Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Filosofia_Ekzamen

.docx
Скачиваний:
97
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
52.85 Кб
Скачать

1) Дүниетаным анықтамасы: дүниеге, адамның өмірдегі орнына деген көзқарастар

2) Шындықты ұғымдық бейнелеу деңгейіндегі дүниетаным: дүниені түсіну

3) Дүниеге, адамның өмірдегі орнына деген көзқарастар жиынтығы: дүниетаным

4) Дүниетаным типтерінің тарихи тізбегі: аңыз, дін, философия

5) Адамның дүниеге көзқарас туралы негізгі сұрағы: дүниетаным

6) Дін және мифологияны айыратын белгісі: Дүниенің шынайылыққа және қиялға бөлінуі

7) Мифтердің негізгі ерешелігі: Синкретизм

8) Діннің маңызды функциясы: компенсаторлық

9) Рационалдық, жүйелік және теоретикалық түпнегізді білдіретін дүниетанымның жоғарғы тарихи формасы: философия

10) Философияның зерттеу пәні: адам мен әлемнің қарым-қатынасының ең негізгі

11) Философияның функциялары: дүниетанымдық, гносеологиялық, әдіснамалық

12) Адам идеалының құндылық ориентациясын, сендіруін қалыптастырумен байланысты философияның функциясы: аксиологикалық

13) Дәстүр «философия» терминін пайда болуын кімге жатқызады: Пифагорға

14) Философиялық білім –бұл: «Адам - әлем» қатынастарын ашатын теоретикалық көзқарас

15) Философиялық әдістердің ерекше белгісі: жалпылаудың жоғары деңгейінде негізделгендігі, әмбебаптығы

16) Өзінің тұжырымында философия кімге сілтеме жасайды: түйсікке

17) Философиялық білімнің негізгі бөлімдері: онтология, гносеология, методология

18) Философиялық әдістер: диалектика, метафизика, догматизм, эклектика, софистика, герменевтика

19) Құндылықтың негізі мен табиғатын зерттейтін философиялық ілім: аксиология

20) Философияның материализм және идеализмге бөліну мәселесі: болмыс пен сананың алғашқысы

21) Философиядағы негіз екі бағыт: Материализм мен идеализм

22) Дүние бір бастамадан турады деп есептейтін философиялық ілім: монизм

23) Дүние екі бастамадан турады деп есептейтін философиялық ілім: дуализм

24) Көп субстанцияны мойындайтын философиялық ілім: плюрализм

25) Сананың пайда болуы және калыптасуы материяның арқасында деп есептейтін философиялық ағым: материализм

26) Қоршаған ортаны біліп-тану мүмкін емес деген философиялык ілім: агностицизм

27) Негізгі проблема адам болып саналатын философиялық көзқарас: антропоцентризм

28) Философияның пайда болғаны: Б.з.б. VI

29) Философияның шығуы: Көне Грекияда, көне Үнді және көне Қытайда

30) Онтология – бұл… болмысты қарастыратын философиялық ілім

31) Әдеп туралы философиялык ілім: этика

32) Ежелгі Қытайда алғашқы философиялық мектептер қалыптасқан кезеңді антикалық мәдениетпен салыстырғанда: бәсекелесу кезеңі

33) Ежелгі Қытай философиясындағы бір-бірін ауыстыратын және өзара әрекеттесетін қарама-қайшылықтар : Инь и Ян

34) Ежелгі Қытай философиясындағы «Бес стихия» (алғашқы бастамалар): ағаш, су, от, металл, жер

35) Ежелгі Қытайдағы «Қызметкер адамдардың мектебі»: Конфуцийшілдік мектебі

36) Мемлекетті заң жүзінде басқару туралы білімді қалыптастырған ежелгі Қытай философиялық мектебі: Легизм

37) Философ, саяси қайраткер, тарихшы, Қытай мемлекеттік дінінің негізін қалаушы: Конфуций

38) «Алтын орта жолы өзара үйлесімділік, іс пен сөздің сәйкестігі-бұл этикалық принциптер: конфуцишілдіктікі

39) Конфуций философиясындағы ізгіліктің орталық принципі: гуманизм принциптері

40) Конфуцийдің этикалық-саяси көзқарастарының мәні: ізгілік арқылы мемлекетті басқару концепциясы

41) Конфуцишілдіктің жетекші принциптері: парыз, әдеп... гумандық

42) Адам табиғатынан қатал, тәрбие нәтижесінде ғана мейірімді болады»,- деген неортодоксалдық конфуцишілдіктің өкілі: Сюнь-Цзы

43) Даосизм философиясындағы заттың шынайы жолы: дао

44) Даосизмдегі адам идеалы: өте ақылды

45) «у-вэй»принципіне жататын философиялық мектеп: даосизм

46) Өркениеттен бас тартуға, «сәби» күйге оралуға шақырған Ежелгі Қытай философы: Лао-Цзы

47) Ежелгі қытайдағы стихиялық диалектиканың негізін салушы: Лао-цзы

48) Даосизмде «у-вэй» - дің мағынасы: болымсыздық

49) Тоталдық күйзеліс және оны жеңу – философияның негізгі мәселесі: Көне Үнді философиясының

50) Көне Үнді философиясындағы адамгершіліктік құлшыну заңы мына ұғыммен белгіленеді: Карма

51) Ежелгі Үндінің философиялық мектептерінің негізі болған, дүниетаным идеялары қаланған, ведалық комплекстің аяқталған мәтіндері: Упанишадтар

52) Упанишадтағы белгісіз әмбебап рухани бастама: брахман

53) Ежелгі Үндінің діни-философиялық ескерткіші, әйгілі «Махабхарата» эпосының бөлігі: Бхагавадгита

54) Даршандар – бұл: Үнді философиясының мектебі

55) Алғашқы түпнегіз деп элементті мойындаған – от, су, ауа, жер неортодоксалдық ежелгі үнді философиялық мектеп: чарвака-локаята

56) Махавира Вардхамана - қай мектептің негізін қалаушы: джайнизм

57) Джайнизмнің екі мәңгі тәуелсіз метафизикадағы түпнегізі: джива және аджива

58) Джайнизмнің оқу мақсаты: Рухты сансардан босату

59) Буддизмнің пайда болуы мен таратылуы кімнің атымен байланысты; Сиддхартхи Гаутаманың

60) Буддизмдегі «Сегізшілдіктің Бостандық Жолы» дегеніміздің мақсаты; Нирванаға жету

61) «Буддизмнің қайырымды ақиқаттары» бойынша адам күйзелісінің себебі; Өмірге құмарлығы

62) Антикалық философияның сипатты белгісі: космоцентризм

63) Фалес іліміндегі дүниенің алғашқы бастамасы: Су

64) Шындықтың сандық жағына көңіл аударған көне-грек ойшылы: Пифагор

65) Анаксимандр іліміндегі дүниенің алғашқы бастамасы: апейрон

66) «Бұл космосты еш құдай да, ешбір адам да жасаған жоқ, ол әрқашанда болған, бар, бола да береді, бірде жанып, бірде сөнетін мәңгі от сияқты деген ойшыл: Гераклит

67) «Барлығы да ағады, «Бір өзенге екі рет қайтып кіруге болмайды деген кімнің сөзі: Гераклиттің

68) Стихиялық, антикалық диалектиканың негізін қалаушы: Герактит

69) Апория–бұл: алынбайтын логикалық қиындық

70) Аты шулы «Дихотомия», «Ахиллес», «Жебе» апориялардың авторы: Зенон Элейский

71) Көне Грек атомистері: Левкипп, Демокрит, Эпикур

72) Демокрит бойынша, адамның жануардан айырмашылығы: Жан мен тән атомының ерекше қатынасы

73) Антикалық алғашқы ағартушылар деп атауға болады: софистерді

74) «Адам–барлық заттардың өлшемі» деген пікірді кім айтты; Протагор

75) «Өзіңді өзің танып біл» деген дельфийлік сөзге философиялық мән берген ойшыл: Сократ

76) Өзінің философиясының негізгі әдісін Сократ былай атады: майевтика

77) Қайырымдылықтың қайнар көзі білімде, жауыздықтың қайнар көзі адамның надандығында дейтін Сократтың позициясы: этикалық рационализм

78) Сократтың диалогтарының авторы: Платон

79) Платон - ненің негізін қалаушы: объективтік идеализмнің

80) Платон философиясындағы басты ұғым: эйдос (идея)

81) Платон «заттар әлемін» қалай анықтайды: көре-көрнеу болмыс

82) Платон бойынша таным жүзеге асады: жанның ақиқатты еске түсіруі

83) «Мемлекетті философтар басқару керек» деп есептеген: Платон

84) Аристотельді «бірінші ұстаз» деп санауының себебі ол ............ жасады: философиялық білім, барлық ақылды және антикалық ғылымды синтездеуші

85) Аристотель бойынша, субстанцияның екі жағы: форма мен материя

86) Саналылық пен әлеуметтікті адамның ерекше белгілері деп есептеген антикалық философ: Аристотель

87) Аристотельдің философиясын жалғастырушылар: перипатетиктер

88) Қақпасында « ...жоғарғы ізгілік-рахаттану» деп жазылған антикалық философиялық мектеп: Эпикур бағы

89) «Ұйғарымнан бас тарту» және «байсалдылық» принциптерін ұсынған антикалық философиялық мектеп: Скептик

90) Өзі өмір сүрген қоғамдағы барлық нормалар мен құндылықтарды, қоғам институттарын теріске шығарған философиялық мектеп: киниктер

91) Стоиктер үндеген «табиғи өмір - бұл өмір немен үйлесімді болуы керек: зердемен

92) Сенеканың айтуынша, барлық стоиктерге тән ереже: ештеңе еместен қдайдың жаратуы нәтижесінде

93) Плотиннің философиясына сәйкес идея: Бірлік эмонациясында

94) Бірлік, (Нус)Ес, Әлемдік жан, Ғарыш – фундаменталды категориялар: Неоплатонизм

95) Теология-ол: Құдай туралы ілім

96) Әлем мен адамның ақыры туралы діни ілім: эсхатология

97) «Философия-теологияның күні деген анықтама қай кезеңге жатады: ортағасырлық кезеңге

98) Ортағасырлық философияға тән сипаттама; теоцентризм

99) Христиандық сенімдік білімін қорғауды мақсат еткен християндық көзқарас: апологетика

100) «Сенсем де, ол абсурд» афоризмі кімдікі: Тертуллиандікі

101) Құдай әлемді жоқтан жасағандығы туралы ілім: креационизм

102) Христиандық «Шіркеу әкейлерінің» ілімі: патристика

103) Патристиканың көрнекті өкілі, «Құдай қаласы туралы және «Исповедь» кітаптарының авторы: Аврелий Августин

104) «Құдайды сүй және қалаған нәрсеңді жасай аласың» деген афоризм кімдікі: Августинн Блаженный

105) Ортағасырлық батысеуропалық схоластиканың гүлдену кезеңі: XIII ғ.

106) Схоластикалық философияның әйгілі өкілі, «Сумма теологии,«Сумма против язычников" шығармаларының авторы; Фома Аквинский

107) Фома Аквинскийдің біліміне негізделген схоластикалық философияның бағыты: томизм

108) Фома Аквинский өзінің философиясына сүйенді: Аристотелге

109) Католиктік діндегі дүниені түсінушілікті, томизмді қалыптастырған; Фома Аквинский

110) Ортағасыр философтарының жалпылық табиғатымен, жалпы түсініктер жайындағы пікірталастарының қарама-қайшы позициялары: реализм және номинализм

111) У. Оккамның схоластардың жалған білімділігіне қарсы қолданған әдісінің образды атауы: «Бритва»

112) Ортағасырдағы арабтілдес философия ойларының негізгі қайнар көзі: Құран

113) Ортағасырдағы ислам әлеміндегі философия пайда болуына әсер еткен білім; мутаззилизм

114) Адамның ең жоғарғы мүмкіндігі болып табылатын ақыл мен ақиқат өлшемі жайындағы ілімді қалыптастырушы ортағасырлық мұсылмандық ойлау ішіндегі бағыт: фалсафа

115) Бірінші ортағасырлық арабтілдес мұсылман философ: Әл-Кинди

116) Екінші ұстаз атанған араб-мұсылман ойшылы: Әл-Фараби

117) «Сауығу кітабы қай араб-мұсылман философтікі; Ибн Сина

118) Әйгілі философ, ортағасырлық араб-мұсылман дәрігері, «Дәрігерлік ғылымның каноны» еңбегінің авторы: Ибн Сина

119) «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы трактатының авторы; Әл-Фараби

120) Ибн Рушдтың «Терістеуді терістеу кітабы кімге қарсы бағытталған; Әл-Ғазалиге

121) «Философтарды терістеу» кітабының авторы: Әл-Ғазали

122) Құдаймен мистикалық бірігуге және адамның жеке дамуына жол іздеген, ортағасырлық мұсылманы ойларының бағыты: суфизм

123) Мұсылман шығыстағы алғашқы философия тарихын шығарған : Ибн Халдун

124) Исламдағы аскеттікті уағыздаушы ортағасырлық діни-мистикалық ілім: суфизм

125) Сопылық бағыттағы этикалық нормалардың тәжірибеде қолданылуы: аскетизм

126) Әйгілі ортағасыр арабтілдес философы, Батыста аввероизм атымен белгілі, рационалдық ойлардың негізін салушы: Ибн Рушд

127) «Ақиқаттың екі жақтылығы» теориясының негізін салушы: Ибн Рушд

128) Қайта өрлеу дәуірі философиясының негізгі ерекшелігі; антропоцентризм

129) Қайта өрлеу натурфилософиясының мінездік белгісі: пантеизм

130) Гуманистік қайта өрлеудің негізін салушылар: Д. Алигьери, Ф. Петрарка

131) Гуманистік қайта өрлеушілер сендірді: Адам - ғажайып

132) Қарама-қайшылықтардың сәйкес келуі жайлы диалектикалық ілімді қалаушы Ренесанс дәуірінің ірі кардинал-философы әрі ойшылы; Николай Кузанский

133) Әлемнің гелиоцентрлік жүйесінің негізін калаушы Қайта өрлеу дәуірі ойшылы; Н .Коперник

134) «Аспан сферасының айналуы» шығармасының авторы: Н.Коперник

135) Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті философы «Әлемнің сан жетістігі туралы» еңбегінің авторы: Дж. Бруно

136) Томмазо Кампанелланың кемел мемлекетінің атауы; «Күн қаласы»

137) Қайтаөрлеу дәуірінде реализм концепциясын ұсынған; Н.Макиавелли

138) Эссе жанрын өз идеяларын баяндау үшін қолданған XVІ ғ. француз гуманисті, ойшыл – скептик: Мишель де Монтень

139) Қайта өрлеу заманындағы христиандық гуманизмнің «Ақымақтықты мақтау» атты шығарманың авторы: Эразм Роттердамский

140) Реформация өкілдері: М.Лютер, Ж.Кальвин, Т. Мюнцер

141) Жаңа заман философиясының (XVII ғ..) негізгі мінездік белгісі: наукоцентризм

142) Жаңа дәуір философиясындағы эмпирикалық бағытың (тәжірибелік-индуктивтік) өкілдері: Ф.Бэкон, Г.Гоббс, Дж.Локк

143) Индуктивтік ақыл әдістің және эмпиризмнің негізін салушы: Ф. Бэкон

144) Ф. Бэконға сәйкес ғылымның мақсаты; табиғатты билеу және адамның өмір сүру жағдайын жақсарту

145) Ф.Бэкон бойынша, ғылыми танымға төрт елестер зақым тигізеді: идолдар

146) Адамның интеллектінде Бэкон «идолдарды...» тапты: академия

147) Бэконның ең жақсы тану тәсілінің образдық атауы: «Бал - арасының жолы»

148) Дедуктивті математикалық әдістердің, логиканың ақалдың ғылыми танымда басымдылығын көрсететін жаңа еуропалық философиялық бағыт: рационализм

149) Р.Декарттың ғылыми әдісі: дедуктивтік

150) Р.Декарттың онтологиялық ұстанымы: дуализм

151) Декарттың философиялық кредосы : Ойлаймын, бақылаймын,өмір сүремін

152) Қоғам мен мемлекетті библия ғажайыптарымен салыстырушы Т.Гоббстың танымал шығармасы: «Левиафан»

153) Дж. Локктың: «Ақылдан бұрын түйсікте болмаған ештеңе жоқ деген сөзі қандай ұстанымды аңғартады: сенсуализмды

154) Дж. Берклидің философиялық ұстанымы: субъективтік идеализм

155) Философияның негізгі принципі «Болу – яғни қабылдану» кімдікі; Дж.Берклидікі

156) Д.Юмның философиялық ұстанымы: скептицизм

157) «Түп негіз өз-өзін себебтендіреді» деген тұжырымының авторы: Б. Спиноза

158) Түп-негіз - «Құдай, немесе Табиғат» дейтін Б.Спинозаның ілімі; натуралистік пантеизм

159) Жаңа еуропалық философияда субстанцияның көптігі жайындағы ілімді жасаған: Г.Лейбниц

160) Г.Лейбництің философия іліміндегі негізгі ұғым: монада

161) XVІІІ ғ. ағартушылық философиясының негізгі идеясы; адамзат дамуы және ғылым культі

162) «Адам машина кітабының авторы, ХVІІІ ғ француз материалисі: Ламетри

163) Француз энциклопедиясының басылуына ұйытқы болған философ-ағартушы: Дидро

164) Гельвеций, Ламетри, Дидроның ортақ философиялық позициялары: механикалық материализм

165) XVIII ғ. әйгілі ойшылы және француз материалистернің жүйелеушісі ,«Табиғат жүйесі» кітабының авторы: П.А.Гольбах

166) Неміс классикалық философиясының негізін салушы: И.Кант

167) Күн жүйесінің пайда болуы туралы материалистік гипотеза көрініс тапқан И.Канттың еңбегі: «Аспан теориясы және толық табиғи тарихы»

168) Философияны «Мен не біле аламын? Мен не істеуім керек? Мен неге сенемін?- деген сұрақтар арқылы анықтаған: И.Кант

169) И.Канттың «Таза зерденің қайшылығы» еңбегіндегі негізгі сұрағы: Ғылыми білімнің болмысы

170) И. Кант бойынша обьективті өмір сүруші, бірақ тануға болмайтын әлемнің сыртқы бөлігі қалай аталады; «өз-өзіндегі заттар әлемі»

171) Тәжірибеге дейінгі адамның ойындағы басынан пайда болған тану формаларын И.Кант атайды: Априорлық білім

172) Апостериорлық білім, И.Кант бойынша: Тәжірибе нәтижесінде алынған білім

173) Адам өзі үшін де, басқалар үшін де мақсат болып табылады- деген абсалютті моральды заңның формуласының авторы; И.Кант

174) И.Кант этикасының негізгі заңы: Категориялық императив

175) И.Фихтенің негізгі шығармасы: «Ғылыми ілім»

176) И.Г. Фихтенің философиялық ұстанымы: субъективтік идеализм

177) Ф. Шеллингтің философиялық ұстанымы: объективтік идеализм

178) Ф.Шеллинг философиясының негізгі пәні: Табиғат Абсолют ретінде

179) «Рух Феноменологиясы», «Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы» атты еңбектердің авторы: Г.В.Ф.Гегель

180) Философия тарихында алғашқы болып категориялар жүйесін, диалектикалық логиканың принцптері мен заңдылықтарын қалыптастырушы философ: Г.В.Ф.Гегель

181) Гегель жүйесіне жататын философиялық бағыт: объективтік идеализм

182) Гегелеьдің үштілігінің соңғы элементі: синтез

183) Неміс классикалық философияның өкілі, «Христиан дінінің негізі»-ның авторы: Л. Фейербах

184) Фейербахтың философиялық ұстанымы: антропологиялық материализм

185) Л.Фейербах іліміндегі адам қандай жаран: табиғи

186) Л.Фейербах бойыншадін негізі: адам пиғылынан айырылуы

187) Диалектика-материалистік философияның негізін салушылар: К. Маркс и Ф. Энгельс

188) Марксизмнің алдындағы философтар: Г.В.Ф.Гегель, Л.Фейербах

189) Мемлекет тағдыры, тарих қадамы, марксизм бойынша, анықталады: экономиканың дамуымен

190) К.Маркс бойынша қоғамдық болмыстың қоғамдық санамен арақатынасы: қоғамдық болмыс қоғамдық сананы анықтайды

191) Ф.Энгльстің шығармасы; Жануяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы

192) К.Маркстың атақты еңбегі: «Капитал»

193) Марксизмге сәйкес, қоғамдағы идеялардың үйлесімділігі, идеологиялық қатынастардың,ұйғарымдары ; Надстройка

194) Қоғамдық-экономикалық фармация, «базис, «құрылысы, «өндіргіш күштер», «өндірістік қарым-қатынастар» қай философияның негізгі түсінігі: марксизмнің

195) Ф.Энгельстің «Людвиг Фейербах және классикалық неміс философиясының соңы» еңбегінде қай пәннің негізгі сұрағы қалыптасты; философияның

196) «Материализм и эмпириокритицизм»- нің авторы: В.И.Ленин

197) «Шығыс- Батыс- Ресей - орыс философиясының шешуші мәселесін алғаш алға қойған П.Я Чаадаевтің шығармасы» Философиялық хаттар

198) Н.Г. Чернышевский бойынша, орыс интеллигенциясының негізгі сұрағы: Не істеу керек?

199) Орыс философ-матералист, жазушы, революциялық демократиялық дәстүрдің негізін салушы: А. Радищев

200) Жаратылыстану матерализмнің өкілі, орыс ғалымы, философ. М.В.Ломоносов

201) Славияншылдар мен Батысшылдар арасындағы пікірталас нысанасы: Ресей және орыс халықының тарихи тағдыры

202) Славянофильшілдердің өкілдері: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский

203) Славянофилдердің негізгі тұжырымы: Шіркеулік

204) Ірі орыс философ XIX ғ. аяғында, «бірлестік», «құдай-адам» идеясын, Шығыс және Батыс мадениетінің синтезін құрастырған: Вл.С.Соловьев

205) «Құдайы-адам оқулықтары», «Ізгідікті негіздеу»-атты философиялык еңбектерінің авторы: Вл.Соловьев

206) «Жалпы білім», Вл.Соловьевтың айтуы бойынша: Ғылыми синтез, философиялық, діни мистиқалық таным

207) «Әйел-намысының мәңгілігіне», «Әлем рухына» София окулығының бірлестігі туралы кім көрсетті: Вл.Соловьевка

208) Вл. Соловьевтың адамзатты құтқару мәселесі: Құдай-адамзат

209) Вл.Соловьевтің философиялық көзқарасын былай қарастыруға болады: діни-идеалистік

210) Н.А.Бердяевтің философиялық тұжырымы: экзистенциализм және персонализм

211) Н.Бердяевтің персонализмі бойынша, болмысының ортасы болып: адам тұлғасы

212) Н.Бердяевің философиясы бойынша Адам Құдайға тәрізді: шығармашылық процессте

213) Орыс космист-философы: Н.Федоров

214) Н.Федоровтың «Философия общего дела» еңбегіндегі негізгі проблемасы: өлімді жеңуінде

215) Орыс космист-философы биосфераның негізін салушы: В.И.Вернадский

216) Орыс космист-философы, гелио-және космобиологияны еңгізген: А.Чижевский

217) Орыс космист-философыжәне ракета-салғыш, космос философиясын негізгі деп санаған: К.Циолковский

218) «Пассионарлық» - теорияның негізі деп санаған: Н.Гумилев

219) ХХ ғ «Еркін философия», «Шығармашылықтың мәні», «Орыс коммунизмнің мәні және философиясының шығуы» еңбектерінің авторы және орыс діни философиясының өкілі: Н.А. Бердяев

220) Орыс философиясындағы зорлықсыз адамның өзін - өзі жетілдіру тұжырымын шығарған ойшыл: Л.Н.Толстой

221) Орыс философиясында «зорлықсыз этика» ұғымын кім құрастырды: Л.Толстой

222) Л.Н.Толстойдың философиялық позициясы: панморализм

223) Орыс философиясының атақты ойшылы, жазушы, экзистенциализм философиясының қайраткері: Ф.М. Достоевский

224) Кеңес дәуірі кезіндегі Ресейді басшылық еткен философиялық ағым: марксизм-ленинизм

225) Ежелгі түріктердің діні: Тәңіршілік

226) Ежелгі түріктердің жоғарғы құдайы: Тәңір

227) Қазақтың философиялық ойының қалыптасу кезеңі: Ортағасыр

228) Қазақ философиясының дамуы қай кезеңнен басталады: Ежелгі қазақтардың философиясы

229) Мәңгілік өмір іздеп дүниенің төрт бұрышын айналып шыққан ежелгі қазақтардың алғашқы бақсысы: Қорқыт ата

230) Өлімге күреске шақырған ежелгі қазақтардың данышпаны: Қорқыт ата

231) «Кұтты білік» («Благодатное знание») философиялық – дидактикалық поэмасының авторы: Ю.Баласагуни

232) «Баскамергер», «сарай министрі» атағына ие болған Ю.Баласагуни шығармасы: «Құтты білік»

233) «Диуани лұғат ат-түрік» энциклопедиялық шығармасының авторы, түркілердің ірі ойшылы: М.Кашғари

234) М.Қ ашғаридің шығармасы: «Түркі атауларының сөздігі»

235) Түркі сопылығының ірі өкілі: А. Яссауи

236) Діни-философиялық поэма «Диуани хикметтің» авторы: А. Яссауи

237) А.Яссауидің діни-философиялық поэмасы «Диуани хикметтің» негізгі идеясы: Құдайды рухани жағынан тану және онымен қосылу

238) Атақты қазақ ойшылы, XV ғ. ақын-жыраулардың өкілі: Асан қайғы

239) XVII-XVIII ғғ. қазақ ойшылы, жыраулар өнерінің өкілі: Ақтамберді

240) Қазақстанда Ағартушылық идеологиясының қалыптаса бастауы: XIX ғ. екінші жартысы

241) Қазақ ағартушылық философиясының негізін қалаушысы: Ч.Уәлиханов

242) XIX ғ. Қазақ ағартушысы, «Мұсылман шарттары», «Сот реформасы туралы жазба», «Қырғыз-қайсақ ордасының әңгімелері мен аңыздары» шығармаларының авторы: Ч. Уәлиханов

243) Ш.Уәлиханотың философиялық көзқарастарының едәуір зерттелген тұсы: дін философия

244) Дүниетанымы демократиялық идеяларға негізделген алғашқы қазақ ойшылы: Ч.Уәлиханов

245) Ы. Алтынсариннің философиялықұстанымы жақын … деизмге

246) XІX соңы - XX ғ. басындағы ұлы қазақ ақыны және философ-ағартушы, «Қара сөздердің авторы: Абай.

247) Абай философиясынындағы басты мәселе: адам мәселесі

248) Абай философиясындағы негізгі этикалық принцип: гумантстік (Адам бол!)

249) Абай философиясында Құдай-Алла түсінігі: әлемді жаратушы, өнегеліліктің негізі

250) Құдай мен әлемнің байланысы туралы мәселе бойынша Ш. Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың ортақ ұстанымдары: деизм

251) Шәкәрім Құдайбердиевтің дүниетанымдық көзқарастарына едәуір әсер еткен қазақ ойшылы: А. Кунанбаев

252) «Үш анық» философиялық шығармасының авторы: Ш. Кудайбердиев

253) Өз дәлелдерін материализм пайдасына келтірген Шәкәрім Құдайбердиевтің атақты еңбегі: «Үш анық»

254) Шәкәрім Құдайбердиев білім жүйесіне енгізу қажет деп санады: ар туралы ғылым

255) «Мұсылман қағидалары» шығармасының авторы әйгілі ақын, философ: Ш. Кудайбердиев

256) Шәкәрім Құдайбердиевтің іліміне сәйкес адамның едәуір негізгі қасиеті: таза ар-ождан

257) «Қамар сұлу» роман-поэмасының, философиялық-дүниетанымдық сипаттағы өлеңдердің авторы ХХ ғ. басындағы атақты қазақ ойшылы: С. Торайгыров

258) Тарих философиясына үлес қосқан, «Оян қазақ!» атақты поэмасының авторы, қазақтың қоғам қайраткері, жазушы және тарихшы: М.Дулатов

259) Н.А. Назарбаевтың қандай кітабында ұлттық тарих және халық дәстүрлерін сақтау мәселелері толық баяндалады: Тарих толқынында

260) Философ-пессимист, жаңа батыс философиясында иррационализмнің негізін салушы: А.Шопенгауэр

261) Философтар А. Шопенгауэр, С. Кьеркегор, Ф.Ницше, В. Дильтей олардың ... өкілі екендігі біріктіреді: иррационализм

262) «Дүние – қалауы және түсінігі ретінде» - бұл басты шығармасы: А.Шопенгауэра

263) «Мен жалғызбын», - деді дат философы, экзистенциализмнің негізін салушы: С.Кьеркегор

264) «Мен жалғызбын» деген С.Кьеркегордың зиратындағы эпитафия оның философиясында нені білдіреді: жалпыдан жалғыздың басымдылығы

265) Еуропалық мәдениетте барлық бұрынғы құндылықтарды қайта бағалауға шақырған «философиялық өмірдің» едәуір жарқын өкілі: Ф.Ницше

266) «Тірі жанды қайдан кездестірмейін, билікке деген қалау байқалады» деп айтқан кім: Ф.Ницше

267) Ф.Ницше философиясындағы басты түсініктің бірі: серхчеловек (өзін қоғамда жоғары ұстайтын адам)

268) Позитивизмнің негізін қалаушылар: О.Конт, Г.Спенсер, Дж.С.Милль

269) Позитивизмге сәйкес «позитивтік» ғылымдар неге негізделеді; бақылау және эксперимент фактілеріне

270) Неопозитивизмфилософиясындағы маңызды қағида: верификация қағидасы

271) Ғылыми ілімдерді тексеру және қайта бағалау үшін «Фальсификация қағидасын» ұсынған постпозитивизм философиясының өкілі: К.Поппер

272) ХХ ғасырда «адамзаттың тіршілік ету» философиясы: экзистенциализм

273) Экзистенциализмфилософиясының өкілдері: Сартр, Камю, Хайдеггер

274) Экзистенциалдық философия өкілі, «Болмыс және уақыт» атақты шығарманың авторы: М.Хайдеггер

275) «Сизиф туралы миф» эссесінің, «Бүлік салушы адамның» авторы: А.Камю

276) «Болмыс және Ешнәрсе», «Экзистенциализм- бұл гуманизм»- шығармалары: Ж.-П.Сартрдың

277) «Өстік уақыт» тұжырымдамасының авторы: К.Ясперс

278) Ж.П.Сартр экзистенциализмін қандай философия ретінде анықталды; Еркіндік пен жауапкершілік

279) Дүниеде Құдай бар екендігін дәлелдеу, адам болмысы мәселелері, сенім мен ақыл үйлесімі, дін мен ғылым – басты тақырыптар… Неотомизм

280) ХХ ғасыр философиясының негізгі ағымдарының бірі ретінде герменевтиканы сипаттайтын анықтама: мәтіндерді түсіну, пайымдау философиясы;

281) Фрейд– .... негізін қалаушы: психоанализдің

282) Психоаналитикалық философияның өкілдері: З.Фрейд, К.Г.Юнг, Э.Фромм, В.Франкл

283) Философия – пайдалылық функциясын уағыздайтын ілім: прагматизм

284) Прагматизмнің өкілдері: Ч.Пирс, У.Джеймс, Дж.Дьюи

285) Постпозитивизм және «ғылым философиясының» түсінігін берген: К.Поппер, Т.Кун, И.Лакатос, П.Фейерабенд

286) «Білім археологиясын» жасамақ болған атақты «Сөздер және заттар» кітабінің авторы, француздық философ және тарихшы: М.Фуко

287) Постмодернизмфилософиясының өкілдері: Ж. Деррида, Ж. Лиотар, М. Фуко,Ж.Делез

288) «Логоцентризм», «деконструкция», «ажырату», «архехат» - философияның негізгі түсініктерін берген: Ж.Деррида

289) Болмыс туралы философиялық ілім: онтология

290) Онтологияның фундаменталдық түсінігі: болмыс

291) Алғашқы онтологиялық категориялар: болмыс және болмыстың жоқтығы

292) Нақтының жалпы негізі мен ішкі бірлігін білдіретін категория: субстанция

293) «Материя»категориясының анықтамасы: объективтік шындық

294) Санадан тыс және бізге сезіммен берілген шындықты білдіретін философия; материя

295) Синергетика – дегеніміз… материалдық жүйелерді өздігімен ұйымдастыру теориясы

296) Материяны ұйымдастырудың негізгі шекті құрылымдық деңгейлері: мегаәлем және микроәлем

297) Тірі табиғаттың жоғарғы құрылымдық деңгейі (биожүйелердің): биосфера

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]