Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Документ Microsoft Office Word6

.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
20.35 Кб
Скачать

Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

ОСӨЖ тақырыбы:

Орындаған: «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының 3 – курс студенті

Сағадатов Райбек Телжанұлы

Ақтөбе, 2014 жыл

Қолданылаған әдебиеттер

Негізгі:

С.Исаев. “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1996ж.

Р.Сыздықова. XVIII-XIXғ.Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы1984ж.

Қ.Жұмалиев. “XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиеті” Алматы1967ж.

.М.Балақаев. “Қазақ әдеби тіл және оның нормалары” Алматы 1984ж

Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” Алматы 1993ж.

С.Жұбанов “Қазақтың ауызекі көркем тілі” Алматы1996ж.

Қ.Өміралиев. “XV-XIXғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” Алматы1976ж.

“Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары” .Жинақ. Алматы1986ж.

Қосымша:

Т.Қордабаев. Туркалогия және қазақ тіл білімі. А,1998. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1985. Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов ,М.Томанов. Көне түркі жаба ескерткіштер тілі. А,1971.

Северотян.Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. М,1978.

XY – XYII ғасырдағы қазақ халқының мәдени – рухани өмірінде жаңа құрыла бастаған халықтың сөйлеу тілі мен қазақ халқын құраған ру – тайпалардың әріден келе жатқан поэзиясы тілінің негізінде ауызша дамыған тіл қызмет етеді. Ол, негізінен, поэзия түріндегі көркем әдебиет пен ауызша жүргізілет дау – билік саласында көрінді.Сонымен хан жарлықтары өзге елдермен арадағы қарым – қатынас қағаздары тарихи шежірелер сияқты жазба туындылардың қажетін орта Азиялық түркі әдеби тілі өтеп отырды. Қазақ хандарының канцеляриясы ресми хат – хабарларын , іс – қағаздарын, үкім – жарлықтарын, ғылыми әдебиетті көбінесе шағатай немесе түркі деп аталып кеткен тіл дәстүрінде жазды..Қазақтың жалайыр руынан шшыққан Қадырғали Қосымұлы сияқты тарихшысыда өз шығармасын (кейін «Жамиат - тауарих »деген ат қойылған.)1602 жылы осы тілде жазып бітірді. Бұл жазу дәстүрінің қазақ топырағындағы үлгілерін, олардың тілін талдап – тану - өз алдына үлкен проблема. Ал, біздің бұл кітаптағы әңгімесміздің өзегі - қазақтың төл әдебиетінің тарихы.

Бұл жерде XY – XYII ғасырлардағы қазақтың төл әдеби тілі деген мәселе принципті түрде қойылып отыр, өйтені бірқатар ғалымдар бұл кезеңдерде қазақтың әдеби тілі болды дегенді мақұлдамайды, өйткені әдеби тілді танытатын әдебиеттің басын XYIII ғасырдан Бұқар жыраудан бастайды. Демек, бұл концепция бойынша XYIII ғасырға дейінгі көркем сөз үлгілері ауыз әдебиеті мұрасына жатқызылады да, олардың тілі де «әдеби тіл» категориясынан тыс қалдырылады. Бұл тұжырымды әсіресе қазақ әдебиетшілері қолдайды. Қазақ әдебиті тарихының ғылыми курсын жазғандар XY - XYII ғасырлар қазақ мәдениетінің жыраулар танылған тұсы екндігін қазақ жырауларының жалпы түркі тайпаларының ауыз әдебиетінен бөлініп,дараланып шаққан кезі екендігін айтады. Сөйте тұра олар бұл кезеңдеодегі қазақ жырауларының әрқайсысының өздері қалаған жанрлары тақырыптары қандай болғанын өзіндік қолтаңбаларын айырып тану материалдың аздығынан өте қиын оның үстіне ондай ерекшеліктер тіпті жоққа тән, бар материалдар фольклордағы дидактикалық – тұрмыстық жырлар арнау, қоштасу,өсиет сияқты ертеден келе жатқан ауыз әдебиетімен кіндіктес жанрдың туындылары деп табады.

Ал біздің XY – XYII ғасырларда қазақтың ауызша дамыған төл әдеби тілі болды деген тұжырымға келуімізге материалдық негіз бар.ең алдымен, соңғы 15- 20 жылдың ішінде ілгері ғасырлардағы қазақ поэзиясы туралы ғылыми зертеулер жүргізіп, лингвистикалық нұсқа болатын материалдар (тестер) жиналды. Бұл тестер «XYIII – XIX ғасырдағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962ж), «Үш ғасыр жырлайды» (1965ж), «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967ж), «Алдаспан»(1971ж) атты кітаптарда басылып көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар кейінгі жылдарда мерзімді баспа сөз беттерінде де ертедег іқазақ аын жыраулары туралы пікірлер иен жаңа деректер олардың кейін таблған текстері үздіксіз жарияланып келеді. Осының барлығы бұдан төрт – бес ғасыр бұрын болған қазақ көркем әдебиеті үлгілерінің өзіне назар аударта түскенін және ол нұсқалардың әр аспектілерден зертеле бастағанын көрсететін фактілер.

Ал жазба тіл үлгілеріне келсек бұл салада да бізден бұрын пікір айтқандар да бар. Орта ғасырдағы түркі әдеби тілінің қазақ халқын құраған ру – тайпалар тіліне де орттақ екнін «шағатай» тілі деп аталған жазба дәстүрді қазақ қауымы да өз қажетіне жарата білгенін тіл мамандароының көпшілігі - ақ айтып келеді. Жоғарыды аталған Қ.Жалайыридың тарихи шығармасын танып – талдау үстінде қазақ туындысы пайдаланған жжазба тіл мәселесі көтерілді.XYIII – XIX ғасырлардағы қазақтың хан, сұлтан, тархан т.б. нкімет орындарына бір – біріне жазысқан ресмиқағаздар мен хаттарының және әкімшілік орындарының үкім жарлықтарының текстері де әр тұста сөз болып олардың тілдері жөнінде айтылған пікірлерда қазақтар қолданған жазба тіл мәселесі күн тәртібінде тұрды.

XV – XVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілін танытатын үлгілер, халықтық сөйлеу тілі негізіндегі ақын-жыраулар шығармаларының тілі, кітаби тіл дәстүрі және оның қазақ әдеби тілі тарихынан алатын орны, ортақ түркі дәстүріндегі жазба әдеби тіл нұсқалары, халық ауыз әдебиетінің тілі және оның әдеби тілге қатысы, шешендік сөздер, билер сөздері, мақал-мәтелдер, олардың әдеби тілге қатысы, Қадырғали Жалайыридың «Жами ат-тауарих» шежіресінің тілі жайында баяндалады. ХV- ХVІІ ғасырлардағы қазақтың көркем әдебиетін танытатын едәуір үлгілер бар. Бұлар - ХV ғасырдан Асанқайғы мен Қазтуған, ХVІ ғасырдан Шалкиіз, Доспамбет, Шобан, ХVІІ ғасырдан Жиембет пен Марқасқа т.т. туындылары. Осы дәуірдегі әдебиет нұсқаларының тілін толық сипаттау мүмкін емес. Әсіресе олардың фонетикалық күй-қалпын толық сипаттау мүмкін емес. Өйткені бұл шығармалар бүгінгі ұрпаққа ауызша сақталып, ауызша жеткен. Ұзақ жылдар ағымында тілдік нұсқалар құрылымдық өзгерістерге де душар болған. Қазақтың ХV- ХVІІ ғасырлардағы поэзиясы тілінде «ноғайлық» элементтер көп ұшырасады. ХV- ХVІІ ғасырлар - қазақ ру-тайпаларының өз алдына ұлыс(халық) болып құрыла бастаған кезеңі. Бұған дейін ноғайлылар мен қазақтың ру-тайпалары Алтын Орда құрамында бірге, аралас-құралас өмір сүргені белгілі. Бір текті түркі тілінде (қыпшақ тобында) сөйлейтін ру-тайпалардың бұл араластығы олардың мәдени-әдеби өмірінде де, тілдерінде де үлкен із қалдырды. Сондықтан осы кезеңдегі сөз зергерлерінің туындыларын ноғай, қазақ жинақтарынан қатар кездестіруіміздің өзі заңдылық болып табылады. ХV- ХVІІ ғасырлардағы көркем әдебиет үлгілері тақырыбы мен мазмұнына қарай бірнешеге жіктеледі: дидактикалық толғаулар, арнау толғаулар және портрет өлеңдер. Поэзиядағы философиялық бағыт – ақыл-насихат сөздердің иелері – Асанқайғы мен Шалкиіз болса, портрет өлеңдердің шебері ретінде Қазтуған, Доспамбет, Шобандарды айта аламыз. Арнау толғаулар Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқаларда бар. Шешендік-дидактикалық толғауларда жыраулар ой түйіндерін жеткізу мақсатында анологияға сүйенеді.

Сөйтіп әдеби тіл статусын тарих көшінің барлық кезеңінде тек жазуға байланысты анықтауға болмайды. Сол тілді таныттын үлгілердің әлеуметтік жүгі халықты топтастырушы ролі барлық нұсқаларға біршама ортақтағы тілдік – көркемдік нормаларынң бар болуы – осылардың барлығы қоғамға белгілі – бір дәуірде қызмет еткен тілдің категориясын айқандайды, даму сатысын көтереді.Осы аспектіден келгенде бізге ауызша сақталып там- тұмдап жеткен ескерткіштердің тілі әдеби тіл болды деп табамыз. Осы пікірді дәлелдеу үшін әрә қарай қазақтың ауызша төл әдеби тілін танытып үлгілер және олардың тілінің лексикалық, грамматикалық стилдік сипаттары жайында қысқаша мәліметтер ұсынамыз,бұл мәліметтер келесі XYIII – XIX ғасырлардағы қазақ тілі эволюциясын танып – білуге өте қажет деп санаймыз.