Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Тест по дисциплине Оценка бизнеса -каз-2014

.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
492.54 Кб
Скачать

СМЖ-нің құжаты

Н 11/13-1.05-2013

Тест тапсырмасы

Баспа 3

Енгізу күні 01.09.2013

М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті

_____________Экономика кафедрасы_______

Тест тапсырмасы

_________________________________________Бизнесті бағалау____________________________________ пәнінен

_4_____ курс, ___5В051000- Мемлекеттік жергілікті басқару, 5В050700-Менеджмент, 5В050600-Экономика, 5В090800-Бағалау_______________________мамандықтары студенттері үшін__________________________________

1. Жүргізілген маркетингтік зерттеулерден кейін коммерциялық келісім нәтижесінде бағалау күнінде мүдделі сатып алушылар мен мүдделі сатушылар арасындағы мүлікті айырбастау үшін жүргізілетін есептік ақшалай сомасы:

A) нарықтық құн

B) инвестициялық құн

C) алғашқы құн

D) қалдық алмастыру құны

E) сақтандыру құны

2.Пайдаланушының көзқарасына негізделген принцип:

A) пайдалылық, алмастыру, күтушілік

B) қалдық өнімділік, салым, өзгеріс

C) баланстылған, оптималды мөлшер, тәуекелділік

D) сәйкестік, ұсыныс пен сұраныс, бәсекелестік

E) өзгеріс, салым, алмастыру,

3. Жылжымайтын мүлік объектілеріне қойылатын талаптар принциптері:

A) қалдық өнімділік, салым, балансталған

B) алмастыру, күтушілік, салым

C) балансталған, тәуекелділік, бәсекелестік

D) сәйкестік, ұсыныс пен сұраныс, оптималды мөлшер

E) өзгеріс, алмастыру, пайдалылық

4.Нарықтық ортамен байланысқа принциптер:

A) тәуекелділік, сәйкестік, бәсекелестік

B) алмастыру, күтушілік, салым

C) балансталған, тәуекелділік, қалдық өнімділік

D) сәйкестік, ұсыныс пен сұраныс, оптималды мөлшер

E) өзгеріс, алмастыру, пайдалылық

5.Бизнестің белгілі бір уақыт мерзімінде пайдаланушының қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті:

A) пайдалылық принципі

B) алмастыру принципі

C) күтушілік принципі

D) қалдық өнімділік принципі

E) салым принципі

6. Бағалау қызметін реттеу критерияларын кім орнатады:

A) бағалаушылар қоғамдастығы

B) бағалау компаниялары

C) мемлекеттік органдар

D) аудиторлық компаниялары

E) бағалау қызметін пайдаланушылар

7. ҚР бағалаушы қызметін лицензиялау үшін қандай нормативтік құжат енгізілді:

A) ҚР «Бағалау қызметі туралы» Заң

B) «Акционерлік қоғам туралы» Заң

C) халықаралық бағалау стандарты

D) халықаралық қаржылық есеп беру стандарты

E) бағалаушы қоғамдастық стандарттары

8. Халықаралық бағалау стандартын қандай ұйым жасайды:

A) бағалау стандартының халықаралық комитеті

B) европалық бағалаушы ассоциациялар тобы

C) бағалаушылар қоғамдастығы

D) біріккен ұлттар ұйымы

E) қаржы министрлігі

9. Құнды бағалау әдістерінің барлығы келесі принципке негізделінеді:

A) алмастыру

B) салым

C) ұсыныс пен сұраныс

D) пайдалылық

E) күтушілік

10.Белгілі ставка дисконты бойынша инвестициялық қаражат ағымын қазіргі құнына келтіру және дисконттау:

A) таза ағымды құн

B) жалпы ренттік мультипликатор

C) жалпы табыс ставкасы

D) меншік капиталына түсетін ақша ставкасы

E) қолданыстағы таза табыс

11. Ақша ағымы дегеніміз:

A) сомма мөлшері бойынша ерекшеленетін ақша ағымы

B) белгілі хронологиялық тізбектідікте пайда болатын ақша ағымы

C) соммалары бірдей ақша ағымы

D) мерзім басында пайда болатын аұша ағымы

E) мерзім сонында пайда болатын ақша ағымы

12. Табыстылық әдіс келесі принципке негізделінеді:

А) күтушілік

В) бәсекелестік

С) тәуекелділік

D) салым

E) қалдық өнімділік

13. Салыстырмалы сату әдісі келесі принципке негізделінеді:

А) алмастыру

В) күтушілік

С) тәуелділік

D) салым

E) пайдалылық

14. Меншікті иемденуден алынатын болашақ табыстың қазіргі құнын анықтау:

А) күтушілік принцип

В) алмастыру принцип

С) пайдалылық принципі

D) бәсекелестік принципі

E) салым принципі

15. Мүлікті нақты иемденуді жүзеге асыратын заңдылық мүмкіншілікті қамтамасыз ету:

А) иемдену құқығы

В) пайдалану құқығы

С) бөлістіру құқығы

D) меншік құқығы

E) меншікті оперативті басқару құқығы

16.Күрделі проценттің қай функциясы мерзімді бірдей салымдардың болашақ құнын анықтауға мүмкіншілік береді:

А) аннуитеттің болашақ құны

В) жинақтау қорына мерзімді салым

С) несиені төлеу үшін мерзімді салым

D) аннуитеттің қазіргі құны

E) дисконттау

17. Орнатылған баға бойыгша белгілі мерзім ішінде жылжымайтын мүлікті сату немесе сатып алу туралы ұсыныстың сақталу күші туралы келісім:

А) опцион

В) колл-опцион

С) своптар

D) фьючерс

E) колл

18. Мерзім сонындағы мүлікті сатудан алынатын құн:

А) реверсия құны

В) ағымды құн

С) утилизациялық құн

D) арнайы құн

E) әділ құны

19. Берілген ставка бойынша дисконтталған ақша ағымының және сатудан алынған түсімнің құны:

А) ағымды құн

В) реверсия құны

С) әділ құны

D) утилизациялық құн

E) арнайы құн

20. Қор нарығы көрсеткіштері негізінде дисконт ставкасын есептеу әдісі:

А) капитал активтері

В) кумулятивті құру

С) қалдық мерзім

D) Гордон моделі

E) Ринг моделі

21.Жылжымайтын мүлікті бағалауда шығындық әдіс қандай жағдайда қолданылады:

А) пассивті нарық жағдайында

В) салық салу мақсатында

С) құнды анықтаудағы басқа әдістермен қатар

D) сақтандыру мақсатында

E) қайтақұрылымдау мақсатында

22. Өз активтерінен пайда алатын бизнес:

А) холдингтік компания

В) трасттық компания

С) акционерлік қоғам

D) синдикат

E) трансұлттық компания

23. Құнды қағаздар нарығындағы компанияның жүйелік тәуекелділігін сипаттайтын коэффициент:

А) бета

В) ликвидтілік

С) маневрлік

D) автономия

E) гамма

24. Ірі салалық, саяси, технологиялық, өзгерістермен байланысқан құнның жоғалуы:

A) моральдық тозу

B) экономикалық құнсыздану

C) технологиялық тозу

D) функционалды тозу

E) жойылмайтын тозу

25. Ақша қаражаты келесіден қалыптасады:

A) инвестициялық, қаржылық қызметтерден

B) өнім шығару көлемінен

C) қаржылық қызмет көрсеткіштерінен

D) техника-экономикалық қызмет көрсеткіштерінен

E) өндірістік қызмет тиімділігінен

26. Жаңа кәсіпорынды және біршама материалдық активтері бар кәсіпорындарды бағалауда қандай әдіс қолданылады:

A) шығындық

B) салыстырмалы

C) табыстылық

D) табысты капитализациялау

E) таза активтер

27. Табыстылық әдістің артықшылығы:

A) кәсіпорынның даму перспективасын есепке алады

B) болжанатын табысқа тәуелсіздік факторлар есепке алынады

C) ақшаның сатып алушылық қабілеті өзгереді

D) болжанатын табысты ала алмау тәуелсіздігін инвестор мойнына алады

E) дисконттау ставкасы шартты сипатта болады

28.Жылжыйтын мүлікті бағалауда төмендегі әдістердің қайсысы үлкен ақпараттық база мәліметтерін қажет етеді:

A) салыстырмалы

B) шығындық

C) табыстылық

D) табысты капиализациялау

E) таза активтер

29.Табыс ағымының жүйелік емес өзгерістерін есепке алатын әдіс:

A) ақша ағымын дисконттау

B) табысты капитализациялау

C) таза активтер

D) нарық капиталы

E) салалық коэффициенттер

30.Объектінің нақты өмір сүретін уақыт мерзімі:

A) физикалық өмір мерзімі

B) экономикалық өмір мерзімі

C) эффективті жасы

D) экономикалық өмірінің қалған мерзімі

E) экспозиция мерзімі

31.Меншік иесінің көз қарасына негізделген принцип:

A) пайдалылық принципі

B) салым принципі

C) қалдық өнімділік принципі

D) шектік өнімділік принципі

E) сәйкестік принципі

32.Меншікті эксплуатациялаумен байланысқан принцип:

A) салым принципі

B) пайдалылық принципі

C) алмастыру принципі

D) күту принципі

E) болжамдау принципі

33.Нарықтық ортамен байланысқан принцип:

A) сәйкестік принципі

B) күту принципі

C) салым принципі

D) балансталған принцип

E) қалдық өнімділік принципі

34. Сатып алушының белгілі затқа немесе объектіні ауыстыруға дайындығын көрсететін ақша немесе ақшалай эквиваленті:

A) құн

B) шығын

C) баға

D) заемды құн

E) сақтандыру құны

35.Егер бағаланатын компанияның меншікке салынған біршама салымдары бар болса: жылжымайтын мүлік, құнды қағаздар, онда келесі мультипликатор қолданылады:

А) баға/активтердің таза құны

В) баға/пайдадан алынған түсім

С) баға/ ақшалай ағым

D) баға/ активтердің баланстық құны

Е) баға/ пайда

36. Кәсіпорынның құнына әсер етпейтін фактор:

А) мотивация

В) диверсификация

С) тәуелсіздік

D) бақылау

E) сұраныс

37. Егер бизнес құнын есептеу сату- сатып алу мақсатында жүргізілсе, онда келесі құн есептелінеді:

А) нарықтық құн

В) алмастыру құны

С) инвестициялық құн

D) ликвидациялық құн

E) баланстық құн

38. Бағалау нәтижелерінің тұтынушылары болып табылады:

А) бағалау қызметіндегі кез келген қатысушы

В) тек қана тапсырыс беруші

С) атқарущы билік органдары

D) бағаланатын мүліктің иесі

E) тек қана кредиторлар

39. Қандай құжат бизнесті бағалауда негіз болады:

А) келісім шарт

В) лицензия

С) акт

D) сертификат

Е) үкім

40. Төмендегінің қайсысы инвестициялық құн анықтамасына жатпайды:

А) ең ықтималды баға

В) субъективті құн

С) нақты пайдаланушы үшін құн

D) инвестициялау мақсатындағы құн

E) меншік иесінің құны

41. Бағалаушы қандай этапта инфляция темпі мен кәсіпорынның нарықтағы үлесін анықтауы керек:

А) сатудан алынған жалпы түсім

В) дисконт ставкасын анықтау

С) постболжамды мерзімдегі құн шамасын есептеу

D) ақша ағымының моделін таңдау

E) қорытынды түзетулер еңгізу

42.Бағалаушы қандай этапта амортизациялық төлемдердерді оның қазіргі жағдайы мен болашақтағы өсімін есепке ала отырып анықтайды:

А) шығындарды талдау және болжамдау

В) кредиторлық қарыздарды талдау және болжамдау

С) болжамдық мерзім ұзақтығын анықтау

D) қорытынды түзетілердің еңгізу

E) дисконт ставкасын анықтау

43. Келтірілген формула бойынша есепелінеді:

А) капиталдың ортасалмақты құны

В) тартылған акционерлік капитал құны (артықшылығы бар акция)

С) кәсіпорынның капитал құрылымындағы заемды капиталдың үлесі

D) кәсіпорынның капитал құрылымындағы жай акцияның үлесі

Е) тартылған акционерлік капитал құны (жай акция)

44. Келтірілген формула бойынша есепелінеді:

А) капиалды актив құны

В) капиталдың ортасалмақты құны

С) елдік тәуекелділік

D) табыстылықтің тәуелсіздік ставкасы

Е) жай акциялар құны

45.Гордон моделін қолдана отырып, бизнестің ағымды құнын анықтау керек, егер постболжамды жылдағы ақша ағымы 200 млн. тенгені құраса, ұзақмерзімді өсу темпі– 3%, дисконт ставкасы-16%:

А) 1538млн. тенге

В) 1598млн. тенге

С) 1465млн. тенге

D) 1689млн. тенге

Е) 1700 млн. тенге

46. Басқару функциясы бойынша шығындардың жіктелінуі келесі құрайды:

А) әкімшілік шығындар

В) тікелей шығындар

С) жанама шығындар

D) ауыспалы шығындар

Е) шартты-тұрақты шығындар

47. Бағалаушы қандай этапта өткен жылдардағы қаржылық есепте болатын, бірақ болашақта кездеспейтін бірмерзімдік шығын статьяларын қарастыру керек:

А) шығындарды талдау және болжамдау

В) инвестицияны талдау және болжамдау

С) дисконт ставкасын анықтау

D) постболжамды мерзімдегі құн шамасын есептеу

E) болжамды мерзім ұзақтығын анықтау

48. Құрам бойынша шығындардың жіктелінуі келесіні құрайды:

А) нақты шығындар

В) жанама шығындар

С) шартты-тұрақты шығындар

D) әкімшілік шығындар

Е) тікелей шығындар

49. Белгілі мерзім уақытында пайда шамасын немесе ақша ағымын құн көрсеткішіне келтіруде қолданылатын бөлінгіш:

А) капитализациялау ставкасы

В) дисконттау ставкасы

С) капиталды қайтару нормасы

D) тәуелсіздік ставкасы

E) табыстылық ставкасы

50. Бизнестің нарықтық құнын анықтауда база болып табылатын, болашақ табыс ағымдарын қайта есептеуде қолданылатын проценттік ставка:

А) дисконттау ставкасы

В) капитализациялау ставкасы

С) капиталды қайтару нормасы

D) тиімді проценттік ставкасы

E) номиналды проценттік ставкасы

51. Өзіндік құнға жатқызу әдісі бойынша шығындардың жіктелінуі келесіні құрайды:

А) тікелей

В) коммерциялық

С) тікелей

D) ауыспалы

Е) нақты шығындар

52. Егер компанияның банкроттылығы күтілуде және оның активтерін сату болжамдалған жағдайда постболжамды мерзімдегі компания құнын анықтауда қандай әдіс қолданылады:

А) ликвидациялық құн

В) таза активтер құны

С) болжамдалынатын сату

D) Гордон моделі

E) Инвуд моделі

53. Барлық инвестициялық капитал үшін ақша ағымын қолдану үшін дисконт ставкасын анықтайтын әдіс:

А) капиталдың ортасалмақты құн моделі

В) капитал активін бағалау моделі

С) кумулятивті құру әдісі

D) таза активтер құны бойынша есептеу әдісі

E) болжамданатын сату әдісі

54. Меншікті капитал үшін ақша ағымын қолдану үшін дисконт ставкасын анықтайтын әдіс:

А) капитал активін бағалау моделі

В) капиталдың ортасалмақты құн моделі

С) Гордон моделі

D) Инвуд моделі

E) болжамданатын сату әдісі

55. Қазақстандағы бизнесті бағалау тәжірибесіндегі кенінен қолданылады әдіс:

А) табыстылық әдіс

В) салыстырмалы әдіс

С) шығындық әдіс

D) экспертті әдіс

E) ең тиімді қолдану әдісі

56. Кредиторлар мәжілісінің шешімі кәсіпорындағы конкурстық өндірісті жою болса, бағалаудың қандай әдісі қолданылады:

А) ликвидациялық құн

В) табысты капитализациялау

С) ақша ағымын дисконттау

D) таза активтер

E) салалық коэффициенттер

57. Мүліктің бір қолдан екінші қолға өтуі қарастырылудағы, сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім нәтижесін көрсететін есептік шама:

А) нарықтық құн

В) инвестициялық құн

С) арнайы құн

D) қайта өндіріс құны

E) тиімділік құны

58. Әртүрлі уақытта пайда болатын келтірілген ақшалай сомасын қазіргі құнға келтіру дегеніміз:

А) ақша ағымын уақытша бағалау

В) ақша ағымын мерзімдік бағалау

С) ақша ағымдарын келтіру

D) ақша ағымын салыстырмалы бағалау

E) ақша ағымын алдын ала бағалау

59. Дисконттау келесіге мүмкіндік береді:

А) берілген мерзімде келтірідген құнды есептеуге

В) белгілі проценттік ставкада салымның ағымды құнын есептеуде

С) берілген ағымды аннуиетті құнның шамасын есептеуге

D) берілген мерзімде болашақ құнды есептеуге

Е) берілген аннуитетті шамасында әртүрлі салымдардың құнын есептеуге

60. Табыстың тұрақты ағымын бағалауда қолданылатын әдісі:

А) тікелей капитализациялау әдісі

В) ақша ағымын дисконттау әдісі

С) компания активтер әдісі

D) кумулятивті құру әдісі

E) келісім шар әдісі

61. Таза активтер әдісімен меншікті капиталдың құнын анықтау келесідей жүргізіледі

А) міндетемелерді алып тастағандағы активтер

В) компанияның барлық активтер құнын бағалау

С) негізгі активтерді бағалау

D) айналым активтерін бағалау

E) ұзақмерзімді активтердін құнын бағалау

62. Жылжымайтын мүлікті бағалаудағы таза операциялық табыс пен шығындар қосындысының нәтижесі болып келесі табылады:

А) нақты жылпы табыс

В) қарызды төлеу бойынша төлемдер

С) потенциалды жалпы табыс

D) арендалық төлемдер бойынша жоғалтулар

E) салыққа дейінгі ақша түсімдері

63. Жылжымайтын мүлікті бағалаудағы жалпы капитализациялау ставкасын қолданудағы кумулятивті құру әдісінің компоненті болып саналмайды:

А) жылжымайтын мүлікті басқару үшін сыйақы

В) төменгі өтімділік үшін сыйақы

С) тәуекелділік үшін сыйақы

D) тәуелсіздік ставкасы

E) инвестициялық менеджмент үшән сыйақы

64. Жылжымайтын мүлікті бағалауда жер құнын бөлек бағалауды талап ететін әдіс:

А) салыстырмалы

В) шығындық

С) табыстылық

D) эксперттік

E) ең тиімді пайдалану

65. Дисконт нормасы:

А) берілген шама болып табылады

В) инфляция денгейіне байланысты

С) банктік несие процентіне байланысты

D) инфляция индексіне байланысты

E) банктік несие шамасы болып табылады

66. Гудвилл құнын анықтау келесі негізде есептелінеді

А) артықшылық пайданы бағалау

В) материалдық емес активтерді бағалау

С) жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның құнын бағалау

D) актив құнын бағалау

Е) құнды қағаздарды бағалау

67. Объектіні салыстырмалы әдіспен бағалауда қолданылатын түзетулер қатарына жатпайтын түзетулер:

А) долларлық түзетулер

В) проценттік түзетулер

С) бірлік салыстырмалы түзетулер

D) экономикалық коэффициент түзетулер

E) құндық түзетулер

68. Жалпы рентті мультипликатор анықталынады:

А) сату бағасын нақты жалпы табысқа бөлу арқылы

В) таза операциялық табысты сату бағасына бөлу арқылы

С) потенциалды жалпы табысты нақты жалпы табысқа бөлу арқылы

D) нақты жалпы табысты сату бағасына бөлу арқылы

E) потенциалды жалпы табысты сату бағасына бөлу арқылы

69. Таза активтер құнын анықтау мақсатында балансты түзетуде қандай статьяға түзетулер еңгізілмейді:

А) ақша қаражаттары

В) дебиторлық қарыздар

С) қорлар

D) негізгі қаражаттар

E) айналым қаражаты

70. Бірдей бағалау объектісін құру үшін бағалау күніндегі нарықтық бағадағы шығын сомалары болып табылады:

А) қайтаөндіріс құны

В) нарықтық құн

С) нормативті құн

D) инвестициялық құн

E) ликвидациялық құн

71. Салыстырмалы әдістегі ұқсас компанияны таңдаудың негізгі критериясын таңданыз:

А) бір саладағы бағаланатын компанияняң және ұқсас компанияның бизнесті жүргізуі

В) бағаланатын және ұқсас компанияның бухгалтерлік есепті бірдей жүргізуі

С) бағаланатын және ұқсас компаниядағы бірдей акция сандары

D) бағаланатын және ұқсас компанияның ұйымдастырушылық құқықтарының бірдей болуы

E) бағаланатын және ұқсас компанияны бағалау әдістерінің бірдей болуы

72. Капитал нарығы әдісінен келісім шарт әдісінің негізгі айырмашылығын таңдаңыз:

А) келісім шарт әдісі ірі акция пакетімен келісім жүргізу туралы ақпаратқа негізделінеді

В) келісім шарт әдісі нақты келісім шарт жүргізілген ақпаратқа негізделінеді

С) келісім шарт әдісі компания активтерімен жүргізілген келісім ақпаратына негізделінеді

D) келісім шарт әдісі сұраныс пен ұсыныс принциперіне негізделінеді

E) келісім шарт әдісі қор нарығында қалыптасқан бағаға негізделінеді

73. Келісім шарт әдісінен капитал нарығы әдісінің негізгі айырмашылығын таңдаңыз:

А) капитал нарығы әдісі миноритарлы пакеттермен жүргізілген туралы ақпаратқа негізделінеді

В) капитал нарығы әдісі қоғамдық ұсыныс бағасына негізделінеді

С) капитал нарығы әдісі компания активтерімен жүргізілген келісім ақпаратына негізделінеді

D) капитал нарығы әдісі нақты келісім шарт жүргізілген ақпаратқа негізделінеді

E) капитал нарығы әдісі тиімді пайдалану принципіне негізделінеді

74. Салыстырмалы тәсіл арқылы құн шамасын анықтаудың қандай әдісі қолданылады, егер бағалауда бірнеше жыл мультипликатор шамалары қолданылса:

А) ортасалмақты арифметикалық

В) жай ортасалмақты арифметикалық

С) медианды мультипликатор шамасы

D) орташа мультипликатор шамасы

E) қаржылық коэффициенттің орташа шамасы

75. «Баға /Таза активтер құны» мультипликатордың негізгі кемшілігі:

А) таза активтер құны – компания қызметіндегі ең тұрақсыз көрсеткіштерді бірі

В) таза активтер құнының шамасы коммерциялық құпияға жатады

С) активтер құны бухгалтерлік есеп ерекшелігне біршама байланысты

D) таза активтер құнының шамасына сыртқы талдаушылар қол жеткізе алмайды

E) бухгалтерлік есеп ерекшеліктерін талдауда бағалаушыларға қиындық туғызады

76. «Баға /Таза пайда» мультипликатордың жоғарғы шамасы нені білдіреді:

А) компания төменгі таза пайдаға ие, бірақ акциясы нарықта жоғары бағаланады

В) компания жоғарғы таза пайдаға ие

С) компанияның капитал құрылымындағы заемды қаражаттарының үлесі жоғары

D) компанияның капитал құрылымындағы меншікті қаражаттарының үлесі жоғары

E) компания жылдық тұрақты табысқа ие

77. «Баға / Таза активтер құны» мультипликаторын қандай жағдайда қолданған жөн:

А) салыстырмалы компаниялар қара металлургия саласында қызмет атқарса

В) салыстырмалы компаниялар бағдарламалық қамтамасыз ету саласында қызмет атқарса

С) салыстырмалы компаниялар банктік сферада қызмет атқарса

D) салыстырмалы компаниялар қызмет көрсету саласында қызмет атқарса

E) салыстырмалы компаниялар сауда саласында қызмет атқарса

78. Бағалаудың салыстырмалы әдісі қандай принципке негізделінеді;

А) алмастыру принципіне

В) салым принципіне

С) ең тиімді пайдалану принципіне

D) бәсекелестік принципіне

E) сұраныс принципіне

79.Күрделі проценттің қандай функциясы арқылы, 5жылдан кейін 20000 мың тенгені жинақтау үшін жылдық 10% пен банкке қандай соманы салу керектігін анықтауға болады:

А) дисконтттау

В) бірлік аннуиеттің ағымды құны

С) бірліктің болашақ құны

D) несиені төлеу үшін мерзімдік салым

Е) қайтару қорына мерзімдік салым

80. Төмендегі салалардың қайсысына «Баға / Түсім» мультипликаторын қолдануға болады:

А) тамақ өнімдерімен бөлшек сауда жүргізу

В) электроэнергиямен көтерме сауда жүргізу

С) мұнай химиялық құралдарын өндіру

D) темір конструкцияларын өндіру

E) машина құрал жабдықтарын өндіру

81. Әртүрлі әдістермен алынған ортасалмақты нәтижелерді жүргізудің негізгі критерияларын таңдаңыз:

А) алғашқы ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы

В) бағалауға тапсырыс берушілердің талаптары

С) бағалаудағы табыстылық әдістің алғашарттары

D) барлық әдістердің қолданылуы

E) капитализациялау ставкасын пайдалану

82. Мүлікті бағалау күні – бұл:

А) мүлік бағаланған күні

В) бағалау бойынша келісім шартқа отыру күні

С) бағалау есебін құру күні

D) бағалау есебін өткізу күні

E) бағаланған объектіні сату күні

83. Бағалаушының міндеттерінің бірі:

А) бағалау туралы есепті құру

В) бағалауда салыстырмалы әдісті пайдалану

С) бағаланатын объектінің нарықтық құнын анықтау

D) бағалауда табыстылық әдісті пайдалану

E) бағалау бойынша келісім шартты жүргізу

84. Бағалаудың барлық үш әдісінің нәтижесі қандай жағдайда бір біріне жақын келеді:

А) егер компания дамыған тиімді нарықта қызмет атқарса

В) егер компания жыл сайын тұрақты табысқа ие болса

С) егер компанияның өз саласында бәсекелестері болмасы

D) егер компания энергетика саласында қызмет атқарса

E) егер компанияның қосымша қыздық бөлімшелері болса

85. Бағалау туралы есеп қалай реттелінеді:

А) «Бағалау туралы қызмет» занымен

В) қаржылық есептік халықаралық стандарттарымен

С) тапсырыс беруші мен бағалаушының келісім шарты бойынша

D) «Акционерлік қоғам туралы» занымен

E) бағалаудың халықаралық стандартымен

86. Неге жабық компания акциясының өтімділік денгейі ашық компания акциясының өтімділік денгейінен төмен

А) жабық компания акциясын сату заңмен шектелген

В) ашық компаниялар жабық компанияларға қарағанда пайдалы

С) ашық компаниялар акцияларының саны жабық компанияларға қарағанда жоғары

D) жабық компаниялар ашық компанияларға қарағанда пайдалы

E) жабық компаниялар ашық компанияларға қарағанда акцияны көп шығарады

87. Миноритарлы пакет акция құнын бағалауда келесі әдіс қолданылады:

А) капитал нарығы әдісі

В) таза активтер әдісі

С) келісім шарт әдісі

D) капитализациялау әдісі

E) салалық коэффициенттер әдісі

88. Бақылаушы пакет акция құнын бағалауда келесі әдіс қолданылады:

А) келісім шарт әдісі

В) таза активтер әдісі

С) капитал нарығы әдісі

D) капитализациялау әдісі

E) дисконттау әдісі

89. Төмендегінің қайсысы акция пакетінің ликвидтілік денгейіне әсер етеді:

А) пакеттегі акция саны

В) акцияның номиналды құны

С) бір акцияның нарықтық құны

D) акцияның нақты құны

E) бір акцияның номиналды құны

90. Акционерлік қоғамда бес тәуелсіз акционерлер бар, біріншісінде-20% акция бар, екіншісінде- 18%, үшіншіде -21%, төртіншіде -22%, бесіншіде- 19% акция бар. Қайсысында бір акцияның ең жоғарғы құны бар:

А) 18%

В) 20%

С) 21%

D) 22%

E) 19%

91. Бағалау дегеніміз:

А) объектінің құны туралы бағалаушының ғылыми негізделген пікірі

В) белгілі уақыт мерзімінде қарызды өтеу процесі

С) жалпы түсім мен өндіріс шығындары арасындағы айырмашылықты анықтау

D) пайда мен жалпы түсім арасындағы айырмашылықы анықтау

Е) салық инспекторының өндіріс шығындары туралы ғылыми негізделген пікірі

92.Бағалау объектілері болып табылады:

А) аталғанның барлығы

В) табиғи ресурстар

С) инвестициялық жобалар

D) жылжымайтын мүлік

Е) бизнес

93. Бағалаудың негізгі үш әдісін атаңыз:

А) салыстырмалы, табыстылық, шығындық

В) салыстырмалы, табыстылық, комиссиялық

С) шығындық, инвестициялық, салыстырмалы

D) шығындық, табыстылық, жекешелендірілген

Е) салыстырмалы, шығындық, арендалық

94.Объект құны мен меншік құқығын бағалау қажеттілігі негізделген:

А) аталған барлық жағдайда

В) қор нарығының пайда болуы мен дамуымен

С) сақтандыру жүйесінің дамуымен

D) коммерциялық банктердің кепілдеме арқылы несие беруімен

Е) жекешелендіру процестерімен

95. Кәсіпорын құнын бағалау қажеттілігі келесі жағдайда туындайды:

А) аталған барлық жағдайда

В) кәсіпорынды сату

С) кәсіпорынның бөлігін сату