Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

аратау орыы

.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
141.06 Кб
Скачать

Қаратау қорығы

Қаратау қорығы

IUCN Ia санаты (Strict Nature Reserve)

Орналасқан жері

 Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы

Координаттары

43°43′00″ с. е.68°44′00″ ш. б. (G) (O)

Көлемі

34 300 га

Құрылған

2004 жылдың наурыздың 1

Уәкілетті орган

Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

Сайты

karatau-gpz.kz

Қаратау қорығы, Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан. 2004 ж. ұйымдастырылған. Аумағы 34,3 мың га. Қорық жері айналасында орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және Бетпақдала өңірімен шектеседі. Қорықтың солтүстік-шығысында Созақауданы бар, батысында Байалдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп,Қараағаш тау жотасына ұласады. Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштерден (тасқа салынған суреттер, адам тұрақтары, т.б.) айқынбайқалады. Табиғат құйған ғажайып тас мүсіндер ерекше көз тартады. Мысалы, “Түйетас”, “Хантағы”, “Кемпіртас”, т.б. Қорықта өсімдіктердің 1666 түрі өсетіні анықталған, оның 153 түрі – эндемик. Ондай сирек кездесетін өсімдік түрлеріне: Қаратаумаралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы, т.б. жатады. Ал Қаратау қорығының Берікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликті түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қорық жануарлар дүниесіне де бай. Мұнда жойылып бара жатқан, сондықтан қорғауға алынған: бүркіт, ителгі, қара дегелек, үкі, т.б. бар.

Қаратау жотасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қаратау жотасы[1] – Маңғыстау түбегіндегі аласа тау жоталары.

  • Батыстан шығысқа қарай 110 км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км.

  • Батыс Қаратау және Шығыс Қаратау жоталарынан тұрады. Ең биік жері – Шығыс Қаратау жотасында орналасқан Бесшоқы тауы (552 м).

  • Үстіртті келген тау беткейлері сай, жыра, шатқалдармен тілімденген.

  • Пермь кезеңінің метаморфтанған құмтас, әктас және конгломераттарынан түзілген. Беткейінде жусан, қараған, етегінде тасбұйырғын өседі.

  • Аңғары – жайылым. Тау баурайларында бұлақтар (Сарыбұлақ, Жаманүшқұз) бар. Қаратау жотасының жер қойнауында темір, мыс кентастары, көмір, мұнай, газдың мол қоры барланған.

  • Батыс және Шығыс Қаратау аралығында Маңғыстау ауданының орталығы – Шетпе ауылы орналасқан.

Қаратау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қаратау[1] – Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары. Алатаумен салыстырғанда Қаратауда жаз айларында қар жымылғысы болмайды, сондықтан осылай аталады. Қаратаудан шағын өзендер ғана бастау алып, тау алды жазықтарында құмға сіңіп кетеді. Мұндай таулардың беткейлері тасты, қорымды келеді. Қаратау атауы Орталық Азияда, Оңтүстік Оралда, т.б. түркі тілдес елдер аумағында (Түркия, Иран, Шыңжаң автономиялық ауданы, Кавказ, Қырым, т.б.) жиі кездеседі. Қазақстанда Қаратау жотасы деген атау (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары аумағында), Қаратау таулары (Маңғыстауда), Кетпен (Ұзынқора) жотасында да кездеседі.

Қаратау атауы — қазақтың тарихымен, ұлттық болмысымен біте қайнасып кеткен аномастикалық нысан, халқымыздың баспанасы, қарашаңырағы іспеттес рәмізге ие. 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” тауқыметін суреттейтін, өз кезінде нағыз ұлттық гимнге айналған “Елім-ай” жырындағы “Қаратаудың басынан көш келеді...” деп әспеттелетін мәртебелі тау осы. “Басында Нұх пайғамбардың кемесі қалған” Қазығұрт тауы да — Қаратаудың бір сілемі.[2]

[өңдеу]Тағы қараңыз

  • Қаратау (Тянь-Шань)

  • Қаратау қаласы

Биологиялық ресурстар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Биологиялық ресурстар (Биологические ресурсы) — тірі табиғат объектілерінде жинақталған (қорланған) адамға қажетті материалдық және рухани байлықты (өсімдіктер менжануарлар дүниесі, табиғаттың таңғажайып ландшафтары, микроорганизмдер) алудың көздері мен алғы шарты. Жалпы Биологиялық ресурстар — биосфераның орта түзуші барлық тірі рауыштары өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады. Дегенмен Биологиялық ресурстар сан жағынан қалпына келгенмен, сапа жағынан қалпына келе қоймайды, оған себеп: тірі түрдің, оның ішінде ірі жүйелі топтың немесе экожүйенің жойылып кетуі.Биологиялық ресурстар өсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемінің ресурстары және т.б. болып бөлінеді. Генетикалық ресурстардың маңызы ерекше.[1]

Қазақстанның жер асты сулары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақстанның жер асты сулары — Қазақстан Республикасында жер асты суларының еәдуір қоры бар. Оның пайдаланылатын болжамды қоры 55 млрд м3/жыл деп есептеледі. Барланған 456 кен орны мен 122 телімнен жылына 16 млрд текше метр тұщы және тұздылығы аз су қорларын пайдалануға болады деп белгіленген. Жер үсті сулары секілді жер асты сулары да өте-мөте әркелкі болып бөлінген. Бұл қорлардың 70%-нан астамы еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында. Жер асты суларының барланған жалпы қорынан 261 кен орны (57%) мен 71 телім (58%) пайдаланылады.1996 ж. мөлшермен есептегенде жер астынан алынған 1,5 млрд текше метр судың 66%- ы шаруашылық-ауыз су қажеттеріне, 23%- ы өндірістік-техникалық қажеттерге, жүйелі суармалауға 3,7 және жайылымдарды суландыруға 7,3%-ы пайдаланылды. Тұщы және тұздылығы аз жер асты суларынан басқа Қазақстан Республикасының аумағында минералды сулардың 45 кең орны барланған, оның тиянақталған қоры жылына 11 млн текше метр деп есептеледі. [1][2]

Артезиан сулары

Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж. шыңырау құдық казылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл - су өткізбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы. Артезиан сулары платформалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда кездеседі. Қазақстанда тұщы артезиан сулары 50-2700 м, ал тұзды және ащы су онан да тереңде жатыр. Каспий маңы ойпатында 10-23 км-ге жетеді. Мысалы,Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас әсер асты теңізінің бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан, атап айтқанда, солтүстік облыстардан да табылды. Алматықаласы, 14 облыс орталығы, 200-ден астам аудан орталықтары, өнеркәсіп және 3500-ден астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен камтамасыз етіледі. 100 млн гектардай жайылымдарды суландыруға, 50 мың гектардай егістікті суаруға мүмкіндік алады. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бұдан да кең пайдаланылатын болады. Қазақстанда жер астынан ыстық (термальды) су табу үшін барлау жұмыстары жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркәсіпте, сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.

[өңдеу]Минералды сулар

Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдаланғаны болмаса, олар әлі игерілмеген. Республика жерінде 300-ден аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық қасиеттері анықталды. Олар Қазақстан жерінде ерте кезден белгілі. Мысалы, Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі XIV ғасырдан бері белгілі, Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Алтайдағы Рахман қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы жарияланған. Қызылорда аймағындағы Жаңақорған санаторийі 1919 жылдан жұмыс істейді.[3]

[өңдеу]Жер асты су ағыны

Жер асты су ағыны - таужыныстардың ішінде арын күшінің азаю жағына (бағытына) карай козғалатын жер асты суы.

[өңдеу]Жер асты су ағынының алабы

Жер асты су ағынының алабы— жер асты суларының негізгі ағын базисінің жалпылығына байланысты бір бағытта козғалатын, планда бір реттегі суайрықтармен шектелген ағындар жүйесі (табиғи гидродинамикалық жүйе). Мұндай жүйенің төменгі шекарасының қимадағы орны негізгі ағын базисінің сорғытулық әсерінің терендігімен анықталады.

Жер асты суы

[өңдеу]Жер асты су жинау шекарасы

Жер асты су жинау шекарасы— аумағында жер асты сулары жиналатын таужыныстардың таралу ауданының контуры.

[өңдеу]Жер асты сужиғысы

Жер асты сужиғысы- жер асты суларының өзен (көл, теңіз) торабына сүзіліп келетін аумағы. Синонимдері:гидрогеологиялық алап, сужиғы ауданы.

[өңдеу]Жер асты сулары

Жер асты сулары — жер қыртысын құрайтын таужыныстардың ішіндегі барлық физикалық күйдегі (сүйық, газтөрізді, қатты) сулар. Орналасуына карай жер асты сулары кеуектердегі, жарықшақтардағы, карстық қуыстардағы болып, ал жатыc жағдайлары бойынша — қалқыма (үстіңгі) су, грунт және артезиан сулары болып ажыратылады.

[өңдеу]Жер асты сулары балансының теңдеуі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]