Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Балалар мекемесіндегі санитарлы

.doc
Скачиваний:
95
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
126.46 Кб
Скачать

Балалар мекемесіндегі санитарлық-техникалық жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Балалар мен жасөспірімдер мекемесіндегі ауалы-жылулық тәртібі. Балалар мен жасөспірімдер үшін әртүрлі бөлмелердегі ауа алмасудың гигиеналық нормалары. Балалар мен жасөспірімдер мекемесінде табиғи және жасанды желдету. Жергілікті сорып шығару желдеткіштің құрылымы. Аэрация. Балалар мекемесінде қолданылатын жылыту жүйесінің гигиеналық сипаттамасы.Күн жарығының биологиялық мәні. Балалар мен жасөспірімдер мекемесінің жарықтануына қойылатын гигиеналық талаптар. Кәсіптік-техникалық мекемелерінің, мектеп шеберханаларының, оқу және сынып бөлмелерінің, мектепке дейіңгі топтық бөлмелерінің табиғи және жасанды жарықтануының гигиеналық нормативтері. Электр жабдықтарының (люминисцентті жарықтану және қызу шамдары) гигиеналық сипаттамалары. Балалар мекемесінде ультракүлгін жетіспеушілігінің алдын алу. Балалар мекемесінде ауыз сумен қамтамасыздандырудың гигиеналық ұйымдастырылуы. Әртүрлі мекемелеріндегі сумен тұтынудың нормасы және сумен қамтамасыздандырылуы. Қоқыстарды жою. Оқушылар және жасөспірімдер үшін, мектепке дейіңгі балалар үшін дәретхана бөлмелеріндегі құрылымдары мен жабдықтары. Қол жуғыштар мен душтар санын есептеу үшін нормативтер.  Балалар ағзасының дамуы мен өсуі. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы.

Биологиялық және әлеуметтік факторлардың тәуелділігіне байланысты балалар ағзасының дамуы мен өсуінің негізгі заңдылығы. Биологиялық жүйенің сенімділігі және ағзаның жеке дамуы. Жастық мерзімнің және олардың балалар мен жасөспірімдер гигиенасы үшін маңызы, биологиялық және календарлық жас.

Ағзаның дамуы және акселерация мен ретардацияның өсуі оның көріністері. Акселерация себептерінің жорамалы. Акселерация секулярлы тренд көрінісі ретінде, оның әлеуметтік және гигиеналық маңызы. Жас дамуының әртүрлі кезендегі өсу ағзасының морфофункциональдік ерекшелігі. Жоғары жүйкелік қызметінің типтері. Түсініктің анықтамасы – өсу ағзасының денсаулығы; денсаулық топтары және олардың сипаттамасы.

Дене даму, денсаулықтың негізгі бір көрсеткіші. Балалар мен жасөспірімдер құрамдарының дене дамуына әлеуметтік факторлардың әсері. Балалар мен жасөспірімдер дене дамуының динамикасы. Балалар мен жасөспірімдер дене дамуының динамикалық көріністерінің мақсаты мен міндеті. Дене дамудың зерделеу әдістері – жекелей және жаппай. Дене дамуының стандарттары, центильді шкала. Дене дамуының құрамдық әдісі. Жеке жас құрамдар дене дамуының бағасы. Балалар мен жасөспірімдер денсаулығының жағдайы, оның зерделеу әдістерімен көрсеткіштері (өзінің қаралуы бойынша сырқаттылық, патологиялық зақымданушылық, денсаулық индексі, жиі ауратындар саны және т.б). Балалар мен жасөспірімдер тұрғындар сырқаттанушылығының жас құрылымы. Балалардың жарақаттылықтары.

Балалар мен жасөспірімдер іс-әрекеттерінің гигиенасы. Іс-әрекеттері денсаулықтың күшеюі және даму мен өсудің факторы ретінде. Іс-әрекеттерінің түрлері және олардың зат алмасуына және ағзаның күшіне әсері. Іс -әрекеттерінің формалары (ұйымдасқан және ұйымдаспаған). Жасына және жынысына байланысты қозғалыстағы (кинезофилия) биологиялық қажеттілік. Ағзаның биологиялық ырғақтығы.  Күн тәртібінің физиологиялық негіздері. Бастауыш сынып және мектепке дейіңгі жастағы, мектеп алдындағы балалардың жоғары жүйкелік қызметінің ерекшеліктері. Осы ерекшеліктердің маңызы және мекемелердегі қызметтің әртүрлі түріндегі күн тәртібінің биоырғақтылық типтері. Жасына байланысты жеке тәртіптік кезеннің ұзақтылығы (қызмет, ұйқы, тамақты қабылдау, демалыс және т.б). Динамикалық стереотип.Мектепке дейіңгі балалардың күн тәртібінің ерекшелігі. Мектепке дейіңгі балалардың күн тәртібі, мектеп жасындағы балалардың күн тәртібі (кіші, орташа және жоғары). Мектеп-интернатта, мектептердегі ұзартылған күннің және топтардағы күн тәртібінің ерекшіліктері. Мамандандырылған балалар мекемесіндегі денсаулықтары әлсіз балалардың күн тәртібі. Орта кәсіптік-техникалық мектептердегі оқушылардың күн тәртібі. Ұйқы, оның физиологиялық мәні. Жасына байланысты ұйқының созылуы. Ұйқыны гигиеналық ұйымдастырылуы. Ашық ауа жағдайында ұйқының сауықтандыру маңызы. Күн тәртібін оқыту кезінде қолданғанда, ағзаның функциональды жағдайын зерделеу әдістемесі.  Оқу-тәрбиелеу үрдісінің гигиеналық негізі. Қажудың физиологиялық мәні, оның әртүрлі жастық топтарындағы даму ерекшелігі. Ақыл-ой жұмысқа қабілеттіліктің типтері. Организмнің биологиялық ырғақтың жұмыс қабілеттілігіне әсері. Мектепке дейіңгі мекемелеріндегі тәрбиелеу процесінің гигиеналық негізі. Мектепке дейіңгі жастағы балалардың гигиеналық негіздеуіне үйрету. Мектепке дейіңгі мекемелеріндегі сабақ жүргізудің әдістемесі мен ұзақтылығы. Оқытуға («мектептік кемелділік») функциональді дайындық мәселелерінің гигиеналық аспектілері.

Мектепте 6 жастағы балалардың оқу процессі ұйымдасуының гигиеналық принциптері. Бастауыш сыныптардағы оқушыларды оқытуының гигиеналық негіздері; 1 сыныптағы оқытудың сатылы тәртібі. Сабақтың ұзақтылығына және оның құруына гигиеналық негіздемесі. Жылдың, аптаның, оқулық күннің гигиеналық негіздемесі. Мектепте оқу сабағының жеке пәндердің тереңдетіліп оқыту (математика, физика, биология, шет тілі және т.б.) тәртіптерінің ерекшелігі. Оқытудың техникалық құралдарды қолдануының гигиеналық негізі. Үй тапсырмасына дайындалуының гигиеналық ұсыныстары. Емтихандарға қойылатын гигиеналық талаптар. Топта және ұзартылған күн мектептерінде, мектеп-интернатында, денсаулық жағдайында ауытқулары және ақаулары бар балалар мен жасөспірімдер мекемесіндегі оқу процессінің ұйымдастырылуының гигиеналық негізі. Орта кәсіптік-техникалық мектептерінде оқу процессінің гигиеналық негізі. Жасына байланысты сыныптан тыс жұмыстарының гигиеналық нормалануы. Демалыс күндеріне, каникулға, оқу және оқудан тыс уақытының ұйымдастыруына қойылатын гигиеналық талаптар. Белсенді демалыс және оның қажудың алдын- алуының маңызы. Ашық ауа жағдайында балалардың сауықтандырудың мағынасы. Ағзаның функциональді жағдайы және жұмысқа қабілеттіліктің зерттеу әдістемесі.

Балалар мен жасөспірімдер мекемесінің құрылуының және жобалануының гигиеналық принциптері. Балалар мен жасөспірімдер үшін жобалау және құрылу мекемесінің сұрақтары бойынша заң шығаратын және нормативті құжаттар.Қаладағы және басқа елді мекен пунктеріндегі балалар мекемесінің торабы. Балалар мен жасөспірімдер мекемесінің сиымдылығы және олардың гигиеналық бағасы. Қалада және ауылдағы балалар мен жасөспірімдер мекемесінің орналасуына гигиеналық принциптері. Қызмет көрсету аумағы. Мектепке дейіңгі мекемелердің (бөбек-бақша) жобалануының гигиеналық принциптері. Учаскелерге (топырақтың жағдайына, мөлшеріне, жобалануына; оқшаулау топтық алаңдардың болуына, дене шынықтыру алаңына; жасылдануына, инсоляцияға, жабдықтарға және т.б) қойылатын гигиеналық талаптар. Топтық оқшаулар. Топтық ұяшықтардың құрамы, олардың өзара орналасуы, қабат бойынша орналасуы. Бөлек бөлмелеріне (топтық ойнау бөлмесі, ұйықтайтын бөлмеге және т.б) қойылатын гигиеналық талаптар. Негізгі бөлмелердің орналасуы. Мектептердің ұзартылған және толық күн жобалануының гигиеналық принциптері. Мектеп учаскесіне қойылатын гигиеналық талаптар: мөлшеріне, жобалануына, аумақ сипаттамасына – спорттық, оқу-тәжірибелік, демалыс шаруашылық аумағына; жасылдануына, құрылымдарына. Мектеп ғимаратының жобалануының құрылымы. Бөлмелер – негізгі, қосымша, қызметтік және олардың қабат бойынша өзара орналасуы. Бөлек бөлмелерге қойылатын гигиеналық талаптар (оқу бөлмесіне; оқу кабинеттеріне, лабораторияларына, оқу шеберханаларына, гимнастикалық бөлмесіне, актовый, асханаға, рекреационды бөлмелерге және т.б). Ұзартылған күн бөлмелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп-интернаттарының жобалануының гигиеналық принциптері. Бөлмелердің өзара орналасуы. Медициналық оқшаулау-пунктіне, асханаға, ұйықтайтын бөлмелерінің кешендеріне қойылатын гигиеналық талаптар.Медициналық және әкімшілік-қызметтік бөлмесіне, асхана мен ас үйдің, жатақханалардың, оқулық және оқу-өндірістік бөлмелеріне; орта кәсіптік-техникалық мектептердің бөлмелеріне және учаскелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Сауықтандыру мекемелерінің жобалануына қойылатын гигиеналық талаптар. Бөлмелердің павильионды типті орналасуы. Ас үйге, асханаға, ұйықтайтын, оқшаулау бөлмелеріне және т.б. қойылатын гигиеналық талаптар.Балалардың мектептен тыс мекемелерінің (балалар кітапханасы, балалар мен жастар сарайы және т.б) құрылуына және жобалануына қойылатын гигиеналық талаптар. Дене тәрбиелеу үшін (гимнастикалық бөлмелер, стадиондар, бассейіндер) ашық және жабық құрылыстарына қойылатын гигиеналық талаптар. Санаторлы-ормандық мектептерінің жобалануына қойылатын гигиеналық талаптар. Казіргі замандағы балалар мен жасөспірімдер мекемелер құрылуының және жобалануының ерекшеліктері. Жаңа құрылыстық және әзірлеу материалдары, оларды санитарлық-гигиеналық бағалау.  Балалар мен жасөспірімдердің керек-жарақтарына және жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар. Сабақтың және жұмыстың түрлеріне байланысты денесінің дұрыс қалыпта болуының физиологиялық негізі (бала бақшада сабақ уақытында, парта және оқу үстелі, слесарь мен ұсташы верстактары, зертханалық үстелдер). Оқу жиһаздары мен жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар (мектепке дейінгі мекемелердегі орындық пен үстелдер, парталар, оқушының орындығы мен үстелі, зертханалық үстел, верстак, станок). Сынып бөлмелері мен кабинеттерде, зертханалар және шеберханаларда оқу және зертханалық жабдықтардың орналасуы. Балалардың аспаптарына қойылатын гигиеналық талаптар. Спорт залының жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың оқу-құралдары мен оқулықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Оқу процестерінде (кино, компьютерлік технологиялар) техникалық құралдарды қолдануға гигиеналық ұсыныс беру. Балалар ойыншықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. Жыл мезгіліне, түріне, жасына байланысты киімдерге қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп жасындағы, бөбек жасындағы балалардың киімдері. Оқушылардың киімдері. Спорт киімдері. Ауылшаруашылық жұмысын орындауда және кәсіпорында, шеберханаларда жұмыс жасау үшін арнайы киімдер. Таза ауада ұйықтауға арналған киімдер.

Аяқ киімдерге, оның материалдарына, жасалуына қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың керек-жарақтарына және жабдықталуында синтетикалық материалдарға қойылатын гигиеналық талаптар.

Еңбектік, политехникалық және өндірістік оқытудың гигиеналық негіздері. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуына және денсаулық жағдайына еңбектің әсері. Жынысқа және ағзаның жастық мүмкіндікке байланысты еңбек қызметтерінің нормалану түрлері. Мектепке дейіңгі мекемелердегі еңбек тәрбиесі және оларды ұйымдастырудың гигиеналық жағдайы. Оқушылардың еңбектік және политехникалық оқытуының гигиеналық және физиологиялық негіздері. Еңбекке қызмет көрсету сабағына, шеберхана жұмыстарына, қолмен еңбек жасау сабағының ұйымдастыруына қойылатын гигиеналық талаптар. Жұмыс қабілеттілігіне еңбек сабағының күн тәртібі мен күнделігінің үлестіру әсері. 9-11 сыныптағы (ОӨК) өндірістік оқудың ұйымдасуына гигиеналық талаптар. Ауыл шаруашылық бойынша еңбек тәжірибесінің ұйымдастырылуының гигиеналық принциптер. Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық-пайдалы еңбектің ұйымдастыруына қойылатын гигиеналық талаптар. Өзіне-өзі қызмет жасау – еңбектік тәрбиелеудің құрамдас бөлігі және олардың ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.

Әртүрлі профильдегі орта кәсіптік-техникалық мектептеріндегі оқу-өндірістік процессінің ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар. Жасөспірімдер ағзасына өндірістік орта факторларының әсері (жоғарғы және төменгі температура, шу, діріл, химиялық заттар). Кәсіптік және политехникалық оқыту кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Ауыл шаруашылығында, өндірісте, оқу-өндірістік комбинатында, мектеп шеберханасында жарақаттылықтың алдын алуы.Кәсіптік бағыт беру, оның медико-физиологиялық аспектісі. Жасөспірімдерге дәрігерлік-кәсіптік кеңес. Мамандыққа медициналық көрсеткіштері мен көрсеткіштеріне қарсы туралы түсінік. Мамандықтың санитарлық мінездемесі (профессиограмма). Кәсіптік жарамдылығының психофизиологиялық критерилері. Политехникалық және өндірістік оқытуына медицициналық бақылау. Жасөспірімдердің еңбегі бойынша ҚР Заңнамасы.

Дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері. Дене тәрбиесінің физиологиялық негіздері. Жасына және жынысына байланысты қозғалыстағы биологиялық қажеттілігі. Қозғалыс координациясының және қозғалыс дағдылардың дамуы. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуына және денсаулық жағдайына дене тәрбиесінің әсері. Тәуліктік қозғалыс белсенділік, оның жасына байланысты нормалануы. Балалар мен жасөспірімдер гиподинамиясы.

Дене тәрбиесінде қолданылатын заттары мен нысаны (дене жаттығулары, қозғалмалы ойындар, қозғалмалы алданыштар, спорттық алданыштар, спорт, туризм, экскурсиялар және т.б). Емдік гимнастика, корригирленген гимнастика, мүсін бұзылудың алдын алуы және т.б.

Шынықтыру, оның физиологиялық мәні. Шынықтырудың негізгі принциптері. Ағзаны шынықтыру үшін қолданылатын заттар. Балалар мен жасөспірімдер спортын мамандандырудың медициналық аспектілері.Жастық және балалық спорттық мектептерінде, спорттық мектеп-интернатында, жалпы білім беру мектептерінде, спорттық сыныбындағы сабақты ұйымдастыруының гигиеналық негіздері. Мектепте, мектепке дейіңгі мекемелеріндегі және т.б. дене тәрбиесі сабағындағы гигиеналық бағалар. Ашық ауада дене тәрбиесінің, сауықтандыру сабағынын ерекшелігі. Дене тәрбиесін дәрігерлік бақылау. Дене тәрбиесінің топтары, денсаулық жағдайына байланысты дене жаттығуларымен шынықтыруға тұрақты және уақытша шектеулер. Ағзаның функциональді мүмкіндігі мен дене тәрбиесін ұйымдастырудың гигиеналық әдістемесі.  Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану гигиенасы. Өсіп келе жатқан ағзаның зат алмасудың және қуаттылықтың ерекшелігі оның энергетикалық балансын жағымды құру үшін ұтымды тамақтануында гигиенаның ролі.Балалар тамақтануындағы белок компоненттерінің мәні. Аминқышқылдық құрамына талаптар. Майлар және оның балалар тамақтануындағы мәні. Көмірсулардың физиологиялық мәні. Витаминдердің ролі, олардың зат алмасу процестеріне қатысуы. Минералді заттар, олардың зат алмасу процесіндегі ролі және олардың пластикалық қызметі. Биомикроэлементтер және олардың физиологиялық мәні. Балалар тамақтануындағы жануар және өсімдік тектес өнімдердің ролі. Балалар мен жасөспірімдер тамақтануындағы физиологиялық нормалар. Балансталған тамақтанудың ролі.Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың тамақтану тәртібінің гигиеналық негізі. Мектеп-интернатында, ұзартылған күндегі мектептерде және мектептерде тамақтанудың тәртібі. Жас спортсмендердің тамақтануына қойылатын гигиеналық талаптар. Әртүрлі сауықтандыру мекемелеріндегі тамақтану. Оқушылардың тәжірибелік жаздық ауылшаруашылық мезгіліндегі, экскурсиядағы және жорықтағы тамақтанудың ұйымдастырылуы. Орта кәсіптік-техникалық мектептердегі оқушылардың тамақтануы. Денсаулық жағдайының ауытқулары бар балалар мекемесіндегі тамақтанудың ұйымдастырылуы. Улы инфекцияның алдын алуындағы балалар мекемесіндегі тамақтанудың ұйымдастырылуына медициналық қызметкерлердің ролі. Балалар мен жасөспірімдер мекемесіндегі ас дайындау жұмыскерлердің денсаулық жағдайын бақылау. Қызметтің сипатына және денсаулық жағдайына, жасына байланысты бала мен жасөспірімдердің тамақтану бағасының гигиеналық әдістемесі. Ұйымдасқан ұжымдағы оқыту әдістемесі. Балалар мен жасөспірімдер мекемесіндегі ас дайындау зерттеуінің санитарлық-гигиеналық әдістемесі.  Балалар мен жасөспірімдер үшін мекемелерде эпидемияға қарсы жұмыс. Жұқпалы аурулардың алдын-алуда санитарлық және эпидемияға қарсы режимнің сақталуы және мекеменің жайлылану дәрежесінің, жоспарлануының маңызы. Балалар мекемелерінде топтық және жекелей оқшаулаудың принциптерінің сақталуы. Балалар мекемелерінде жұқпалы ауруларды тасушылармен күрес жүргізу. Балаларды алдын-ала тексерудің мәні. Карантиндік шараларды ұйымдастыру. Балалар мекемелерінің қызметкерлеріне алдын-ала тексерулер жүргізу. Балалардың жеке бас гигиенасын сақтауын бақылау.  Гигиеналық тәрбиелеу. Балалар мен жасөспірімдерді гигиеналық тәрбиелеудің маңызы. Әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мекемелерде гигиеналық тәрбиелеу бойынша жұмыстардың формасы және мазмұны. Оқу жұмысының жалпы жүйесінде гигиенаның негізін оқыту. Жеке бас гигиенасы. Балалар мен жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеудің гигиеналық негіздері. Санитарлық ағарту жұмысы бойынша (Қызыл Крест қоғамының жұмысына қатысу және медико-санитарлық үйірмедегі сабақтарға қатысу) қоғамдық жұмыстардың түрлерін ұйымдастыру.

Балалар мен жасөспірімдер мекемелер, ата-аналар арасында санитарлық –ағарту жұмыстарын ұйымдастыруда медициналық қызметкердің ролі.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы сауықтандыру шаралары. Толығымен сауықтандыру шараларын жүргізудің гигиеналық негіздері. Әр түрлі жастағы балалар үшін сауықтандыру мекемелерінің түрлері (балалар және жастардың демалу мекемелері, мектепке дейінгі саяжайлар, денсаулығында ауытқулары бар балалар үшін санаториялық мекемелер). Жазғы сауықтандыру жұмыстарын дайындауына байланысты ескертпелі санитарлық қадағалаудың сұрақтары. Балалар контингенттеріне медициналық көмек көрсету. Жазғы сауықтандыру мекемелерін ағымды санитарлық қадағалау. Жазғы сауықтандыру мекемелерінің күн тәртібі. Тамақтануын ұйымдастыру. Табиғи факторларды қолдана отырып, экскурсия, спартакиада, жарыстар ұйымдастыруға гигиеналық ұсыныс жасау. Жазғы сауықтандыру мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Балалар мен жасөспірімдер арасында жазғы сауықтандырудың тиімділігі. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау мемлекеттік санитарлық қадағалаудың міндеті. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша дәрігердің құқығы және міндеті. Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша дәрігерінің жұмысының әдістері және мазмұны. Қалада және аудандарда ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдер контингентерінің арасында сауықтандыру шараларын жүргізу және денсаулық жағдайын зерделеу. Жазғы сауықтандыру жұмыстарын жүргізу. Балаларға арналған керек-жарақтарды шығаруда және балалар мен жасөспірімдер мекемелерін қайта салу және құрылыстауында, ескертпелі мемлекеттік санитарлық қадағалауды іске асыру. Ағымды санитарлық қадағалауды жүргізу және ұйымдастыру. Әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары. Қалада және аудандарда ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдер контингентеріне емдік –алдын алу қызметін көрсету. Балалар мекемелеріндегі (мектепке дейінгі мекеме, мектептер) және мектеп-мектепке дейінгі біріктірілген балалар емханаларындағы дәрігер жұмысының әдістері және мазмұны. Орташа кәсіптік-техникалық мектептің дәрігерінің жұмысының әдістері және мазмұны. Денсаулығында ауытқулары бар және ауыратын балаларға емдік профилактикалық көмек. Балалар мен жасөспірімдерге санаторлық-курорттық көмектерді ұйымдастыру. Өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын қадағалау балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша санитарлық дәрігердің міндеті және дәрігердің деонтологиясы. Санитарлық дәрігердің медициналық қызметкерлермен, балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік-шаруашылық аппаратымен, емдік-профилактикалық мекемелерімен, қызмет көрсететін аудандағы адамдармен өзара байланысуындағы моральды және құқықтық принциптері. 

ДАМУЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ

 

Жалпы білім беретін мектептегі балалардың үлгермеушілік мәселесі көптен бері педагогтардың, психологтардың, медиктердің және социологтардың көңілін алаңдатуда. Олар дамуы артта қалған  балаларға жатпайтын, бірақ білім деңгейі шектелген балалар категориясын ашып тапты және оларды «ПДК» деп атады.

М.С.Певзнер және Т.А.Власова (1968, 1973) ПДК баланың жеке бас қалыптасуындағы эмоциалық даму роліне көңіл аударды. Баланың ПДК – ананың екіқабат алғашқы айларында түрлі патогендік факторлар арқылы орталық нерв жүйесіне әсер етілген қолайсыз жағдайлар арқылы пайда болатындығын анықтайды. Сонымен қатар, ПДК психологиялық-педагогикалық түзетумен қатар, емдеу шараларды да жүргізілу керектігі айқын болды.

Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру процесі болып табылады. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие процесі- күрделі диалектикалық процесс. Жас ұрпақ, бойына саналықты қоршаған ортаға адамгершілікті көз-қарасты, мектеп мақсатына сай, адамзат тарихының бай процестерін игеру. Тәрбие процесі- ұжымды дамытумен, қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты және өзара байланысты қызметі.

   Тәрбие бұл- жағдайды ұйымдастырудың үрдісі, сондықтан жағдайды ұйымдастыру мақсатты түрде болса ғана, тәрбиенің қорытындысы жоғары және сапалы болады. Осындай жағдайлардың негізінде, тәрбиенің мөлшері шектелген, таяз түрі оқытушының, оқушыға әсер ету процесі деп байқау, осындай жағдайдың негізінде құрастырылған. Сондықтан да, бұл тәрбиеден бас тартуға тура келеді.

   Тәрбие- балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін тәрбиелеп, тәрбиешінің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Сондықтан да, тәрбиешінің ортадан айырмашылығы осындай заңдылықтарға байланысты.

   Педагогика тарихында тәрбиенің рөлін аса артық бағалаушылар да болады. Д.Локк: «Адамның көзқарастарымен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі!» деген сыңар қорытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны табиғатынынан-ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза, ақ тақтаға жазуы тиіс.

  Бұл жерде Локк тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, әлеуметтік орта тұқым қуалаушылық факторларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағаламайды.

   В.Г.Белинский бала жаны не болса, соны жаза беретін таза, ақ тақта емес, оған өмір жазатын әріптер тәрбие мен жазу құралына және сол тақтаның сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиешінің рөлін жоғары бағалай келе, адамның дамуына тұқым қуалаушылықпен ортаның әсерін де ескерген жөн деді

   Локк пен Белинскийдің көзқарастары бойынша, адамды адамның қанауы жағдайында тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен, кесірліктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсарту және сапасын өзгертіп жөндеуге болады деген жорамалды ойға әкелді.

   Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс- әрекеттерінің тиімді етуін ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының саралау жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

   Қай білім ошақтарын алсақ та, ол жерде білім алу мен қатар тәрбие де алып шығады.

   Енді арнайы мектептегі тәрбие мәселесіне тоқталсақ, революциядан кейін арнайы мектептер ашыла бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзге жуық арнайы мектептер бар. Бұл мектептерде орыс және қазақ тілдерінде білім беріледі. Республикамыздағы арнайы мектептер балаларға білім беруде және тәрбиелеуде көптеген жетістіктерге жетті. Арнайы мектептің педагогикалық ұжымы білім беруде және тәрбие дәрежесін көтеруге өз үлестерін қосты.

   Арнайы мектеп, жалпы мектептің тәрбиелік міндеттері бірдей. Арнайы мектептің тәрбиелік проблемаларына оқушының жеке ерекшеліктері, кемістіктері күрделеніп, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағынан жанұя, кемістіктің құрамы, жас ерекшеліктері, тәрбиешілердің арнайы білімдерінің жоқтығы жатады.

   Сондықтан тәрбие процесі мұғалім мен тәрбиешінің жұмысына байланысты. Сондықтан біз, яғни келешек ұрпақтың мақсаты- мүмкіндігі шектеулі бала- болашақта қандай адам болатыны педагог пен тәрбиешінің жұмысына байланысты.

  Ол үшін оқушыларға дәйекті білім беру мен мамандарды еңбек білімін, іскерліктерін және дағдыларын жариялау ғана емес, қалыпты адамға сай, адамгершіліктік сапаларын тәрбиелеу керек, яғни, еңбек сүйгіштік ұжымда жұмыс істей алу, кіші, үлкендерді сыйлау, жауапкершілік, адамгершілік. Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларда қалыптастыру керек:

1.                 Күн тәртібін орындау.

2.                 Жекелеген қатынас

3.                 Әр түрлі үйірмелерге қатысуы.

4.                 Жүйелі қадағалау.

   Ұжым тұлғаның мінезіне толығымен әсерін тигізеді. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша « Ең бастысы- адам ұжымда қалыптасады. Сол себептен бала ұжымын тәрбиелеу басты міндет болып табылады.» Тәрбие процесін жүргізу үстінде тұлғаның жағымды жақтарын айқындау қажет және де есту мүшелері зақымданған балалардың қалыпты қызметке сүйене отырып, түзету жұмыстарын жүргізу керек.

     Мектеп ұжымының іс-әрекеті баланың арасындағы қарым-қатынасты ұлғайтады. Балалардың қарым-қатынасын сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да ұйымдастырады.

   Қазіргі уақытта арнайы мектепте, жалпы мектептегідей сынып жетекшісі оқытады және тәрбиелейді. Сынып жетекшісі- өзінің сыныбына тәрбие жұмысын қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектеп оқушылары қозғыш болып келеді. Мұғалімдерді тыңдамай, жан-жағына алаңдап, қасындағы жолдасына жұмыс жасауына мүмкіндік бермей, кедергі келтіреді. Осы себептен арнайы мектепте тәрбие тәрбие мазмұнының рөлі аса зор. Мұғалім оқушыға тек бір жақты қарамай, оның мінез-құлқына, кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор мән беру қажет. Кейбір есту қабілеті зақымданған балалар қарапайым нәрсені орындаудан бас тартады. Мұндай кезде мұғалімнің талап қойғыштығы болу керек. Балаға бас салып ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі тиіс.

  К.С. Лебединская өзінің ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде ПДК этиопатогенетикалық жұмыс жүйесін ойлап тапты.  Бұл жұмыста ПДК әр түрлі сыныпиникалық типтері анықталады, олардың бәрі құрылымы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді.

1. Гармониялық инфантимум – ПДК-ның конституциялық пайда болуы,- эмоциялық – ерік өрісі алғашқы даму сатысында болады және әдеттегі құрылымда көрінеді. Бұл балаларда кездесетін қиындықтарды М.С. Певзнер және Т.А. Власова жалпы жеке бастың мотивациялық өрісінің жетіспеушілігімен байланыстырады.

2. Соматогендік негізінде пайда болған ПДК. Бұл тип (аномалияның) соматикалық жетіспеушіліктен пайда болады: хроникалық инфекциялар, аллергия, туа біткен және кейін пайда болған жүрек ақауы (порок сердца). Мұндай балалар - өзіне-өзі сенімсіз, қорқақ, қимыл-қозғалысы баяу, шектеулі.