Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану.doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
478.21 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«БӨБЕК» ҮЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Өзін -өзі тану студент дәптері

1 КУРС

АЛМАТЫ

2005

Өзін-өаі тану: Студент дәптері. 1 курс. (2-ші басылым) Алматы: «Бөбек», 2005. - 84 б.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұсынған

пікір жазушылар: Ж.Ж. Молдабеков, философия ғылымдарының докторы, профессор; Л.К.Керімов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

«Бөбек» ҮҒПББСО, 2005

Құрметті дос!

Ұсынылып отырған студент дәптері аудиториялық сабақтар мен үйде орындалатын жүмыстарға арналған.

Дәптерден Сіз жаттығулар, тапсырмалар, тестілер, белгілі түлға-лардың ой-пікірлері мен нақыл сөздерін және халық даналығынан мысалдарды кездестіресіз. Олар аудиториялық сабақтарды толықтырып, тақырыптарды өзара байланыстыруға қызмет етеді.

Біз сіздерге дүниені танып білудің алдын-ала жоспарланған дайын жолдарын үсынбаймыз, керісінше, Сізді өмірде маңызы бар мәселелерге, адамгершілік шешімдер таңдау жолындағы іс-әрекеттерге өз көзқарастарыңызды білдіруге шақырамыз. Кейбір тестілерді өзіңіздің отбасы мүшелері, достарыңыз бен жолдастарыңыз үшін пайдалануға болады. Бүл тестілердің жақындарыңыздың адамдық қасиеттерін дәлірек бағалауға көмегі бар. Дәптердің соңында Сізге сурет үсынылған, оған қарап өзіңіздің әрбір тақырыпты қаншалықты игергеніңізді анықтауға, өзіңізді тану жағдайыңызды болжауға болады.

Дәптер де хрестоматия секілді «Өзін-өзі тану» курсы бойынша оқу-методикалық кешенінің қүрамды бөлігі болып табылады. Курсты өткізудің бүл кезеңі эксперименталдық сипатта болғандықтан, дәптердегі материалдардың мазмүнын жақсарту, олардың үғынықтылығы, ықпалдылығы жөнінде Сізден өз тілектеріңізді, ескертулеріңізді білдірулеріңізді сүраймыз.

Бізге Адамның үйлесімді дамуы институтына, мына адрес бойынша хабарласуыңызға болады:

050027, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Дарын»-2 ықшамауданы, № 47 үй, «Бөбек» Үлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы.

1-ТАРАУ ЖАҢА ҚАУЫМДАСТЫҚ

1-Сабақ

Тақырып. «Сәлеметсіздер ме? Танысуға рұксат етіңіздер!»

1-тапсырма

Алдымен дәптерге өзіңізге тән ерекшеліктеріңізді (мінезіңіз, ермегіңіз, қызығушылықтарыңыз, эмоцияларыңыз, белгілі бір топтарға немесе бірлестіктерге катысыңыз т.б.) санамалап жазыңыз. Енді, осы рөлдердің маңыздылығының ретімен 1-ден 10-ға дейін нөмірлеп, жеке параққа жазып шығыңыз. Мен дара тұлғамын

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Тақтаға мұқият қараңыздар және фигуралардың ішінен өздеріңізге ұнайтын біреуін таңдаңыздар.

Өздеріңіздің таңдауларыңыз бойынша топтарға бөлініңіздер. Әрбір фигураға сәйкес келетін адам типтері туралы түсініктемелерді оқып шығыңыздар, оны талқылаңыздар.

ТӨРТБҰРЫШ (квадрат). Еңбекқорлық, ынталылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, жұмысты аяқтауға мүмкіндік беретін табандылық – міне, олар осы қасиеттермен белгілі. Шыдамдылық, төзімділік және жүйелілік оларды өз салалары бойынша кәсіби мамандар етеді. Олар белгілі бір тәртіпті ұнатады, бәрі өз орнында болып, өз уақытында жүзеге асуы керек. Олардың мұраты – жэоспарланған, алдын-ала белгілі өмір, олар «кездейсоқ сыйларды» ұнатпайды және күнделікті қалыптасқан оқиғалардың күрт өзгергенін қаламайды.

ТІКТӨРТБҰРЫШ. Бұл адамдар қазіргі шақтағы өмір салтына қанағаттана қоймайды, сондықтан жаңа жағдайларды іздестірумен айналысады.. Олардың басты қасиеттеріне әуестік, ынтазарлық, болып жатқан нәрселерге қызығушылық пен батылдық жатады. Олар жаңа идеяларға, құндылықтарға, ойлау тәсілдеріне және өмірге икемділік танытады, барлық жаңаны жеңіл қабылдайды.

ҮШБҰРЫШ. Бұл фигура лидерлікті (жетекшілікті) көрсетеді. Олардың ең негізгі ерекшелігі – басты мақсатқа жұмылдыру қабілеттілігі. Олар – жігерлі, алдына нақты мақсаттар қоятын және оларға қол жеткізетін күшті тұлғалар. Олар намысқой және прагматиктер, жоғарғы басшылықты өзі мен қарамағындағылардың атқарып жатқан жұмыстарының маңыздылығына сендіре алады. Өздерінің дұрыс пікірде екендігіне сенімді. Басқаруға деген ұмтылысы оларды басқалармен үнемі бәсекелестіретін тұлғаға айналдырады.

ШЕҢБЕР. Бес фигураның ішіндегі ең кеңпейілдісі. Ол жоғарғы сезімталдылыққа, дамыған эмпатияға, яғни басқа адамның көңіл-күйіне , эмоциясына назар аударып, ниет білдіре алатын, өзгені түсінуге қабілеті мол жан. Олар басқаның қуанышы мен ауыртпашылығын өзінікіндей сезіне алады. Барлығы бір-бірімен жарасып жатса ғана ол бақытты болады.

Сондықтан олар біреумен жанжал туындай қалса, мәмлеге бірінші келуге ұмтылады. Ол тіпті қарама-қарсы көзқарастан ортақ нәрсе табуға тырысады.

СЫЗЫҚТАР. Шығармашалықты көрсететін фигура. Әртүрлі, бір-біріне ұқсамайтын идеяларды кірістіру және оның негізінде жаңа нәрсені жасау – міне, оларға ұнайтын осылар. Олар бір затты жасап шығарудың қазіргі немесе бұрынғы тәсілдеріне ешқашан қанағаттанбайды. Ең әсерленгіш, шаттанғыш. Олар тың және қызық ой туындап жатса, бірден бар әлемге жар салуға дайын тұрады, Өз идеяларын шаршамай насихаттайды және өзінің артынан көпті ерте білетін қабілеті бар.

2-тапсырма

Ой-пікірлерге түсініктеме беру

• «Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол белгісіз бір жетілу болып табылады. Мүны түсіндіріп жату (артық) сөзді керек етпейді, өйткені бүл мейлінше белгілі (нәрсе) (Әбу Насыр әл Фараби).

• Үлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар,

Білім қалар артыңда, ғүмыр сырғып жоғалар (М.Қашғари).

• Жастық шақ? Көтерілген толқын. Артымыздан - жел, алдымызда - жартас (В. Вордсворт).

• Жас кезде үйренеді, жасы үлғайғанда түсінеді (Мария Эшенбах).

• Егер мың жыл бүрын болған нәрсені түсінгің келсе, қазіргі кезеңге бойла; оның терең сырларын танығың келсе, онда олардың бір-екеуін зертгеуден баста (Сюнь-цзы).

• Бүл өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі! Әуелгісі - әрбір жаманшы-лықтың жағасында түрып адамның адамдығын бүзатын жаманшы-лықтан бойын жимақтық, бүл адамға нүр болады. Екінші - өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нүрын, гүлін бүзады. Үшіншісі - қастық қылмақ, қор түтпақ, кемітпек. Олар дүшпандық шақырады (Абай).

• Ғасыр үзақ, сағат қымбат (халық мақалы).

• Өзгерсе өмір әманда,

Өзгерер солай адам да (халық мақалы).

• Іс қымбат емес, іскерлік қымбат (халық мақалы).

3-тапсырма

Өзіңізді тестен өткізіңіз. Сүрақтың жауабын төрт үпайлық жүйемен бағалаңыз. Үпайлар төмендегі жағдайларды көрсетуі керек: «Бүл ту-ралы өте жиі ойлаймын» - 4 үпай, «жиі» - 3 үпай, «анда-санда» - 2 үпай, «сирек» - 1 үпай, «ешқашан» - 0 үпай. Өзіңізді бағалау тесті

1. Мен достарымның қолдағанын қалаймын.

2. Жүмыста әрдайым өз жауапкершілігімді сезінемін.

3. Мен өз болашағым үшін қобалжимын.

4. Көп адамдар мені жек көреді.

5. Менің өзгелерге қарағанда бастамашылдығым аздау.

6. Мен өзімнің психикалық жағдайыма қобалжимын.

7. Мен ақымақ болып көрінуден қорқамын.

8. Басқалардың сырт-пішіні менікінен әлдеқайда жақсы.

9. Мен танымайтын адамдардың алдында сөйлеуге қорқамын.

10. Мен көп қателесемін.

11. Мен адамдармен дүрыс сөйлесе алмайтыныма өкінемін.

12. Мен өзіме толық сенбеймін.

13. Басқа адамдар менің іс-қимылдарымды жиі қолдап отырғанын қалаймын.

14. Мен өте қарапайыммын.

15. Менің өмірім мәнсіз.

16. Көп адамдар мен туралы теріс пікірде.

17. Өз ойларыммен бөлісе алатын жақыным жоқ.

18. Адамдар менен көп нәрсені күтеді.

19. Менің жетістіктерім өзгелерді онша қызықтырмайды.

20. Мен аздап қысыламын.

21. Көп адамдардың мені түсінбейтіндігін сеземін.

22. Мен өзімді қауіпсіз сезінбеймін.

23. Мен себепсіз жиі қобалжимын.

24. Мен адамдар отырған бөлмеге кіргенде өзімді ьщғайсыз сезінемін.

25. Мен туралы адамдар сыртымнан айтатынын сеземін.

26. Мен өзімді еркін сезінбеймін.

27. Өзгелер көп нәрсені менен гөрі жеңіл қабылдайтынына сенімдімін.

28. Жайсыз нәрсеге кезігетіндей боламын да түрамын.

29. Адамдардың қалай қарайтындығы мені толғандырады.

28. Менің көпшіл болмағаным өкінішті-ақ.

29. Пікірталастарда мен ойымның дұрыс екендігіне сенімді болғанда ғана ойымды айта аламын.

30. Көпшіліктің менен не күтетіні туралы ойланамын.

Егер сіз 0-ден 25-ке дейін ұпай жинасаңыз, онда сіз өзіңіздің іс-қимылдарыңызға сенімді адамсыз; 26-дан 45-ке дейін - өзіндік баға-ның орташа деңгейі; 46-дан жоғары қарай - өзіндік бағаның төменгі деңгейі (өзіңіз туралы айтылған сын ескертпелерге қиналасыз, өз іс-қимылдарыңыздың дүрыстығына күдіктенесіз).

Өзіндік жұмыс

1. Өзіңіздің темпераменттік формулаңызды анықтаңыз. Сіздің «паспортыңыз» Темперамент формуласын анықтау

Адамда темпераменттің әр түрлі типтерінің белгілі бір пайыздық мөлшері болады. Бүл темпераменттік мөлшерді (модельді) білу өзіндік бақылауды және өз істеріне баға беруді тиімді атқаруға мүмкіндік туғызады, қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін және әдістері мен тәсілдерін дүрыс талдауға, өз іс-әрекетін сауатты жүргізуге, жолдастық жақсы қарым-қатынастар орнатуға ықпал етеді. Темперамент моделін анықтау әдістемесі берілген кестедегі тест ретінде үсынылған «паспортты» толтыру қажеттілігін талап етеді. Темперамент формуласын анықтаудағы жүмыс тәртібі: а) Төрт топқа белінген қасиеттер жазылған мәтінді оқи отырып, егер, оның кейбірі өз бойыңыздан байқалатын болса, онда «иә» деп жауап беру қажет.

б) Нәтижелерді өңдеу алгоритмі. Алдымен, әрбір топтағы (А1 А2 А3 А4) «иә» деп берілген жауаптардың жалпы санын шығару керек. Содан соң төмендегі темперамент формулалары бойынша темперамент түрлерінің пайыздық арақатынасы анықталады:

І-топ: А1

Шыдамсызсыз, әбігершілсіз

Қызбасыз, ашушаңсыз

Тік мінездісіз, адамдармен қарым қатынаста дөрекісіз

Батыл және бастамашылсыз

Бірбеткейсіз

Пікірталаста тапқырсыз

Үмтылыспен жүмыс істейсіз

Кекшілсіз және ренжігішсіз

Сөзіңіз тез, қызба, дауыс ырғағы ретсіз

Үшқалақсыз, қызба мінездісіз

Агрессивті, сотқарсыз

Тәуекелге бейімсіз

Кемшіліктерге төзімсізсіз

Мәнерлі ымды тез түсінгішсіз

Тез және шешімді қимылға қабілеттісіз

Жаңалыққа үмтылғышсыз

Шалт және шүғыл қозғалатын адамсыз

Қойылған мақсатқа жетуде табандысыз

Көңіл-күйдің тез ауысуына бейімсіз

ІІ-топ: А2

Көңілді және ақжарқынсыз

Қуатты және іскерсіз

Көбіне істі соңына дейін жеткізбейсіз

Өзіңізді асыра бағалауға бейімсіз

Жаңаны тез үғып алуға қабілеттісіз

Қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіз түрақсыз

Сәтсіздіктер мен жаманшылықтарды жеңіл қабылдайсыз

Әртүрлі жағдайларға тез бейімделесіз

Іске қызығып кірісесіз

Егер іс қызықтырмаса, тез айнып қаласыз

Жаңа жүмысқа тез кірісіп кетесіз, бір жүмыстан екіншісіне тез ауыса

аласыз

Күнделікті жүмыстың бірыңғайлылығы тез шаршатады

Көпшілсіз, қайырымдысыз, жаңа адамдар шаршатпайды, қысылмайсыз

Шыдамдысыз және еңбекке қабілеттісіз

Мәнерлі қимылдар мен ишараларды қолдана отырып тез, анық сөйлей аласыз

Кенеттен болатын жағдайларда өзіңізді үстай білесіз

Барлық кезде сергек күйдесіз

Үйқыға тез кетіп, тез оянасыз

Шешімдер қабылдауда көбінесе жинақы емес, асығыссыз

Кейде салғырт өмір сүруге бейімсіз

ІІІ-топ: А3

Сіз байыпты, сабырлысыз

Істе жүйелі және байсалдысыз

Сақ жүресіз және парасаттысыз

Күте білесіз

Түйықсыз және бос сөйлегенді үнатпайсыз

Қатты эмоция, қимылдар мен ишараларсыз, байсалды және бірқалыпты сөйлейсіз

Үстамды әрі шыдамдысыз

Басталған істі аяғына дейін жеткізесіз

Күшіңізді босқа жүмсамайсыз

Өмірде тәртіпті, жүмыста жүйені қатаң үстанасыз

Қарқынды жеңіл тежейсіз

Мақтау мен даттауға көп көңіл бөлмейсіз

Кекшіл емессіз. Қонақтарға кішіпейілділік білдіресіз

Қызығушылықтар мен қарым-қатынастарда түрақтысыз

Жүмысқа және бір істен екінші іске жай кірісесіз

Адамдармен қатынаста бір қалыптысыз

Барлық істе үқыптылық пен тәртіпті үнатасыз

Жаңа жағдайға қинала бейімделесіз

Аз қозғаласыз, салғыртсыз,босаңсыз

Үстамдысыз

ІҮ-топ; А4

Сіз үяңсыз, үялшақсыз

Тосын жағдайда абыржып қаласыз

Бейтаныстармен байланыс орнатуға қиналасыз

Өз күшіңізге сенбейсіз

Жалғыздықты жеңіл көтересіз

Сәтсіздікте абдырап қаласыз және үнжырғаңыз түсіп кетеді

Үяңсыз, түйықсыз

Тез шаршайсыз

Кейде сыбырлап, өлсіз дауыспен сөйлейсіз

Өзге адам мінезіне амалсыз бейімделесіз

Мақтау мен даттауды қолайсыз көресіз

Өзіңізге және өзгелерге үлкен талап қоясыз

Күмәншілсіз

Армандауға бейімссіз

Өте сезімталсыз және тез ренжисіз

Әсерленгішсіз

Тез ренжисіз

Түйықсыз, көпшіл емессіз

Белсенді емес, жасқаншақсыз

Басқалардың көмектесуі мен ниеттес болғанын қалайсыз.

Өздеріңізде анықталган темперамент типтерінің сандық сипатта-рын X және У осьтерінде белгілеңіз. Төрт шеткі нүктені өзара қо-сыңыз. Алынған кеңістікті ішінен бояңыз. Сіз өз темпераментіңіздің нақты моделін алдыңыз.

Темперамент типтерініц жалпы сипаттамалары жайлы оқып шыгыцыз. Темперамент жэне мінез:

Темперамент дегеніміз психикалъщ процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-қүлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиетгер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның түлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін қүрайды. Темпераменттің төрт түрі бар: сангвиник, меланхолик, холерик, флегматик. Бұл төрт типтің ішінде сангвиник пен оған қарама-қарсы - меланхолик сезім темпераментіне жатады. Алғашқысы түйсіктер жүйке жүйесінде және адамның санасында аса жылдамдықпен пайда болады және сырттай бірден байқалады, бірақ іштей түрақсыздығымен сипатталады. Меланхолик темпераментінде түйсік (сезім) сырт кезге онша байқалмайды, бірақ іштей өте терең және үзақ болып келеді. Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын түрады.. Оны ауыр ой мен дене еңбегі тез шаршатады.

Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның, әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстылардың бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді.

Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мүндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз» дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дүрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді.

Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жүмыстан гөрі әрекетсіздікке бейім. Мүндай адам әсерлене бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде үзақ болады. Мінез - бүл түлғаның адамдарға және орындалатын жүмысқа қатынасын анықтайтын түрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста (темперамент сияқты) көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән қүлық ерекшелігін білдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе үстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәуелді.

2. Сіздер студент болдыңыздар, емтихан қиындықтарынан өттіңіздер, енді өздеріңізге «Мен студенттік өмірден не күтемін?» деген сұрақ қойған жөн. Сіз үшін жауапты кезең туды және де дербес шешімдер қабылдайтын кезең туды. Ересек адам ретінде алғашқы шешіміңіз – оқу бағыты мен мамандық таңдау жүзеге асты. Біз бүгін «Қалай үздік студент болуға болады және өмірді қалай мәнді өткізуге болады?» деген сұрақтарға жауап табуға тырысыңыздар.

Өзіңіздің ересек кезіңізде ие болғыңыз келетін (немесе сіз үмтылған) мәртебеңізді жазып көріңіз (мамандық, мекен-жайыңыз, отбасыңыз, хобби, әлеуметтік жағдайыңыз, кызметіңіз және т.б.).

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Ересек адамға не маңызды - соған келесі сабақта талдау жасап, дайындап келіңіз: ақша, қоғамдық жағдай, бақытты отбасы, мансап, кәсіби табыс, мықты денсаулық және т.б.

4. Теңбүйірлі үшбүрыш салыңыз және осы сипаттамаларды оның төменгі жағынан басына дейін ретімен жазып шығыңыз.

4. Хрестоматиядан «Жаңа қауымдастық» тарауындағы қазақ мақал-мәтелдерін, даналардың ой-пікірлерін, Әбу Насыр әл Фарабидің «Бақыт жолын сілтеу» трактатынан үзіндіні оқып шығьщыз және алған әсерлеріңізді курстастарыңызбен бөлісіңіз.

2-сабақ