Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

кейіпкерлер бейнесі

.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
19.86 Кб
Скачать

Күні: 08.10.2015ж Бекітемін:

Пәні: Қазақ әдебиеті Класс: 5 « А»

Сабақтың тақырыбы:   “Аяз би” ертегісінің кейіпкерлер бейнесі.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ертегіні қаншалықты меңгергенін анықтау, бас кейіпкердің бойындағы қасиеттерді нақтылап көрсету; Аяз би өмірі жайлы қосымша мәліметтермен таныстыру;

Тәрбиелік: Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге, сөз қадірін түсінуге, адамгершілікке, адал да әділ болуға тәрбиелеу; Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, жоспар құру дағдыларын дамыту, сөйлеу тілі мен жазу мәдениетін, сыни тұрғыда ойлауын дамыту; Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу Сабақтың әдіс-тәсілдері: Салыстыру, сұрақ – жауап, талдау, «теріп алу» стратегиясы, ой толғаныс

Көрнекілік: пысықтау тапсырмалары Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу; 2. Оқушыларды түгелдеу; 3. Оқушы зейінін сабаққа аудару;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

«Түсімде көрген таңғажайып оқиға» тақырыбында өз қиялыңнан ертегі жаз

Қызығушылықты ояту:

Сабағымыздың басын бір-бірімізге деген жылы лебізбен, бүгінгі сабақта бәрімізге күш-қуат беретін сөздермен бастасақ деп отырмын. Берілген әріптерден басталатын сөздер айтуымыз қажет. Бұл бізге алдын-ала ой қозғау, шабыт берер сөз десек те болады.

1 2 3 4 5 6 7 8

С Ә Т Т І Л І К!

1.Сыйластық, сенімділік, сөзшеңдік. 2.Әдептілік. 3.Тапқырлық, тәкәппарлық. 4.Төзімділік,табандылық. 5.Ізеттілік. 6.Лайық. 7.Іскерлік. 8.Күштілік, көрегендік, кеңпейілділік, т.б.

–Балалар, бүгінгі сабақта біз «Аяз би» ертегісін қорытындылаймыз

ІІІ. Пысықтау:

  1. Ұжымдық тапсырма (ауызша) 5 минут

«Бәйге» ойынстратегиясы. /диалог/

1.Ертеде кім деген хан болыпты?

2.Хан уәзірлерінеқандайтапсырмаберіпті?

3.Хан олардытабуғақаншауақытберді?

4.Тастың ішіндеқандайнешеқұрт бар?

5.Уәлидің қызы кім?

6.Қыздың жасынешеде?

7.Хан Жамандықайдажұмсады?

8.Жаман не үшін «Аяз би» деп аталды?

9.Ханның неше уәзірі болыпты?

10.Хан Жаманға қандай тағам бергізді?

11.Жаманның жасы нешеде еді?

12.Жаман тұлпардың неге шатыс екенін айтты?

13.Қандай тастың қасиеті неше жылдан соң бітеді?

14.Ханның шешесі неше жаста?

15.Байлығы мен елдігі ханға парапар кім?

16.Қырық уәзір Жаманды неше күншілік жолға шығарып салды?

  1. «Теріп алу» стратегиясы.

Басты кейіпкер Аяз бидің өткен сынақтарын жаз

  1. Аяз би қандай қасиеттері арқылы мұратына жетті?

  2. Жаман мен Меңді сұлудың өзгелерден ерекше қасиеттері

(дәптерге жазу)

Жаман- Меңді-

  1. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру

  2. Ой толғаныс

Сенің ойынша шөптің, құстың адамның жаманы не. Өз ойыңды жаз

ІҮ. Үйге тапсырма:

«Менің ертегіден алған әсерім» тақырыбында шағын шығарма

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]