Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

сз бен маына

.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
17.62 Кб
Скачать

Күні: 05.09.2015ж Бекітемін:

Пәні: Қазақ тілі Класс: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына Сабақтың мақсаты: а) білімдік: сөз бен мағынаның бірлікте қолданылатынын аңғарту, сөздердің де топқа бөлінетін түсіндіру; ә) дамытушылық: ана тілінде өз ойларын көркем тілде жеткізе білу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру; б) тәрбиелік: сөздердің табиғатын түсіне отырып, орынды қолдана білуге дағдыландыру, сауаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу 2. Сабаққа даярлықтарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 31-жаттығу. Төмендегі сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жазыңдар.

Үлгі: Жазба – жаз, баз, бажа, азба, аз, аза, т.б

ІІІ. Жаңа сабақ

Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Сөз – зат не құбылыс атауы.

Сөздерді  өз орнына қойыңдар. Сөйлем құрауға бізге қандай тілдік құрал беріліп тұр? жүректің , шықпайды, айтқанына, тіл, көнсе, жалған. «Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды.» Абай Құнанбаев –              Ал олардан сөйлем шығару үшін қандай қасиетіне қарадық? –              Мағына –              Мағына – сөздің ішкі мазмұны –              Алайда тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма? –              Жоқ –              Олай болса, тіліміздегі сөздерді де топқа бөледі екенбіз.

Сөз

Атауыш сөз                                        Көмекші сөз                                       Одағай сөз

Ұлт                                                       туралы                                                алақай Атамекен                                            үшін                                                  пай- пай Кең                                                       қарай                                                   паһ

ІҮ. Сабақты бекіту

Оқулықпен жұмыс 29-жаттығу. Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мағынасы толық емес сөздерді бөлек-бөлек теріп жазыңдар.

32-жаттығу. Мәтіннен бес сөз таңдап алып, олардың лексикалық мағыналарын анықтаңдар.

Қосымша тапсырма: өз есіміңіздің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жазыңдар.

Мысалы: Райхан- ай, хан, ана,нар, айран, ара, т.б Ү. Қорытынды –              Сөз деген не? –              Сөздің мағынасы деген не? –              Тіліміздегі барлық сөздердің мағынасы бар ма? –              Сөз мағынасының қандай түрлері бар? –              Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.

Қосымша тапсырма:

Өз есімдеріңнің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, лексикалық мағынасы бар сөздер жаз.

Мысалы: Райхан – Айран, ай, хан, ана, ара, ар, анар, нар т.б.

ҮІ. Үйге тапсырма.

34-жаттығу. Өз ана тіліңнің байлығы немесе жақсы қасиеті туралы айтылған өзге халық өкілдерінің пікірін тауып жазыңдар. Оны өз сөздеріңмен түсіндіріп беріңдер.

35-жаттығу.Жасыл,әсемпаз, үйірсек сөздерінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, бірнеше мағыналы сөз құраңдар.

Емле оқу.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.