Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азаты бас аыны Абай

.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
23.34 Кб
Скачать

Ойыл қазақ орта мектебі

Әдеби кеш

Тақырыбы: «Абай – дара , Абай – дана қазақта»

Өткізген: Қартбаева Р.С

Пән жетекшісі: Бақытжанова З.А

Класс: 9- 10-11 кластар

Күні: 29.09.2015 жыл Мақсаты– қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаев туралы тереңірек меңгеру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақтада слайд, Абай өмірінен деректер, бейне баяндар, деректі фильм

(Музыка ойнап тұрады. Сахна безендірілген. Сахнаның бір шетінде Абайдың жұмыс үстелі, Интербелсенді тақтада Абай Құнанбаевтың портреті мен әдеби кештің тақырыбы жазулы тұрады)

Тақырыбы: Абай – дана, Абай – дара қазақта.

Сахна сыртында өлең оқылады:

  • Мұнау тұрған Абайдың суреті ме

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Өр Абайдың төтеген кім бетіне.

Зердемде мыңмен жалғыз алысқаның

Даланың дара туған данышпаны

Сарайыңның кеңдігі –ау сахарадай,

Жүрегіңнен «Қаламқас» ән ұшқаны,

Ол қалдырған күй даланы кернейді

Ұшқан оттай құс қанатын сермейді

Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,

Басқа өлсе де Абай сөзі өлмейді.

1 - жүргізуші Бар ғұмырын әдебиетке арнаған, Ақиқаттың ақ жолынан таймаған, Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап, Жас ұрпақтың ар - намысын қайраған! 2 - жүргізуші –

Құрметті әдебиет сүйер қалың көпшілік! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “Абай-дана, Абай –дара қазақта ”атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші.

Өлең сүйер,өнер сүйер, көпшілік қауым! Артына өлмейтін сөз қалдырған  кемеңгер Абай Құнанбаевқа - 170 жыл толып отыр. Абай атамыздың мерейтойы  қарсаңында ұйымдастырылып отырған әдеби кешіміз -Абай рухына арналмақ. 

2 - жүргізуші - Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

1 - жүргізуші - «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. Абайдың өмірінен дерек береміз. Бір сәт экранға назар аударалық

(бейнежазба материалы – 1:30 мин) өмірге келуі диафильм

1 жүргізуші – - Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деп жырлайды ақын өз өлеңінде.

(Сахнаға Абай шығып, жұмыс үстеліне отырады. Абай өлеңдері оқылады)

« Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» - Шамшырақ 10 «А»

«Жасымда ғылым бар деп, ескермедім» - Мұхтар 11 «Ә»

«Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» - Ернар 11 «А»

«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» - Әділет 10 «А»

2-жүргізуші

Абай атамыздың поэзисына қанық болсақ, ендігі кезек Абай атамыздың болыстығына көз жүгіртейік.

(Диафильм. Болыстық туралы) (1 мин)

  • Көрініс. Абай мен әкесі Құнанбайдың әңгімелесуі

1-жүргізуші

  • «Қалың елім қазағым қайран жұртым» - деп жырлаған Абай атамыз қалың қара қазағының мүшкіл хәліне жүрегі ауырып, көңіліне мұң ұялатқан . ( Слайд көрсетіліп тұрады)

«Қалың елім қазағым қайран жұртым» - Асылхан 10 «А»

«Жастықтың оты жалындап» - Айгерім 11 «А»

«Ғылым таппай мақтарнба» - Анар 11 «Ә»

«Өлең - сөздің патшасы» - Жарқынай 10 «А»

«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» 10 «Ә»

«Сегіз аяқ» - Ләззат 10 «А»

2-жүргізуші

  • 1886 жылы Абай өміріндегі ең тыныш өткен жыл болды. Дәл осы жыл ақынның ең өнімді еңбек еткен жылы ретінде де тарихта қалды. Аталған жылы ақын 22 өлең жазса, 1888 жылы не бары жетеу, ал 1889 жылы 20 өлең жазды

1-жүргізуші

  • 1890 жылы 18 өлеңді дүниеге әкелген ақын қаламы бұдан кейін саябырт тартты. Оның себебі, 1890 жылдан бастап ұлы ойшыл өзінің қара сөздерін жазуға кірісті.

(Қара сөздер оқылады)

«Бірінші қара сөзі»

«Отыз бірінші сөз»

(Диафильм. «Көңілім қайтты достан да,дұшпаннан да» -атты өлеңінің шығу тарихы)

«Көңілім қайтты достан да,дұшпаннан да» - Айбөбек 11 «Ә» 2 - жүргізуші - Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй,- дегендей, ендігі айдарымыз Абай атамыздың әндеріне арналмақ.

«Көзімнің қарасы» - Ақбота

«Желсіз түнде жарық ай» - Перизат, Гүлсезім

1-жүргізуші

  • Келесі айдарымыз «Абайға арнау» деп аталады.

2-жүргізуші

  • Ендеше оқушылар шығармашылығының Абай атамызға арнауын тыңдайық.

Назгүл – 10 «А»

Шамшырақ – 10 «А»

Өркен – 11 «А»

Ару – 11 «Ә»

Ақбілек 1-жүргізуші

  • Барша қазақ баласы Абайды тануға,білуге,Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген,өскен,еркін халық ретінде көруді арман еткен. Сол Абай аңсаған арманына жетіп отырмыз. 

2-жүргізуші.

  • Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс.Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 170 жылдығына арналған әдеби-сазды кешіміз аяқталды.Көңіл қойып,тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!