Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_informatika.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
746.5 Кб
Скачать

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

«Информатика теориясы және оқыту технологиясы» кафедрасы

СИЛЛАБУС

Пән Информатика (3 кредит )

Мамандықтар: «5В011700» -Қазақ тілі және әдебиет,

«5В050200»қазақ филологиясы,

«5В012100 » қазақ тілінде оқытпайтын

мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Курс 1

Аға оқытушы Убаева Ж.Қ.

2014 -2015 оқу жылы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Информатика ( 3 кредит )

Сабақ өткізу уақыты мен орыны

ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны

Оқытушының аты-жөні

Байланыс, тел,

email

Сабақ кестесіне сәйкес

Кесте бойынша

Убаева Ж.Қ.

Zhanar_Ubaeva@mail.ru

87016413761

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Информатика барлық мамандық студенттеріне арналған салалық мамандандыру пәндерінің бірі болып саналады. ЭЕМ программамен жабдықтау, теориялық негіздерін тұрғызу тәсілдерін қарастырады, алгоритм негіздерімен және программалау тілдерімен таныстырады, сонымен қатар офистік қызметте ақпараттық технология құралдарын қолдануға мүмкіндік береді

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:Информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру, қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандық үлгілеуде, ғылыми - техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құруда, пәндік салада қазіргі заманғы программалық құралдарды қолдануда студенттердің білім және дағды алуын қамтамасыз етуге үйретеді.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Берілген курсты сәтті аяқтағаннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді: ақпаратты кескіндеу және өңдеу тәсілдерін білу; алгоритмдеу тәсілдерін меңгерту; ДК-мен операциялық жүйемен, программалық қабықшамен, текстік редакторымен, кестелік процессормен, мәліметтер қорын басқару жүйесімен, қолданбалы программалар пакетімен жұмыс жасау дағдыларын білу. Компьютерлік желі қызметтерін қолдана білу.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Информатика пәні жоғарғы оқу орындарында оқытылтын міндетті пән. Студентердің ақпараттық технологияларды меңгеру үшін оқытылатын пән болғандықтан, мектептегі информатика пәнінің материалдарына сүйене отырып оқылады.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: «Информатика» пәнін оқу барысында алынатын білім мен машықтар пәндерді оқытуда әр мамандық бойынша қолданылады. Мысалы: «Ғылыми бағытта компьютерлік өңдеуді пайдалану», «Объектіге бағытталған бағдарламалау», «Электрондық қолтаңба», «Электрондық үкімет», «Қашықтықтан оқыту», «Жасанды интелект» «Алгоритмдік тілдерде программалау», «Машинаға бағытталған программалау», «Сұлбатехника», «Есептеу жүйелерінің архитектурасы», «Деректер қорын басқару жүйелері», «Жүйелік программалау», «Операциялық жүйелер»

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша практикалық сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

р/с

Модульдың атауы

Лекция

(сағ)

Практикалық (семинар.)сабақ (сағ)

Лаборат. сабақ

(сағ)

СӨЖ

МӨЖ

(сағ)

1

Информатика және ақпарат

5

8

1

8

2

Қазіргі қолданбалы программалар

6

14

6

8

3

Желілер мен телекоммуникациялар

4

3

3

8

Барлығы:

15

25

10

24

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]