Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИНФОРМАТИКА каз.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
6.27 Mб
Скачать

Қазақстан республикасының ғылым және бiлiм беру министрлiгi

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI

«БЕКІТЕМІН»

«Мұнай газ ісі, энергетика және көлік» факультетінің оқу бағдарламалары комитетінің төрағасы т.ғ.к., Қойайдаров Б.А. _____________________________

«_____» ________________ 2009 ж.

ИНФОРМАТИКА

ПӘНІНЕН БІЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (CИЛЛАБУС)

Кафедра: “Ақпараттық технологиялар”

2008- 2009 оқу жылы, 1 - 2 семестр

Пререквизиттер: информатика, математика, физика

Постреквезиттер: КТН, ККП, Мәліметтер қоры, Геоинформатика.

Кредит саны: 3 кредит

Оқытушының аты жөні: профессор Кұсмұхамбетов Е.М.

аға оқытушы Бүрлібаева Ш.М.

аға оқытушы Түнғатарова А.Т.

аға оқытушы Боранқұлова Г.С.

Мекен жайы: Тараз қаласы, Толе би көшесі 60, 2 корпус, 5 -326 ауд.

Телефон: 45-57-05

Тараз 2009 ж.

ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Пәннің мақсаты: студенттеге локальды компьютермен жұмыс iстеуге арналған компьютерлiк ақпараттық технологиялардың программалық инструментерiн қолдануды және түсiнудi үйрету.

Пәннің талаптары:

- информатика туралы және оның қоғамның дамуына қатысты рөлi туралы түсiнiк беру;

- информатиканың программалық және техникалық құралдарының мүмкiндiктерiн және мағынасын ашып көрсету;

- қай мақсатта және қандай жолдармен компьютерлiк жүйелердi қолдануға болады түсiнiгiн қалыптастыру;

- компьютердi басқарудың және ақпараттардың қауiпсiздiгiнiң тәжiрибесiн алу;

- Интернет желiсiнiң ақпарараттық ресурстарын қолдану тәжiрибесiн алу.

Пәнді оқып болған соң сiз:

- мәтiндiк құжатты және презентацияны даярлаға арналған жаңа ақпараттық технологиялардың программалық құралдарын қолдану тәжiрибесiн, алгоритмдi талдау және оны құрудың негiзгi принциптерiн, Паскаль тiлiнде программалау негiздерiн бiлесiз

  • компьютерлiк технологияларды пайдаланушы ретiнде өз талаптарыңызды нақты анықтауды үйренесіз ;

  • локальды компьютерлiк жүйелермен пайдалануды және кең аумақты Интернет желiсiнiң ақпараттық ресурстары мен қолдануды, компьютерде жұмыс iстеу барысында ақпараттың қауiпсiздiгiнiң практикалық тәжiрибесiн игересiз.

«Информатика» курс бойынша 15 дәріс және 12 тәжірибелік сабақ берілген.

Пәннің компонеттерiне және оны зерттеуге қойылатын негiзгi талаптар

Тәжірибелік сабақтар.

Тәжірибе сабақтарда тереңдеп оқытуды қамтиды және тақырыптар бөліп қарастырылады. Компьютерде отырып өз бетінше тәжірибелік жұмысты орындау қажет. Әрбір орындалаған тапсырмаға 2 балл қойылады.

Ескерту: сіздің сабаққа дайындық және белсенділігіңіз сізге көп балл жинауға көмектеседі.

Сабаққа қатысу міндеттілігі.

Сабақ өту басырында тақырыпты талқылауға белсенді қатысу және дәріс материалынан бақылау сұрақтарға жауап беру – «сабаққа белсенділік» категориясымен бағаланады. Барлық тапсырмалар уақытылы өткізілуі тиіс. Кешіктірілген тапсырмалар автоматты түрде төмен бағаланады. Сіз сабақтан қалмауға, кешікпеуге, аудиторияда тәртіпті болып, оқытушыны сыйлайтын студент болуға тиістісіз.

Ескерту: сіздің дайындығыңыз және білім алуға белсенді қатысуыңыз жоғары балл жинауға көмектеседі.

Білімгердің өзіндік жұмысы (БӨЖ).

Білімгердің өзіндік жұмысы материалмен жұмыс істеу барысында білімгердің шығармашылық деңгейін көрсету үшін қажет. Тапсырма әр бір білімгерге жеке нұсқа бойынша беріледі.

БӨЖ 1. Алгоритм және программалау.

Мақсаты: Алгоритмнің блок-схемасын құру және айнымалылардың мәнің ЭЕМ арқылы есептеуге арналған Pascal тілінде программа құру.

БӨЖ 2. Информатика ғылым және техниканың бірлестігі.

Мақсаты: Берілген тақырыпты кесте, схема, тізім құралдарын пайдаланып п реферат түрінде орындау.

БӨЖ 3. MS Excel кестелік процессорында жұмыс iстеу

Мақсаты: Кестені Excel программасының көмегімен толтыру және сәйкес келетін диаграмманы тұрғызу. Мәліметтерді формулаларды пайдаланып есептеңіз.

БӨЖ 4. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

Мақсаты: PAINT графикалық редакторы көмегімен растрлік көрінісін құру.

Аралық бақылау.

Лекция курсы бойынша теориялық материалды игеру сапасы және ДК жұмыс істеу тәжірибесі екі рет өткізілетін аралық бақылау арқылы (аттестация) тексеріледі. Өтілген тақырып бойынша аралық аттестация тестілеу әдісімен өтеді. Аралық аттестация нәтижелері жинақтау ведомостіне енгізіледі.

Қорытынды емтихан.

Сіздің курсты жауапкершілікпен оқып үйренгеніңізге комплексті нәтижесін және сіздің жаңа біліміңізді көрсетеді. Қорытынды бақылау (емтихан) өтілген барлық материалдарды қамтиды. Тестік материал 300 сұрақтан тұрады.