Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Органикалы осылыстар

.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
19.06 Кб
Скачать

Органикалық қосылыстар

Жоспар.

1.Органикалық қосылыстар.

2.Органикалық қосылыстар түрлері.

3.Ораникалық синтез.

1.Органикалық қосылыстар – құрамында негізгі элемент ретінде әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар (көміртек оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздарынан басқалары). Адам ертеден табиғи бояу, қамыс қантын, әр түрлі майларды, т.б. пайдалана білген. Көміртек атомының өзара және көптеген өзге элементтердің атомдарымен химиялық байланысқа түсуіне орай органикалық қосылыстардың саны 5 млн-нан асты. Оларға органикалық химия зерттейтін изомерия құбылысы және әр түрлі күрделі өзгерулер тән.

2. Құрылымына қарай органикалық қосылыстар: ашық тізбекті (алифатикалы), тұйық тізбекті (алициклді, ароматты), гетероциклді болып негізгі үш топқа бөлінеді.

1) Ашық тізбекті қосылыстар (алифатикалы), ациклді қосылыстар, алифатты (майлы) қосылыстар — малекуласындағы көміртек атомдары өзара түзу немесе тарамдалған тізбек құрап қосылған органикалық заттар. Ашық тізбекті қосылыстарға қаныққан, қанықпаған көмірсутектер және олардың бір немесе бірнеше атомды туындылары жатады. Бір ғана көміртектік байланысы (С-С) бар қаныққан көмірсутектерге метанның гомологтық қатары, оның туындылары енеді. Ал құрамында қос (С=С; мыс., этилен, пропилен, изопрен, хлорирен) немесе үш (СС; мыс., ацетилен) көміртектік байланысы бар ашық тізбекті қосылыстар қанықпаған көмірсутектер деп аталады. Қаныққан ашық тізбекті қосылыстар қанықпаған ашық тізбекті қосылыстарға және кері айнала алады. Молекуласындағы көміртек атомдарын басқа функционалдық топтарға (ОН, NH2 т.б.) алмастырғанда А. т. қ-дың түрлі кластары (аминдер, спирттер,қышқылдар т.б.) түзіледі. А. т. қ. мұнайдан, табиғи газдан, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар майынан алынады.

2) Тұйық тізбекті қосылыстар (алициклді,ароматты), циклді қосылыстар – молекулаларында үш және одан да көп атомдар өзара байланысып, бір немесе бірнеше сақина (цикл) түзетін заттар. Тұйық тізбекті қосылыстар органикалық химияда кең таралған. Ең көп тарағаны 5 немесе 6 буындық сақиналар. Себебі олардың түзілуі жеңіл және сақинада кернеу болмайды.

Сақина түзетін атомдардың табиғатына байланысты. Тұйық тізбекті қосылыстар бірнеше топтарға жіктеледі:

  • изотұйықтізбекті немесе карботізбекті (а – циклопропан мен ә – циклопентан),

  • ароматтық (б – бензол),

  • гетеротұйықтізбекті.

Гетеротұйықтізбекті қосылыстардың сақинасында көміртек және бір немесе бірнеше басқа элементатом| атомдары (оттек, азот, күкірт) болады. Мысалы, в – этилен оксидінде оттек, г – пиридин мен тетразолда азот, ғ – тиофенда күкірт.

Сақина саны екі немесе одан да көп болса, олар бір-бірінен оқшауланған, ортақ бір атомы немесе екі атомы ортақ болып келеді. Мысалы, д – стильбен, е – дифенил , ж – спиран, з – нафталин, и – декамин, ал к – кетанандарда бір сақина екіншісінің ішіне еніп орналасады..

3) Гетероциклді қосылыстар циклге көміртек атомдарынан басқа да элементтердің атомдары кіретін қосылыстар. Ондай атомдарға азот, күкірт, оттек және т.б. элементтердің атомдары жатады. Гетероциклді қосылыстар мейлінше көп және әр алуан.

Көміртекпен бірге цикл құруға қатысатын элемент атомдары гетероатомдар деп аталады. Олардың санына байланысты моно-, ди-, три-, және т.б. гетероатомды қосылыстар болады.

Гетероциклді қосылыстар табиғатта көп таралған (витаминдер, алкалоидтар, пигменттер және жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрамды бөліктері). Азотты гетероциклді қосылыстардың биологиялық процестерде маңызы зор. Бес мүшелі, алты мүшелі қосылыстар тұрақты болады.

3.Органикалық синтез – органикалық химияның органикалық қосылыстардың түзілу жолдары мен әдістерін лаборатория және өндіріс көлемінде зерттейтін бөлімі. Органикалық синтездің дамуы органикалық заттардың құрылыс теориясы мен органикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері туралы мағлұматтар жинақталғаннан кейін (19 ғасырдыңдың 2-жартысы) басталды. Сол уақыттан бастап органикалық синтез жаңа органикалық қосылыстар алудың көзі ретінде органикалық химияның дамуында түпкілікті орын алып, зерттелетін нысандардың қатарын кеңейте түсті. Органикалық синтездің өзіндік мақсаты, тактикасы, стратегиясы және күрделі молекуланы дизайндау жолдары бар. Қарапайым молекулалардан күрделі молекула құрастыру сатылап жүреді, яғни барлық Органикалық синтезді бірнеше, кейде өте көп кезеңдерге бөледі. Осы процестің тиімділігін арттыру мақсатында соңғы жаңалықтар қолданылады. Органикалық синтез нәтижесінде хлорофиллдің, В12 витаминінің, биополимерлердің, т.б. құрамы мен түзілу әдістері белгілі болды. Органикалық синтездің көмегімен маңызды дәрілік препараттар жасалады. Олар халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен қолданылады.