Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Документ Microsoft Office Word7

.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
39.59 Кб
Скачать

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

ОСӨЖ тақырыбы:

Орындаған: «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 3 – курс студенті

Сағадатов Райбек Телжанұлы

Ақтөбе, 2014 жыл

Қолданылған әдебиеттер

Негізгі:

С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.

Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.

Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

“Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.

Қосымша:

Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.

Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.

XVIII ғ. қазақ даласының саяси - экономикалық қарым қатынасының аса күрделі кезеңі болды. Бұл кезде әлі де қазақтың ұлан байтақ даласын хандар биледі. Алайда XVIII ғасырдың жартысы қазақ тарихындағы хандық дәуірдің ең соңғы кезеңі болды.

Сөз етіп отырған кезеңде қазақ жерінің батыс өлкесінен бастап Россия патшалығының қол астына кіре бастағаны мәлім. Бұл жағдай елдің саияси - әлеуметтік және экономикалық күй қалпында өзгеріс – жаңалықтардың пайда бола бастауына бірден – бір себепші болды. Яғни қазақ экономикасына Россияның ықпалы күшейді.

Қазақ халқының мәдени – рухани дүниесіне келсек, бұл кезде сауаттылар саны мейілінше төмен еді. Сауаттылықтың өзі тек мұсылманша яғни араб тараумен хат таныған Ислам дінінің ережелері мен дұға-намаздарын үйрену түрінде болды.

Көркем әдебиет, негізінен, поэзия түрінде болды.Бұл кезде де, алғашқы кезеңдердегідей әр алуан бағыттағы, әр түрлі идеялогияны қоштаған ақындар мен жыраулар өмір сүрді. Әдебиет нұсқалары халық арасында ауызша тарады. Баспа орындары ашылмады. Қазақ әдебиеті кітап етіп бастырып шығару дәстүрі де, қолжазба ретінде жазып қалдыру немесе тарату дәстүрі болған жоқ.

Бұл күнде қазақ даласында баспа орындары, кітап шығару практикасы болмағанмен, көз етіп отырған дәуірдегі тіліміздің той-күнін, әсіресе лксикасы мен фразеологиясын, сондай-ақ кейбір грамматикалық категориялары мен нормаларын танытатын үйгі-нұсқалар бар еді. Оларға біріншіден, көркем-әдебиет үлгілері жатады. 2-ші қазақ ауыз әдебиетінің мол нұсқалары, үшінші-ресми іс-қатынас қағаздары. Төртінші бұл дәуірде қазақ өлкесін орыс өкіметі тарапынан танып-білу әрекеті қызу жүрді. Сол кездегі орыс саяхатшылары мен ғалымдарының орыс тілінде жазған материлдары ішінде жекелеген қазақ сөздері кездеседі. Бұларда сол дәуірдегі тілімізден техникалық құралын айқындауға септігін тигізеді.

5-ші ХVІІІ ғ-ң соңғы ширегінде Россия мемлекеті тарапынан қазақ тілінің кейбір сөздерінің барша және кейбір өзге тілдердей баламасын көрсетіп шығып сөздік іспеттес тәжірибелер болғанын көрсетеді. «Парсы және татар диологтілері» деп аталатын 10 беттік қолтаңба, 1774 жылы таралған барша – қазақша сөздіктің қол жазбасы т.б.

Талдап отырған кезеңдегі: қазақ әдеби тілін танытатын негізгі үлгілері біздің дәуірімізге ауызша түрде жеткендіктен және тіл тарихын зерттеу ісін тікелей әсерін тигізетін бір жағдайды ескерту қажет. Ол – текстологиялық қайшылықтар. Әдеби мұраны ұрпақтан – ұрпаққа, өлкеден өлкеге ауызша жеткізушінің әр біреуі сол үлгінің мазмұн – мәнін ішінара өзгертуімен немесе өзіне түсініксіз көне сөз бен ескі грамматикалық тәсілді контекске қарай түсінікті вариантымен алмастырып, өзгертіп отырған.Оның үстіне, әрірек ғасырлардағы поэзияның дені дидактикалық сипатта болып, нақылға айналып кеткендіктен, бір ақының айтқанын екіншісінен табылу орын алған. Мысалы адам өмірінің әр бір кезеңіне сипаттама беретін өлең тексі 2-3 ақында қайталанады.

Бұхарда

Жиырма деген жасыңыз,

Ағып жатқан бұлақтай.

Отыз деген жасыңыз,

Жарға ойнаған лақтай.

Қырық деген жасыңыз,

Ертеп қойған құр аттай.

Шалда

Он бес деген жасым- ай,

Жорға ойнаған лақтай.

Отыз деген жасым- ай,

Таудан ақан бұлақтай.

Қырық деген жасым –ай,

Байлаулы тұрған құрақтай.

Дулатта

Он бесдейтін жас қайда

Жарға ойнаған лақтай

Қайда кеттің жиырма бес

Тастап шыққан бұлақтай

Жиырма бес бар маңайда

Жайқалған жасыл құрақтай.

Осындай жағдайлар белгілі бір суреткердің тілін талдауда едәуір қиыншылықтар туғызды. Әсіресе бұл қиыншылық тілдің әдеби нормаларының қалыптасу, даму, тұрақтану процесін зерттеуде сезіледі.

1. Қазақ тілінің төл сөздері.

2. Араб – парсы сөздері

3. Архаизмдер

4. Фразеологиялық тіркестер.

Талдап отырған дәуірдегі қазақ әдеби тілінің сөздік құрамы екі қабаттан тұрады, біріншісі – негізгі – қазақтың төл сөздері, екіншісі – араб – парсы сөздері. Осы күнгі үшінші мол қабат- орыс сөздері немесе орыс тілі арқылы енген шет тілі сөздері ХҮІІІғасырдағы көркем әдебиет үлгілері тілінде жоққа тән, өте сирек. Тіпті ауыз әдебиеті нұсқаларында жиі кездесетін шай, самуырын, пәуеске, тарантас сөздері де ХҮІІІ ғасырдағы ақын – жыраулар өте аз ұшырасады. Бұған, бір жағынан тұрмыс – салт лексикасын сараң пайдаланатын поэзия жанры себепкер болса, екінші жағынан, бұл кезеде шай ішу немесе орыстар қолданған көлік түрлерін пайдалану тәрізділер қазақ тұрмысында әлі етек алмағандығы әсер еткен болу керек. Өзге салаларға қатычсты русизмдердің де енуіне әлі қолайлы жағдай тумағандықтан, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің сөздік құрамы орыс сөздері қабатын көрсете алмайды.

Қазақ тілінің төл сөздері.

Қазіргі кезбен салыстырғанда ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілі лексикасында төл сөздер құрамын сипаттайтын белгілердің бірі – кейбір тематикалық топтардың актив қолданылуы. Солардың бірі – жауынгерлік лексика тобы. ХҮІІІ ғасыр қазақ қоғамы өмірінде елді сыртқы жаулардан, әсіресе Жоңғар шапқыншыларынан, қорғаған жауынгерлік заманы болды. Соған орай тарихи көркем әдебиет тақырыбында да жауынгерлік, ерлік мотиві басым болып келеді. Сондықтан қазақ әдеби үлгілерінің сөздік құрамында қару – жарақ пен әскери киім – кешек атаулары, сондай-ақ ел қорғау, батырлық қасиеттерге байланысты сөздер молынан кезедеседі. Бұлардың ішінде қазіргі лексикалық дулыға, берен, жебе, кудері, шығыршық тәрізді зат атаулары да, жаулық, елдік, бүлу, біту сияқты сөздер де әлде қайда жиі ұшырасады. ХҮІІІ ғасырдағы әдеби тіл үшін бұлар архаизм мен историзмдер емес. осы күнгі әдеби тілімізге дейін актив қолданылып келген батыр, мерген, оқ, найза тәрізді сөздер де жауынгерлік ленксика қорына кіреді. Жауынгерлік мотиві әсері осы тақырыпқа қатысты номинативтік атаулардан басқа нейтральдық лексикаға да да тигені байқалады. Яғни темір, қорғасын, болат тәрізді металл атаулары қару – жарақты немесе ерлік қасиетті білдіретін сөздер қызметінде жиі жұмсалады. Мысалы, ХҮІІІ ғасырдағы Жанкісі жырау Бөгембай батырды Темір жұмсап, ақ атқан қорғасындай Бөгембай деп сипаттағанда, темір сөзі зеңбірек не мылтықты білдірген, ал қорғасын сөзі батыр, ер, мықты сөздерінің қызметінде жұмсалған.

Араб – парсы сөздері

ХҮІІІ ғ. қазақ әдеби тілі сөздік құрамының екінші бір қабаты – араб – парсы сөздері. Бұл кезде халықтың сөйлеу тілінде де, ауыз әдебиетінде де, ақындар шығармаларында да араб – парсы төркіндес сөздер едәуір орын алған. Олардың өзін екі топқа бөлуге болатын тәрізді: бірі – қазақ тіліне ертеденсіңісіп кеткен және жиі қолданылдатын топтағы сөздер. Мысалы, абырой, адам, ар, арам, әйел, әлем, байғус, бақ, бақыт, бекер, дауа, дәулет, дос, дүние, дұшпан, жаза, жалым, заман, кедей, күмән, қайыр, құдай, құдірет, қадыр, құрмет, мақұл, мәлім, мезгіз, мейман, молда, момын, мысал, найза, несібе, несіп, өмір, пана, пара, пасық, пейіл, сабын, сабыр, уақыт, шартарап, уақыт, т.б. әдебиеті үлгілерінде де батыл және жиі қолданылған. Мұндай сөздердің қазақ лексикасына етене болып кеткендігі сонша – кейбірі өз ара қатар келіп, көркемдеу тәсілінің бірі синонимика ретін түзейді. Мысалы, Бұхарда:

Уақытым менің өткен соң,

Мезгіліміз жеткен соң.

Екеуі де араб – парсы элементінен жасалған синонимдік бақдәулет, абырой – ай, алла – тағала тәрізді қос сөздер де осы іспеттес.

Архаизмдер

Қазақтың ХҮІІІ ғ. әдеби тілінде, қазіргі лексикалық нормамыздың тұрғысынан қарағанда, архаизмге жататын бір алуан сөздер тобы бар. Жауынгерлік тақырыпқа байланысты көнерген сөздерді жоғарыда айтып өттік: бұдан екі ғасыр бұрын қолданылған құру – жарақ түрлері жойылып, жаңа түрлері шыққандықтан, оның атаулары да архаизмге айналып кеткендігі даусыз. ХҮІІІ ғасырдың тілінде бұдан бас да көнерген немесе бұл күнде пассивтенген бірқатар сөздерді ұшыратамыз. Бұхарда қолданылған талыс, шөпшік деген сөздердің архаизмдер екенін бірнеше зерттеуші атанған болатын. Екеуі де мал терісінен істелінетін ыдыс – жабдықтар. Металл, шыны материалдары кемтаршылық дәуірлерде мал терісі ас – су жабдықтары, киім – кешек, төсеніш – жастаныштар жасауға пайдалынатын бірден – бір материал болған. Эканомикалық даму дәрежесі әлі өте төмен феодалдық қоғамда ХҮІІІ ғасырда осындай жабайын құрал – жабдықтардың болғанын сол кездің тілдік фактілері де дәлелдейді.

Фразеологиялық тіркестер.

Әдеби тілдің бір белгісі фразеологиялық тіркестердің тұрақталып образ жасауға қатынасуында. Бұл жағынан қазақтың ауыз әдебиеті тілі де ХҮІІІ ғ. көркем әдебиеті тілі де едәуір материал береді. Бірақ ақындар шығармаларындағы тұрақты тіркестер негізінен ауыз әдебиеті дәстүрін сақтайды: ақындар бұрыннан қалыптасқан дайын штамтарды пайдаланады немесе жаңа тіркестер жасай қалса, оның семантикалық және гармматикалық моделі дәс турлы тіркестерден алынады. Мысалы, тұрымтайдай ұл, басына дәулет құсы қону, тоят тілеу тақымы кеппес ұры, найзаны жасауға тіреу, жұлдызы оңынан туу он сан алаш, сары жол, құдайға құл болу, ақ сұңқар құстай түлеу, жалаң аяқ жар кешу деген тіркестер халық тілімен ұштасады. Сірә, ХҮІІІ ғасыр әдеби тіліндегі қаза қалу, жер тұлдану, дау ұру, жандай шабу, уағдадан жылысу, бойынан түңілу, байсал табу, құлық таба құлаша, алтынның буы, дәулет таю, жамандық тұту, бір ауызды болу тәрізді тұрақты тіркестерді белгілі бір ақынның туындысы деп те, халық тілініңбайлығы деп те кесіп айтуға болмайбды. Өткені сол тұстағы сөйлеу тілінің байлығы бізге мүлде беймәлім, ал ауыз әдебиеті тілінің де дәл ХҮІІІ ғасырдағы фразеологиялық нормасын көрсету мүмкін емес.

Қазақ әдеби тілінің қазіргі нормасында қолданылатын өнімді жұрнақтардың бірқатары ХҮІІІ ғасырдың әдеби үлгілерінде жоқ немесе пассив. Ал енді біреулері қазіргідей актив тәсіл болғаммен, тудыратын мағынасы, аясы тарлау. Мысалы, ХҮІІІІ ғ. әдебиетінде есім сөз тудырушы жұрнақтардың ішінде ең жиі қолданылған –лық жұрнағы арқылы, негізінен, абстракт зат есімдер жасалған: жаулық, бимлік, жақсылық, жамандық, тірлік, ұрлық, құлық, кәрілік, кемдік, елдік, жарлық, сарандық,зорлық, қорлық, бірлік, жомарттық. Ал осы жұрнақты туынды сын есім жасауға пайдалану бұл кезде мүлде өнімсіз, жоққа тән. Бұл ерекшелік ауыз әдебиеті тілімен іліктес, мұнда да –лық жұрнағы жақсылық, жамандық, жастық, кәрілік, жігіттік, жарлық, жоқшылық, батырлық, байлық, сұлулық, ашықтық, кедейлік, жарлылық, құдалық тәрізді зат есімдерді жасайды. Ал –лық жұрнақты тұлғаның зат есім болып келуі тек сандық, уақыттық мөлшерді білдіретін жағдайда ғана: Қырық күншілік шөлі бар, Алпыс сомдықәр кезі үстіне асыл кигізді.күндік жер, неше күндік жол, жүз теңгелік опа т.б. Тайлық оқ тебінгілік жүн, жаулық жол тәрізді санды, уақыттық мөлшерге қатыссыз сын есімдер өте сирек кездеседі.

Қалған жұрнақтардан –лы, -сыз, -ыш, -ақ тұлғалы есімдер бар. –Кер жұрнағы қызметкерр, азаткер, үміткер сөздерінде ғана кезедседі.

Бізге жеткен тіркестерге қарағанда, грамматткалық тұлға – тәсілдері жағынан ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдеби тілінде принципиалды, үлкен өзгешеліктер байқалмайды. Морфологиялық категориялар негізінен, қазіргі нормамызға сай түседі. Оның екі себебі бар тәрізді: бірі – ХҮІІІ ғасыр ақын – жыраулары шығармаларының ауызша таратылып, бізге ауызша жеткендіктен, едәуір грамматикалық тұлғалар өзгертіліпр, жаңа варианттарымен алмастырылып, қазіргіше түрге ие болғандығы. Екіншісі – біз әңгіме етіп отырған дәуірде септеу, жіктеу, тәуелдеу тәсілдері немесе сын есім шырайлары, етістіктің есімше, көсемше, етіс, рай тәрізді категориялары, негізінен, қалыптасып, бір қыдыру би үлгілерден септік жалғауларының немесе басқа да морфологиялық және синтаксистік тұлға – тәсілдердің қазіргіден өзгеше түрлерін таба алмаймыз.

Дегенмен ХҮІІІ ғасыр нұсқаларының грамматиксында қазіргі нормамызбен салыстырғанда ешбір айырмашылық жоқ деуге мүлде болмайды. Бірқатар морфолгиялық тұлғалардың қызметі ол кезде әлде қайда актив болғанын немесе кейбіреулерінің әлі де қызмет аясы тар, өнімсіз қолданылғанын көреміз. Мысалы, -ар, -мақ жұрнақты етістік тұлғалары қазіргіге қарағанда әлдеқайда актив қолданылған. Келер шақ есімшенің барыс жалғаулы түрін ХҮІІІ ғасыр тілінде жиі ұшыратамыз. Мысалы, Бұхарада:

Батпақты сайға су түссе,

Атың арып келгенде,

Өткен бермес кешерге.

Қайырсыз итке мал бітсе,

Аңқаң құрып келгенде,

Саумал бермес ішерге...

Келмей тұр аузым айтарға.

Еңкейіп ортақ орарға,

Тоңқайып масақ терерге т.т.

Бұл форма – осы күнгі өнімді –уға тұлғасының орнына қолданылған.

ХҮІІІ ғ. ІІ жартысындағы қазақ даласындағы тіл практикасының бір түрі, хан, сұлтан және кейбір старшиналардың орыс әкімшілік орындарына және бір – бірлеріне жазысқан әр алуан қағаздарының тілі болды. Бұлар көбінесе орысша прошение, уведомление, донесение деп аталған документтер мен ресми хаттар. Бұлардың архивтерге сақталғандары 1940 жылы жарияланғандықтан, 1785 жылдан 1828 жылға дейінгі бұл топқа жататын материалдардың тілін талдауға мүмкіншілігіміз бар.

Ең алдымен, бұлресми документтерді көркем әдеби нұсқалардан бөліп қарайтын себептер бар. Біріншідекн, бұлар әдебиеттің өзге жанрына- ресми-эпистолярлық жанрға жататын нұсқалар болса, екіншіден, пайдаланылған тілі жалпы халықтық қазақ тілінен басқа боды. Бұл документтерді 1940 жылы жариялағанда, проф. М.П. Вяткин былай деп көрсетеді: «Хандардың хаттарын жазғандар қазақтар емес, татар молдалары- патша үкіметінің агенттері- болатын... Мұнда татар элеметтері басым, ал қазақ тіліне тән элеметтер әлдеқайда аз»

Бұл кеңсе қағаздары тілінің орта азиялық түркі тілдеріне ортақ етеден қалыптасқан стилі болды. Ол стиль кеңсе кеңсе жазбалары тілінің лексика- фразеологиялық құрамында, грамматикалық тәсілдерінде, тіпті орфогрфиясында орын алған өзіне тән ерекшеліктерімен белгіленеді. Ең алдымен,орта ғасырлардан бастап, 18-19 ғасырларға дейін әрбір истанциядағы әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды. Мысалы, ғиззатлу, хүрметлу, мархабатлу, сағадатлу, құдретлу, шафағатлу тәрізді ын есімдер- осындай тұрақты стильдік эпитеттер.

Сонымен қатар бұл стильде таза қазақ элементтері мүлде жоқ деп айтуға болмайды. Мұндағы біраз жеке сөздер мен тіркестер татарша-шағатайша орфографиямен жазылғандығы болмаса, қазақ тіліне тән екндігі байқалады.МысалыКіші жүз, ақсақал, қара халық болып, төре, шабуыл, тыстырып-шабыстырып йурген, қабыл көру, елші қылып, сізге қандай душман болса, бізге сондай душман т.б.

Бұл стильдегі өзге түркі тілдік элементтер лексика саласынан гөрі грамматика саласында көбірек орын алады. Есімдіктердің септелген түрлері-бәңа, бенім, сенден,деп көсемшесі дайу түрінде,есімшеніңған жұрнағының орнына –мыш түрі келеді т.б.

Бірнеше ғасырлар бойы түркі тілдеріне тән болып қалыптасқан ресми-эпистолярлық стиль, сөз, әдеби,соның ішінде жазба әдеби тілдің бұтағы. Бірақ бұл 18 ғасырдан көп бұрын-ақ қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен көркем әдеби тілінен айтарлықтай алшақтап кеткен тіл болды.

XIX ғ I- жартысында патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетін ең бір шешуші кезеңі болды:

Қазақ даласының көптеген жері Абссил империясының құрамына кірді; ел басқару билігі патша үкіметі өз қолына алды. Ол үшін 20 – жылдарда жылдық үкіметі жойды да, ел басқару мен сот-билік жүргізудің жаңа тәртібін енгізді. Олар: Орта жүз бенСибирді мекендеген қазақтар үшін 1822 жылғы «Сибирь қазақтары туралы устав» пен 1831 жылғы Кіші жүзде «Ел басқарудың дистоциялық системасы» деген тәртіптер. Осыған байланысты, қазақ даласында ел билеу, әкімшілік сот істеріне қатысты көптеген жаңа отаулар пайда болды.

Қазақстанның оңтүстік аудандары XIX ғ I – жартысында Ресей құрамына әлә кірмей Хиуа мен Қоқан хандықтарының қол астында болды.

Экономикалық өзгеріс те елеулі болды. Әсіресе сауда-сттық күшейді. Саудаға қазақ балалары араласа бастады. Жәрменкелер етек алды. 1849 жылы атақты Қоянды жәрменкесі ашылады. Сондай-ақ Сұбыртанды, Чернояр, Семеи жәрменкелері ашылады.

Қазақ даласы Экоомикасында екінші елеулі өзгерісі егіншіліктің әрі қарай дами түсуі, егістік құралдардың жабайы түрлерінің келе бастауы: көлігі жоқтар жердішыбытпен қопарып, көлігі барлар ағаш соқаман жыртты XIX ғ 30 – шы жылдарынан бастап қазақ еңбекшілері мемлекеттік салақ төлей бастады.

Қазақ даласындағы мұндай саяси экономикалық өзгерістер қоғам өмірінің барлық саласын қамтиды. Ең алдымен, әлеуметтік өзгеріс-жаңалықтар болды. Қазақ қоғамында әлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды.

XIX ғ 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген халақтың өмірінде із қалдырған тарихи оқиғалардың бірі Исатай – Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды.

Мі не, осындай саяси, әлеуметтік және экономикалық хал-жағдайлар қазақ тілін, оның әдеби түріне әсерін тигізді. Бұл әсіресе тілдіңлексия саласында айқын көрінді.

2. Фольклордан ажыратылып, авторы белгілі болып ілгеріленіп келе жатқан тарихи әдибет XIX ғ I – жартысында одан әрі жалғасты (Әдиебетті зерттеушілердің пікіріне қарағанда, бұл тұста жігі айқындала түскен идиологиялық екі бағыты екі ағымы ) Бұл дәуірде өмір сүрген қазақтың ақын-жырауларыдың кейінгілері мыналар: Махамбет (1804-1846) Шернияз (1817-1881) Шөте (1808-1895) Дулат (1802-1871) Шортанбай (1818-1881) т.б.

XIX ғ I – жартысында көркем әдейбет мұрасы да алдындағы үлгілерден бірге ауызша таралып сақталған вариянтында жетті. Сондықтан бұл кездің тілін зерттеуге әсіресе морфологиялық тұлғаларды көрсетуге тектологиялық қайшылықтар мұндада орын алды.

Денгенмен XVIII ғасырд, бір жағынан, темотикасының түрленіп, ауыз әдейбеті тақырыбы шеңберінен шығып, әлдеқайда жеке авторлық сипат алғандықтан бұл дәуірдегі көркем әдейбет үлгілерінің дәлірек жеткендігін байқаймыз.

XIX ғ алғашқы 40-50 жылдарындағы қазақ тілін танытатын көркем әдейбет үлгілері мен қатар ресми – эпистолиярлық әдейбет болды. Бұл кезде әлі қазақ тілінде оқу педагогиялы, әлеуметтік – публистикалық және ғылыми әдейбет болған жоқ. Көркем әдейбеттің өзі өткен дәуірдегідей бір ғана формада-поэзия түрінде келді. Көркем проза, оның әр алуан жанырлық салалары әлі туған жоқ еді.

3. XIX ғ I – жартысындағы қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамына келсек, оның негізгі қазақтың жалпы халықтың тілінің төл сөздері қабаттары арап –парсы сөздері мен едәуір көбие түскен орыс сөздері Бұл үш қабаттың үшеуінде де талдап отырған дәуірде едәуір өзгерістер болды: өздері білдіретін зат ұғымдарының өмірден бірте бірте қолдап бара жатқандығына байланысты кейбір сөздер әдеби тіл тәртібінде пасивтент сирек қолданыла бастады керісінше қазақ даласына XIX ғасырда келген жаңа әлеуметтік, экономикалық құбылыстарға орай соларға қатысты көптеген жаңа лексиялық единдарлар пайда болды (неологизмдер).

Жоғарыда айтқанымыздай бұл дәуірде де қазақ әдеби тілін танытатын негізінен көркем әдейбетте поязия жаныры болғандықтан, сол поязияның тематикасына қарай бірсыпыра лексиялық топтарды атап көрсетуге болады.

Махамбет шығармаларында жауынгерлік лексиканың көзге барын алуы – заңды құбылыс. Мұнда ең алдымен қару-жарақ атаулары мол. Оның бір тобы сол көтерлісте кезеңіндегі әскери жабдықтардың атаулары болады. Олар-найза, қылыш, мылтық, садақ атаулары. Бұл қару – жарақтың атаулары ақын әр алуан эпитетпен қолданады: алты құлаш, ақ найза, толғамалы найза, егеулі найза, құрыш болат (қылыш) т. б.

Махамбет ақында тек өзі араласпай жорықтар картинасын беру үшін емес, жалпы обрыз жасау үшін де қолданылыды. Мұндайда алып ауыз әдебиеті штампылары пайданылады:садақ толған саб кез ақ, қызыл сырлы төбе,садағынын сары жебені салдырған, қозы жаурынт т.б.

Жауынгерлік лексика махамбеттен басқалырында да әсіресе XIX ғ орта тұсында әрі асатын әдеби тіл нұсқаларында бірте – бірте кеми береді. Бұл саладағы біраз сөздерді Дуллаттан кездестіреміз. Оның да көбі Дулаттың «Есембет» атты батыр туралы дастанында қолданылған. Бұл атаулар жоғарыда келтірілген ертегі қару-жарақ аттары.

X1X ғ қазақтың көркем әдебиетінде қоғам өмірін, ондағы естелік жаңалықтарды суреттеу басты тақырыптардың бірі болғандықтан, бұл кездегі тілді әкімшілікке байланысты лексика, яғни сол тұстағы қазақ даласындағы ел басқару системасы мен әлеуметтік құрлысты білдіретін хан, ханзада, ханым, төре, сұлтан, ақ сүйек, бай, кедей, қара жұрт сөздері актив қолданылған мыс: Махамбетте: Ақ сүйектің баласын

Қара ұлына теңгердік