Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 тарау.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
37.76 Кб
Скачать

10 Тарау

Баланың отбасында қарым – қатынас жасауының бұзылуы

Ерте жаста қарым – қатынас жасауды дамыту

Балада қарым – қатынас жасау өмірінің алғашқы айларыннан басталады. Бала өмірінің бірінші айында өмірге деген алғашқы әсерлер пайда бола бастайды. Балаға деген жылы дауыс немесе жымию баланың түсінігіне әсер етеді, ол баланың ерні жай ғана алға жылжиды, бұл баланың ерін арқылы «тыңдауы» сияқты. Осы әсерден кейін күлмсіреу пайда болады. Жаңа туған сәбидің даму барысында бала ойыншықтың дыбысына емес, адамның дауысына көп көңіл бөледі.

Баланың 1 – 3 айында ересек адаммен эмоционалды қарым – қатынас жасау барысында көруі мен естуі үлкен маңызға ие. Олар бірінші күлімсірейді, кейіннен күлкі пайда болады. 3 айында бала ересек адамды көргенде эмоционалды әсер байқалады.

2 – 5 айларында бала өзіне көп көңіл бөлетін белгілі бір адамға бауыр басып қалады. Ол адамды көзімен бақылап отырады, кетіп қалса жылайды, сол адамға көп күлімсірейді, сол адамның қасында көбіне гуілдейді. Осы этаптың соңында бала өзіне таныс емес адамды көрсе жылап, қорқыныш сезімі пайда болады.

6 – 7 айында бала көп қоршаған ортамен жиі қарым – қатынасқа түседі. Ересек адаммен ойнау барысында белсенді болады, біртіндеп сөзді түсіне бастайды. Тек 1 жасқа таяу бала басқада ересек адамдарға бауыр басып уйренісе бастайды. Ол жақын адамдар болуы мүмкін.

Сондықтан балада эмоционалды бауыр басу 22 аптадан 1 жасқа дейін созылады. Эмоционалды бауыр басудың құрылымы әрдайым біркелкі емес. Көбіне баланың психикалық дамуына қауіпсіз адамға үйрену маңызды. Ол кезде бала өзін сенімді және қауіпсіз сезінеді. Мұндай бауыр басудың түрі көбіне ана мен бала арасында қалыптасады.

Баладағы әлеуметтік – эмоционалды дамуының бұзылысы көбіне анасының эмоционалды көңілінің балаға көрсетпеуінен пайда болады. Анасы баласына қамқор болады, күн тәртібін сақтайды, бірақ баламен аз ойнайды.

Қарым – қатынастың осы түрі баланың невротикалық әсерінің дамуына, бәрінен бұрын қорқынышқа және аутизмге бейімдеуі мүмкін. Баланың церебральды сал ауруы бар баланың физикалық күйі анасымен қарым – қатынасына әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай бала көбіне басын стай алмайды, дұрыс отыра алмайды, ол бала қимылдау үшін күш жұмсайды, ол баланы қолға көтергенде қайқияды, сондықтан ана ол баланы құлатып алудан қорқады. Осының бәрі үлкен толқу мен уайым әкеледі.

Эмоционалды – әлеуметтік әрекеттесудің қалыптасу кезінде тек сезу емес, сонымен қатар көру,естудің де алатын орны зор.

Аутизм

МКБ – 10 шешімі бойынша, аутизм – психикалық дамудың өзіндік бұзылысы. Ол әдетте өмірге келгеннен кейін 30 айда байқалады. Аутизм ең алғаш рет 1943 жылы Лео Канне – ром сипаттаған. Аутизмнің ең басты белгісі – баланың қоршаған ортамен қарым – қатынасының бұзылуы. Ол тұйық және өзімен жасты құрдастарынан шеттеледі, ол балада мимика және жест байқалмайды, ол басқа адамдарға көзіне тік қарағысы келмейді. Сонымен қатар бұл балалар жақындарының сүйіспеншілігінен қашады. Оларды жалғыз қалдырғанда өздерін жақсы сезінеді. Аутизмі бар бала басқа адамдарды байқамайды, олар үнемі бір қимылды қайталап отыруы мүмкін. Егер ересек адам ол баламен қарым – қатынасқа түсуге ұмтылса, аутизм бар бала өзін қобалжулы сезінеді, қоршаған ортаға агрессиялық күйде болады.

Аутизмі бар балаларға біркелкілік тән. Қимыл – қозғалысы бір позада қалып қоюы мүмкін.

Ақыл – ойының даму деңгейі аутизмі бар балаларда әр түрлі: кей жағдайларда баланың интелектісі қалыпты болуы мүмкін, ал кей жағдайларда ақыл – ойы артта қалады, сонымен қатар аутизм бар балалар арасында ерекше аса дарынды балалар кездесуі мүмкін.

Сөйлеу тілінің дамуы: кейбір балалар өзінің құрдастарына қарағанда сөйлеу тілінің даму уақытымен және темпімен алға озып кетуі мүмкін, ал кейбіреулерінің сөйлеу тілі артта қалған. Көбіне аутизмі бар баланың сөйлеу тілінің ерекшелігі дауысының өзгеруі : не өте кедей, немесе мағынасы жағынан анық емес.

Көбіне бала жеке дыбыстарды немесе буындарды анық, дауыстап айтады. Аутизм кезінде дауыстың тембрі өзгеше: көтеріңкі, фразаның соңына қарай күшейеді.

Сөз қоры аутизмі бар балаларда көбіне түсініксіз сөздерден тұрады.

Аутизм баланың сөйлеуі қоршаған ортаға арналмаған, яғни бала қарым – қатынасқа түскеннен емес, өзінен шыққан сөздерден, дыбыстардан және фразалардан ләззат алады, рахаттанады. Кейбір жағдайларда бала мүлдем сөйлемейді. Аутизмі бар балалар музыканы ұнатады, олар ұзақ уақыт бойы өзіне ұнайтын әуенді тыңдап жүре алады.

Олар қоршаған ортаға деген үлкен сезімталдық танытуымен ерекшеленеді. Өзіне үйреншікті ортаның өзгеруіне үлкен қиындықпен қарайды, таныс емес заттарды көргенде қорқыныш пайда болады, кейде күнделікті қарапайым заттардан, мысалы шаңсорғыштың дыбысынан, лифттен, жануарлардан үрейленуі мүмкін.

Аутизм әр түрлі жағдайлардың әсерінен пайда болуы мүмкін: ерте жас кезіндегі баланың бас миының зақымдалуы, тұқым қуалаушылық психикасының ерекшелігі. Аутизм қыздарға қарағанда ұлдарда жиі кездеседі.

Аутизм 10000 жаңа туған сәбидің 5-нде кездеседі. Дамуында ауытқуы бар балалардың көбінде аутизмнің ерекшелігі кездесуі мүмкін: фенилкетонурия, БЦСА, көруінде ауытқуы бар балаларда – мүлдем көрмейтін немесе нашар көретін, сонымен қатар кейбір психикалық жүйке жүйесі бұзылған балаларда. Аутизммен ауратын балалардың 1\3 неврологиялық ауытқу байқалады.

Егер отбасында шизофрениямен ауратын адам болмаса, екіні дүниеге келетін баланың аутизм ауруына ұырауы екіталай. Бірақ, отбасында екі баланың да аутизм болып туылуы кедескен, олардың егіз болып туылуы оған себеп бола алады.

Соңғы жылдары аутизммен ауратын балаларда Х – хромосомасының ерекше өгерісі байқалды. Бұл бұзылыс Х – хромосомасының сынғыш синдромы деген атау берілді. Сондықтан аутизмнің барлық жағдайында цитогенетикалық зерттеулер көрсетілген.

Аутизмі бар балаларға әсерлі,нәтижелі көмек көрсету үшін ерте жастан диагноз қою өте маңызды. Әсіресе 1 жасында баланың көру кемістігін, анасымен эмоционалды қарым – қатынастың болмауы, қорқыныштарды бала бойынан көруге болады. Баланың ортаға бейімделуінің ең маңызды рөлді жеке жүргізілетін психологиялық – педагогикалық іс – шаралар алады. Аутизмі бар балаларды бірте – бірте қоршаған ортаға үйрете бастайды, осылай оларды ересек өмірге үйретеді.

Аутизмі бар балаларға отбасының, мұғалімнің, тәрбиешінің, дәрігерлердің, психологтардың көп көмегі қажет.