Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

TEST-ETN-1rubezhny_-_stud

.doc
Скачиваний:
39
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
60.42 Кб
Скачать

X тауардың Y тауармен ауыстырудың шекті нормасы 3-ке тең. Бұны төмендегінің қайсысы көрсетеді? Y тауардың қосымша 1 бірлігін алу үшін X тауардың 3 бірлігін тұтынуы қысқарту керек

Абсолюттік икемсіз сұраныс графигі... Вертикальды сызық.

Акция-бұл: Акционерлік коғамның шығаратын бағалы қағазы.

Ақша мен жартылай ақшалардың айырмашылығы қандай? Ақшаны жартылай ақшаға қарағандай бірден тікелей жұмсауға болады

Ақшаға ұсыныс артады, егер: ҰБ ашық нарықтардан мемлекеттік облигацияларды сатып алса

Әкімшілдік жүйеде меншіктің қандай түрі үстем болады: Мемлекеттік меншік.

Баға 3%-ға төмендегенде, сұраныс 3%-ға жоғарылады. Сұраныстың бағалық икемділігі туралы не айтуға болады? икемділігі бірге тең

Бағалы қағаздарды шығару, үлестіру және айналдыру жөніндегі қатынастар қалыптасатын адам қызметінің саласы. Бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы механизмнің көптеген кемшіліктері бола тұрып, бір ғана артыкшьшығы бар. Ол: Ресурстардың тиімді бөлінуінде.

Бағаның 2 есе азаюы салдарынан сұраныс көлемі 2 есе өсті.Икемділік қандай болады? │Е│=1

Бірінші қажеттілік тауарларына деген сұраныс: Икемсіз

Дедукция әдісі – бұл: Ойдың жалпыдан жеке анықтамаларға қозғалуы

Егер тауардың бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінен төмен болса, онда калылтасады? Тапшылық

Егер ақша ұсынысы және баға деңгейі өзгеріссіз болып, ал халықтың табыс деңгейі өссе, ашық нарықта не болады: ақшаға сұраныс өседі және пайыз қойылымы өседі;

Егер бағаның 5 % азаюы, оған деген сұраныс көлемінің 3 % өсуіне әкелсе, онда ол сұраныс: Икемді.

Егер де сұраныс деңгейінің өзгеру %-ы тауар бағасының өзгеру %-нан төмен болса, онда сұраныс: Икемсіз

Егер де сұраныс деңгейінің өзгеру %-ы тауар бағасының өзгеру %-нан жоғары болса, онда сұраныс: Икемді.

Егер де тауардың бағасы сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінен жоғары болса, онда қалыптасады: Артықшылдық

Егер икемділік коэффициенті Еd > 1 болса, бағаның өсуі жағдайында табыс өзгереді: Азаяды.

Егер нанға бағаның өсуінен нанның сатылуы қысқарған болса, онда бұл : Сұраныс заңына сыймастық жағдай.

Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бірнеше бәсекелестер болса, онда сұраныс: икемсіз.

Егер тұтынушының табысы өсетін болса, онда, Бюджетсызығы оңға паралельді түрде жылжиды

Егер тұтынушының табысы өссе, сұраныс қалай өзгереді? Сұраныс көлемі өседі

Еңбек нарығында ұсынысқа әсер етпейді? Табыс мөлшері.

Еңбек өнімділігін арттыру, капиталды тарту және табиғи қорларды пайдалану арқылы өндіріске басқа қосымша факторларды қоспай экономиканы өсіру - бұл: Интенсивті өсу

Еңбекке сұраныс – бұл: Жұмыс ақы деңгейімен тығыз байланысты

Еңбектің өндіріс факторы ретіндегі мінездемесі: Адамның мақсатқа сай қызметі

Жалақының негізгі нысандары: Мерзімдік және кесімдік.

Жаңа автомобилъдерге бағаның күрт өсуі қолданған автомобильдерге сұраныстың сызығын: Оңға жылжытады

Жердің ұсынысы... Абсолютті икемсіз;

Заттың бағасының 5 пайызға арзандауы ұсынысты 8 пайызға кемітті делік, онда осы тауардың ұсынысы: икемді

Игіліктер мен қызметтер жасау үшін басқа барлық ресурстарды реттеу және байланыстыруға бағытталған адам капиталының ерекше түрі: Кәсіпкерлік қабілеті;

К.Маркстің капиталға берген аныќтамасы: Қосымша құн алып келетін, құн.

Капиталдың бір функционалды нышанының басқаға бірте-бірте айналуы білдіреді: Шеңбер айналым.

Кәсіпкерлікке салық өссе, онда: жиынтық ұсыныс қысқарады, ал жиынтық сұраныстың көлемі өзгеріссіз қалады

Кәсіпорынның негізгі капиталы дегеніміз: Өндіріс прцесіне қатысып, өз құнын өндірілген өнімге бірте-бірте ауыстыратын капитал.

Келтірілген қызметтердің қайсысын алтын ақша ғана атқара алады? Асыл қазына жинау құралы;

Көлемді фирмалар түрімен айқындалатын нарық түрі: Олигополия

Көптеген экономистер қысқа мерзімдегі жұмыс бастылық деңгейі және өнім көлемі келесі көрсеткіш арқылы анықталады деп есептейді: Өндірістік функциялардың маңызымен

Кіржуғыш ұнтағының бағасының 3% - төмендеуі әсерінен сұраныс көлемі 12%-ке өстті. Осы айтқандарды ескере отырып, сұраныстың бағалық икемділік коэффицентін анықтандар: 4

Қазіргі экономикалық теориядағы тұжырымға сәйкес еңбек нарығында сатылады: Еңбек қызметі.

Қай фактор сұраныс қисығын оңға немесе солға жылжыта алады? Тұтынушының ұнатуы.

Қоғамға қажетті жұмыс уақыты деген не? бір өнім данасына жұмсалған уақыт мөлшері;

Қоғамдық өнім номиналды мәнінде мыналармен өлшенеді: Нарықтық ағымдағы бағалармен

Қоғамның қарапайым өндіргіш күштеріне не жатады? Өндіріс құралдары және жұмыс күші;

Құн заңы бойынша: тауар өндірісі мен айырбасы қоғамға қажетгі еңбек шығыңдары негізінде жүреді.

Құн заңы қандай қызметтерді атқармайды? Елдің экономикасын реттеу.

Құн заңы қандай қызметтерді атқармайды? Өндіргіш күштердің дамуын ынталандыру.

Маркстік тұжырым бойынша өндірістің жеке факторы: Еңбек.

Материалдық өндіріске төмендегілердін қайсысын жатқызуға болады? Материалдык-техникалық жабдықтау.

Монопсония - бұл: Рынокта жалғыз ғана алушының болу жағдайы;

Нарық субъектілеріне төмендегі түсініктердің қайсысы жатпайды? Шет елдері

Нарықтағы тауар ұсынысы неге тәуелді? Өндірілетін тауарлар ресурстарының бағасына.

Нарықтық игілікке нарықтық сұраныс қисығы Барлық жеке адамның әрбір тауарға төлейтін құнын көрсетеді

Өзіндік құн-бұл: Өнімді өндірудегі кәсіпорын шығынының ақшалай көрінісі.

Өкімет тарапынан өндірілетін тауарға қосымша салық салынды делік. Бұл Ұсыныс қисығына қалай әсер етеді: Ұсыныс қисығы солға жылжиды.

Өндірілетін тауардың қосымша бірліктерін тек төменірек бағамен алуға дайындығын ең жақсы түсіндіретін: шекті пайдалықтың азаю шарты

Өндірілетін тауарлардың қосымша бірліктерін тек төменірек бағамен алуға дайындығын ең жақсы түсіндіретін: Шекті пайдалылықтың азаю шарты;

Өндірістік қатынастар дегеніміз? Адамдар арасындағы материалдык, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қасиеттері

Өндірістік қатынастар жүйесіне кіретіндер: Өнім өндіру, бөлу, айырбастау жэне тұтыну

Өндірістік функция төмендегіні сипаттайды: бір ресурсты басқа ресурспен ауыстыруды.

Өндірістік функцияда сипатталады: Бір тауарды өндіруді ұлғайту арқылы екінші тауардан бас тарту мүмкіндігі.

Өнім үшін сұраныстың бағалық икемділігі сатып алынатын өнім санының өзгеруіне қарсы ненің өзгеруін көрсетеді: Сатып алынатын өнім бағасының.

Пайда қалай анықталады: Түсім мен жалпы шығындар арасындағы айырма;

Ресурстарға деген сұраныс икемді болады егер... Бағасы төмен болса;

Рынок инфрақұрылымының тиімді қызмет атқару өлшемі болады: Трансакциялық (ауыстыру) шығындарының үнемделуі.

Сұраным икемді, егер де: Еd >1.

Сұраным икемсіз болады,егер де : Еd<1.

Сұраныс қисығының қозғалуына әкеліп соқтыратын факторлар қалай аталады? Бағалык емес

Сұраныс деңгейі мен ұсыныс деңгейінің арақатынасындағы тепе-тендік бұл: Нарыктағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін қалыптастыратын баға.

Сұраныс заңы білдіреді: Сұраныс мөлшерінің товар бағасына кері қатынасын;

Сұраныс икемді, егер сұраныстың бағалық икемділігінің коэфициенті... 1 артық.

Сұраныс инфляциясы немен сипатталады? Тауармен салыстырғанда жиынтық сұраныстық артық шамада болуы;

Сұраныс қисығы төмендегі тұжырымдардың қайсысын көрсетеді? Баға мен сұраныс көлемінің арасындағы кері тәуелділікті;

Сұраныс қисығының өзгерісіне қайсы фактор әсер етпейді? Тауарлардың бағасы.

Сұраныстың қиылысқан икемділігі нені сипаттайды? Белгілі бір тауарға деген сұраныс көлемінің басқа тауардың бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруі.

Тағамдарға деген сұраныс икемді болады, егер сұраныстың икемділік коэфиценті...: 1 ден артық, 2 кем

Тағамдарға деген сұраныс икемсіз болады, егер сұраныстың икемділік коэфициенті ...: 1 ден кем болса.

Тауар белгісін пайдалану бойынша келісім шарт: Франчайзинг

Тауар категориясына дұрыс анықтама беріңіз Айырбас кұнына ие тауар;

Тауар құнын жасаушы абстракты еңбекті қалай анықтауға болады?Қоғамның жиынтық еңбегі

Тауар өндірісіне қажетті материалдарға бағаның өсуі білдіреді: Ұсыныс сызығының солға (жоғары) жылжуын

Тауар өндірісінің пайда болу және даму шарттары мен себептерін ата: Қоғамдық еңбек бөлінісі.

Тауар ұсынысы икемсіз болған жағдайда оған деген сұраныс азаяды делік, соңда сатушының жалпы түсімі: Азаяды.

Тауардың бағасы өзгерсе де жалпы түсім біріңғай қалпында өзгермей қалса, онда сұраныстың бағалық икемділік коэфициенті: 1- ге тең

Тауарлы өндіріс негіздері: Өнім айырбасы

Тауарлы өндіріске дейін болған экономиканы ұйымдастырудың тарихи нышаны: Натуралды шаруашылық.

Территориялық белгілеріне байланысты нарық: Жергілікті, ұлттық және әлемдік

Технологияның жетілдірілуі нәтижесінде жылжиды? Ұсыныс қисығы оңға және төмен.

Төмендегі түсініктердің қайсысы нарықтық экономиканы білдіреді? Еркін кәсіпкерлік қызмет.

Төмендегі факторлардың қайсысы сұраныс қисығының жылжуына әсерін тигізбейді? Салықтар.

Тұтынушы (сатып алушы) шектеулі қаражат шегінде өзі үшін барынша жоғары нәтиже алуға тырысады”. Бұл қағиданың негізінде: Тұтынушылық мінез-құлық теориясы.

Тұтынушы оңтайлы жағдайға төмендегі шарттардың қайсысы орындалғанда жетеді? Талғамсыздық қисығы мен бюджеттік шектеу сызығының жанама нүктесінде.

Ұдайы өндірістің экстенсивті бір қалыпты нышаның (формасын) не сипаттайды? Өндіріске қосымша еңбек, табиғат ресурстарын және құрал-жабдықтарды бұрыңғы техникалық негізінде және еңбектің өзгермеген өнімділігі жағдайында тарту

Ұлғаймалы ұдайы өндірісті қалай анықтауға болады: Өндірістің өскелең ауқымда қайталануы.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі сипатталады: Өндіріс көлемінің өсімі қосымша ресурстарды тарту мен пайдалануды талап етпейді.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің түрлері қандай? Экстенсивті, интенсивті, аралас.

Ұсыным заңы көрсетеді: Тауарлар бағасы мен сатылатын көлемі арасындағы тура қатынасты.

Ұсыным икемді, егер икемділік коэффициенті: 1-ден артық.

Үздіксіз қайталану мен қайта жаңғырту тұрғысында қарастырылатын өндіріс процесі аталады:Ұдайы өндіріс.

Үлкен экранды теледидардың бағасының күрт жоғарлауы кіші экранды теледидарға деген сұраныс көлемінің төмендегідей өзгерісіне әкеліп соқтырады: Кіші экранды теледидарға деген сұраныс көлемі өседі.

Фирма мақсаттарының қайсысы ең маңызды болады? пайда алу.

Шайдың «Dilmah» және «Lipton» деп аталатын екі түрін қарастырайық. «Lipton» шайының бағасы көтерілді делік. Сонда бұл өзгеріс «Dilmah» шайына деген сұранысқа қалай әсер етеді? «Dilmah» шайының бағасы жоғарлайды.

Шекті өнімділікті азаю заңын бекітеді: қосымша жұмысшыны жалдағанда өнім шығару төмендейді

Экономикалық еркіндікті кай меншік түрі айқындайды: Жеке меншік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]