, ата-ана, тау-тау,   көре-көре, көзбе-көз, ауыл-ауылды, жүзбе-жүз, өзді-өзіне, айтып-айтпай, орынды-орынсыз, түйе-мүйе, ат-мат, шай-пай, жарқ-жұрқ...

 

Қосарлама қос сөздер-екі түбірден қосарланып жасалған қос сөз. Мысалы: аяқ-табақ, құрт-құмырсқа, құбы-құрдас, әке-шеше, кәрі-жас, бала-шаға.

Оқшау сөздер

 

Оқшау сөздер-сөйлем құрамында тұрғанмен, сөйлем мүшесі болмайтын сөздер. Мысалы: Япыр-ай, Абайжан-ай, көптің көңілінде жүрсе де, аузы бармайтын сөзін айттың-ау! (М.Ә.) Шеше, суыңыз бар ма? Меніңше, әзірге жаман емеспіз. Бұл сөйлемдердегі япыр-ай, шеше, меніңше деген сөздер сөйлем мүшесі болып тұрған жоқ.

 

Қаратпа сөз-сөйлеуші біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөз.

Қаратпа сөз көбінесе кісі есімінен, адамға қатысты сөзден болады. Мысалы. Азамат екенсің, Иса! Жүзіме айтшы, жарқыным! Әпке, сізге бірдеме айтайыншы.

Поэзияда тек адамға ғана емес, жан-жануарға да, табиғаттағы жансыз заттарға да қаратылып айтылуы мүмкін.

Ау қызғыш құс, қызғыш құс

Қанаттың қатты, мойның бос

                                                                 (Махамбет)

Қаратпа сөз-сөз тіркесі түрінде де, бірнеше сөздің бірыңғайласуы арқылы да беріледі. Мысалы: Құдыретті жер-ана, топырағыңа  тер тамса, тебіренбей қалмайсың-ау! («Тербеледі тың дала».)

 

Қыстырма сөз-сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін оқшау сөз.

Мағынасына қарай  қыстырма сөздер бірнеше топқа бөлінеді:

   1. Кейбір қыстырма сөздер қуанышты, ренішті, аяушылықты, өкінішті білдіреді: соры қайнағанда, байғұс-ай, абырой бергенде, бақытына қарай, амал қанша, т.б. Бағымызға қарай, қария да үйінде болып шықты. (С.Шайм.)

   2. Кейбір қыстырма сөздер сенушілікті, мақұлдауды, мойындауды білдіреді: сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, дау жоқ, шынында, дұрысында, т.б. Дмитрий Хасенұлына бұл тазалық, әрине оңайға түскен жоқ.

  3.Кейбір қыстырма сөздер айтылған ойдың кімнен қайдан шыққанын көрсетеді: меніңше, менің байқауымша, сіздіңше, оларша, оның пікірінше, пәлен адамнын пікірінше, пәленнің сөзіне қарағанда.

  4. Кейбір қыстырма сөздер ойдың долбармен, шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді: сірә, мүмкін, тегі, тегінде, бәлкім, кім біледі, байқаймын, т.б. Сірә, дәл осы бұлақ бұл аймақтың нәрі болса керек. (М.Ә.)

 5. Кейбір қыстырма сөздер бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады: олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, әйтеуір, айтпақшы, т.б.

 6.Кейбір қыстырма сөздер ой тәртібін білдіреді: біріншіден, екіншіден, бір жағынан, екінші жағынан, ең әуелі, ақырында, т.б. Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. (М.Ә.)

 

 

 

 

 

Тыныс белгілер

 

Нүкте.

  1. Нүкте көбірек мән беріп, суреттеу, үшін берілген қысқа сөйлемнен кейін қойылады. Мысалы. Денесі бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол аяғы ұзарған... Толық болған емес. (М.Ә.)

  2. Нүкте сөйлемде, сұрақта, таңдауда жоқ тек атап өту ғана болғанда қойылады.   Мысалы: Дала. Бау-бақша. Омарта. Сүт фермасы. Орман. Екі трактор. Міне, осының бәрі тас түйіндей жағдайда (Катаев).

  Көп нүкте.

  1. Беріліп отырған мәтіннен, сол сияқты цитаттан сөз немесе сөйлемдер түсіп қалса, сол жерге көп нүкте қойылады.

    Мысалы:

   а) Бар, ол Жағалбай ғой... Ақсақалдармен мақұл десіп тізімге кірген жігіттердің бірі. (Х.Е.)

   ә) «... 1986 жылы Омбыда, Ақмола Семей школдарын басқарып тұрған Алекторовпен хабарласып, Омбыға барған...» - деп жазды М.Ә. (Ш.Сәтбаева)

 

Сұрау белгісі.

Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдары

Мысалдар

1.Шылаулар арқылы: ма,ме, ба, бе, па, пе

Тоғжан, менің сәлемдерімді естідіңіз бе? (М.Ә.)

2. Сұрау есімдіктері арқылы

Құдай-ау, о не дегенің?... Елдің әдетінде жоқ жұмысты біз істемекшіміз бе? – деп Күлімше ыршып түсті. (Б.М.)

3. Болар, шығар көмекші етістіктері арқылы

Көп керек шығар? (Ғ.Мұст.)

4. Ғой шылауы мен ә одағайының тіркелуі арқылы

... Сен бұл әңгімені естіген екенсің ғой, ә? – деп үй ішіне жағалай қарады. (М.Ә.)

5. Интоннация арқылы

Сен немене? Ұяламысың? (М.Ә.)

 

Леп белгісі.

Лепті сөйлемдер адамнын алуан түрлі көңіл-күйін білдіреді: қуанышты, сүйінішті, өкінішті, ренішті, ызаны, қарсылықты, аянышты, абыржуды, бұйрықты, зекіруді, мысқыл-әзілді және т.б.

 

Лепті сөйлемдердің түрлері

Мысалдар

1.Бұйрық, ұран, үндеу мәнді сөйлемдер

Тоқта! ... Былай тұр! – деп, бұйрық етті (М.Ә.)

2.Сүйіспендікті, таңданғанды, ренішті, ызаны білдіретін сөйлемдер

Әттең жас болсам, Зәуре қызды құшақтасам! – деп арман қылғанда Әбіш ақсақал оқып отырған намазынан жаңылды (Б.М.)

3. Одағай сөздерден немесе одағайлы сөйлемдерден тұратын сөйлемдер

Ой, сенбісің! Жерден шықтың ба, көктен түстің бе? – деді жақтырмай (Ә.Т.)

 

Үтір.

Үтір, негізінен, сөйлемнің құрылысына, мағынасына байланысты қойылады.

 

 

Мысалдар

А.Бірыңғай мүшелер арасына қойылатын үтір

Жалғаусыз байланысқан бірыңғай мүшелер арасында

Жалғаулықсыз келген күрделі бірыңғай мүшелер арасында

Бірыңғай мүшелер арасындағы мен, бен, бен, әрі, да, де, я, не немесе, әлде, бірде, біресе, кейде жалғаулықтары қайталанса

 

 

 

 

Іштерінде оқу іздеп бара жатқан шәкірт те, те. Сүйек шатыс қуған еркек те, төркін іздеген қатын да, жұмыс, кәсіп іздеген пайдашы да, арзан пұл алып қайтып, елге сатып, мал таппақ болған саудагер де бар (Ж.А.)

Бір сөз сөйлем ішінде қайталанып айтылса

 

 

 

Етістіктен болған баяндауыштардың арасында да шылауы қайталанбай-ақ бірақ рет келсе де, құрмалас сөйлемдердің арасында келсе

 

Да шылауы қайталанып келсе

Теріскейден соққан желдің екпіні әрі күшті, әрі суық (С.М.)

Атың бір жерде, арбаң бір жерде қалды, өзің жаяу келе жатырсың (Ж.А.)

Бұл жолы қасқа маңдайға Малайсарының түменін қойды да, оң қолға Ханбаба сұлтанды, сол қолға Наурызбайды жіберді (Қ.Жұмаділов)

Жер де, көк те тұп-тұнық, қап-қара (С.М.)

Ә. Қаратпа сөз

Қаратпа сөздер мен өзге сөздердің арасына

 

Қаратпаның алдындағы анықтауыштан соң

 

 

 

 

Бірыңғай қаратпалар арасында

 

 

 

Қаратпа мен Одағай сөздер қатар келгенде

Қарағым, неге Ұйықтамайсың (Ж.А.).

 

Жарайсың, нар жігіт! – деді Жәкең (Н.Төрег.)

 

Кәрі Әжем-ау, терезеде

          Неге отырсың сен үнсіз?

                                          (Т.Ж.)

Тыңда, дала, Жамбылды,

Тыңда, Қастек, Қаскалең,

 Сөйлесін кәрі бауырың!

                                          (Ж.Ж.)

 

Ә, Ықа, келіңіз – деп қолын ұстап, орындық ұсынды (Ж.А.)

Б.Қыстырма сөз-баяндап отырған мәселеге автордың көзқарасын, өзіндік пікірін түрліше сезімін аңғартады.

Амал қанша, несін айтасың, бәсе, әрине, рас, сірә, тегі, тегінде, асылы, бәлкім, тамашасы, айтпақшы, мүмкін, бақытымызға қарай, соры қайнағанда тәрізді адамнын түрліше сезімін білдіретін қастырма сөздерден соң

Айтылған ойдың кімнің тарапынан шыққанын білдіретін оның айтуынша, жұрт айтқандай, менің аңғаруымша, біздіңше, сеніңше, сіздіңше, оларша, оның ойынша, әлі есімде, шынымды айтсам, ұмытпасам сияқты қыстырма сөздерден соң

 

Ойдың желісін, ретін, өзара қатынасын білдіретін біріншіден, екіншіден, үшіншіден, әуелі, алдымен, демек, сөйтіп, қысқасы, ақырында, әйтеуір, керісінше, мысалы, негізінен, негізінде, бір жағынан, бір сөзбен айтқанда, сайып келгенде тәрізді қыстырма сөздерден соң

Тегі, ақсақадға азын басқан біреу бсып береді ғой. Әйтпесе, қиядағы ауылға келетін реті жоқ қой... (Ж.А.)

 

 

 

Жұрттың айтуынша, Зылиқа жасында ажарлы еді. (Б.М.)

 

 

 

 

 

Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз... Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз... Үшінші, орысты айттыңыз... (М.Ә.)

Г.Одағай сөздер – кісінің сезімін, көңіл-күйін, еркін білдіретін сөздер

Одағай сөздер әр түрлі сөйлемдердің құрамындарында қолданылғанда

 

Екі одағай қатар келсе

Ол сөзсіз ілінеді... ойпырма-ау, ол кетсе, не болдық (Ж.А.).

 

Уа, шіркін, ән деп осыны айт! (М.Ә.)

 

 

Қос нүкте.

 

Қос нүкте

Мысалдар

Бірыңғай мүшелердің алдынан жалпылауыш немесе жалпылауыш мәнді сөздер болса

 

 

 

Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдердің алдыңғысының мағынасы соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалып тұрса

 

Рет-ретімен санамалап баяндауды керек ететін жалпылауыш сөздерден соң

 

 

Төл сөздің алдында автор сөзі келгенде

 

 

 

 

 

Бірыңғай мүшелердің алдынан басқа, бөлек, атап айтқанда тәрізді сөздер келсе

Араға « өкіл » салып, бас иесімен құдалыққа кіреді. Осынысы мынау: Биесі көп болса 150 сом шығар, мұндай биесі бар адамға 50 сом салық түк емес, 150 сом түсу керек. (Б.М.)

Қаланың кедей жатағы. Қазақ-орыстың етікшісі, ұстасы, үйшісі, балташысы, тас қалаушысы, жалшысы, малайы (Ж.А.)

 

Ғылыми кеңес қаулы етеді:

а) ...

ә) ...

б) ... және т.с.с.

 

Үйіне ене берген ол. «Кененім, келіп қалдым қуанған соң, тұйғын үйрек, қаз бен қу алған соң, келінжан, бата берем қолыңды жай, құдайдың өлгеніне құн алған соң», - деді.

 

Бұл кісінің бойында көп қасиет бар, атап айтқанда: ерлік, тапқырлық, адалдық... (Ә.Х.)

 

 

 

Нүктелі үтір.

 

Нүктелі үтір – жай сөйлемдердің арасына құрылысына және мағынасына қарай қойылатын тыныс белгі.

  1. Жай сөйлемдер құрылыс жағынан бір түрлі, баяндауыштар біркелкі, мағыналары жағынан әрі өзара жақын, әрі тәуелсіз болғанда, оларды жеке-жеке сөйлем еткенде, мағынаға нұсқан келмегенде олардың арасына нүктелі үтір қойылады. Мысалы: Шинель әрі тар, әрі ықшам: астына салса, үстіне жетпейді; үстіне жапса, астына салуға жетпейді; басына жастануға қалмайды; жатса жамбасына салуға жетпейді; жата қалса, жамбасына жер батады. (« Ә. Және И ».)

 2. Санамалап айтылған бірыңғай сөйлемдердің арасына қойылады. Ондай жағдайда жай сөйлемдер кіші әріппен жазылады.

 3.Бастауыштары тұлғалас, мағыналық жағынан жақын, өзара теңдес болып келетін салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер іштей нүктелі үтірмен ажыратылады. Мысалы: Байжан студенттік шақтарының бәрін құмартқан Днепрдің жағасында өткізді; көздің жасындай мөлдір суында талай  қаздай қалқып жүзді; жасыл шалғынына талай аунады; тоғайын талай кезді, жидегі мен бүлдіргенін талай терді, тоғайын жаңғырта талай ән шырқады. (С.М.)

4. Жалпылауыш мәнді сөйлемнің мәнін ашып көрсететін санамаланған күрделі бірыңғай мүшелер үтірдің санын көбейте бермес үшін, нүктелі үтір қойылады. Мысалы: Дулаттың дөңгелек құйрық, сида сирақ ақ ауыз қойын; бүйірінің жабағысы түсіп қалған, таңқы құйрық қарғалы қойын; жағының жүні үрпиіп тұратын меринос қойын, ...

 

Тырнақша.

 

Тырнақша қойылатын орындар

Мысалдар

Автор өз сөзі ішінде біреудің сөзін өзгертпей қолданса

 

 

 

 

 

 

Мақалдар мен мәтелдер, афоризмдер

Ойға тірек етіліп отырған сөздер мен сөйлемдер, жеке дыбыстар жазуда

Әжуа, сықақ, кекесін, мысқыл мағынасында қолданған сөздер

 

Цитат тырнақшаға алынады

Газет, жорнал, кітап, шығарма, қаулы-қарар аттары өзге біреудің сөзінің ішінде қолданғанда

Зауыт, фабрик, өнеркәсіп орындарының аттары, машиналар мен құрал-жабдық маркалары түсініктемесіз айтылғанда

Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер

Жәкеңнің Құлмамбетке берген тойтарысындағы: «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт. Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!»-деуінен ұлы ақынның ой-арманы, идеялық творчестволық мұраты айқын көрінеді. (М.Ғ.)

 

«Өнер алды-бірлік, ырыс алды-тірлік».

Он бес жас, жарға ойнаған лақтайсың.

 

Бай-еке, сіз бір аққан «бұлағымыз», Зарланған біз бір жетім «лағыңыз» (Абай).

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы айтқан «мылжың», «даңғой» дегендері осы арада, шынымен төрт көзі түгел отыр еді (М.Ә.)

 

Жақша

 

Жақшаға алынған сөздер мен сөз тіркестері баяндалып отырған ойды анықтай түсу үшін, кейде оның жеке мүшелерін түсіндіру үшін, оған ескерту жасау үшін, ойдың қайдан алынғандығын көрсету үшін қолданылады.

 

Жақша қойылатын орындар

Мысалдар

 

Өзінен бұрынғы сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасын айқындау және автордың көзқарасын білдіру үшін қолданылған түсіндірме мәнді қыстырма сөздер

 

 

 

 

 

 

Алынған цитат, мысал кімдікі екендігін және қайдан алынғандығын көрсету үшін

 

 

Драмалық шығармаларындағы автордың түсініктемелері, кейіпкерлердің мінез-құлқын, қимыл-әрекеттерін және т.б. білдіретін сөздерді

Сөзге алмайтынымыз: Ықаң (шын аты Ыстықбай ғой) бұрын үлкен қалада тұрып, атбектік құрып, арғымақтың арақтың игілігін көрген, орыстан қатын алған. (Ж.А.)

         Жоқ, Жоңғардан қайтқан беті болса

         керек. Жетісарайға (Ол жылдары

         Семейді жұрт бұрынғы атымен

         «Жетісарай» деп атайтын.),

           одан  ары

         Омбыға асатын көрінеді. (Қ.Ж.)

Өлең сөздің патшасы, сөз арасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

              (Абай, I том, 78-бет)

 

«... ақыры сол 230 ат Матайұғылының қолында, хәм... (міңгірлейді) ұғылы пайдаланып кетті...» (Ж.А.)

Соседние файлы в папке каз яз лекции