Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой фин учет1.doc
Скачиваний:
33
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
444.93 Кб
Скачать

Жоспар:

Кіріспе......................................................................................................................2

І. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы 6

1.1 Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары

1.2 Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу

1.3 Стандарттар және қаржылық есеп беруді дайындау ережелері

1.4 Объектілерді түгендеу жұмыстары мен қателерді түзету

ІІ.Қаржылық есеп беруді жасау тәртіптері 16

2.1 Қаржылық есеп беру элементтері

2.2 Бухгалтерлік баланс және оны дайындау

2.3 Пайда және зиян туралы есеп беру

2.4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру

2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба

Қосымша

Қорытынды..........................................................................................................39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................40

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық есеп беру». Соған сәйкес Қаржылық есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар кіреді.

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта іріктелудің нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілеген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін. Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды анықтау үшін қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу деп айтамыз.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.

Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңының 3-тарауының 13-19 бап аралығы Қаржылық есептілік туралы заңдар қамтылған.