Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

срс

.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
160.26 Кб
Скачать

Delphi ортасында деректер базасымен жұмыс істеу

  1. Деректер базасының қосымшасын пайдалану механизмі

  2. Деректер базасының кестесін компонентпен байланыстыру.

  3. Мәліметтерді көрсету

  4. Delphi-де ДҚ кестесін құрудың негізгі этаптары

Delphi ортасында әртүрлі деректер базасын құруға болады. Деректер базасы құрылымының қиындығына қарамастан, мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін негізгі механизм бар. Ол компоненттер триадасынан тұрады. Бұл компоненттер мыналар:

  • Мәліметтерді енгізу компоненттері (Ttable, TQuery)

  • DataSource компоненті

Мәліметтерді енгізу компоненттері DataAccess бетінде орналасқан. Ал мәліметтерді көрсету компоненттері DataControls бетінде орналасқан.

Қарапайым Деректер базасын құрудың күрделі Деректер базасын құрудан өзгешелігі шамалы. Формаға бірнеше компонентті қойып, олардың қажетті қасиеттерін өзгертсек, жұмыс істеп тұрған деректер базасын аламыз.

Мәліметтерді енгізу компоненттері мен көрсету компоненттерінің арасындағы байланысты қамтамасыз ететін DataSourse компоненті. Бұл компоненттердің деректер базасындағы өзара байланысын қарастырсақ:

Қосымша мен деректер базасының арасындағы байланысты қамтамасыз ететін BDE болып табылады. Процессорда сұраныстарды деректер базасына жіберетін драйвер орнатылған, сонымен қатар BDE –де деректер базасының псевдонимі тіркелген болуы керек. Ол деректер базасының файлдары қай жерде орналасқандығын және пайдаланатын драйвердің типін анықтайды.

Деректер базасының қосымшасын пайдалану механизмі

Қосымша Ttable – мен байланысатын компоненттер мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компоненттер болып табылады. Олар мәліметтерді инкапсуляциялайды және әртүрлі операцияларды орындау үшін BDE функцияларына жүгінеді. Мұндай компоненттердің санына шектеу қойылмайды.

TdataSource компонентінің тағы бір функциясы болып мәліметтерді енгізу және көрсету компоненттерінің жұмысын синхронациялау болып табылады. Мысалы, егер енгізу компоненттері «тек оқу үшін» (только для чтения) режимінде жұмыс істесе TdataSource мәліметтерді көрсету компоненттеріне мәліметтерді өзгертуге тиым салады. Бір ғана dataSource компонентімен бірнеше көрсету компоненттері байланыста болуы мүмкін. Бұл компоненттер мәліметтерді көрсету процесін басқарады.

Енгізілген мәліметтерді ашқан кезде деректер базасының қажетті кестесінің жолдарын енгізілген мәліметтерге жібереді. Меңзер бірінші жолға орналасады.

Пайдаланушы мәліметтерді көрсету компоненттері көмегімен мәліметтерді көру және өзгерту мүмкіндігіне ие болады. Өзгертулер алдымен TdataSource компонентіне, содан кейін деректер базасына жіберіледі.

Деректер базасы қосымшаның жалпы жұмысын қарастырғаннан кейін қосымша құруды кезеңдерге бөліп қарастырайық.

Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттері деректер базасының негізі болып табылады. Жұмыс барысында бұл компоненттермен тығыз байланыста болады. Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттері визуалды емес, яғни программаның жұмыс істеу барысында олар көрінбейді.

Деректер базасында пайдаланушымен байланыс жасау үшін форма пайдаланылады.

Жаңа форма құрып алған соң мәліметтерді көрсету компоненттерін формаға тасып мынадай әрекеттер жасау керек:

Деректер базасын компонентпен байланыстыру. Ол үшін объектілер инспекторындағы Database қасиетін пайдаланамыз. Бұл жерде BDE – де тіркелген деректер базасының псевдонимін көрсету керек. Псевдонимді ашылатын тізімнен таңдап алуға болады.

Деректер базасының кестесін компонентпен байланыстыру. Ол үшін объектілер инспекторы терезесіндегі TableName қасиеті пайдаланылады. Бірінші кезеңді орындағаннан кейін берілген деректер базасының барлық кестелері тізімде көрінуі керек. Бұл тізімнің құрамы TableType қасиеті арқылы анықталады. Егер мәні ttDefault болса, онда таңдап алынған кестенің барлық файлдары кеңейтулерімен көрсетіледі. Кестені таңдап алған соң ол компонентпен байланысады.

Компоненттің атын өзгерту. Бұл міндетті емес, бірақ компоненттерге ойластырылған ат берген дұрыс. Көбінесе компоненттің аты онымен байланысқан кестенің аты мен Table сөзінің комбинациясынан тұрады.

Деректер базасы мен компонент арасындағы байланысты активтендіру. Ол үшін Active қасиеті пайдаланылады. Егер объектілер инспекторында True мәнін меншіктесек, байланыс активтенеді.

TdataSource компонентін баптау

Формаға TdataSource компонентін қойып, оны баптау керек. Баптау үшін мынадай әрекеттер орындау керек:

1. Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттерін TdataSource –пен байланыстыру. Ол үшін DataSet қасиеті пайдаланылады. Бұл тізімде пайдалануға болатын компоненттердің тізімі көрсетіледі.

2. Компоненттің атын өзгерту. Бұл міндетті емес.

Мәліметтерді көрсету

Деректер базасы қосымшасын құруда мәліметтерді көрсету компоненттерінің көмегімен пайдаланушылық интерфейс жасау керек. Бұл компоненттер мәліметтерді көруге және өзгертуге арналған. Олар міндетті түрде TdataSource компонентімен байланысқан болуы керек.

Деректер базасының қосымшасында TDBGrid компонентінің мәні зор. Ол мәліметтерді кесте түрінде көрсетеді.

Мәліметтерді көрсету үшін мынадай әрекеттерді орындау керек:

  1. Мәліметтерді көрсету компонентін TdataSource компонентімен байланыстыру. Ол үшін dataSource қасиеті пайдаланылады. Бұл жерде қажетті TdataSource компонентінің атын көрсету керек.

  2. Мәліметтер өрісін (поле) көрсету. Ол үшін DateField қасиеті пайдаланылады.

Мәліметтерді көрсету компоненттерінің ішінде TDBNavigator компоненті ерекше орын алады. Ол кесте жолдарында орын ауыстыруға арналған. Ол әдетте TDBGrid компонентімен бірге жүреді.

Деректер базасы – белгілі бір пәндік аумаққа жататын құрылымдық түрі бар деректердің атауы бар жинақ.

Деректер базасы үшін ақпаратты өңдеу және рұқсат алу тәсілдері бойынша, сонымен қатар деректер базасының орналасқан орны бойынша қосымшалар архитектурасы бірнеше түрлерге бөлінеді.

  • Жергілікті архитектура – программа және деректер базасы бір компьютерде орналасқан.

  • Файл-серверлік архитектура – деректер базасы сервер деп аталатын желідегі негізгі (орталық) болып бөлінген компьютерде орналасады. Ал клиенттік программалар орнатылған дербес компьютерлер оған жергілікті желі бойынша қосылған. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір деректер базасымен бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

  • Клиент-серверлік архитектура – деректер базасы серверде сақталады және мұнда пайдаланушылар сұраныстарын өңдейтін деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) жұмыс істейді. Бұл архитектурада пайдаланушылар деректер базасымен қойылған тапсырмаларды орындайтын және алынған нәтижені қайтаратын ДББЖ арқылы жұмыс істейді. Табылған деректер клиентке желі бойынша серверден клиентке қарай жіберіледі. Клиент – сервер архитектурасының ерекшелігі SQL – құрылымдық сұраныстар тілін пайдалану болып табылады. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір уақытта бір деректер базасымен жұмыс істеуге рұқсат етеді.

  • Таратылған архитектура – деректер базасы бірнеше серверлерде сақталады және олардың әрбіреуінде ДББЖ көшірмелері болады. Сонымен деректер базасы және клиенттік қосымшаларға ұқсас архитектурада қосымшалар серверлері және компоненттер қолданылады. Қосымшалар серверлері пайдаланушылар сұраныстарын өңдеуге және желідегі компьютерлер арасындағы жүктемені біркелкі бөлуге рұқсат етеді. Компоненттер – бұл бөлінген серверде күрделі есептеулерді орындау үшін қолданылатын программалар.

Интернет-архитектура – деректер базасы және ДББЖ бір компьютерде орналасады, ал оларға рұқсат алу желілік протокол стандарты бойынша броузерлер арқылы жүзеге асады

ДҚ ол файлдардың жиынтығы: кестелердің, индекстері және триггерлері , кестелер аралық байланысты бейнелейді .

ДҚ құралады :

- ДҚ кестесі ,

- индекстер,

- ескертулер ( мемо - алаң ) және т . б .

Бір кестені анықтау үшін жеке файл құрылады . Сондай бөлек файлдар кестелер индексін және мемо-алаңын сақтауы үшін қолданылады. Бұл файлдар бір жерде және бірге сақталуы керек, олай болмаса, ДҚБЖ дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін, сондықтан БҚ-ның барлық компаненттерін бірге сақтау керек.

Delphi-де ДҚ құру ( немесе Delphi жұмысқа арналған ) ДҚ сақталынған және орналасқан орыннан басталады.

ДҚ орналасуын беру ДҚ белгілі бір компьютерде директорияда болуы мүмкін.

Мынау директория бөлістері жолмен істеуге болады ( немесе жолмен папка жасаулары ) ДҚ компоненттеріне арналған .

Осы директорияны бөлу жолымен жасауға болады . Директорияны өзінің компьютерде, серверде тамыр каталогте немесе подкаталогеде. Құруға болады, мысалы :

1) C :\ Primer ;

2) C :\ \ \…..\ Primer .

Әдеттегі мәліметтер базасының жергілікті режимде ДҚБЖ Paradox, dBase және FoxPro форматында құрылған ДҚ жұмыс істейді ( немесе ДҚ кестелері ).

ДҚ-ға Псевдонимді меншіктеу

ДҚБЖ технологиясында ДҚ атауына псевдонимді қосады, сонда ДҚБЖ программалары псевдоним арқылы іске асырылады.

BDE Administrator утилитінде аталған байланыста Delphi болуы тиісті.

- ДҚ-да мекенжай көрсетілген.

Delphi –де ДҚ-ны құру немесе Delphi-де жұмыс істеу орналасуы және сақталынуы басталады.

Сайып келгенде , ДҚ –құруда алғашқы қадам өзіміздің мысалда осы қадамда орындалады біздің компьютерде түбір католог "C :"дискісі директроияда біздің мәліметтер базасы орналасып директория аты-" ". онда бума көмегімен құрылған директория аты C:" :\ ". егер ДҚ тегерішінде жасалған болу D дискісінде құрылса , оның аты "D :\ ".

"C :\ "мәліметтер базасын кез келген жұмыс атын беруге болады,бірақ біз құратын ДҚ-ны сол атпен "C :\ PRIMER " қалдырамыз.

Осылайша , бүркеншік ат ( немесе алиас ) ДҚ " PRIMER ".

ДҚ тіркеуі . Delphi –де ДҚ тіркеуі BDE Administrator утилитінің көмегімен іске асырылады. Сондықтан біздің "C :\ PRIMER " BDE Administrator іске асырамыз.

BDE Administrator екі варианттың қолдауында жүреді :

  1. Windows жұмысшы столына тікелей :

(Пуск/Программы/Borland Delphi 3/BDE Administrator).

2.Алдымен Delphі-дің негізгі модулі жіберіледі,ол экранғы IDE-нің жоғарғы қатарында Delphі-дің басты менюі орналасқан.

Сурет 1. Delphi өңдеуінің интегралдық жүйесі

DateBase менюін ашамыз және одан Explоrer командасын таңдаймыз.Осы командамен BDE Administrator утилитін жібереміз.Жібергеннен кейін келесі амалдар орындалады:

Негізгі менюден Object | New элементі таңдаймыз. Көрінген терезеде (сурет .4) ДҚ құрылған типті (Standard )өзгеріссіз қалдырып ОК басамыз .

Администратормен терезенің сол жағында STANDARD1 терезесін көреміз. Оны PRIMER атымен өзгертеміз Ол үшін ДҚ атына тышқанды шертіп жаңа мәтін енгіземіз.

2-сурет. Мәліметтер базасының драйвер типін таңдау терезесі

Оң жақ терезеде ДҚ параметрлері келтірілген . Оларды өзгеріссіз қалдырамыз, тек атын өзгертеміз. Бұл параметр ДҚ орналасқан катологқа жолды енгізу үшін жол сілтейді.Жолды енгізу үшін PATH алаңын шертіп оң жақта пайда болған батырманы басып С:\PRIMER каталогын таңдап ОК батырмасын басамыз. (3-сурет).

Енді псевдонимнің анықталуын есте сақтауымыз керек, ол үшін сол жақ терезеде тышқанның оң жақ батырмасымен псевдоним атын шертеміз және Apply элементін менюде таңдаймыз. Пайда болған диалогты терезеде псевдонимнің өзгертулерін есте сақтаймыз да, ОК батырмасын басуымыз керек.

Сонымен BDE Administrator утилитінен шығуымыз керек. Содан соң псевдоним құру аяқталды. Енді оған басқа утилиттерден хабарласуға болады. Бірақ ДҚ псевдонимі бар каталог әлі бос мәліметтер базасының кестесін құру керек.

Сурет 3. Мәліметтер базасының псевдонимінің параметрлі терезесі