Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
01_ush_negiz.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
321.54 Кб
Скачать

Мухаммад ибн Суләйман әт-Тамими

ҮШ НЕГІЗ

және оның дәлелдері

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Кіріспе

Біліңіз, сізді Аллаһ рақымына бөлесін, біздің әрбірімізге төрт мәселені үйрену парыз!

Біріншісі – білім. Ол Аллаһты, Оның пайғамбарын және Ислам дінін дәлелдермен тануды өзіне қамтиды.

Екіншісі - соған сәйкес амал ету.

Үшіншісі - оған шақыру (да`уат ету).

Төртіншісі - осы (жолдағы) қиыншылықтарға сабыр ету.

Бұған дәлел - Аллаһтың келесі сөздері:

                

«Кештен алдынғы уақытпен (немесе уақытпен) ант етемін! Ақиқатында, адам - зиянда. Тек иман келтіргендерден, ізгі амал жасағандардан, бір-біріне хақты үгіттескендерден және бір-біріне сабырды үгіттескендерден басқа». («Аср» сүресі, 1-3-аяттар)

Имам әш-Шәфи`и (Аллаһ оны рахым етсін): «Егер Аллаһ адамдар үшін бұл сүреден өзге ешбір дәлел түсірмегенде де, осының өзі жеткілікті болар еді», - деген. Имам әл-Бухари (Аллаһ оны рахым етсін) «Білім – сөздер мен амалдардан бұрын!» тарауында: «Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:

               

«Біл, Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ, кейін күнәларың үшін жарылқау тіле!» («Мухаммад» сүресі, 19-аят)

Аллаһ білімді сөздер мен амалдардан бұрын атады», - деп жазған.

Біліңіз, Аллаһ сізді рахымына бөлесін, әрбір мұсылман ер мен әйел үшін мына үш мәселені түсіну және соларға сәйкес амал ету парыз: Біріншісі: Аллаһ бізді жаратты, ризықтандырды, және бізді өздерімізге тапсырып тастап қойған жоқ. Ол бізге елші жіберді. Оған (елшіге) бағынғанның әрбірі Жәннәтқа кіреді, ал кім оған мойынсұнбаса – Тозаққа түседі. Аллаһтың келесі сөздері бұған дәлел болады:

                  

«Расында, Фир`аунға елші жібергеніміздей, сендерге де куә ретінде елші жібердік. Сонда Фир`аун елшіге қарсы келді, сондықтан оны азаптаушы ұстаумен ұстап алдық». («Муззәммил» сүресі, 15-16 - аяттар)

Екіншісі: Аллаһ құлшылықта Оған (кімді яки нені болса да) серік қосқанға разы болмайды. Тіпті ол (Аллаһқа) жақын болған періште не жіберілген пайғамбар болса да. Бұған дәлел - Аллаһтың келесі сөздері:

        

«Расында, сәжде жасайтын орындар мен мүшелер Аллаһқа тән. Сондықтан Аллаһпен бірге ешкімді шақырмаңдар». («Жжин» сүресі, 18-аят)

Үшіншісі: Елшіге бағынатын және құлшылығын жалғыз Аллаһқа арнаған адамның Аллаһ пен Оның Елшісіне дұшпандық көрсететіндерге достық пен сүйіспеншілік танытуына тыйым салынған, тіпті олар ең жақын туыстары болса да.

Бұған дәлел - Аллаһтың келесі сөздері:

                                                        

«Аллаһқа және Ақырет Күніне иман келтірген қауымның Аллаһ пен Оның Елшісіне қарсы шыққандармен достасқанын көрмейсің, тіпті олар – аталары, не балалары, яки ағайын-туыстары болса да. Олардың жүректеріне Аллаһ иман жазып, Өз тарапынан рухпен қуаттады. Және оларды астарынан өзендер ағатын жәннат бақтарына кіргізеді және олар онда мәңгі қалады. Аллаһ оларға разы, ал олар Аллаһқа разы. Міне, солар - Аллаһтың тобы. Расында, Аллаһтың тобы - құтылушылар». («Мужәдалә» сүресі, 22-аят)

Біліңіз, Аллаһ сізге Өзіне бағынуды нәсіп етсін, бірқұдайшылықты ұстану (әл-Ханифийя) – бұл Ибраһимнің діні. Оның мәні - сенің жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етіп, дінді ұстануда шын ықыласты болуың. Аллаһ барлық адамдарға осыны бұйырды, өйткені Ол оларды осы үшін жаратты. Аллаһ Тағала бұл туралы:

      

«Мен жындар мен адамдарды тек Өзіме құлшылық етулері (лийә`будун) үшін ғана жараттым», - деп айтқанындай. («Зәрият» сүресі, 56-аят)

«Йә`будун» сөзінің мағынасы - «юуаххидун» (яғни Аллаһты құлшылықта жалғыздау, бірлеу). Аллаһтың ең ұлы бұйырығы - бірқұдайшылықты (таухидті) ұстану. Ол тек Аллаһқа ғана құлшылық етуді білдіреді.

Ал Аллаһ тыйым салған ең ұлы нәрсе – ширк, яғни Аллаһпен бірге басқаларға да құлшылық жасау. Бұған дәлел - Аллаһтың келесі сөздері:

       

«Аллаһқа құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді серік қоспаңдар». («Ниса» сүресі, 36-аят)

Егер сізден: «Адам білуі парыз болған үш негіз қандай?» - деп сұраса, оған: «Құлдың (адамның) өз Раббысын, дінін және пайғамбары Мухаммадты (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) тануы», - деп жауап беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]