Менеджмент шпор
.doc«Менеджмент» пәнінен 2014/2015 оқу жылына арналған тест сұрақтары мен тапсырмалары
1 курс, 1 семестр, БФ-11 (2 ж.), БЭК-11 (3 ж.)
Тестілерді дайындауға жауапты э.ғ.к Султанова М.Б.
№ |
Сұрақтар |
Жауапбы |
|
«Басқару» түсінігіне анықтама беріңіз: |
Басқару - бұл қойылған мақсатқа жетуге бағытталған объективті заңдарға сәйкес жүйені белгілі бір жағдайда ұстау немесе жаңа жағдайға көшіру үшін оған әсер ету процесі |
|
«Менеджмент» түсінігіне анықтама беруде қандай ыңғай сәйкес келеді: |
Менеджмент - бұл кәсіби дайындалған мамандардың ұйымдарды құруға және оларды басқаруда қолданылатын интеграциялық процесс |
|
А.И.Пригожин басқару шешімдерін қалай жіктейді |
мұқият айқындалған тип тік шешім, ынталы шешім, творчестволық шешім |
|
А.Маслоу адам қажеттіліктерін неше категорияға бөледі |
5 |
|
А.Маслоу бойынша бірінші ретті қажеттіліктерге нелер жатады |
физиологиялық, қорғаныс |
|
А.Маслоу бойынша екінші ретті қажеттіліктерге нелер жатады |
әлеуметтік, құрметтеу, өзін-өзі көрсету |
|
А.Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясын ата |
физиологиялық, қорғаныс, әлеуметтік, құрметтеу, өзін-өзі көрсету |
|
А. Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасының ең жоғарғысында қандай қажеттілік тұрады? |
өзін-өзі көрсету |
|
Авторитарлы стильдің формасы |
Патриархалдық, харизматикалық, бюрократтық |
|
Адамгершілік қарым – қатынас мектебі қандай жылдарды қамтиды |
1930 – 1950 |
|
Адамгершілік қарым – қатынас мектебінің негізін салушы |
М.П.Фоллет, Э.Мэйо |
|
Адамдардың түсінігі мен танымын ескере отырып, олардың өздерін қалай ұстайтындығына негізделген мотивация теориясы |
Мотивацияның іс жүргізу теориясы |
|
Адамның мінезінің ерекшеліктерін атаңыз |
экстраверт, интроверт |
|
Адамның темпераментінің типтерін атаңыз |
сангвиник, холерик, флегматик, меланхолік |
|
Ақпаратты индексациялау формалары |
Сандық, алфавиттік, символдық |
|
Алғаш пайда болған құрылым типі |
Сызықтық |
|
Алдын-ала бақылау қандай салаларда жүзеге асырылады |
адамдар, материалдық, қаржы ресурстары |
|
Алдыңғы тәжірибелер міндетті түрде ескерілетін шешім |
мұқият айқындалған тип тік шешім |
|
Алыну көзі бойынша мәліметтер қалай жіктеледі |
Сыртқы ішкі |
|
Әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайтын шешімдер қалай аталады |
жалпы шешім |
|
Әділеттілік теориясы ... |
адамдар жұмсаған күш-жігеріне тиісті көтермелеу болатындығына сенеді |
|
Әзір өнімнің пайдаланылуы белгісі бойынша кәсіпорынның сипаттамасы |
өндіріс құралдарын өндіретін, тұтыну заттарын өндіретін |
|
Әкімшілік және классикалық мектеп қандай жылдарды қамтиды |
1920 – 1950 |
|
Әкімшілік және классикалық мектептің негізін салушы |
Анри Файоль |
|
Әлеуметтік – экономикалық жүйе неше бөліктен тұрады |
2 |
|
Әлеуметтік – экономикалық орта бөліктері |
басқарушы, басқарылатын |
|
Байланыс сипатына қарай басқару құрылымының жіктелуі |
Сызықтық, функционалдық, матрицалық, мақсатты-бағдарламалық |
|
Бақылау дегеніміз не |
ұйымның мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі |
|
Бақылау процесі қандай кезеңдерден тұрады |
стандарттар мен критерийлер жасау, оларды нақты нәтижелермен салыстыру, енгізілетін қажетті түзетулерді қабылдау |
|
Бақылау процесі неше кезеңнен тұрады |
3 |
|
Бақылау процесінің бірінші кезеңі қалай аталады |
стандарттар мен критерийлерді жасау |
|
Бақылау процесінің екінші кезеңі қалай аталады |
стандарттар мен критерийлерді нақты нәтижелермен салыстыру |
|
Бақылау процесінің үшінші кезеңі қалай аталады |
енгізілетін қажетті түзетулерді қабылдау |
|
Бақылау түрлері |
Алдан-ала, күнделікті, қорытынды |
|
Бақылау функциясының принциптері |
Жан-жақтылық, жүйелілік |
|
Барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып, сонда қабылданатын шешім |
ұжымдық шешім |
|
Басқару әдістерін атаңыз |
Экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, әкімшілік |
|
Басқару ғылымының мазмұнына не кіреді: |
Басқару теориясы |
|
Басқару дегеніміз не
|
ұжымдағы адамдарға немесе олардың бірлескен еңбек процесіне мақсатты жүйелі ықпал ету |
|
Басқару жүйесіне қатыстылығы бойынша мәліметтер қалай жіктеледі |
Кіріс, шығыс |
|
Басқару құрылымын құрастыру принциптерін атаңыз |
Икемділік және үнемділік, бақылаудың өрістету, жарлық беру, дербестік принципі |
|
Басқару құрылымының деңгейіне байланысты түрлері |
Екі деңгейлі, үш деңгейлі, аралас |
|
Басқару объектісі бойынша шешімдер қалай жіктеледі |
жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым |
|
Басқару процесі дегеніміз не |
шешімдерді шығару, оларды қабылдау және олардың орындалуын ұйымдастыру, бақылау жұмыстарын бірізділікпен жүзеге асыру |
|
Басқару процесі қандай қызмет түрлерін қамтиды |
жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау |
|
Басқару процесінің типтерін атаңыз |
Бағдарламалық басқару, мақсатты басқару, жағдайлық басқару |
|
Басқару субъектісі бойынша шешімдер қалай жіктеледі |
әкімшілік шешімдер, қоғамдық ұйымдар шешімдері |
|
Басқару түрлерін атаңыз |
өлі табиғатты басқару, тірі табиғатты басқару, қоғамды басқару |
|
Басқарудың авторитарлық стилінде шешімдерді орындаушыға дейін жеткізу әдістері |
Бұйрықтар |
|
Басқарудың классикалық стильінің типтерін атаңыз |
автократиялық, демократиялық, либералдық |
|
Басқарушылық мәдениет түрлері:
|
ұйымдық, экономикалық, құқықтық, ақпараттық, техникалық
|
|
Басшылық қызметінің тағайындау түрлері: |
Таңдау, конкурс бойынша таңдау, тағайындау |
|
Басшылықтың демократтық стилінің мәні |
Мәселе ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осындай талқылаудан кейін беріледі |
|
Басшылықтың либералдық стилінің мәні |
Башы ерекше белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды |
|
Басшының авторитарлық стилінің мәні |
Шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде келеді |
|
Басшының ұжыммен немесе жекелеген адамдармен келісімінсіз, ешбір талқылаусыз шығарған шешімі қалай аталады |
жекелей шешім |
|
Билік нышандарын атаңыз |
Мәжбүр етуге негізделген, көтермелеуге негізделген, эксперттік, эталондық, заңды билік |
|
Білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау |
пайымдауға негізделген шешім |
|
Бір нәрсенің дұрыстығын сезуге негізделген таңдау |
интуитивті шешім |
|
Бірінші қажеттіліктер қандай қажеттілікке жатады |
физиологиялық |
|
Герцберг теориясы неше факторға негізделеді |
2 |
|
Гренг пен Рейвеннің жіктеуі бойынша биліктің неше нышаны болады |
5 |
|
Ғылыми басқару мектебі қандай жылдарды қамтиды |
1856 - 1920 |
|
Ғылыми басқару мектебінің негізін салушы |
Ф.У.Тейлор |
|
Деңгейіне қарай мақсаттар қалай жіктеледі |
стратегиялық, тактикалық |
|
Екінші қажеттіліктер табиғаты бойынша қандай қажеттілікке жатады |
психологиялық |
|
Жасына, ауруына және тағы басқа себептермен зейнеткерлікке шығу |
Демографиялық |
|
Жедел шешім қанша уақытта жүзеге асырылады |
бірнеше апта, ай |
|
Жеке адамдар арасындағы келіспеушіліктерді шешу әдістері |
Жалтару, тігісін жатқызу, мәжбүр ету, ымыраға келу, проблеманы шешу |
|
Жеке тұлғаны зерттеу әдістері |
әңгімелесу, бақылау, эксперимент, тестілеу |
|
Жоспарлау дегеніміз не |
қолда бар ақпараттарды өңдеуге негізделген басқару шешімдерін дайындау процесі |
|
Жөнелтушінің жіберген символын алушының түсінігіне аудару |
Декодтау |
|
Жүйенің типтерін атаңыз |
Жабық, ашық |
|
Жүйенің түрлерін атаңыз |
Техникалық, биологиялық, әлеуметтік – экономикалық |
|
Жыл ішіндегі жұмыс уақыты бойынша кәсіпорынның сипаттамасы |
Жыл бойына, маусымды |
|
Жігерлендіру құралдары |
Марапаттау, көндіру |
|
Кадрларды қызмет бабында ауыстыру түрлері |
Кәсібіне қарай, әлеуметтік, сала аралық, демографиялық |
|
Кәсіпорынның мөлшері бойынша сипаттамасы |
Ірі, орташа, шағын |
|
Келіспеушіліктің типтерін атаңыз |
Ішкі жеке, тұлғалар арасындағы, тұлға мен топ арасындағы, топтар арасындағы |
|
Классикалық құрылым типтерін атаңыз |
Сызықтық, функционалдық |
|
Коммуникация процесінің этаптары |
идеяның пайда болуы, каналды кодтау, таңдау, беру, декодтау |
|
Коммуникациядағы кедергілер |
Физикалық, психологиялық, семантикалық |
|
Көрсетілу нышаны бойынша мәліметтер қалай жіктеледі |
Цифрлық, әріптік, кодталған |
|
Көрсетілу сипатына қарай мәліметтер қалай жіктеледі |
Кескінделген, аудио, аудиовизуалдық |
|
Көтермелеуге негізделген биліктің мәні |
Қорқытып билік жүргізуге қарағанда едәуір ықпалды, әрі жұмыс сапасы біршама жақсарады |
|
Күнделікті шешім неше жылға жасалады |
1-2 жыл |
|
Қажеттіліктер қалай жіктеледі |
бірінші, екінші |
|
Қазақстанның ЖОО – да менеджмент қай жылдан бастап оқытылуда |
1992 |
|
Қайшылық себептері |
Ресурстардың шектеулігі, мақсат ерекшелігі, шешімдердің өзара байланыстары |
|
Қайшылықтарды шешу стильдері |
Ыңғайға келтіру, келістіру, компромисс |
|
Қандай теория адам қажеттілігінің негізгі бес деңгейін көрсетеді? |
А.Маслоу теориясы |
|
Қаржыны жоспарлаудың түрлері |
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді |
|
Қандай түсінікке менеджер термині қолданылады ? |
Барлық басшыларға |
|
Қаржыны жоспарлау түрлері |
ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік |
|
Қаржыны жоспарлаудың неше түрі бар |
2 |
|
Қоғамдағы биліктің негізгі типтері |
охлократия, автократия, демократия |
|
Қызмет этикетін бұзу болып не табылады |
Қызметкерлерге сенбеу, ұжым жұмысы нәтижесін өзіне иеленіп алу, команда беру |
|
Қызметтік саты бойынша жұмыскердің жоспарға сай жоғарылауы мен төмендеуі қандай мансапқа жатады? |
Баспалдақ |
|
Қызметшілердің еңбек бөлінісінің нышандары |
Технологиялық, қызметтік, кәсіптік-мамандық |
|
Лидер түрлері |
Инструменттік, эмоционалдық |
|
Лидерліктің түрін атаңыз:
|
Іскерлік, эмоционалдық, жағдайлық |
|
Мазмұнына қарай мақсаттар қалай бөлінеді |
өндірістік, маркетинг тік, техникалық, әлеуметтік, т.б |
|
Мак-Клелланд адам қажеттіліктерін нешеге бөлген |
3 |
|
Мак-Клелланд бойынша қажеттіліктерді ата |
билік, жетістік, қатыстылық |
|
Мак-Клеланд бойынша қажеттіліктің түрлерін атаңыз: |
Мақсатқа жету қажеттілігі, қатыстылық қажеттілігі, билік қажеттілігі |
|
Мақсат түрлері |
Ұйымдық, индивид мақсаттары |
|
Мақсаттар қандай сипатқа ие болулары керек |
Нақты, жеткілікті, өзекті, объективті болу керек |
|
Мақсатты басқару әдісінің мәні мынада: |
Әрбір жұмысшыға спецификалық өлшенетін мақсаттарды қою |
|
Мамандану деңгейі бойынша кәсіпорынның сипаттамасы |
Маманданған, диверсификацияланған, құрастырылған |
|
Мамандар тобымен және тиісті басшылармен бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім |
алқалы шешім |
|
Мансап модельдерін атаңыз |
трамплин, баспалдық, жылан, тіке |
|
Марапаттау типтерін ата |
ішкі, сыртқы |
|
Марапаттаудың неше типі бар |
2 |
|
Мәжбүр етуге негізделген биліктің мәні |
Қорқыту арқылы ықпал ету |
|
Мәлімет алмасудың қандай кезеңінде жөнелтуші ақпарат алмасу үшін қандай концепцияны басшылыққа алу қажет екендігін шешеді |
Идеяның пайда болуы |
|
Мәліметтер алмасу кезеңдерін атаңыз |
идеяның туындауы, каналдарды таңдау, мәліметтер беру, қабылдау |
|
Мәліметтер алмасу процесінің элементтерін атаңыз |
жіберуші, мәлімет, арна, қабылдаушы |
|
Мәліметтер басқару жағдайына қарай қалай жіктеледі |
Экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, техникалық |
|
Мәліметтер индексациясының формаларын атаңыз |
сандық, алфавиттік, символикалық, заттық-визуалдық |
|
Мемлекеттік қызметкерлердің категорияларын атаңыз |
Саяси мемлекеттік қызметкерлер, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер |
|
Менеджер іс-қызметінің мазмұны |
Жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, координация, бақылау |
|
Менеджерлерге арналған 14 принципті кім ұсынды |
Анри Файоль |
|
Менеджмент деңгейлерін анықтаңыз |
Жоғарғы, ортаңғы, төменгі |
|
Менеджмент торындағы басшылықтың қай стилі қолайлы ( Блэйка және Мутона) |
9,9 |
|
Менеджментке тән аспектілерді атаңыз |
Экономикалық, құқықтық, әлеуметтік - психологиялық |
|
Менеджменттің функцияларын атаңыз |
Жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау |
|
Моральдың типтерін атаңыз |
Мемлекеттік, қоғамдық, діни, топтық, жеке |
|
Мотивация дегеніміз не |
қызметкерлердің өз міндеттерін тиімді, жақсы орындау үшін оларды ынталандыру, ықпал ету әдістері |
|
Мотивация теориялары |
Мазмұндық, іс жүргізу |
|
Мотивацияның мазмұндық теориясының өкілдері |
А.Маслоу, Д.Мак– Клелланд, Ф.Герцберг және т.б |
|
Мотивацияның іс-жүргізу теориялары |
Үміттену, әділеттілік теориялары, Портер-Лоулер моделі |
|
Негізгі қызмет талаптарына сай келетін адамдарды іздестіру және зерттеу процесі |
Кадрларды іріктеу |
|
Өкілеттіліктің түрлері |
сызықтық, аппараттық |
|
Өңдеу дәрежесі бойынша мәліметтер қалай жіктеледі |
Алғашқы және туынды |
|
Өндірісті ұйымдастыру әдістері бойынша кәсіпорынның сипаттамасы |
Үздіксіз, мөлшерлі, жалғыздап шығару |
|
Персоналдармен жұмыс жүйесінің құрамы: |
кадр саясаты, персоналдарды таңдау, персоналдарды бағалау, персоналды орналастыру, персоналды оқыту |
|
Персоналды оқытудың формаларын атаңыз |
профессионалды әзірлік, біліктілікті көтеру, кадрларды қайта даярлау, жоғарғы білімнен кейінгі қосымша оқу |
|
Перспективалық шешім неше жылға жасалады |
3-5 және одан да көп |
|
Портер-Лоулер моделі ... |
еңбек нәтижелілігі қанағаттану сезімін туғызады |
|
Проблемаларды шешу кезеңдерін атаңыз |
Проблемаларды болжау, критерийлерді табу және шектеу, баламаларды іздестіру, баламаларды бағалау, соңғы талдау |
|
Проблеманы жедел шешу тәсілдері |
ми шабуылы, пікір жинау, Дельфи тәсілі, морфологиялық тәсіл |
|
Проблеманы шешудің Дельфа тәсілінің мәні |
Эксперттер мен мамандардан белгілі бағдарлама бойынша сұрайды |
|
Проблеманы шешудің ми шабуылы тәсілінің мәні |
Эксперттер негізінде және проблемадағы әр түрлі көзқарасты ескерте отырып, проблеманы дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру |
|
Проблеманы шешудің морфологиялық тәсілінің мәні |
Элементтер бойынша талдау, проблемалар көптеген міндеттер мен мәселелерге (элементтерге) жіктеледі |
|
|
|
|
Проблеманы шешудің пікір жинау тәсілінің мәні |
Эксперттерге қойылған проблемалар тұтастай хабарланып, солардың қызмет бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізу |
|
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз не |
басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы |
|
Стратегияның қай анықтамасы дұрыс |
Мақсатқа жетуге бағытталған басшылықтың қабылдайтын шешімі мен іс – рекеті |
|
Стресстің себебі |
Ұйымдық, жеке |
|
Сыртқы орта факторлары |
Экономикалық, саяси, технологиялық, әлеуметтік, халықаралық |
|
Табысқа жетуге, өзін құрметтеуіне, билік етуге деген қажеттіліктер қажеттіліктің қай түріне жатады |
Екінші |
|
Тактикалық жоспарлау қандай уақытқа жасалады |
қысқа және орташа уақытқа |
|
Тамаққа, суға, ауа жұтуға, ұйықтауға, т.б. қажеттіліктер қажеттіліктің қай түріне жатады |
Бірінші |
|
Тәуекел ету қандай белгілері бойынша жіктеледі |
Тәуекелдің пайда болу орнына қарай, пайда болу себебіне қарай |
|
Тәуекел пайда болу орнына қарай қалай жіктеледі |
Шаруашылықтың өзіндегі, адамның жеке басына байланысты, табиғат факторларына байланысты |
|
Тәуекел пайда болу себебіне қарай қалай бөлінеді |
Болашақтағы, әріптестер әрекетінің белгісіздігі, мәліметтердің жеткіліксіздігі |
|
Технологиялық бірлік белгісі бойынша кәсіпорынның сипаттамасы |
өндірістің үздіксіз процесі, өндірістің дискретті процесі |
|
Тұтастай құрылымды құрайтын, жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы нені білдіреді |
Жүйені |
|
Тұтынатын шикізат сипаттамасы белгілері бойынша кәсіпорынның сипаттамасы |
Қазып шығаратын өнеркәсіп, өңдейтін өнеркәсіп |
|
Тікелей басшыдан оның қарамағындағыларға, әрі қарай бағыныштыларға берілетін өкілеттілік |
Сызықтық |
|
Тіршілік және өсу қажеттіліктері қай теорияға жатады? |
К.Альдерфера теориясы |
|
Уақыт өлшеміне қарай шешімдер қалай жіктеледі |
перспективалық, күнделікті, жедел |
|
Уақытына қарай мақсаттар қалай жіктеледі |
қысқа, орта, ұзақ мерзімді |
|
Ұйым мүшелерінің ұмтылысын тудыратын жалпы мақсатты қалай атаймыз |
Миссия |
|
Ұйымдағы бос жұмыс орны - бұл |
Бос орын |
|
Ұйымдастыру дегеніміз не |
қандай да бір құрылымды құру |
|
Ұйымдастыру функциясының негізгі принциптері |
Мамандандыру принципі, үздіксіздік және ырғақтылық принципі, пропорционалдық принцип |
|
Ұйымдастырылуына қарай шешімдер қалай жіктеледі |
жекелей, алқалық, ұжымдық |
|
Ұйымдық мақсаттардың типтерін атаңыз |
Арнайы, оперативті, операциялық |
|
Үміттену теориясы |
адам өзінің таңдап алған мінез-құлық типі өзін қанағаттандыратындығына және ойлаған мақсатына жеткізетіндігіне сенеді |
|
Физиологиялық қажеттіліктерге нелер жатады |
тамаққа, суға, ауа жұтуға, т.б. |
|
Формальды емес топ дегеніміз не |
Психофизиологиялық сәйкестілікпен жалпы қызығушылықтан еркін ұйымдастырылған топ |
|
Формальды топ дегеніміз… |
Басшылық тарапынан құрылған топ |
|
Халық шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайтын, әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен және органдармен, басқа да кәсіпорындармен қарым-қатынасын қарастыратын шешім |
сыртқы шешім |
|
Шетел авторлары ұйымдық шешімдерді қалай жіктейді |
бағдарламаланған, бағдарламаланбаған |
|
Шешімді жасау процесі қандай негізгі кезеңдерден тұрады |
шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру |
|
Шешімді жасау процесі неше негізгі кезеңнен тұрады |
3 |
|
Ықпал ету объектісі бойынша шешімдер қалай жіктеледі |
сыртқы, ішкі |
|
Эксперттік биліктің мәні |
Ықпал етушінің арнайы білімі барына, сол себепті тиісті мұқтажын қанағаттандыратындығына орындаушы сенеді |
|
Эталондық биліктің мәні |
Ықпал етудің мінез-құлқы немесе қасиеті тартымды болады |