Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НСУ-Лекция конспектілері.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
2.13 Mб
Скачать

Лекция конспекттері

БӨЛІМ 1. ТПБАЖ сенімділігі жазылуының принциптері

ЛЕКЦИЯ №1. Сенімділік теориясының негізгі түсініктері.

    1. Негізгі терминдер мен анықтамалар.,

Жүйелер мен машинарлардың сенімділігін қамтамасыз ететін ғылыми база сенімділік теориясы болып табылады. Әр түрлі міндеттерді орындайтын күрделі жүйелерді қолдану тәжірибесі сенімділіктің арнайы жұмыстары қамтамасыз етілмесе мұндай жүйелер тиімсіз болып табылатынын көрсетті.

Қазіргі кезде сенімділік теориясы жеке ғылыми пән болып табылады. Оның негізгі міндеттері:

  • сенімділік көрсеткіштерінің сандық түрлерін қою:

  • сенімділік бағасының аналитикалық әдістерін жасау:

  • сынақ нәтижесі бойынша сенімділіктің әдістерін жасау:

  • эксплуатация мен жасалу стадиясында сенімділікті оңтайландыру.

Сенімділік теориясы жасау кезінде, жобалау, және әр түрлі күрделі жүйе эксплуатация кезінде кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, электроэнергетикалық, автоматты, ақпараттық жүйелер. Берілген пәнді оқытудың әдістемелік кешені технологиялық процестердің автоматтандырылған жүйелері сенімділігін қолдануға арналады. Ол адам – машиналы жүйе де болуы мүмкін.

ТПБАЖ сенімділігінің маңызы қазіргі кездегі өнеркісіп өндірісінің дамуының тенденцияларымен анықталады. Оған өндірістің барлық саласындағы технологиялық процестердің интенсификациясы жатады.

Сенімділік облысында кейбір негізгі терминдері (мысалы, тоқтау, қалыпқа келу, сенімділік түсінігінің өзі) күнделікті күнде қолданыс тапқан.

Сонымен қатар, сенімділік облысында нормативті-техникалық құжаттарға жүгінеміз. (Жеке алғанда, МЕСТ 24.701 – 86 «Автоматты басқару жүйелерінің бірыңғай стандарттар жүйесі. Автоматты басқару жүйелерінің сенімділігі. Негізгі жағдайлары»)

1.2 Жүйе мен элементтер

Жүйе деп берілген функцияны орындау кезінде өзара әсер ететін элементтер жинытығын түсінеміз. Жүйенің элементі деп сол жүйенің құрастырушы бөлігін, яғни ары қараай бір бүтін нәрсе деп қарастыруымызға болады.

1.1-суретте (әдебиет№1 қараңыз) АЭС-тің ТПБАЖ энергоблогында әр комплексі, субкомплексі техникалық құрал немесе элеменеттерден құралатын жүйе деп қарастырамыз.

1.2 Жағдайлар мен күйлер

Жүйенің (элементтің) жұмысқа жарамды жағдайы деп, нормативті-техникалық немесе конструкторлық құжаттамамен қойылатын жүйенің берілген функцияны параметр мәндерін орындау мүмкіндігін сипаттайтынын айтамыз. Және осыған сәйкес жұмысқа жарамсыз деп, көрсетілген құжаттаманың бір ғана параметрі мәндері дұрыс болмаған жағдайды айтамыз.

Жүйенің жұмысқа жарамды күйінен жарамсыз күйіне көшуін тоқтау деп айтамыз. Және де жүйенің дұрыс күйінен дұрыс емес күйіне көшетін жағдайын бұзылу деп атаймыз.

Қалыпқа келу деп, жүйенің жұмысқа жарамсыз күйінен жарамды күйіне келу жағдайын айтамыз. Сонымен, қалыпқа келмейтін жүйеге тоқтау болғаннан кейін қалыпқа келу мүмкін болмайтын жағдайды айтамыз. Ал, қалпына келетін тоқтау болғаннан кейін қалпына келе алатын жүйелерді айтамыз.

Сенімділік дегеніміз – жүйенің барлық қойылған мәндері эксплуатация режимінде берілген функцияларды сиапттай алатын мүмкіндігі бар қасиетін айтамыз. Сенімділіктің негізі комплексті қасиеті өзіне төрт құрастырушыны енгізеді: тоқтамай жұмыс істеу, жөндеуге жарамдылық, сақтамдылық, мәңгілік.

Сенімділік – эксплуатацияның берілген шарттарында функционалдық және технологиялық функциялардың орындалуын қамсыздандыратын, қойылған шектерде және уақыт аралығында барлық параметрлер сақталынатын технологиялық құрамы.

Қазіргі кездегі технологиялық жабдықтар көптеген өзара әсер етуші механизмдер, аппараттар және құралдардан тұрады.

Сенімділіктің жетіспеушілігі өнім шығарудың төмендеуіне, жөндеу шығындарының көбеюіне, көптеген экономикалық шығындарға әкеліп соғады.

Сенімділік келесі негізгі жағдайлар мен оқиғалардан тұрады:

Жұмыс қабілеттілігі (работоспособность)- жүйенің берілген функцияларды ) (техникалық құжатта көрсетілген параметрлермен) қалыпты орындау қабілеті. Жұмыс қабілеттілігі эксплуатоциялық көрсеткішке әсер етпейтін талаптарға қатысты емес.

Істен шықпау (исправность)- жүйенің тек негізгі емес, сонымен қатар көмекші талаптарды да қанағаттандыратын жағдай. Істен шықпаған жүйе міндетті түрде жұмысқа қабілетті.

Істен шығу (неисправность)- бұйымның не жүйенің техникалық құжаттағы талаптардың ең болмағанда біреуіне сай келуі. Істен шығуды жүйені тоқтауға әкелмейтін және тоқтауға әкелетін істен шығу мен олардың үйлесуі арқылы ажыратады.

Тоқтап қалу (отказ)- жұмысқа қабілеттігінің толық немесе жекеленген бөлігінің тоқталу оқиғасы. Тоқтап қалуды функциялық және параметрлік деп екі түрге бөледі.

ЛЕКЦИЯ 2. Қалпына келмейтін жүйелердің сенімділік көрсеткіштерін анықтау.