Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+силлабус_ 1ВТКО_АПН_2014_2015_Байбакт_АРГУ.doc
Скачиваний:
670
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
284.67 Кб
Скачать

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Информатика және ЕТ кафедрасы

СИЛЛАБУС

Оқу пәні

Алгоритмдеу және бағдарламалау_негіздері

( 4 кредит )

Мамандық

5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Курс І

Оқытушы п.ғ.к., доцент Байбақтина Ақсауле Тоқтарқызы

2014 -2015 оқу жылы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері_

(3 кредит )

сабақ өткізілетін орын

ауд. уақыты

апта күндері

оқытушы

байл. тел

email

Гришина, 7. корпус №6

Ауд. №432

сағат 8.30

Дәріс

Сәрсенбі

Байбақтина А.Т.

8(701) 4555443

Aksaule67@mail.ru

Гришина, 7. корпус №6

Ауд. №432

сағат 8.30-10.30

практика

Жұма

Байбақтина А.Т.

8(701) 4555443

Aksaule67@mail.ru

Гришина, 7. корпус №6

Ауд. №436, №433

сағат 11.40-13.30

лабораториялық жұмыс

Ержанова А.Д.

Осөж уақыты

Гришина, 7. корпус №6

Ауд №504

Сағат 13.40(жұп апта)

Дүйсенбі

Байбақтина А.Т.

Ержанова А.Д.

8(701) 4555443

Aksaule67@mail.ru

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ:

Болашақ маман программалаушы кәсібі біліктілігінің ірге тасы алғашқы курста жоспарланған осы пәннен қаланады. Демек, алгоритмдік тілдер құрылымынына бастап, жіктемеммелерін, тіл мүмкіндіктері мен негізгі алгоритмдерді қамту орынды.

Атап айтқанда: Алгоритм. Алгоритмдерді құру принциптері. ЭЕМ – де есеп шығару кезеңдері. Алгоритмдер және оның қасиеттері мен жазылу формалары. Алгоритмдерді құрудың структуралық тәсілдері, яғни негізгі базалық структуралары. Алгоритмдерді талдау принциптері. Алгоритмдердің күрделілігін бағалау. Тьюринг машинасының терминдері арқылы алгоритмдерді сипаттау. Тип. Типтер жүйесі, тармақталу, ілесу, циклдық алгоритмдер құрылымы және күрделі құрылымды берілгендер(массив, жазба, жол, жиын) жұмысын ұйымдастыру мүмкіндіктері мен ішкі программалар мен модульдер құру принциптері аталған пән аясында беріледі.

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:

Есептеуіш техникаларын жүйелік және қолданбалы программалаық жабдықтармен қамтамасыз ете алатын мамандарды дайындау мақсатында құрылған жоспарға сай бұл курстың негізгі міндеттері мен мақсаттары мынадай:

  • Есептеуіш және ақпараттық процестердің математикалық және программалық моделдерін құру және зерттеуге бейімдеу;

  • Программалау орталарының жұысын тиянақты меңгеруге дағдыландыру;

  • мәліметтерді өңдеу алгоритмдерін түсіндіру және өңдеу жолдарын үйрету;

  • алгоритмге сай программалау процестерін жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;

  • программа және программалау тілдерінің жіктемесін таныстыру;

  • Pascal тілінің негізінді программалауға машықтандыру.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:

Информация түсінігі және түрлері. Информацияның өлшем бірліктері. ЭЕМ –ның еске сақтау құрылғыларының құрылысы, қызметі. ЭЕМ – ның қолданушы деңгейіндегі жұмысын білу. Шама түсінігі. Информатика, математика курстарынан негізгі дайындықтарының болуы.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктіліктері және дағдылары:

  • алгоритм және оны орындаушы түсінігін алу, алгоритмнің жазылу формаларымен танысу, мамандығы бойынша әртүрлі алгоритмдік есептерді шығара білу;

  • программалау тілдері мен олардың классификацисын білу, нақты тілдің - Pascal универсалды тілінің негізін меңгеруі;

  • трансляторлар, олардың қызметі мен түрлерін білу;

  • Іздеу, сұрыптау т.б. алгоритмдерін меңгеру;

  • Pascal тілінің типтер жүйесін, операторлары мен барлық мүмкіндіктерін білуі, яғни әртүрлі есептердің программасын құра алатын деңгейге жетуі тиіс;

  • құрылған программаларын компьютерге енгізіп, өңдеп. тесттілеп жене нәтижесін талдап үйренуі тиіс;

  • мәліметтердің әртүрлі құрылымды анықталуына байланысты оларды қолдану және өңдеу алгоритмдерін құра білу.

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Бұл курс дәстүрлі дәріс әдісін пайдалану арқылы беріледі.

Студенттерден сабаққа белсенді қатысып, өз пікірін жариялай отырып өзіне пайдалы нәрселерді конспектілеп алуы талап етіледі.

Аудиториялық сабақ дәріс, практикалық және лабораториялық жұмыстар түрінде өткізіліп, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептерді ДК орындап шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша тиянақты дайындалуы тиіс.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп беріледі де, осы тақырып аясында өз білімдерін жетілдеру үшін нақты бағыт-бағдар көрсетіледі және нақты сұрақтар бойынша конспектілер жүргізу, есептер алгоритмдерін құру тапсырмалары беріледі.

Практикалық сабақтарда жоспарға сай тақырыптар бойынша мысалдары қарастырылады. Студенттің орындауымен алгоритмдері құрылады. Әр студентке жеке тапсырмалар ұсынылуы да мүмкін. Әр студент берілген тапсырма бойынша тиесілі бағаланып отырылады.

Лабораториялық жұмыстар сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары, бақылау сұрақтары ұсынылады. Есептеулерді орындау нәтижелерін жоспарға сай әр сабақ соңында оқытушыға көрсетіп тапсыруы талап етіледі.

Жеке тапсырмалар есебі ОСӨЖ уақытында қабылданады.

Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдық бақылау:

Нақты сұрақтар бойынша зерттеулер жүргізіп конспектілеу, лабораториялық жұмыстар бойынша жеке тапсырмаларды орындау, нәтижесін ауызша түсіндіру, ЭЕМ-да есеп шығару дағдысы қалыптасқандығын көрсету түрінде сабақ кестесі мен жоспарына сай қабылданып отырады.

Аралық бақылау:

Негізгі тақырыптар бойынша курс оқылған соң жоспарға сай бақылау жұмысы мен коллоквиум қабылданады. Аралық бақылау жазбаша, ауызша және тест түрінде ұйымдастырылады.

Жеке өзіндік жұмыс:

Дәрісте, практикалық және лабораториялық жұмыстарда топқа немесе әр студентке берілген өзіндік тапсырмалар есебі(отчет), конспектілер, мәнжазбалар түрінде болады.

Үй тапсырмасы: Оқыту процесінде берілген үй тапсырмаларын студенттер уақытылы орындауға міндетті. Орындау нәтижелерін талап етілген түрде сәйкес сабақтарды ұйымдастыру барысында және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған жұмыстарға баға төмендетіледі.

Коллоквиум: Коллоквиум семестрде бір рет жоспарға сай қабылданады. Сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі және сол сұрақтар материалдары бойынша студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Мәнжазба: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының жоспарында толық ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары сұрақты қамтитын тесттер ұсынылады. Тест семестрде екі рет жоспарға сай өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан теттілеу арқылы алынады және тест сұрақтарына жауап алу арқылы қабылданады. Тест сұрақтары курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша құрылады. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша сұрақтар беріледі. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатынемтихан тапсырады.

МОДУЛЬБОЙЫНШАПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

р/с

Модульдың атауы

Лекция

(сағ)

Практикалық (семинар.)сабақ (сағ)

Лаборат. сабақ

(сағ)

СӨЖ

(сағ)

1

Алгоритм. Программа

7

21

0

2

Күрделі құрылымдар

8

19

5