Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

кп маыналы сздер

.docx
Скачиваний:
99
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
40.06 Кб
Скачать

Күні: 07.10.2015 Бекітемін:

Пәні: Қазақ тілі Класс: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Көп мағыналы сөздер

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушыларға көп мағыналы сөздердің омонимдермен ұқсастығын ажыратуды ұғындыру, ерекшеліктерін түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;

дамытушылық: Оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге ,өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру

3. Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Қатемен жұмыс

Пысықтау сұрақтары:

1. Сөз деген не? Белгілі бір ұғым берілген атау.

2. Сөз мағынасы деген не? Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.

3. Сөздің қандай мағыналары болады? Тура және ауыспалы мағыналары.

4. Сөздің тура мағынасы деген не? Негізгі, бастапқы мағынасы.

5. Сөздің ауыспалы мағынасы деген не? Келтірінді мағынасы.

ІІІ. Жаңа сабақ

( Балалар тақтадағы мысалдарды оқып, бұл мысал арқылы ненеі аңғаруға болатынын тауып көреді .)

Тарақтың тісі,  адамның тісі              

Көйлектің жағасы, көлдің жағасы

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көп мағыналы сөздер»

Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз.

Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады. Өздерінің шығармаларында ақын-жазушылар кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып жұмсай береді.

Екі күймек бір жанға әділет пе,

Қаны қара бір жанмын, жаны жара.

Ашиды жаның, қайнайды қаның,

Мінездерін көргенде…

Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты болады

М: Құлақ-адамның құлағы,домбыраның құлағы

Омоним сөздердің мағыналары бір-бірімен байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады.

М: Күл- жымиып күл (іс-әрекет),оттың күлі ( жанған заттың қалдығы)

Венн диаграммасы.

1. Көп мағыналы сөздердің өзіне тән белгілері.

2. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ортақ қасиеттері.

3. Омоним сөздердің өзіне тән белгілері.

Жаттығулар жұмысы

51 – жаттығу. Оқып шығып, көп мағыналы сөздердің бәрі де бір сөз табына қатысты болатынына көз жеткізіңдер.

Төмендегі сөздердің қосымша туындымағаналарынанықтап, кестені толтырыңдар.

Атауыш сөздер

Бастапқы мағынасы

Ауыспалы мағыналары

Түбір

Өсімдік түбірі

Кілт

Ашатын құрал

Бұлақтың кілті

Бел

Адамның дене мүшесі

Түп

Ыдыстың асты

Құлақ

Дене мүшесі

Домбыраның құлағы

52-жаттығу. Берілген көп мағыналы сөздердің бастапқы мағынасын табыңдар.

53-жаттығу. Мәтіннен көп мағыналы сөздерді табыңдар.

55-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар.

1.Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі, бетіне келер ұятын өзі біліп жуса игі. 2. Көп баланың ішіндегі қарт бала болар, көп қарттың ішіндегі бала дана болар. 3. Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады. 4. Ас қадірін білмесең, ашаршылық берер сазаңды; ат қадірін білмесең, жаяушылық берер сазаңды. 5. Сиыр сипағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес.

  • Адамның қандай қасиеттері айтылған?

  • Мәтіндегі көп мағыналы сөздердің астын сызыңдар.

  • Ауыспалы мағыналы сөздерді қолданып, сөйлем құраңдар.

54– жаттығу . Төмендегі сөздердің көп мағыналық сипатын сөз тіркестерін құрау арқылы дәлелдеп беріңдер.

Үлгі: Асыл – асыл шөп, асыл жан, асыл тас, асыл ой, т.б

Асыл, кең, көз, бас, тас, жас

ІV. Бекіту:

  1. Жинақтау, қорытындылау. (Тест)

  2. Сөздің көп мағыналы болуы үшін не қажет?

  3. Көп мағыналы сөз бен омоним сөздің айырмасы қандай?

Ү. Үйге тапсырма:

60 – жаттығу. Салмақты, әрекет, қарулы сөздерініңі шінен біреуін таңдап, сол бойынша шағын мәтін құраңдар. Мәтінде көпмағыналы сөздердің болуын ескеріңдер.

61 – жаттығу . Төмендегі сөздерді пайдаланып, тура мағына мен ауыспалы мағынада қолданылатын бірнеше сөйлем құрап жазыңдар.

Сол сөздердің негізгі мағынасы мен ауыспалы мағыналарының өзара бірлігімен айырмашылықтарын айтыңдар.

Жел, суық, жылы, кілт

Бағалау

Тест

1 – нұсқа

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Ол-сыныбымыздағы мінезі ауыр бала.

А. Ол

В. Сыныбымыздағы

С. Мінезі

Д. Бала

Е. Ауыр

2. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Марат домбыраның құлағын бұрап берді.

А. Марат

В. домбыраның

С. Құлағын

Д. Бұрап

Е. Берді

3. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

А. Бәрін

В. Қойып

С. Әңгімеге

Д. Ашық

Е. Кірісейік

4. Көп мағыналы сөзді көрсетіңіз.

Біз таудың басына шығып келдік.

А. Басына

В. Біз

С. Таудың

Д. Шығып

Е. Келдік

5. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

Майра, жараның аузы ашылып кетпесін.

А. Майра

В. Жараның

С. ашылып

Д. Аузы

Е. Кетпесін

Тест

2 – нұсқа

  1. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

Иненің көзінен жіпті өткізе алмадым.

А. Иненің

В. Жіпті

С. Өткізе

Д. Алмадым

Е. Көзінен

2. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсетіңіз.

Жер бетінде тыныштық бола бергей!

А. Жер

В. Тыныштық

С. Бола

Д. Бергей

Е. Бетінде

3. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

А. Бәрін

В. Ашық

С. Әңгімеге

Д. Кірісейік

Е. Қойып

4. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.

Майра, жараның аузы ашылып кетпесін.

А. Майра

В. Жараның

С. ашылып

Д. Аузы

Е. Кетпесін

5. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Олар футбол алаңының оң қанатына отырды.

А. Олар

В. Футбол

С. Қанатына

Д. Алаңының

Е. Отырды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]