Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
10
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
21.25 Кб
Скачать

 

 

БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге баға да пайда болды. Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады. Нарықтық экономика дамыған қоғамдағы экон. процестерді реттеуде бағаның рөлі артады. Әлемдік экономикада нақты заман талабына сәйкес бағаның көптеген түрі қолданылады. Мемлекеттік баға — мемлекеттік органдар тарапынан белгіленетін баға. Оның екі түрі бар: кесімді және реттелетін бағалар. Кесімді баға — мемлекеттің нақты көлемін бекіткен бағасы. Реттелетін баға — мемлекет бекіткен ережеге сәйкес өзгеріп отыратын баға. Нарықтық баға — сұраныс пен ұсыныстың қарым-қатынасына орай қалыптасқан орташа баға. Өндіріс қоры бағасы — өндіріс қоры құнының өзгерген мөлшері, ол тауар өндірісінің шығындары мен орташа пайдадан құралады. Көтерме сауда бағасы — ірі көлемде сатылатын тауарлар бағасы.Бөлшек сауда бағасы — жеке тұтынушылар үшін сатылатын тауарларға қойылған нақты баға. Өндіріс орнындағы баға (франко-жөнелтілім стансасы) — сатушы мен сатып алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес тасымал шығындарын бөлісуіне байланысты анықталатын баға. Әлемдік баға — тауарлардың әлемдік рынокта қалыптасқан бағасы. Аймақтық баға — реттелетін бағаның бір түрі. Ол белгілі бір аймақ шегінде қызмет етеді. Базистік баға — тауарлардың тұтас және жекелеген топтары бойынша халықаралық сауданың (импорттық және экспорттық) бағасын анықтаған кезде негіз ретінде қабылданатын баға. Ағымдағы баға — белгілі бір кезеңде қызмет етуші баға мен тариф. Ол көтерме сауда бағасы, сатып алу бағасы, құрылыс бағасы, кәсіпорындардың көрсеткен қызметі үшін төленетін баға, т.б. түрлерге бөлінеді. Орташа баға — сатылған тауардан түскен түсімнің жалпы көлемін сатылған тауардың сандық мөлшеріне бөлу жолымен анықталатын баға. Салыстырмалы баға — жасалынған келісім шартқа сәйкес белгілі бір мерзімде, келісілген көлемде жеткізілген тауарлар бағасы. Ол, әсіресе, инфляциядан сақтану мақсатында жиі қолданылады.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

Мәтінді оқып, тірек сөздерді теріп, оларды орыс тіліне аударыңыз

Бағаның түрлеріне берілген анықтамаларды толықтырыңыз (түсіндірме сөздікті пайдаланыңыз)

Берілген сөздермен сөйлем құраңыз

Сөздер: тауар, қызмет, ақша, ереже, сауда, тұтынушы, кәсіпорындар, нарық, деңгей, сұраныс, ұсыныс

           4.«Баға» сөзі неше мағына береді? (мысал келтіру арқылы дәлелдеңіз)

СӨЙЛЕСУ ШЕБЕРЛІГІ:СҰХБАТТЫ ТОЛЫҚТЫРЫҢЫЗ          

-Мекемеңіз қалай аталады?

- ______________________

-Мекеме қайда орналасқан?

- _________________________

-Мекеменің ғимараты неше қабатты?

-_______________________________

-Мекемеде кім болып жұмыс істейсіз?

- ________________________________

-Мекемеде жұмыс нешеде басталады?

- _______________________________

-Жұмыс нешеде аяқталады?

- ____________________________

-Түскі үзіліс нешеде?

- ________________________________

-Кабинетіңіз нешінші қабатта, нөмірі қандай?

- ____________________________________

-Кабинетіңіз қандай?

-_________________________________

-Неше адам жұмыс істейді?

-______________________________

-Қандай заттар бар?

-____________________________

-Жұмыс телефоныңыздың нөмірі қандай?

-________________________________

-Жұмысыңыз ұнай ма?

 

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ ?

 

МАРКЕТИНГ (англ.) – форма хозяйственной деятельности, имеющая цель удовлетворение спроса потребителей, бизнеса и государства в товарах и услугах. Маркетинг включает также условия выполнения гарантий, сервисного обязательства. Основополагающее положение маркетинга состоит в том, что потребитель должен иметь выбор в большинстве ситуаций покупки. При этом фирмы попадают в условия, когда им необходимо делать свой товар привлекательным  с точки зрения потребительских свойств.

МАРКЕТИНГ (ағыл.) – товарлар мен қызмет көрсетуге тұтынушылардың, бизнестің және мемлекеттің сұранысын қанағаттандыру мақсатын көздейтін шаруашылық қызметінің түрі. Маркетингке сондай-ақ кепілдікті, сервистік міндеттемені орындау кіреді. Маркетингтің іргелі ережесі тұтынушыға сатып алудың көптеген түрлерінен таңдай алуға мүмкіндік берілуі. Бұл ретте фирма тұтынушының көзқарасына сәйкес өз товарларын мейлінше тартымды етуге тиіс.

 

СӨЗ МАРЖАНЫ-МАҚАЛ

Шеберлікке шек жоқ.

           Мастерству нет передела.

Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

         Не на силу надейся, а не мастерств

Алтынды ала білген, бөле де біледі.

        Сумевший золото добыть, сумеет правильно поделить.

Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер.

 Без тиына нет тенге, без жеребенка нет коня.

 

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

Сөздердің синонимін кім тез тауып жаза алады?

1.Ұят, намыс,...

   Пайым, зейін,...

   Бөтен, бөгде,...

          2.Есім,...

             Жалау, ту,...

             Абырой, ...

       3.Әдет, салт,...

          Сұлу, көркем,...

          Ерік, жігер,...

 

Ақшаның қызметі мен оның қазіргі жағдайдағы дамуы

Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

құн өлшемі

айналыс құралы

төлем құралы

қор және қазына жинау құралы

дүниежүзілік ақша қызметі

 

        Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді,  бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалағн, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады Ақша еңбек өлшемі-ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша айналыс құралы.

Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшаларайналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;

оны идеалы ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;

ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар-ақша белгілері орындайды.

Ақша төлем құралы.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді.

Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтастыруға болады:

тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;

еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;

мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;

сақтандыру міндеттемелері;

әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары;

Ақша-қорлану және қазына жинау құралы ретінде.

Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:

кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;

банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.

Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүиежүзілік ақшалар  қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті. Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда.

 

Мәтін бойынша тапсырмалар:

Мәтінді оқып шығып, оның мазмұнына қатысты тірек сөздерді теріп жазып, орыс тіліне  аударыңыз.

Мәтіннің әр абзацындағы негізгі ойды білдіретін сөйлемді табыңыз

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

Мәтіндегі етістіктермен сөзтіркестерін құрастырып, жазыңыз.

Ақшаның қызметі туралы өз ойыңызды айтып беріңіз

Сөйлемдегі ойды аяқтаңыз

Жеке құны бар тауар ғана,...

Ақша еңбек өлшемі, себебі...

Тауар айналысы кезінде, ақша...

Сатушы тауарын сатқаннан кейін,...

Айналыс құралы ретінде...

 

СӨЙЛЕСУ МӘНЕРІ : СҰХБАТТЫ ЖАЛҒАСТЫРЫҢЫЗ

Кәсіби шеберлік

-Сәлеметсіз бе, Әлібек Тұрсынұлы!

-Сәлеметсіз бе?

-Әлібек Тұрсынұлы, мен бір жұмыспен келіп едім.

-Тыңдап  тұрмын.Қандай мәселемен келдіңіз?

-Мен «Таир» фирмасының менеджерімін. Бізге жарнама беру керек еді. Сіздің газетіңізге жарнама беруге қажет талаптарыңызды білгім келеді.

-Жарнаманың көлемі бағаланады. Фирманың төлемақысы біздің есепшотқа түсу керек.

-Түсінікті..

 

АУДАРМА ШЕБЕРЛІГІ:СІЗ ҚАЛАЙ АУДАРАР ЕДІҢІЗ?

 

1.Рынки – важное . но не единственное средство осуществления экономической координации.

2.Наиболее важные тому примеры – решения , принимаемые внутри частных фирм и правительственных учреждений.

3.Для служащих основным стимулом к подчинению менеджерам является тот факт, что они  согласились на эту субординацию, как на условие их вступления в организацию.

4.Эффективность – это не единственная проблема, возникающая при решении вопроса о том., для кого производить товары.

СӨЗ МАРЖАНЫ – МАҚАЛ

 

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

Время и камень точит.

Әр адам өз заманының баласы.

Все люди-дети своего времени.

Кешегі күннен алыс жоқ, ертеңгі күннен жақын жоқ.

Ничто не дальше вчерашнего дня,

Ничто не ближе завтрашнего дня.

Мезгіл жетсе, мұзда ерір. Придет время-и лед растает.

ОЙЫН - ОЙ ӨСІРЕР

1.Берілген сын есімнің соңғы дыбысынан басталатын жаңа сын есім тауып кім айта алады? Мысалы: жарық-қызыл-лас-сары т.б.

2. Оңға қарай оқыса да, солға қарай оқыса да бір ұғымды білдіретін қандай сын есімді білесіңдер?

3. Заттың сынын, сапасын білдіретін қарама-қарсы мағнадағы сын есімдерді кім тез тауып жаза алады?

Соседние файлы в папке каз яз лекции