Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алгоритм.rtf
Скачиваний:
286
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
829.51 Кб
Скачать

5.1. Стандарт с-4 (Первомур )ерітіндісінен қолды өңдеу техникасы.

Мақсаты: операция алдында қолды зарарсыздандыру.Ерітінді қолды және операция алаңын өңдеуге қолданылады.

Қоры: 2,4 %-дық первомур ерітіндісі сабын залалсыздандырылған сүлгі, легенге фишерді салу.

Ескерту: С-4 қоспасы мыналардан тұрады: 33% сутегі асқын тотығы (171 мл),85%- дық құмырсқа қышқылы (81мл) және дистилделген су (10л дейін); 2,4 % Первамур ерітіндісі дайын болу үшін 1,5 сағ. Тоңазытқышқа қойылады. Дайын ерітіндіні 10 л дистилденген суға салады.

Алгоритм әрекеті:

  1. Ағын судың астында 1 мин бойы қолды сабынмен жуыңыз, саусақ ұшынан бастап білектің ортаңғы бөлігіне дейін.

  2. Залалсыздырылған сүлгімен қолды құрғату.

  3. 2,4 % первомур ерітіндісі бар ыдысқа қолыңызды салыңыз.

  4. Ережені сақтай отырып қолыңызды 1 мин. өңдеу: 30 сек. шынтаққа дейін және 30 сек. тек білекті.

  5. Ерітіндіден 1 фишерді алып тастау. Сыйымдылығы 5 л шарадағы ерітіндіге 10 адам қол жууға болады.

  6. Қолыңызды зарарсыздырылған сүлгімен қолыңызды құрғатыңыз.

Ескерту: Зарарсыздандырудан бұрын қолыңызды ереже бойынша мұқият жуыңыз

  • Тырнақтары қысқа алынған болу керек (микробтардың 90 %-ы тырнақ астына жиналады), қолдағы жарық жаралар мен қабыршықтар және қабынулар болмау керек.

  • Сақинаны (жүзікті) шешу;

  • Шынтақпен ашылып жабылуы ыңғайлы қол жуғышта жуу;

  • Су білектен шынтаққа қарай ағылып жуылуы керек;

  • Оң қолдың саусақтарымен сол қолды, сол қолдың саусақтарымен оң қолдың саусақтар арасын жуу;

  • Алақанмен білектерді ысқылап жуу

5.2. Қалып «Ота бөлімі медбикесінің көмекші көмегімен стерильді халатты кию техникасы»

Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.

Қоры: стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.

Әрекеттер алгоритімі:

  1. Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.

  2. Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.

  3. Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін бағалаңыз.

  4. Бикстен халатты жағасынан сол қолмен алып, созылыңқы қолмен айналасындағы заттарға тигізбей жазыңыз, оң қолыңыздан киіңіз.

  5. Кейін жағасын оң қолмен ұстап сол қолдан киіңіз.

  6. Екі қолды кеуде тұсына созып, жеңдерін бекітіңіз.

  7. Халаттын артқы жоғарғы бауларын бекітіңіз.

  8. Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см ара қашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.

  9. Қалтадан стерильді қалқаны шығарыңыз. Қалқаны бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.

Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.

5.3. Хирургтың киіну техникасы.

Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.

Қоры: стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.

Әрекеттер алгоритімі:

  1. Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.

  2. Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.

  3. Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін бағалаңыз.

  4. Халатты жағасынан алып, хирургтың созылған қолына киюге ыңғайлы етіп ұстаныз.

  5. Халатты хирургтың иығына тастаңыз.

  6. Халат артындағы бауларды байлаңыз.

  7. Хирургтын жеңіндегі бауларды байлаңыз.

  8. Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см ара қашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.

  9. Қалтадан стерильді қалқаны шығарыңыз.

  10. Қалқаны бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.

  11. Бауларды көмекші байлайды.

Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]