Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8_parak_2_sabak.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
172.03 Кб
Скачать

Екінші сабақ: Сарфқа кіріспе

Нәху ғылымын үйренуді жалғастыру үшін, біз алдымен сарф ғылымының негіздерімен танысып алуымыз қажет, өйткені нәхуді толыққанды түсіну үшін бұл негіздерді білу қажет.

الكَلِمَة Араб тілінде мағыналы жеке сөздің үш түрі болады

  1. اِسْم (есім) – қандай да бір уақытқа жатпайтын мағыналы жеке сөз.

Мысалы: قَلَمٌ және كِتَابٌ.

  1. فِعْل (етістік) – үш уақыттың біреуіне нұсқайтын мағыналы жеке сөз.

Мысалы: (ол) урды ضَرَبَ -.

  1. حَرْف (шылау) әлдебір мағынаны білдіру үшін өзге бір мағыналы жеке сөзге мұқтаж болатын (жеке сөз).

Мысалы:سَفَرْتُ مِنَ الْمكة اِلَى الْمدينة

«Мен Меккеден Мәдинаға сапарға шықтым».

Сөйлемдегі مِنْ және اِلَى көмекші сөздері «ден» және «ға» деген мағынаға ие, әрі жеке қолданылған кезде өз мағынасын жоғалтады.

أَجْزَاءُ الْكَلِمَة

Жеке сөз бөлшектері

Жеке сөз бөлшектері дегенде сол сөзді құрайтын әріптер (хуруф) және дамма, фатха, касра, сукун деп аталатын жол үсті дауыстау белгілері (харакаттар) түсініледі.

Мысалы: كُتِبَتْ сөзінің

әріптері: كاف [каф] تاء [та] باء [ба] تاء [та]; харакаттары: ُ (дамма) َ (фатха) ِ(касра) ْ (сукун)

Етістіктер құрамындағы әріптердің санына сәйкес екі түрге бөлінеді:

    1. ثُلاثِي (яғни үш түбірлі әріптен құралған етістік).

Мысалы: ضَرَبَ ((ол) ұрды);

2) رُباعِي (яғни төрт түбірлі әріптен құралған етістік).

Мысалы: - دَحْرَجَ ((ол) домалатты).

Етістіктің үш түрі болады:

1) المَاضِي (өткен шақ етістігі);

2) المُضارِع (осы-келер шақ етістігі);

3) الأَمْر (бұйрық райы етістігі).

الميزان

Шаблон

Араб сөздерінің шаблондары (моделдері, үлгілері) келесі әріптер болып табылады:

ف ع ل

Әлдебір сөздің осы әріптердің орнында тұратын әріптері أَصْلِيَة үбірлі әріптер) деп аталады.

Мысалы, فَعَلَ шаблонындағы ضَرَبَ сөзіндегі әріптер сияқты.

Осы үш әріптердің орнында тұрмайтын әріптер زَائِدَة (қосымша әріптер) деп аталады.

Мысалы, أَفْعَلَ шаблонындағы أَكْرَمَ сөзіндегідей.

أَكْرَمَсөзіндегі ك، ر، م әріптері түбірлі болып табылады, ал أ – қосымша әріп. أ әрібі қосымша болып табылатынын أَكْرَمَ сөзін فَعَلَшаблонына қою арқылы анықтауға болады.

Құрамында қосымша әріптері жоқ мағыналы жеке сөз مُجَرَّد (мужаррад) деп аталады.

Мысалы, فَعَلَ шаблонындағы ضَرَبَ сөзі.

Құрамында қосымша әріп бар мағыналы жеке сөз مَزِيد әзид) деп аталады.

Мысалы, فَعَلَ шаблонындағы أَكْرَمَ сөзі.

Суләсий (үш әріпті) сөздегі түбірлі әріптер үшеу болады: ف، ع، ل.

Мысалы: فَعَلَ шаблонындағы ضَرَبَ сөзіндегідей.

Түбірлі әріптерінің құрамы бойынша етістіктер екі түрге бөлінеді:

  1. صَحِيح (Сахих) – құрамында әлсіз (ي، ا، و) әріптері жоқ етістік.

Мысалы, فَعَلَ шаблонындағы ضَرَبَ сөзі.

  1. مَعْلُول әълул) – құрамында әлсіз әріп бар етістік.

Сахих етістік өз кезегінде үш түрге бөлінеді:

1 سَالِم - (Салим) – түбірлі әріптерінің құрамында хамза жоқ, және ع немесе ل әріптерінің орнында екі бірдей әріптер жоқ етістік.

Мысалы, ضَرَبَ، (ұрды), نَصَرَ،(жеңді).

2 مَهْمُوز - әһмуз) - ف немесе ع немесе ل әріптерінің орнында хамза бар етістік.

Мысалы: أَخَذَ (алды), سَأَلَ (сұрады), قَرَأَ (оқыды).

3 مُضاعَف - (Мудоъаф) – ل мен ع әріптерінің орнында бірдей әріптері бар етістік.

Мысалы, فَعَلَ шаблонындағы فَرَرَ (қашты) етістігінен шыққан فَرَّ (қашу) етістігі.

Мәълул етістік төрт түрге бөлінеді:

1 - مِثَال (Мисәл) – ف (бірінші түбірлі әріптің) орнында әлсіз әріп бар етістік.

Мысалы: وَعَدَ (уәде ету, уәде етті).

2 - أجْوَف (Әжуаф) – ع әрібінің орнында әлсіз әріп бар етістік.

Мысалы: قَوَل قال (айту, айтты).

3 - ناقِص әқис) - ل әрібінің орнында әлсіз әріп бар етістік.

Мысалы: رَمَيَ رَمَى (тастау, тастады).

4 - لَفيف әфиф) – түбірінде екі әлсіз әріп бар етістік. Бұл етістіктің екі түрі болады:

مَقْرُون (мәқрун) - ع мен ل әріптерінің орнында әлсіз әрптер бар етістік.

Мысалы: قَوَىَ (күшті болу, күшті болды).

مَفْرُوق (мәфруқ) - ف мен ل әріптерінің орнында әлсіз әрптер бар етістік.

Мысалы: وَشَىَ (тігу, тікті).

Үй тапсырмасы: Түбірлі әріптерінің құрамы бойынша естіктіктің қандай түрлері туралы баяндап беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]