Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус каз. 2012-2013.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
972.8 Кб
Скачать

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Техникалық факультет

«Автомобиль көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасы

Syllabus

Пәні Көлік техникасының сенімділігі (_2_кредит)

Мамандығы 050713-«ККТ және Т»

Курс________3_________

Академиялық топ___ ККТжТк-3_______________

Студент________________________________

Оқытушы Қауқаров Алтынбек Құбашұлы

2011-2012 оқу жылы

Құбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Syllabus

Пәні Көлік техникасының сенімділігі (_2_кредит)

сабақ өтетін орын

ауд.

уақыт

апта күндері

оқытушы

байл.тел

email

Қ.Жұбанов ат. АМУ. №3 корпус, ИТФ

23-ауд.

Некрасов Вадим Георгиевич

8-777-257-67-08

vadim.n@nursat.kz

Қ.Жұбанов ат. АМУ. №3 корпус, ИТФ

Каукаров Алтынбек Кубашевич

8-701-654-11-15

Altynbek-79@mail.ru

ОСӨЖ уақыты

Аптаның сәрсенбі күндері сағат 15.00-де №23-аудиторияда.

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:

Курс мақсаты:

Көлік құралдарының қасиеттері туралы теориялық білім алу, оларды пайдалану кезінде белгіленген көрсеткіштерінің уақыт бойынша сақталып, өздерінің берілген функцияларын белгіленген тәртіп бойынша пайдалану, ТҚ, жөндеу, сақтау және тасымалдау кезінде режимдері мен жағдайларға сәйкес орындалуын оқып үйрену.

Курс пререквизиттері: Математика; физика; теориялық және инженерлік механика; стандарттау, метрология және сертификаттау, көлік құралдары.

Курс постреквизиттері: Пәнді меңгеру кезінде алынған білімдерді келесі пәндерді игеру үшін қолданады:

1.Автомобильдер (Құрылымы және есептеулері)

2.Көлік техникасын техникалық пайдалану негізі.

3.Өндіріс технологиясы және көлік техникасын жөндеу негіздері

4.Технологиялық жабдықтарды жобалау және пайдалану негізі

ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ:

Бұл курс дәрісті талқылау арқылы традиционды әдісті қолданып жүргізіледі. Студенттер аудиторияда талқылау кезінде белсенділік танытып, бір бірінен үйреніп, топтағы байланыстан қажеттісін алып отырады.

Аудиториялық уақытқа дәріс, материалды талқылау, әртүрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығару кіреді. Әрбір сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттермен дайындалу қажет.

Әрбір дәрісте негізгі түсініктер мен анықтамалар беріледі және түсіндіріледі. Сабақтарға қатынасу және осы анықтамаларды жазу, әрбір студент үшін міндетті. Сабақта болмаған жағдайда материалды басқа студенттен көшіріп алу керек, өйткені оқытушы дәрістік материалды әрбір студентке жеке түсіндірмейді.

Практикалық сабақтарда студенттерге тақырыптар бойынша өзіндік жұмыстарға тапсырмалар беріледі және дәрістік материалдар бойынша сұрақтар қойылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады.

Егер студентке тақырып түсініксіз болса, ОСӨЖ уақытында оқытушыдан келіп сұрауына болады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курсты меңгеру барысында бағалау стратегиясы ретінде келесі бағалау әдістері қолданылады: жазбаша есептеу-графикалық тапсырмалар, ауызша сұрақ жауап, дәрістерді тексеру, тесттік тапсырмалар, реферат.

Бақылау жұмысы: бақылау жұмысы теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтиды және берілген тақырып бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыбы бойынша практикалық тапсырманы, үй тапсырмасын және шығармашылық тапсырмаларды орындауды ескереді.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларына студенттер міндетті түрде дайындалып, сабақ кестесі бойынша ОСӨЖ кезінде тапсырады. Уақытынан кешіктіріліп тапсырылған үй тапсырмаларының бағасы төмендетіледі.

Коллоквиум: коллоквиум семестрде екі рет өткен тақырыптар бойынша ауызша түрде өткізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала таратылады.

Мәнжазба: берілген тақырып бойынша жазбаша түрде орындалады.

Тесттік сұрақ жауап: өткен тақырыптар бойынша 10 және одан да көп тапсырмалар бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: семестр соңында өткізіледі. Емтихан күні деканаттың құрастыратын кестесімен белгіленеді. Емтихан тест (компьютерлік тест) немесе билет түрінде өтеді. Тесттер немесе билеттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша құрастырылады. Емтихан кезінде дәріс конспектісін, кітапты, басқа жазбаларды қолдануға тиым салынады. Егер, баға төмен болса, бағаны көтеретін басқа қосымша тапсырмалар қарастырылмайды. Емтиханның өту саясатын сақтамаған студент, емтихан тапсырудан шеттетіледі және емтиханды тапсырмаған болып есептеледі.

Қорытынды баға: семестр соңында студенттер пән бойынша емтихан тапсырады, ол 100 баллмен бағаланады (40%).

КУРСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ

Бақылау түрлері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Барлығы балдар

1

Қатысымы

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

100

2

Үй тапсырмасы

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

100

3

Практикалық жұмыс

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

100

4

Дәріс сабағындағы тест сүрақтары

*

100

5

Бақылау жұмысы

*

*

100

6

Тест тапсырмалары

*

*

100

7

Жазбаша сүрақ

*

*

100

8

Аралық бақылау

*

*

100

9

Реферат, эссе…….

*

100

10

Презентация

*

100

11

Емтихан

*

100

Барлығы

100

БАҒАЛАР ШКАЛАСЫ

баға

коэффициент

%

1 рубеждік бақылау (аттестация)

2 рубеждік бағылау (аттестация)

Рубеждік бақылау қорытындысы, %

Ағымдағы бақылау, %

Емтиханнан кейін қорытынды

А

4,0

95-100%

60,0-57,0

40,0-38,0

95,0-100

А-

3,67

90-94%

56,9-54,0

37,9-36,0

90,0-94,9

В+

3,33

85-89%

53,9-51,0

35,9-34,0

85,0-89,9

В

3,0

80-84%

50,9-48,0

33,9-32,0

80,0-84,9

В-

2,67

75-79%

47,9-45,0

31,9-30,0

75,0-79,09

С+

2,33

70-74%

44,9-42,0

29,9-28,0

70,0-74,9

С

2,00

65-69%

41,9-39,0

27,9-26,0

65,0-69,9

С-

1,67

60-64%

38,9-36,0

25,9-24,0

60,0-64,9

Д+

1,33

55-59%

35,9-33,0

23,9-22,0

55,0-59,9

Д

1,0

50-54%

32,9-30,0

21,9-20,0

50,0-54,09

F

0

0-49%

29,9-0,0

19,9-0,0

0-49,9

АУДИТОРИЯДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

Студенттің міндеті барлық сабақтарға қатынасу және аудиторияға уақытында келу. Сабаққа қатынасу семестр бойы қадағаланады. Қатынаспаған сабақтар бойынша материалдарды студент өздігінен меңгеріп алуға міндетті.

Студент өзін дұрыс ұстамай оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын меңгеруге кедергі жасамауы керек. Мысалы келесі жағдайлар болмауы керек: үнемі келіспеушілік, басқа студенттерге сөз бермеу, басқа сабаққа қатынасы жоқ әңгімелер айту, қорқыту, телефон қолдану, балағаттау, курс тапсырмаларын орныдаудан бас тарту және т.б.

  • Сабаққа студент уақытында келу керек, кешіккен жағдайда оқытушы сабаққа кіргізбеуге құқы бар.

  • Аудиторияда жұмыс жасағанда алаңдататын және кедергі жасайтын ұялы телефон және басқа электрондық құрылғылар, аудиторияға кірмес бұрын өшірілу қажет.

  • Кейбір материалдар аудиторияда беріледі, ал қосымша материалдарды студенттер кітапханадан табуы қажет.