Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштар

.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
80.33 Кб
Скачать

Кіріспе

Пәндік жұмыс “Сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштар” курсынан алған теориялық білімдерін тереңдету және бекіту үшін белгіленген.

Пәндік жұмысты орындау алдында жылутехника, энергетикалық қондырғылар және газтурбиналы қондырғылар негіздері жөнінді дәріс оқылуы қажет.

Жұмыста газтурбиналы қондырғының жылулық есебі және шартты отын шығысын есептеу қарастырылған.

Тапсырма нұсқалары 1кестеде келтірілген.

1 К е с т е – Газтурбиналы қондырғының берілген мәліметтері

Нұсқа

Электірлік қуат, Nэ , кВт

Газ турбина кірісіндегі газ температурасы,

t3 , oC

Сығымдағыш кірісіндегі ауа температурасы,

t1 , oC

Регенерация дәрежесі, R

15

6000

660

16

0,7

Есептің өткізу мәліметтері:

ГТҚ-ның механикалық ПӘК-і – ηм = 0,995;

турбинаның ішкі келтірілген ПӘК-і ηoi = 0,88;

электр генератордың ПӘК-і – ηг = 0,96;

сығымдағыштың ПӘК-і ηк = 0,85;

жану камерасының тиімділік коэффициенті ηкс = 0,99;

регенерация дәрежесі R = 0,7;

сығымдығыш кірісіндегі ауа температурасы t1 = 16 оС;

газ турбина кірісіндегі газ температурасы t3 = 660 оС;

электрлік қуат мөлшері Nэ = 6000 кВт.

1. Қарапайым регенеративті ГТҚ-ның жылулық есебі

Ауа мен газ температурасы мөлшері:

Т1 = t1 + 273 = 16 + 273 = 289 оК; Т3 = t3 + 273 = 660 + 273 = 933 К ;

ГТҚ атқаратын пайдалы жұмыс мөлшері: ℓп = ℓт – ℓк ; әлде

п = (Ср∙Т1/ ηк)∙[(P2/P1)(k-1)/k –1]∙{(T3/T1)∙[(ηoi∙ηк)/(P2/P1)(k-1)/k] –1}; ( 1 )

мұнда: қысым жоғарлату дәрежесі (сығылу коэффициенті) λ = P2/P1;

адиабата дәрежесі k = 1,41 .

Сығымдағыштағы тиімді қысым жоғарлату дәрежесінің мөлшерін (λопт) табу үшін (1) теңдеуінің оң жағының туындысын нөлге теңдеу арқылы табуға болады.

Егер (1) теңдеуіндегі келесі мөлшерлерге басқаша белге берсек:

(k – 1)/ k = m; (Ср∙Т1/ ηк) = α; (Т31)∙ηoi∙ηк = β;

келесіні табамыз: ℓ = α∙(λm – 1)∙( β/λm – 1);

мысалы ℓ = у ; λm = х тең болса, онда у = α∙( х – 1)∙( β/х – 1);

өзгерту ден соң: у = ( β – х – β∙х -1 + 1);

туынды: у' = α∙( -1 + β∙х -2); α∙( β/х2 – 1) = 0; β/х2 – 1 = 0; β/х2 = 1;

___

х2 = β; х = √ β ;

Есеп өткіземіз: β = (Т31)∙ηoi∙ηк = ( 933/ 289)∙0,88∙0,85 = 2,415;

х мөлшерін табамыз:

__ ______

х = √ β = √ 2,467 = 1,554;

сонымен λm = 1,554; m = (k – 1) / k = (1,41 – 1)/ 1,41 = 0,29 ;

λ0,29 = 1,57 ; λопт = (1,554)1/ 0,29 = 4,572;

Ең жоғары пайдалы жұмыс мөлшері (ℓп) тиімді қысым жоғарлату дәрежесінің λопт кезінде болады.

Сығымдағыштың меншікті жұмыс мөлшері:

к = Ср∙( Т1 – Т2) = Ср∙∆Тк ;

Сығымдағыштағы ауаның температура жоғарлауы:

∆Тк = Т1∙( λm – 1)∙( 1 / ηк) = 289∙( 1,554 – 1)∙( 1/ 0,85) = 188,36 К;

Сығымдағыштың меншікті жұмыс мөлшері:

к = Ср∙∆Тк = 1,0∙188,36 = 188,36 кДж/кг;

Турбинадағы меншікті жұмыс мөлшері:

т = Ср∙Т3∙( 1 – 1/ λm)∙ηoi = 1∙933∙( 1 – 1/ 1,554)∙0,88 = 292,7 кДж/кг;

Пайдалы жұмыс: ℓп = ℓт – ℓк = 292,7 – 188,36 = 104,34 кДж/кг;

Газдың меншікті шығысы: g=3600/ℓп=3600/ 104,34 = 34,5 кг/кВт∙сағ;

Жұмыс газдың толық шығысы:

Dг = g∙(Nэг∙ηм) = 32.528∙(6000/ 0,96∙0,995) = 103153,3 кг/сағ = 56.76 кг/с;

Сығымдағыштын соңғы ауа температурасы:

Т2 = Т1 + ∆Тк = 289 + 188,36= 477.36 К; t2= 204,36 oC;

Турбинадан соңғы газ температурасы:

Т4 = Т3 – Т3∙(1 – 1/ λm)∙ ηoi =933 – 933∙( 1 – 1/1,554)∙0,88 = 600,386 К;

t4 = 327,386 oC;

Рененератордан соңғы ауа температурасы:

Т5 = Т2 + R∙( Т4 – Т2) = 477,36 + 0,7∙( 600,386 – 477.36) = 563,478 К;

ГТҚ-ға меншікті жылу шығысы ГТУ:

qкс = Ср∙( Т3 – Т5)∙( 1/ ηкс) = 1∙(933 – 563,478)∙(1/0,99) = 373,254 кДж/кг;

ГТҚ-ның ішкі ПӘК-і: ηв = ℓп / qкс = 104,34 / 373,254 = 0,280;

Ауаға берілген жылу мөлшері: Qкс = qкс∙Dв = В∙q ;

Бұнымен бірге отын шығысы: В = Dг – Dв ;

Осы теңдеулердің бірге өткізілетін шешімдері:

373,254∙Dв = В∙29309; В = 56.76 – Dв ;

373,254∙Dв = (56.76 – Dв)∙29309;

(357.77 / 29309)∙Dв = 56.76 – Dв ;

1,012∙Dв = 56.76;

Dв = 56.76/ 1,012 = 56.08 кг/с;

Шартты отын шығысы:

В = Dг – Dв = 56.76 – 56.08 = 0,68 кг/с = 2448 кг/сағ;

Шартты отынның меншікті шығысы:

b = В / Nэ = 2448 / 6000 = 0,408 кг/кВт∙сағ;

Қарапайым регенеративті газ турбиналы қондырғының (ГТҚ) сүлбесі және жылулық құбылысының Т-S диаграммасындағы көрінісі 1-ші және 2-і суреттерде көрсетілген.

1 сурет. Қарапайым регенеративті ГТҚ-ның сүлбесі.

2 Сурет. Қарапайым регенеративті ГТҚ-ның жылулық құбылысының Т-S диаграммасындағы.

2. Диффузорсыз бір сатылы газ турбинаның есебі

Газ турбина есебін өткізу үшін ГТҚ әр нүктесіндегі ауа мен газдың сипаттамаларын табу қажет.

Компрессор алдындағы ауа қысымы мен температурасы:

р1 = 0,1 МПа , Т1 = 289 К;

ауаның меншікті көлемі

v1 = RT1/P1 = 287∙289/0,1∙106 = 0,829 м3/кг

Компрессордан шыққан ауа қысымы мен температурасы:

р2 = λ∙р1 = 0,475 МПа , Т2 = 477.36 К;

ауаның меншікті көлемі

v2 = RT2/P2 = 287∙477,36/0,475∙106 = 0,288 м3/кг

Турбина кірісіндегі газдың көрсеткіштері:

р3 = р2 = 0,475 МПа, Т3 = 933 К;

газдың меншікті көлемі

v3 = RT3/P3 = 287∙933/0,475∙106 = 0,564 м3/кг

Турбина шығысындағы газдың көрсеткіштері:

р4 = (1 + ξрег)∙р1 = (1 + 0,2)∙0,1 = 0,12 МПа, Т4 = 600,386 К;

газдың меншікті көлемі

v4 = RT4/P4 = 287∙600,386/0,12∙106 = 1,44 м3/кг

Газ шығысы Dг = 56,76 кг/с

Газдың физикалық көрсеткіштері: тұрақтысы R = 287 Дж/(кг∙град),

адиабата көрсеткіші k = 1,41

жылу сиымдылығы Ср = 1 кДж/(кг∙град).

Газ турбинасындағы жылу құламасы

=

=310,4 кДж/кг

Саптамалардағы жылдамдық коэффициентінің мөлшері 0,98 ал орташа диаметрдағы реакция дәрежесі ρm = 0,35 мөлшерінде алып, саптама шығысындағы газ жылдамдығын табамыз

= 44,8∙0,98623,62 м/с

мұнда изоэнтропалық жылу құлама мөлшері

hос = (1 - ρm)hо = (1 – 0,35)310,4 = 201,7 кДж/кг

Орташа диаметрдағы шеңберлік жылдамдық

u = υопт∙с1 = 0,5∙623 = 311,5 м/с

мұнда оптималды жылдамдық қатынасы υoпт = u / c1 = 0,5.

Жұмыстық қалақтардың беріктігін сақтау үшін шеңберлік жылдамдық мөлшері 320 м/с аспауы дұрыс.

Саптамадан газ шығу бұрышы 14-25°аралығында болады.

Саптамадан шыққан газ қысымы

= 0,475∙ 0,211 МПа

Саптамадан шыққан газ температурасы

=933∙ = 751 К

Саптамадан шыққан газ көлемі

== 1,021 м3/кг

Саптамалар биіктігі

= = 0.051м

мұнда Dcp – сатының орташа диаметры

Dср = u / πn = 311,5/3,14∙50 = 1,984 м.

Саптаманың астыңғы бекітілу жағындағы реакция дәрежесі

=

= 1 - [1- = 1,65

мұнда r - саптаманың радиустар қатынасы

r = rк/rm = 0,992/1,045 = 0,95

rк - саптама астынан бекітілетін жерінің радиусы

rк = Dcp/2 = 1,984/2 = 0,992 м

rm - саптаманың орташа радиусы

rm = Dm/2 = 2,09/2 = 1,045 м

мұнда Dm = Dср + 2∙ℓс = 1,984 + 2∙0,051 = 2.086 м

Саптаманың астыңғы бекітілу жағындағы реакция дәрежесінің мөлшері ρк нөлден жоғары болды, сондықтан есеп дұрыс дейміз.

Жұмыс қалақтарға кірген газдың салыстырмалы жылдамдығы

=

= = 347 м/с

Жұмыс қалақтарға газ кіру бұрышы

о

Жұмыс қалақтардан газ шығу бұрышы β2

β2 = β1 – 4 = 38 – 4 = 34 о

Жұмыс қалақтардан шыққан газдың салыстырмалы жылдамдығы

= 44,7∙ 0,96 = 557,69м/с

Жұмыс қалақтардан шыққан газдың температурасы

= 751∙ = 637,6 К

Жұмыс қалақтардан шыққан газдың меншікті көлемі

= м3/кг

Жұмыс қалақтардың биіктігі

0.052

Бір сатылы газ турбинасының табылған көрсеткіштері талапқа сай, сондықтан ГТҚ-ға табылған шығындар, ПӘК және газ шығысының мөлшерлері есептік болып қалады.

Әдебиеттер тізімі

1. Бақытжанов И.Б. Сығымдағыштар және жылулық қозғалтқыштар: Оқулық. – Алматы, Нур-Принт, - 2015. – 161 б.

2. Бақытжанов И., Иманкұлов Э. Бу және газ турбиналары мен компрессорлар: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2010, - 184 б.

3. Цанаев С.В., Буров В.Д., Ремезов А.Н. Газотурбинные и парогазовые установки тепловых электростанций. –М.: МЭИ, 2002. - 584 б.

4. Бақытжанов И.Б. Бу және газ турбиналар. Оқу құралы. - Алматы.: АЭжБИ, 2008. – 83 б.

5. Бақытжанов И.Б. Бу және газ турбиналар. Пәндік жұмысын орындауға арналған нұсқаулар. – Алматы: АЭжБИ. 2008.-36 бет.

6. Мусабеков Р.А. Сығымдағыштар мен бу турбиналары: Оқу құралы. – Алматы: АЭжБИ. 2005.-84 бет.

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Жылуэнергетика факультеті

«Жылуэнергетикалық қондырғылар» кафедрасы

«Сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштар» пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық: 5В071700 «Жылу энергетика»

Орындаған: Нысан Ә.Қ.

Тобы: ТЭCк-13-01

Қабылдаған: доцент Бақытжанов И. Б.

Алматы 2015

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]