Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

1111111111

.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
65.81 Кб
Скачать

ЛЕКЦИЯ №2.

Күрделі топырақтар жағдайы және олардың ерекшіліктері.

Шөкпе, ісінетін, қожма, үйінді, тұздалған топырақтар.

Ерекше қасиеттерге ие топырақтар күрделі топырақтар жағдайларына жатады, мысалы оларға құрылымы тұрақсыз топырақтар жатады.

Құрылымы тұрақсыз топырақтар қосымша физикалық немесе механикалық әсерлер кезінде өз құрылымдарын күрт өзгертеді, яғни олардың физика-механикалық қасиеттері төмендейді, беріктігі азаяды. Мұндай әсерлерге температураның, ылғалдылықтың өзгеруі немесе динамикалық әсерлер жтады.

Құрылымы тұрақсыз топырақтар:

тоң немесе мәңгілік тоң топырақтар,

сары шөкпе топырақтар,

тұздалған топырақтар,

борпылдақ топырақтар,

ісінетін топырақтар,

қожма,

үйінді топырақтар.

Осы топырақтардың ерекше қасиеттерін ескермеу ғимараттың орнықтылығына қаіп туғызады, апатты деформациялар тудырады, нәтижеде ғимараттың істен шығуына әеледі.

Сары шөкпе топырақтар

сары шөкпе топырақтардың негізгі ерекшілігі олар кернеулі жағдайда суландырса қосымша отырады – шөгеді. (шөгуі). Бұл топырақтардың шөгуі уақыт бойынша тез өтеді және топырақ құрылымы күрт өгереді. Бұл топырақтарды суландырғанда топырақтың бөлшектер арасындағы байланыстары жұмсарады, берңктігі азаяды.

Сары шөкпе топырақтар ерекшіліктері:

-кеуектілігі жоғары, кеуектерін көзбен көруге болады ( 45 ... 50%);

-ылғалдылығы төмен — көбіне сары шөкпе топырақтар аз ылғалды болады, ылғалдылық дәрежесі Sr=0,4 ... 0,5;

-түйіршіктер құрамы бойынша — сары шөкпе топырақтарға құмайттарды және саздақтарды жатқызуға болады (құрамында шаңды бөлшектер мөлшері 60 ... 75%).

Шөкпелігіне байланысты топырақ жағдайының типі:

I тип — сырттан түсетін жүктен негізгі шөгу деформациялары туындай, ал топырақтың өз салмағынан шөгу деформациясы 5 см аспайды;

II тип — сырттан түсетін жүктен туындайтын шөгу деформацияларымен қатар топырақтың өз салмағынан 5 см артық шөгу деформациясы пайда болады;

Сары шөкпе топырақтар көрсеткіштері:

Салыстырмалы шөкпелік εsl,

Бастапқы шөгу қысымы psl,

Бастапқы шөгу ылғалдылығы wsl.

  • Салыстырмалы шөкпелік εsl компрессиялық сынаулар нәтижесінде анықталады, суға қанған топырақ үлгісіне белгілі қысым беріледі. Топырақ шөкпе деп есептелінеді, егер εsl0,01.

  • Су

Салыстырмалы шөкпелік εsl компрессорлы сынақтардың нәтижесімен анықталады.

εsl =(hпр-hsatp)/hпр, (7.1)

мұнда:

hпр – табиғи ылғалдылықтағы (w = wsat) үлгі биіктігі, топырақтың салмағы мен ішкі жүктемеден түсетін қысым;

hsatp – үлгінің сол биіктігі, бірақ топыраққа суды еңгізуден кейін;

hnq – сол үлгі топырақтың биіктігі, табиғи қысымдағы.

Бастапқы шөгу қысымын лабораториялық сынақтарды жүргізе отырып анықтайды, бұл кезде оның қатыстық шөгуі εsl=0,01. Бұл үшін график тұрғызылады. (εsl =f(p)) .

  • Бастапқы шөгу қысымы рsl - суға қанған топырақта шөгу деформациялары туындай басталуына сәйкес келетін ең кіші қысым.

Бастапқы шөгу қысымын топырақты зертханалық сынау кезінде анықталады, яғни салыстырмалы шөкпелік εsl=0,01 тең кезге сәйкес қысым. Ол үшін компрессиялық сынау нәтижесінде εsl =f(p)) графигін тұрғызып psl. Анықталады.

Бастапқы шөгу ылғалдылығы wsl топырақтың шөкпелік қасиеті пайда бола бастаған мезетке сай ылғалдылық.

Топырақтың шөкпелігін алдын ала бағалауға болады. Сазды топырақтар ылғалдылық дәрежесі , және көрсеткіш , (1)

мұнда - топырақтың табиғи күйіндегі кеуектілік коэффициенті; - аққыштық шегіндегі ылғалдылыққа сайкес кеуектілік коэффициенті

, (2)

мұнда , - құрғақ топырақ және судың тығыздығы.

Кесте 1

Илемділік сан

Көрсеткіш

0,1

0,17

0,24

Топырақтың шөкпелік қасиеттері ғимараттың эксплуатациялық қызмет атқаруына әсер еткізбеу шаралары:

Топырақтың шөгу қасиетері жою үшін нығыздау немесе бекіту шаралары;

Шөкпе топырақты іргетаспен кесіп өту;

Конструктивтік және судан оқшаулау шаралары,

Іргетастардың тиімді конструкцияларын қолдану.

Ісінетін топырақтар

Саз топырақтың кей біреулері өзінің көлемін ылғалдылық өзгергенде өзгертуі мүмкін.

Суланғанда өзінің көлемін ұлғайтатын топырқтар ісінетін деп аталады.

Топырақ ісінгенде жер беті көтеріледі. Не себептен топырақ ісінеді- топырақ бөлшектер ді қоршаған су қабықшасы қалыңдайды. Керісінше, мұндай топырақтар ылғалдылық мөлшері күрт азайғанда олар көлемін кемітеді, яғни шөгеді. Мұндай жағдай ғимарат негіздігінің отыруына алып келеді.

Ісінетін топырақ бар жерлерде топырақтың сулануын болдырмау шаралары қарастырылады -

құрылыс барысында негіз топырағының сулануын болдырмайды

іргетас қуыстарын су өткізгіштігі төмен топырақпен толтырады.

Тұздалған топырақтар

Тұздалған топырақтар деп құрамында көп мөлшерде суда еритін тұздар болса.

Бұл топырақтар суланған кезде тұздар шайылып топырақтың жүк көтеру қабілеті төмендейді де отыру деформациясы өседі. Себебі тұздың шайылуы бөлшектер арасындағы ілінісу күштерін кемітеді және кеуектілігін ұлғайтады.

Тұздалған топырақтарда құрылыс жүргізгенде қандай шаралар қолданады?

Суға қанған тұздалған топырақтарда құм топырақтан жастық орнатады немесе құм қадаларын қолданады. Аз ылғалды тұздалған топырақтарда нығыздалған топырақ жастығын қолданады, топырақ жастығы қорғау қабаты болады. Өте қалың қабат болғанда топырақ қадаларын пайдаланады.

Тұздалған топырақтарда қандай іргетастар ұсынылады?

Тұздалған топырақ қалыңдығы үлкен болмаған жағдайда ( 4 м) саяз орнатылатын іргетастармен кесіп өтуге болады, ал егер қалың болса онда қадалы іргетас қолданған жөн. Іргетас материалын таңдағанда тұздың кеміргіштігін ескеру керек . Мысалы іргетасты смолалармен майлайды, қарамай жағады, немесе орама материалдармен қаптайды, бетон ерітіндісіне арнайы қоспалар қосады.

Үйінді топырақтар

Үйінді топырақтар адамның іс әрекетінен пайда болады. Олардың құрамы біркелкі емес, бірқалыпты тығыздалмайды, органикалық компоненттері шіриді.

Бұл топырақтарды үш топқа бөлуге болады:

1) жоспарлы тұрғызылған үйінділер - дамбы, плотина, жол үйіндісі (топырақты төгіп нығыздау арқылы тұрғызылады);

2) өнеркәсіп өндірісінің қалдықтарының жиынтығы (арнайы бөлінген алаңдарда орналастырылған бос жыныстар үйіндісі, сапасыз кен қазба қоры немесе қалдықтар);

3) өндіріс немесе тұрмыстық қалдықтардан тұратын үйінділер.

Үйінділер өз бетінше 30жыл көлемінде нығыздалады.

Қолдануға тиімді іргетастар – қағылмалы қадалар, бұрғылап орнатылатын қадалар, тапталған шұңқырдағы іргетастар.

Ерекше топырақтар жағдайында құрылыс жүргізгенде қандай шаралар қолданылады?

Шараларды төрт топқа бөлуге болады:

1) негіз топырағына теріс әсерлерді болдырмау.

2) негіз топырағын жасанды жақсарту, табиғи күйін жасанды күйге алмастыру.

3) ғимараттың біркелкі отырмауына сезімталдығын төмендету шараларын қарастыру.

4) арнай тиімді іргетастар қолдану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]