Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Экол и УР-каз / Метуказ для СРС Экол и УР-каз

.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
68.1 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

"БЕКІТЕМІН"

СШЭжҚ институтының жұмыс бағдарла-

малары бойынша комитеті төрағасы

Мұсабеков Қ.Қ. ___________________

/қолы/

«____» ________________20__ ж. /Ф.И.О./

“ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ”

пәнінен білімгерлердің өзіндік жұмыстар орындауына арналған әдістемелік нұсқаулар

Тараз – 20__

Әдістемелік нұсқаулар «Экология» мамандығына арналған ҚР МЖБС білім стандарттарына сай жасалды.

Әдістемелік нұсқауларды жасаған “Экология” кафедрасының доценті Ағыбаева А.К.

Әдістемелік нұсқаулар “Экология” кафедрасының отырысында талқыланды.

Хаттама № _____ «_____» _________________ 20___ ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Сейітқазиев Ә.С.

Әдістемелік нұсқаулар СШЭжҚИ ӘК отырысында талқыланды.

Хаттама № ___ «______» ____________________ 20___ ж.

СШЭжҚ институтының жұмыс бағдарламалары бойынша төрағасы Мұсабеков Қ.Қ.

Кіріспе

Білімгердің өзіндік жұмысы /БӨЖ/ - оқу үрдісінде білімгерлердің өз бетінше дербес орындайтын жұмыстары. Өзіндік жұмыстар жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп дамытуда, танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, келешекте білімді өз бетінше жинақтай алу қабілеттерін меңгеруде жетекші рөл атқарады.

«Экология және тұрақты даму» курсының негізгі мақсаты – табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

Пəнді оқытудағы міндеттер:

-тірі ағзалардың, əртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл

биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын жəне олардың тұрақты-

лығын оқып-білу;

-биосфера компоненттерінің өзара əсерлесу заңдылықтары жəне адамның шаруашылық əрекеттерінің, əсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

-əртүрлі мемлекеттердегі жəне Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттері туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру;

-экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда студенттердің ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

Пəнді оқыту нəтижесінде студенттер білуі тиіс:

-тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын;

-тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сандық динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын;

-энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын;

-табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін;

-антропогендік əрекеттің əлеуметтік-экологиялық салдарларын;

-тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқарастарды.

игеруі тиіс:

- табиғи жəне антропогендік экологиялық процестерді анықтап, талдауы жəне олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы;

-биосфераның тұрақтылығын сақтау жəне адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дəстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі;

-тірі организмдер мен қоршаған ортаның əсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдана білуі тиіс.

машықтануы тиіс: экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып, басым бағыттарды белгілеуге жəне алған білімдерін экологиялық мəселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс; биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай-ақ, əртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауы тиіс.

Пән бойынша өздік жұмыстар әр аптада орындалады, олардың тақырыптары төмендегі кестеде келтірілген. Әр тақырыптың орындалуына бір апта уақыт бөлінеді.

Әр БӨЖ тапсырманы білімгер конспект түрінде жұмыс дәптерінде орындайды. Көлемі 2-5 бет. Әр тақырыптың мазмұны мүмкіндігінше толық ашылуы, кестелермен, схемалар, графиктер және суреттермен толықтырылуы тиіс. БӨЖ тақырыптары ОБСӨЖ барысында қорғалады. Бір тақырыптың максимум бағңасы – 2 балл.

СӨЖ тапсырмалары

СӨЖ тақырыптары

Алу мерзі-мі

Тапсыру мер-зімі

1.

Негізгі тірішік орталары және оларға сипаттама

1-апта

2-апта

2.

Популяция түрлердің тіршілік ету формасы ретінде және оның негізгі критерийлері.

2- апта

3- апта

3.

Негізгі биогенді элементтердің биосферадағы айналымы.

3- апта

4- апта

4.

Цивилизация тарихындағы қоғам мен табиғатттың ара-қатынасы.

4- апта

5- апта

5.

Экожүйелердің ортаөзгертуші ролі және бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру проблемалары.

5- апта

6- апта

6.

Қазіргі заманғы ғаламдық проблема-лар және оларды шешу жолдары.

6- апта

7- апта

7.

«Үшінші әлем» проблемалары. Артта қалуды жеңу – тұрақты дамудың өзекті проблемасы.

7- апта

8- апта

8.

Табиғатты қорғау, оның принциптері мен әдістері.

8- апта

9- апта

9.

ҚР қорықтық аймақтары.

9- апта

10- апта

Қажетті әдебиеттер тізімі

Авторлары

Оқулықтың, оқу құралының, т.б. атауы.

Баспасы, басылған жылы.

1

2

3

4

Концепция экологического образования Республики Казахстан

Астана, 2002

1

Национальные доклады о состоянии окружающей природной среды в РК 2000-2006 г.г.

Алматы, 2001-2007 г.г.

2..

Горелов А.А.

Экология. Курс лекций

Москва, «Центр», 1997

Дрейер О.К., Лось В.А.

Экология и устойчивое развитие

Москва, «УРАО», 1997 г.

Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М.

Жалпы экология

Алматы, «Қазақ университеті», 2006 ж.

Марфенин М.Н.

Концепция «устойчивого развития» в развитии /Россия в окружающем мире: 2002. (Аналитичес-кий ежегодник)

Москва, МНЭПУ, 2002 г.

Новиков Ю.В.

Экология, окружающая среда и человек

Москва, 1998

Гиренок Ф.И.

Экология. Цивилизация. Ноосфера

Москва, 1987

Андерсен Дж.М.

Экология и науки об окружающей среде

С-П, 1985

7