Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Математике каз готово.doc
Скачиваний:
1168
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
10.61 Mб
Скачать

Халықаралық бизнес университеті

«математика» ПӘНіНЕН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5B090800-«Бағалау - мамандығы үшін

Күндізгі бөлім

АЛМАТЫ, 2013

МАЗМҰНЫ

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

Студенттерге арналған (Syllabus) пән бойынша оқыту бағдарламасы

Пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқау

Пәннің оқу - әдістемелерімен қамтамасыз ету картасы

Дәрістер жиыны

Дәріс курсы бойынша сөздіктер жиыны (глоссарий)

Студенттерге тарататын материалдар

Халықаралық бизнес университеті

«

«БЕКІТЕМІН»

Ақпараттық технологиялар және қаржы

факультетінің деканы

______________ Махметова А.М.

« » 2013 г.

Оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

Пәннің атауы: Математика

Мамандықтар: 5B090800-«Бағалау

Оқыту түрі: күндізгі

Күндізгі бөлім

Кешкі бөлім

Сыртқы бөлім

Барлық кредит саны

3

Курс

1

Семестр

1

Аралық бақылау (саны)

2

Емтихан (семестр)

1

Дәріс (сағат)

30

Практикалық (семинарлық) сабақ (сағат)

15

СОӨЖ (сағат)

23

СӨЖ (сағат)

67

Барлық сағат

135

Алматы, 2013

«Математика» курсын оқыту бағдарламасын ХБУ «Экономики және ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Кенжегулова С.Б. типтік оқыту бағдарламасы негізінде 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» - мамандығы үшін дайындады.

Кенжегулова Сая Бекетовна

Телефон: 8-775-774-99-81

е- mail: saygon.81@mail.ru

______________________ аға оқытушы Кенжегулова С.Б.

(қолы)

«Экономика және Ақпараттық жүйелер» кафедрасы оқу-әдістемелік секциясының мәжілісінде талқыланған,

«28» 082013 ж. №1 Хаттама.

Кафедра меңгерушісі____________________к.ф.-м.н., доцент Беркимбаева С.Б.

Универитеттің оқу-әдістемелік секциясының мәжілісінде талқыланған,

3 қыркүйек2013ж. №1 Хаттама.

Пәннің пререквизиті: Орта мектептің бағдарламасы деңгейінде арифметика, алгебра, геометрия курстары.

Пәннің постреквизиті: Экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика пәндерін оқу кезінде студент функцияның анықтамасын, оның берілу жолдары мен негізгі элементар функцияларды білуі қажет. Қазіргі ғылым мен техникада зерттеу және жобалаудың математикалық әдістері үлкен роль атқарады. Есептеу техникасы кеңінен енуіне байланысты нақтылы есептерді шешуде математиканы көбірек қолдану мүмкіндігі айтарлықтай кеңейді. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мамандарға кездесетін әртүрлі есептердің барлығын шеше алатындай етіп даярлауға мүмкіндік бере алады.

Пәнді оқытудың мақсаты – экономикалық зерттеулерде математика өте маңызды рөл атқарады. Ол тек сандық есептің қаруы ғана емес, сонымен қатар дәл зеррттеулердің әдісі және ұғымдар мен мәселелерді анағұрлым нақты қалыптастырудың құралы да болып табылады.

Қазіргі математиканың дамыған логикалық және есептеуіш аппаратынсыз адамзат қызметінің әртүрлі салаларында прогресс болуы мүмкін емес.

Экономикалық ғылымдар математиканы кең көлемде қолданады.

Математикалық әдістер кез-келген экономикалық пәннің құрамдас бөлігіне айналды.

Қазіргі маманның математикалық білімі математиканың жалпы курсын және арнайы курстарды (ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика, операциялық қисап, т.б.) оқудан құралды.

Математиканың жалпы курсы маманның математикалық білімінің іргетасы болып табылады. Бірақ, осы курстың шеңберінде кәсіптік қызметте математикалық әдістерге сүйенудің бағыттары жүзеге асырылады.

Арнайы бөлімдерді оқытуда қолданбалы есептерді шешудің математикалық әдістерін қолдану жүзеге асырылады.

Пәннің міндеті - жоғары математиканың негізгі ұғымдарын және оның әртүрлі салаларда қолданылуын оқып білу;классикалық және қазіргі математиканың негізгі ұғымдарын, заңдарын, теорияларын, сонымен қатар нақты есептердің шешу әдістерін меңгеру; игерілген математикалық әдістерді іскерлікпен қолдану; математикалық интуицияны дамыту; математикалық мәдениеттілікті тәрбиелеу; ғылыми көзқарас пен логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.

Курстың басты ерекшеліктері:

  • Барлық студенттермен жекелеп жұмыс жасауға мүмкіндік туады;

  • Студенттердің уақытты үнемді пайдаланып, тапсырманы орындауда тақырыпқа талдау жасауы;

  • Тапсырманы тексеру барысында кемшіліктерді нақты, дәл айқындауға мүмкіндік туады;

  • Барлық студенттерге бірдей деңгейдегі бірдей мөлшерде есептер берілгендіктен қойылатын бағаның әділдігі;

  • Студенттер арасындағы бағаға деген бәсеке-жарыс оларды ең болмағанда дайын формулаларды жаттап, пайдалана алуына әсер етеді;

  • Сабақ босатқан студенттерге қосымша тапсырма беру;

  • Тақырыпты талдау негізінде студенттердің арасында пікір алмастырып, өз жауаптарын дәлелдеп, өз білімдерін көрсетулеріне мүмкіндік беру.