Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Ауыл шаруашылы коммерциялы жне коммерциялы емес йымдарды ыты жадайы

..doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
38.4 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі

М.Ауезов атындагы Оңтустік Қазақстан

Мемлекеттік университеті

ЭССЕ

Тақырыбы: Ауыл шаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы.

Орындаған: Төлебай А

Тобы:ЮМ-13-1к6

Қабылдаған:_____________

2015

Ауыл шаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы.

Ауылшаруашылық ұйымдар коомерциялық және коммерциялық емес

болып бөлінеді. Ауылшаруашылық коммерциялық ұйымдар өндірістік-

шаруашылық қызметпен айналысады және өз қызметінің нәтижесінде пайда

табуды көздейді.

Ауылшаруашылық коммерциялық ұйымдарға: толық серіктестіктер;

сенім серіктестіктері; акционерлік қоғамдар; өндірістік кооперативтер және

Шаруашылық жүргізу құқығына және жедел басқару құқығына негізделген

мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындар жатады.

Ауылшаруашылық коммерциялық емес ұйымдарға: тұтыну

кооперативтері; қоғамдық ұйымдар; мекемелер; заңды тұлғалардың

қауымдастықтары (ассоциациялар және одақтар); қайырымдылық қорлары

және тағы басқа заңдармен анықталған ұйымдар.

Ауылшаруашылық ұйымдар заңды тұлға болып танылады.

Ауылшаруаышлық тауар өндірушілер түріне және нысанына байланыссыз өз

қызметін және ауылшаруашылық өндірісін негізгі өндіріс құралы - жер және

табиғи ресурстар негізінде жүзеге асырады. Ауылшаруашылық ұйымдар заңды тұлға ретінде Қазақстан

Республикасының Азаматтық кодексінің 33- ші бабына сәйкес, жеке меншік

құқығында, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында

оқшауланған мүлікке ие болады және өз міндеттмелері бойынша өз мүлкімен

жауап береді, өз атынан мүліктік немесе жеке мүліктік емес құқықтарды

иеленеді және жүзеге асыра алады, сотта талапкер немесе жауапкер бола

алады, жек баллансы және сметасы болады.

Ауылшаруашылық ұйымдар өз қызметін жарғының не құрылтай шарты

мен жарғының негізінде жүзеге асырады.

Заңды тұлға статусына ие барлық ауылшаруашылық ұйымдар заңды

тұлғаларды тіркеу туралы заңға сәйкес әділет органдарында тіркелуі тиіс.

Барлық ауылшаруашылық ұйымдар құқықтық қабілеттілікке, яғни

құқықтар мен міндеттерге ие, әкімшілік, еңбек, жер, мүліктік қатынастарға

және өзге де қатынастарға түсе алады.заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі

оны мемлекеттік тіркеуден басталып, заңды тұлғаны таратумен аяқталады.

Егер лицензия алу талап етілетін қызметпен айналысатын болса, онда құқық

қабілеттілік лицензия алынған кезден басталып, лицензия қайтарылып

алынған, мерзімі аяқталған немесе заңмен көрсетілген тәртіппен жарамсыз

деп танылған сәттен заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі аяқталады.

Ауылшаруашылық ұйымдары мүшелерінің келісімімен ерікті түрде немесе

заңға сәйкес сотпен мәжбүрлі түрде таратылады.

Ауыл шаруашылық өндірістік коопертивтерінің құқықтық жағдайы.

Ауылшаруашылық өндірістік кооператив ауылшаруашылық өнімді

өндіруге арналған және өндірісті бірлесіп ұйымдастыру мақсатында өнімді

өндірушілерді біріктіреді.

Қайта ұқсатушы кооператив өнімді қабылдайды, сорттайды, жабдықтайды,

этикеткалар жабыстырады, тауарлық белгіні анықтайды, сақтайды, жарнама

жасайды және сатады. Бұл кооперативтер ауылшаруашылық өнімді сатып

алушылармен жұмыс жасайды.

Өткізуші кооперативтер тікелей өніммен айналыспайды, тек оны сатуға

байланысты шарттарды анықтап келіссөздер жүргізеді. Өнімді тауар

өндірушілердің өздері өңдеп, жабдықтап жеткізеді.

Сатып алушы кооперативтерден сатушылар өндіріс құралдарын және тұтыну тауарларын кейін сату үшін алдын ала сатып алып қояды.