Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
9
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
23.64 Кб
Скачать

 

    Маркетинг-жоғары пайда табу мақсатында тұтынушының сұранысын зерттеу негізінде кәсіпорын, фирма, корпорация тауарын өңдеу, өндіру және сату қызметін ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Маркетинг нарық, стау аясындағы қызмет.

   Маркетингтің негізі болып бірін-бірі толықтыратын келістер-нарықты терең және жан-жақты зерттеу, оған белсенді әсер ету, сондай-ақ қажеттілік пен сатып алушының талғамның қалыптастыру Өндіруші мен тұтынушыны байланыстыру, олардың бірін-бірі табуына көмектесу-бұл кез-келген маркетингтік қызметтің негізгі мақсаты.

Маркетингтік қызмет жағдайында нарықтың 2 түрін қарастырады:

   Сатушы нарығы-бұл, ережеге сәйкес тапшылық нарығы, мұнда сатушы үлкен билікке ие, сондықтан сатып алушы неғұрлым белсенділік танытуы қажет.        Сатып алушы нарығы-бұл ережеге сәйкес, қаныққан нарық, бұл жерде сатып алушы үлкен билікке ие, ал салушы белсенділік танытуы қажет.

   Әрбір сатушы өткізу проблемасымен соқтығысады, яғни тауарды сатып алушыға дейін жеткізу. Әрбір өндіруші-сатушы мен тұтынушының негізгі міндеті-коммерциялық қанағаттанатындай нәтиже алу. Коммерциялық жетістік нарық формасын, түрі мен типін терең және жан-жақты зерттеуіне байланысты. Нарықты зерттеу екі тұрғыда жүргізіледі:

-сипаттамалық ерекшелігі, қажеттілігі мен мүмкіншілігі;

-оның сыйымдылығы, толықтыру дәрежесі, бәсеке жағдайы, ұқсас тауардың пайда болуы ықтималдылығы және т.б.

   Осы екі тұрғының біреуін таңдау не өнімге бағытталған маркетингке, не тұтынушыға бағытталған маркетингке алып келеді.

   Өнімге бағытталған маркетинг кәсіпорын қызметін жаңа тауарды дүниеге әкелуге немесе бұрыннан шығарылатын тауарды жетілдіруге бағыттайды. Мұның негізгі міндеті-тұтынушыны тауардың жаңа немесе жетілдірілген түрін сатып алуға итермелеу.

   Тұтынушыға бағытталған маркетинг кәсіпорын қызметін тікелей нарықтан туындаған қажеттілікті қанағаттандыруға бағыттайды. Мұндағы маркетингтің негізгі міндеті-қабілетті тұтынушыны зерттеу және нарықтан орын іздеу. Бұл типтегі маркетинг-жалпы коммерциялық қызметтің негізгі бөлігі, өйткені тұтынушының сұрасынан зерттемей кәсіпкер ұзаққа бара алмайды.

   Маркетинг көмегімен өндіріс мақсатының жетістікке жетуі-тұтынушы талабын қанағаттандыру мен бағалау арқылы жүзеге асырылады. Маркетинг нарыққа шығу үшін жағдай жасайды.

Маркетингтің негізгі принципі-жалпыға бірдей мақсаттылығы, яғни өндірістің соңғы нәтижесін тұтынушының нақты талабы мен жағдайына бағдарлау. Осындай негізгі принциптен бірқатар басқа принциптер туындайды:

-Нарықты білу, яғни сол тауар түріне деген тұтыну сұранысының жағдайы мен серпінін жан-жақты зерттеу, ғылыми-техникалық, өндірістік және шаруашылық шешімді әзірлеу мен қабылдау процесінде алынған ақпаратты пайдалану;

-Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін өндірісті нарық талабына максималды түрде сәйкестендіру; не сатылады, соны өндіру;

-Маркетингтік зерттеу жүргізу нәтижесінде пайда болған техникалық және шаруашылық проблемаларға, оның ішінде өнім мен қызмет сапасын арттыру мен жетілдіру бойынша шешімін тапқан шығармашылық келістенрді қолдану мен дамыту;

-Нарықты салыстырмалы түрде біртектес тұтынушы тобына бөлу (нарықты сегменттеуді жүзеге асыру) және кәсіпорынды анағұрлым әлеуетті мүмкіншілігі бар сегменттерге бағыттау; нарықтың жеке сегментінің ерекшелігінескере отырып, белгілі бір типтегі тұтынушы мен олардың қажеттілігіне сәйкес өнім шығару;

-Бәсекелестік күресте өнім сапасы мен техникалық деңгейін арттыру нәтижесінде басымдылыққа ие болу, сатып алушыға үлкен көлемде және жоғары сапада қызмет көрсету;

-Сауда делдалдарына жәрдемдесу мен көмек көрсету, тұтынушыға дайын өнімді дер кезінде жеткізіп тұру үшін, оларды қоймалармен қамтамасыз ету, ондағы техникалық және персоналды оқыту проблемаларын шешуге көмектесу;

-Нарықты жаулап алу, әсіресе нарықтың прогрессивті секторында нақты мәселені қоя отырып, сату көлемін арттыру бойынша келешекте маркетингтік стратегияны бағдарлау.

-Маркетингтегі ең бастысы-мақсатты бағыт пен кешендік, яғни кәсіпкерлік, шаруашылық өндірістік және өткізу қызметінің бірігуі. Маркетинг мақсаты-өндірістік тауардың өндірісі мен өткізудің жоғарғы рентабельділігін қамтамасыз ету.

 

.Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.2.Мәтіннің мазмұнына қатысты тірек сөздерді теріп жазыңыз, оларды орыс тіліне аударыңыз

2.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

3.Мәтіннің мазмұнын ауызша баяндаңыз

 

СӨЙЛЕСУ МӘНЕРІ:СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ

-Іскер адам болу үшін не істеу керек?

 

- Апталық жоспарға қандай жұмыстар ену керек?

 

-Жоспарланған жұмыс орындалмаса не істеу керек?

 

-Апталық жоспар адамға не үшін қажет?

 

- Сіз бір аптаға (бір айға), бір жылға жоспар жасайсыз ба?

 

-Сіз келесі күнді сағат бойынша жоспарлайсыз ба?

 

-Сіз жұмыс күнінің аяғында өзіңізге есеп бересіз бе?

 

- Сіз қалай ойлайсыз, апталық жоспарда қандай жұмыстарды көрсету қажет?

 

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ?

МЕНЕДЖЕР (нем.) – 1) наемный профессиональный управляющий; 2) специалист по управлению производством; 3) предприниматель в профессиональном спорте, организующий тренировку, выступления спортсменов и т.д.

МЕНЕДЖЕР (нем.) – 1) жалдамалы кәсіби басқарушы; 2) өндірістегі басқару жөніндегі маман; 3) кәсіби спорттағы жаттығуды, спортшылардың ойынын, тағы басқаларын ұйымдастыратын іскер адам.

 

СӨЗ МАРЖАНЫ – МАҚАЛ

Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

        Если сам себя не уважаешь,

       Не жди уважения от других.

Сын түзелмей, мін түзелмейді.

        Пока недостатки не исправишь, порядка не наведешь.

Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең.

          Воспитынный человек, что конь подкованный.

Әкені көріп ұл өсер, ананы көріп қыз өсер.

       Сын берет пример с отца,дочь – с матери.

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

1.Қандай сын есімдер бұйрық етістік түрінде айтылады?

2.Көңіл күй одағайы мен жіктеу есімдігінен құралған сөз қай ағаштың аты?

3.Қазақстандағы қай қаланың аты бұйрық мәнді екі етістіктен құралған?

4.Қазақстандағы қай көлдің аты тәтті тағам аты мен бұйрық етістіктен құралған?

Сөйлем мүшелері

 

Сөйлем мүшесі-сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөз немесе сөз тізбегі.

 

Тұрлаулы мүшелер

 

А. Бастауыш-тұрлаулы мүше:

атау септігінде тұрады;

іс-оқиғаның иесін білдіреді;

кім? не? деген сұрақтарға жауап береді;

баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады;

құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.

 

Дара бастауыш бір сөзден болады. Ұлжан-тартымды болуымен қатар, сыншы да ана, (М.Ә.)

Күрделі бастауыш екі я одан да көп сөздерден болады:

Сөз тіркесінен болады.

Негізгі сөз бен көмекші есімнің байланысуынан болады. Мысалы: Ырыс алды-ынтымақ. Еңбек түбі-береке.

Заттанған күрделі сын есім, сан есім және етістіктің есімще, тұйық түрінен болады. Мысалы: Таң рауанынан атқа мінген-үш салт атты суыт жүріп келеді. (С.Б.) Жиырма бес маған тағы қайтып келді. (Ж.Ж.) Сенің айтып тұрғаның-нағыз шындық. Осы келе жатқан-Шәкен ақсақал емес пе? (Ә.Көшім).

 

Ә. Баяндауыш-тұрлаулы мүше:

бастауыштың қимылын, іс-әрекетін, кім екенін, заттық, мекендік, сындық, сандық қасиеттерін білдіреді;

іс-оқиғаның қай шақта болғанын көрсетеді;

жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады,

сөйлемдегі ойды тиянақтап тұрады,

кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйтқы болады;

өзіне тән арнаулы сұрауы жоқ. Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрауына береді.

 

Баяндауыштың жасалуы:

Көбінесе етістіктен болады. Мысалы: Біз ұшқыш болуға уәделесіп қойғанбыз. (Қ.Тол.) Жәке, тоқтай тұрыңыз. (Ғ.М.)

Есім сөздерден де болады. Мысалы: Дәрігер-ардақты мамандық (Зат есім). Біздің қатарымыз болаттай берік. Күн қандай ашық. (Сын есім). Бұлар он бес (Сан есім.) Біздің қақпан, әне. Қызылшаңыздың биылғы бабы қалай (Есімдік.) Ол кезде қазіргідей шеберхана жоқ-ты. (Әр тарап сөздер).

Жіктік жалғауы ең негізгі баяндауыштың тұлға болып табылады;

Баяндауыштар жалғауына қарай: етістікті баяндауыш, есім баяндауыштар болып бөлінеді.

 

Дара баяндауыш бір сөзден болады.

 

Күрделі баяндауыштың құрамында екі я одан да көп сөз болады.

 

Күрделі баяндауыштың жасалуы:

Сөз тіркесінен. Мысалы. Ұзақ ауданы-облыстың ең жарық ауданы. (М.Ә.)

Күрделі етістіктен. Мысалы: Түйеөркештен Шыңғыстың жақын биіктері тартылып қана көрінеді екен. (М.Ә.)

Күрделі сан есіммен. Мысалы: Биыл жасым отыз сегізде. (С.Сарғ.)

Негізгі сөз+көмекші есімнен. Мысалы: Бізде қазір қол еңбегі-жоқтың қасы. (С.Сарғ.)

Негізгі сөз+көмекші етістіктен. Мысалы:Қазір балалардың бәрі де ғарышкер болғысы келеді.

Тұрақты сөз тіркесінен. Мысалы. Шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. (Ы.А.)

 

Тұрлаусыз мүшелер.

- өз бетімен сөйлем құрай алмайды;

- тұрлаулы мүшелерге бағынышты болады;

- өз байланысқа түскен мүшелерді анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады.

 

А. Толықтауыш-сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше.

Негізгі сұрақтары. кім? не? кімге? неге? Кімді? нені? Кімде? неде? Кім жайында? не жайында? кімнен? Неден? Кіммен? немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? т.б.

 

Тура толықтауыш-табыс септік тұлғасында тұратын толықтауыш. (кімді нені?) Мысалы: Хабиболланы ел сыйлайды.

Жанама толықтауыш-табыстан басқа септіктердің тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларының тұлғасындағы толықтауыш.

 

Ә. Анықтауыш-сөйлемде зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, иелік, қатыстық жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше.

Негізі сұрақтары: қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Кім не үшін? не үшін? не мақсатпен? қашанға шейін? қалай? қарай?

 

Дара анықтауыш-бір сөзден болады. Мысалы: Екеуінің әңгімесінен жарасымды әзілдер жарқылдайды.

Күрделі анықтауыштар: қайың сапты, бас атар, елу екі, марқайып қалған (қозы), жол бойындағы, үй ішінің, т.б.

 

Б.Пысықтауыш-сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше.

Негізгі сұрақтары. қайда? қашан? Қашаннан бері? қалай? қайтіп? Қалайша? неліктен? Неге? Не үшін?

 

         Пысықтауыштың түрлері          Сұрақтары

              

         Мекен пысықтауыш                                                қайда? қайдан?

                                                                                                 қалай? қарай?

 

 

           Мезгіл пысықтауыш                                               қашан? қашаннан бері?

                                                                                                 қашанға шейін?

 

           Қимыл-сын пысықтауыш                                    қалай? қалайша? қайтіп?

                                                                                         Қанша (рет)? Неше (рет?)

 

 

         Мақсат пысықтауыш                                         не үшін? не мақсатпен?

                                                                                                        Неге бола?

 

 

           Себеп пысықтауыш     неліктен? Не үшін?

                                                                                                 не себепті? неге?

 

 

Пысықтауыш дара және күрделі болып бөлінеді.

Дара бір сөзден болады. Күрделі пысықтауыш екі я одан да көп сөздерден болады. Бұлар әуежайдың шетінде тұрған ақша бұлт түспес ұшақтың қасына келіп тоқтады. (Ғ.С.) Ұшақ аспанға көтеріле бара (тұрақты тіркес), екі өзен аралығы алақанға салғандай болып көрінеді.

 

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

 

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері-қызметі мен сұраулары ортақ болып, өзара саласа байланысқан екі я одан да көп мүшелер.

 

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері:

Бір сұраққа жауап береді,

Бір ғана қызмет атқарады;

Бір ғана мүшеге қатысты болады;

Екі я одан да көп мүшелер;

Бірыңғай мүшелер тұлғалас болып келеді;

өзара салаласа байланысады;

бірде жалғаулықтар арқылы байланысады;

бірде жалғаулықсыз, дауыс ырғағымен байланысады;

сөйлемнің барлық мүшесі де: бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады.

 

Бірыңғай мүшелердің жалғаулық шылаулар арқылы байланысуы:

Ыңғайластық жалғаулықтар. Да, де, (та, те), әрі, және, мен, (бен, пен). Мысалы: Ағыстың жылдамдығына арнаның тереңдігі де, оның формасы да, өзеннің өз жолында кездестіретін бөгеттері де әсер етеді. (Т.Омаров.) Ел сөзі әрі мақтан, әрі міндет. (Ж.Ж)

Қарсылықты жалғаулықтардың ішінде тек бірақ деген түрі ғана бірыңғай мүшелердің арасында тұрады. Мысалы: Тек жері биік болғандықтан, жеміс өседі, бірақ піспейді. (С.М.)

Талғаулы жалғаулықтар: я, не, немесе, әлде. Мысалы: Мұнда шөп немесе сабан әкеліңдер, -деді Дубровский (А.П.)

Кезектестік жалғаулықтар. Бірде, біресе, кейде. Мысалы: Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс. (Ә.Ә.)

 

Жай сөйлем

 

Жай сөйлем-бастауыш пен баяндауыштың қатысынан (кейде тек баяндауыштың өзінен) құралып, бір ғана ойды білдіреді.

 

Жай сөйлемнің түрлері:

 

Жақты сөйлем-құрамында бастауыш қатысқан жай сөйлемнің түрі. Мысалы: Күн де батты. Айнала жым-жырт. Ауа райы салқындай бастады. Бұл сөйлемдегі бастауыштар. Күн, айнала, ауа райы.

Кейде бастауыш түсіп қалады. Сөйлемде бастауышы айтылмаса да, баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем.

 

Жақсыз сөйлем-баяндауыштың бір өзі (бастауышсыз) сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлемнің түрі. Мысалы: Маған онымен талай кездесуге тура келеді.Баяндауышы арқылы бастауышын табуға болмайтын сөйлем.

 

Жақсыз сөйлемнің баяндауышы:

-қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақ қалау райлы етістіктен болады. Менің арзан сөзді айтқым келмейді. (ә.ә.)

Барыс септік жалғаулы тұйық  етістіктен соң бол, жара, тура, кел деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жерде суға түсуге жарамайды. (Г.Г.)

Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Мысалы: Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

-ып, -іп, -п жұрнақтары көсемшеден кейін бол, деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады. Мысалы: Бұдан еш нәрсе түсініп болмайды.

Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болады. Мысалы: Енді біраздан кейін көз байлануға айналды. Идиома-атау септікті сөз+етістік.

Жалаң сөйлем- тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлем. Мысалы: Партизандар ұйықтап кетті. Үй іші тым-тырыс. (Ә.Ш.) Жалаң сөйлем жақты да, жақсыз да сөйлем болуы мүмкін.

 

Жайылма сөйлем-тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Бүгін аспан бұлтсыз. Жайылма сөйлемдер де жақты немесе жақсыз бола береді.

 

Толымды сөйлем-айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан, басқа сөйлемге тәуелді болмай, дербес айтыла беретін жай сөйлем. Ондай сөйлемдер іс-оқиға жайында толық хабар береді. Мысалы: Жер жыртқан тракторлар гүрілі алыстан құлаққа шалынады. (С.Сарғ.)

 

Толымсыз сөйлем-айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінің бірі түсіп қалған жай сөйлем. Бұл сөйлем екі жолмен жасалады.

Өзара желілес сөйлем тобында. Мысалы: Біркелкі жақсы өсіпті. Май айының жаңбыры да (неменеге?) болысып жіберді. Базар апайды бұл маңайда білмейтін адам жоқ. Сол себепті де мына салтанатқа (кім?) шақырылып отыр. (З.Иманб.) Соңғы сөйлемде бастауышы (Базар апай) түсіп қалған-толымсыз сөйлем.

Диалог жағдайында:

Ал, ұлым, сен қайдасың?

(Кім?) Қазақстаннан, Алматыдан.

Иә, (кім? нені?) білем, (қайда?) барғанмын. (Қ.Тол.)

 Атаулы сөйлем-ойды білдірмейтін, іс-оқиға жайында баяндамайтын, тек соған байланысты жағдайды (мезгіл, мекен, зат-құбылыс, т.б.) атап көрсететін жай сөйлем. Атаулы сөйлем негізінен зат есімнен болады. Мысалы: Күз. Сіркіреп жаңбыр жауып тұр. (Н.Ғабд.)

 

Соседние файлы в папке каз яз лекции