Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Намаз оуды дрыс лгісі

.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Намаз оқудың дұрыс үлгісі

(таң намазының парызы). «Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызын оқуға, жүзімді қараттым құбылаға». Ниет шын жүректен айтылуы тиіс. Ниеттің тек тілмен ғана айтылып, жүрекпен бекітілмесе намаз қабыл болмайды.

1. «Аллаһу әкбәр» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп ифтитаһ тәкбірі алынады. Ифтитаһ тәкбірін алып,  Аллаға құлшық ету кезінде  ештеңе адамның ойын бөлмеуі керек.  Әйелдер  тәкбір алғанда  алақандары құбылаға қарап, саусақтары жәй ғана ашық қалпында және саусақ ұштары иықтардың тұсына келетіндей түрде қолдарын жоғары көтереді.

2. Тәкбір алғаннан  кейін қол байлайды. Түрегеліп тұрғанда сәжде  жасайтын жерге қарап тұрады. Оң қолы сол қолының үстіне келетін түрде, қолдарын кеудесіне ұстап, «Субханака»дұғасын айтады: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смукә уә тәғала жәддукә уә лә иләһә ғайрук».

Мағынасы: «Я,Алла! Сен кемшілік сипаттардан пәк және ұзақсың. Сен әр уақыт мақтауға лайықсың. Сенің атың мүбарак. Сипатың өте жоғары. Мақтауға лайық. Сенен өзге Тәңір жоқ»

Содан кейін: «Әғузу биллаһи минаш-шайтанир-ражим. Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» айтылады.

Мағынасы: «Лағынеті шайтанның азғыруынан бір Өзіңе сыйынамын».

Содан кейін, Құрандағы «Фатиха» сүресін оқиды: «Әлхамду лилләһи раббил-аләмин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-дин, йиәкә нағбуду уа ийәәкә нәстаиин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзинә әнғамтә аләйһим, ғайрил-мағдууби аләйһим уәладдааал-лиин. Амин».

Мағынасы: «Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы, Рахман, Рахим және қиямет күнінің Иесі Аллаға тән. Тек Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала көр. Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына. Ашуға ұшырағандарың және адасқандардың жолына емес»

3. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп рукуғқа барады. Рукуғта  3 рет «Субхана раббиял азим» (мағынасы:«Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Рукуғта сәжде  жасайтын жерге қарайды. Әйелдер рукуғта арқасын кішкене еңкіш ұстап, еркектердегідей  саусақтарын ашпай, қолдарын тізелерінің үстіне қояды. Тізе шынтақтарын біраз бүгіп тұрады.

4. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді!

5. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады. Сәждеге жығылғанда алдымен тізелер, содан кейін қолдар және маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында болады. Сәждеде 3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Әйелдер сәждеде білек, шынтақтарын қабырғаларына тигізіп ұстайды. Аяқтары саусақтарымен жерге тіреліп, тік ұсталады. Саусақтарының ұштары   құбылаға қараған түрде келеді. 

 

6. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады. Отырғанда қол саусақтардың ұшы тізеге тиіп, қолдар санның  үстіне қойылады.

Екі сәжде арасында «Субхан Аллаһ» дейтіндей бір қысқа уақыт отырылады. Әйелдер екі аяғын оң жағына жіберіп, жартылай жамбастап отырады.

7. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») дейді.

8. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп екінші рәкатқа тұрып қолдары байланады. Сәждеден тұрғанда: алдымен бас, одан кейін қолдар, соңында қолдар мен тізені таянып, тік тұрады. Осымен бір рәкат орындалады.

Түрегеп тұрып, оң қолын сол қолының үстіне қойып,«Бисмилләһ рахманир рахим» деп айтады. Сосын«Фатиха» сүресін оқиды: «Әлхамду лилләһи раббил-аләмин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-дин, йиәкә нағбуду уа ийәәкә нәстаиин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзинә әнғамтә аләйһим, ғайрил-мағдууби аләйһим уәладдааал-лиин. Амин».

Мағынасы: «Барлық мақтау бүкіл әлемдердің Раббы, Рахман, Рахим және қиямет күнінің Иесі Аллаға тән. Тек Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тура жолға сала көр. Нығметке бөлендіргендеріңнің жолына. Ашуға ұшырағандарың және адасқандардың жолына емес».

2. Бірінші рәкаттағыдай  «Аллаһу әкбар» (мағынасы:«Аллаһ Ұлық») деп рукуғқа барып, 3 рет  қайталап «Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік  атаулыдан  пәк») деп айтады.

 4. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Аллаһ Өзін мадақтаған жанның мадағын естиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Аллаһ! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді!

5. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп сәждеге барады. Сәждеге жығылғанда алдымен тізелер, содан кейін қолдар және маңдай мен мұрын жерге тиеді. Сәждеде бас екі қолдың арасында болады. Сәждеде 3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады. Әйелдер сәждеде білек, шынтақтарын қабырғаларына тигізіп ұстайды. Аяқтары саусақтарымен жерге тіреліп, тік ұсталады. Саусақтарының ұштары   құбылаға қараған түрде келеді. 

6. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Аллаһ Ұлық!») деп басын сәждеден көтеріп, тізерлеп отырады. Отырғанда қол саусақтардың ұшы тізеге тиіп, қолдар санның  үстіне қойылады.

Екі сәжде арасында «Субхан Аллаһ» дейтіндей бір қысқа уақыт отырылады. Әйелдер екі аяғын оң жағына жіберіп, жартылай жамбастап отырады.

7.  «Аллаһу әкбар» («Аллаһ Ұлық») дер сәждеден басын көтеріліп тізерлеп отырады. Отырғанда саусақтарының ұшы тізеге тиіп, қолдары санның үстіне қойылады. Отырғанда«Әт-тәхият» дұғасын айтады: «Әт-тәхияту лилләһи уас-салауату уа-таййбәәт, әс-сәләәму аләйка әйюһән-нәбию уә рахматуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму аләйнә уа алә ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расуулуһ ».

Мағынасы: «Тілмен, денемен және мал-мүлікпен орындалатын ғибадаттардың бәрі Аллаға ғана тән. Я Жоғарғы мәртебелі Пайғамбар! Алланың сәлемі, рахметі және берекеті саған болсын! Сәлем және сәлеметтік бізге және Алланың игі құлдарына болсын. Шаһадат айтамын, Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ екеніне. Және де шаһадат айтамын Мұхаммед (ғ.с.) Алланың құлы әрі елшісі».

Содан кейін «Аллаһумма салли» дұғасы айтылады:

«Аллаһумма салли алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид».

Мағынасы: «Я,Алла! Ибраһимге және ұрпақтарына рахмет еткеніңдей Мұхаммедке және Мұхаммедтің ұрпақтарына да рахмет ет. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».

Сосын «Аллаһумма барик» дұғасын айтады:

«Аллаһумма бәрик алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәрактә алә Ибраһимә алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид».

Мағынасы: «Я, Алла! Ибраһимді және ұрпақтарын мүбәрәк еткеніңдей Мұхаммедті  және Мұхаммедтің ұрпақтарын да мүбарак  қыл. Шын мәнінде Сен аса мақтаулы, әрі жоғарысың».

Содан кейін «Раббәнә әтинә» дұғасы айтылады:«Раббәнә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә азәбән-нәр».

Мағынасы: «Я,Алла! Бізге дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер. Және тозақ отынан сақтай көр»

8. Соңында бірінші оң иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп сәлем береді

9. Сосын  сол иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум  уа рахматуллаһ» деп  сәлем береді.

10. Намаз аяқталған соң,  екі қолды кеуде деңгейіне қойып мына дұғаларды  оқиды: «Әстағфируллах! Әстағфируллах! Әстағфируллах! (мағынасы:Аллаһтан кешірім сұраймын!). Сосын «Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм» (мағынасы: «Аллаһым! Сен - сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті - Сенсің. Ей, құдірет пен жомарт иесі Раббым») деген дұға айтылады.

На­маз­ды же­ке оқу үл­гі­сі

Бам­дат на­ма­зы

Бам­дат на­ма­зы­ның ал­ды­мен екі рә­кат сүн­не­ті оқы­ла­ды. «Бү­гін­гі бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­тін оқу­ға ниет етт­тім» деп ниет етіп, де­реу екі қо­лын екі құ­ла­ғы­на та­қап, «Аллаһу әк­бар» сө­зін ай­тып, тәк­бір ала­ды. Осы­дан кейін қол­да­рын бай­лап, «Суб­ха­на­ка Аллаһум­ма уә би-хам­ди­ка уә тә­бә­ра­кас-му­ка уа та'ала жәд­ду­ка уә ләә илә­һә ғайру­ка», «Ә'узу бил­ла­һи ми­наш-шайта­нир-ра­жим,Бис­мил­ла­һир-рах­ма­нир-ра­хим» дейді де, «Фа­ти­ха­ны» оқып, со­ңын­да іш­тен «әмин» дейді. Одан кейін Құ­ран­нан ұзақ бір аят яки үш қыс­қа аят не­ме­се сү­ре оқы­ла­ды. Бұ­дан кейін «Аллаһу әк­бар» дейді де, рү­күғ­ке ба­ра­ды. Бұл жер­де кем де­ген­де үш рет«Суб­ха­нАллаһил-азим» деп тәс­бих айта­ды. Со­сын «Сә­ми' Аллаһу ли­мән ха­ми­даһ» сө­зін ай­тып, қиям­ға ба­ра­ды. Қиям­ға ба­ры­сы­мен «Аллаһум­ма Раб­бә­нэ уә лә­кәл-хамд» деп айта­ды. Бұ­дан кейін «Аллаһу әк­бар» деп сәж­де­ге ба­ра­ды. Сәж­де­де үш рет «Суб­ха­на Раб­биял-а'ла»дейді де, «Аллаһу әк­бар» деп, сәж­де­ден тү­ре­ге­ліп, бір тәс­бих айты­ла­тын­дай уа­қыт оты­ра­ды да, қайта «Аллаһу әк­бар» деп екін­ші сәж­де­ге ба­ра­ды. Мұн­да да үш рет «Суб­ха­на Раб­биял-а'ла» деп тәс­бих ете­ді. Осы­лайша бір рә­кат аяқ­та­ла­ды.

Екін­ші сәж­де­ден кейін «Аллаһу әк­бар» деп, екін­ші рә­кат­қа бас­тау үшін қиям­ға тұрады. Түрегеп тұ­рып тек қа­на «Бис­мил­лаһ» пен «Фа­ти­ха» жә­не қо­сым­ша сү­ре оқы­ла­ды. Бұ­дан кейін бі­рін­ші рә­кат­та­ғы се­кіл­ді рү­күғ пен сәж­де жа­са­ла­ды. Екін­ші сәж­де­ден кейін оты­ра­ды. Бұл – екі рә­кат­тық на­маз­дың соң­ғы оты­ры­сы. Осы жер­де «әт-та­хият», «салауат», «раббанә әтина» дұ­ғалары оқы­ла­ды. Олар мы­на­лар: «Әт-та­хияту лил­ла­һи уас-салауату уа'таййба­ту, әс-сә­ла­му а'ләйка әйю­һән-нә­бию уә рах­мә­тул­ла­һи уә бә­рә­ка­ту­һу, әс-сә­ла­му а'ләйна уә а'ла ибә­дил­ла­һис-саали­хин, әш­һа­ду ән ләә илә­һә иллАллаһ уә әш­һә­ду ән­нә Му­хам­мә­дән аб­ду­һу уә ра­су­луһ»,

«Аллаһум­ма сал­ли а'ла Му­хам­мә­дин уә а'ла әли Му­хам­мәд. Кә­мәә сал­лайта а'ла Иб­ра­һи­мә уә а'ла әли Иб­ра­һим. Ин­нә­кә ха­ми­дун мә­жи­ид. Уә бәә­рик а'ла Му­хам­мә­дин уә а'ла әли Му­хам­мәд. Кә­мәә бәә­рәк­тә а'ла Иб­ра­һи­мә уә а'ла әли Иб­ра­һим. Ин­нә­кә ха­ми­дун мә­жид».

 «Раб­бә­нәә әәти­нә фид-дү­ниә ха­са­на­тән. Уә фил-әәхи­ра­ти ха­са­на­тән. Уә қи­нәә а'заа­бан-наар.» Осы­дан кейін ба­рып «әс-Сә­ла­му а'лай­кум уә рах­ма­тул­лаһ» деп, ал­ды­мен – оң­ға, со­нан соң – сол­ға сә­лем бе­ре­ді. Мі­не, осы­лайша екі рә­кат­тық на­маз аяқ­та­ла­ды. Не­гі­зі на­маз осы екі рә­кат­тық қоз­ға­лыс­тан тұ­ра­ды. Бұл на­маз­да­ғы бар­лық «тәк­бір», «тәс­бих», «қы­ра­ғат­ты» тү­гел­дей құ­пия оқи­ды. Ер мен әйел­дің на­маз­да­ғы айыр­ма­шы­лық­та­ры жайлы жо­ға­ры­да ай­тып өт­кен­біз.

Мі­не, екі рә­кат сүн­нет біт­кен­нен кейін бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­кат па­ры­зы бас­та­ла­ды. Ал­ды­мен қа­мат айты­ла­ды да, па­рыз­ға ниет еті­ле­ді. Осы­дан кейін қол­да­рын кө­те­ріп, «Аллаһу әк­бар» деп, на­маз­ға бас­тайды. Бұл екі рә­кат тұп-ту­ра, жо­ға­ры­да өт­кен екі рә­кат сүн­нет се­кіл­ді оқы­ла­ды. Бі­рақ «Фа­ти­ха­дан» кейін Құ­ран­ды кө­бі­рек оқу – сүн­нет. Бұл сүн­нет­тің азы – қы­рық аят. Бі­рақ үш аят оқы­са да бо­ла­ды. Бам­дат на­ма­зын же­ке оқы­ған адам тәк­бір­лер­ді, «Фа­ти­ха» мен сү­ре­лер­ді яки аят­тар­ды, «Сә­ми' Аллаһу ли­мән ха­ми­даһ­ты» жа­рия оқи ала­ды.

 

Бе­сін на­ма­зы

Бе­сін на­ма­зы­ның ал­ғаш­қы төрт рә­кат сүн­не­ті­нің ал­дың­ғы екі рә­ка­ты дәл бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­ка­ты се­кіл­ді оқы­ла­ды. Яғ­ни, сүн­нет­ке ниет етіп, қол байла­нып, екі рә­кат оқып оты­ра­ды. Бі­рақ бұл жер­де әт-та­хият­ты оқы­ған­нан кейін «Аллаһу әк­бар» деп ор­ны­нан тү­ре­ге­ліп, қиям­ға ба­ра­ды. Салауат пен дұ­ға оқыл­майды. Салауат пен дұ­ға әр­қа­шан на­маз­дың соң­ғы оты­ры­сын­да оқы­ла­ды. Қиям­ға бар­ған соң «суб­ха­на­ка» дұ­ға­сын оқы­май, бір­ден Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха», Құ­ран­нан сү­ре оқы­ла­ды. Одан кейін рү­күғ жә­не сәж­де­ге ба­ра­ды да, сәж­де жа­са­ған соң қайта қиям­ға тұ­ра­ды. Мұн­да да бис­мил­лаһ, «Фа­ти­ха», аз­дап Құ­ран оқы­лып, рү­күғ, сәж­де жа­сап оты­ра­ды. Бұл на­маз­дың со­ңы бол­ған­дық­тан, осы оты­рыс – «ақыр­ғы оты­рыс» деп са­на­ла­ды. Мі­не, осы кез­де «әт-та­хият», «салауат», дұ­ға оқы­лып, сә­лем бе­рі­ле­ді.

Ал бе­сін на­ма­зы­ның па­ры­зы бы­лайша оқы­ла­ды: Сүн­нет оқы­лып біт­кен­нен кейін қа­мат ай­тып, бе­сін на­ма­зы­ның па­ры­зын өтеуге ниет ете­ді. Со­дан кейін екі қо­лын кө­те­ріп, тәк­бір ай­тып, қол бай­лайды да, дәл таң на­ма­зы­ның екі рә­кат па­ры­зы се­кіл­ді оқы­ла­ды. Бі­рақ түс­кі на­маз төрт рә­кат бол­ған­дық­тан, екін­ші рә­кат­тан кейін оты­рып, «әт-та­хият­ты» оқи­ды да, «Аллаһу әк­бар» деп ор­ны­нан тү­ре­ге­ліп, үшін­ші рә­кат­қа бас­тайды, Бұл жер­де тек қа­на Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха» оқы­ла­ды. Яғ­ни, қо­сым­ша сү­ре, аят оқыл­майды. Со­дан кейін рү­күғ пен сәж­де­ге ба­ра­ды да, қайта «Аллаһу әк­бар» деп, төр­тін­ші рә­кат­қа бас­тайды. Мұн­да да тек қа­на Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха» оқы­лып, рү­күғ, сәж­де­ге ба­ра­ды да, ақыр­ғы оты­рыс­қа оты­ра­ды. Бұл соң­ғы оты­рыс бол­ған­дық­тан, «әт-та­хият­тан» кейін, «салауат» пен дұ­ға оқып, сә­лем бе­ре­ді. Осы­лайша бе­сін на­ма­зы­ның төрт рә­кат­тық па­ры­зы аяқ­та­ла­ды. Бұ­дан кейін бе­сін на­маз­дың екі рә­кат сүн­не­ті оқы­ла­ды. Бұл сүн­нет­ке ниет ет­кен­нен кейін дәл бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­ті се­кіл­ді орын­да­ла­ды. Же­ке адам бұл на­маз­ды құ­пия оқи­ды.

 

На­маз­ды­гер на­ма­зы

На­маз­ды­гер на­ма­зы­ның па­рыз­дан бұ­рын оқы­ла­тын төрт рә­кат сүн­не­ті – мүәк­кад бол­ма­ған сүн­нет. Мұ­ның әр­бір екі рә­ка­ты өз ал­ды­на же­ке на­маз се­кіл­ді. Сон­дық­тан бұл на­маз­ға бас­тар­да адам на­маз­ды­гер на­ма­зы­ның төрт рә­ка­ты­на ниет ете­ді де, ал­ғаш­қы екі рә­кат­тан кейін оты­рып, әт-та­хият пен са­лауат­ты оқи­ды. Яғ­ни, бұл жер­де дұ­ға оқыл­майды. Мі­не, осы­дан кейін «Аллаһу әк­бар» деп, қайта үшін­ші рә­кат­қа бас­тайды. Бұл үшін­ші рә­кат­ты бас­тар­да на­маз­ды жа­ңа­дан бас­та­ған­дай етіп, ал­ды­мен «суб­ха­на­ка», «әуз'у мен бис­мил­лаһ», одан кейін «Фа­ти­ха» жә­не қо­сым­ша сү­ре оқып, рү­күғ пен сәж­де­ге ба­ра­ды. Бұ­дан кейін тәк­бір ай­тып, төр­тін­ші рә­кат­ты бас­тайды. Рү­күғ пен сәж­де­ден кейін оты­рып, «әт-тахия», «салауат», дұ­ға оқып, екі жақ­қа сә­лем бе­ре­ді.

На­маз­ды­гер на­ма­зы­ның төрт рә­кат па­ры­зы дәл бе­сін на­ма­зы­ның төрт рә­кат па­ры­зы се­кіл­ді оқы­ла­ды. Айыр­ма­шы­лы­ғы – на­маз­ды­гер на­ма­зы­на ниет ету. Бұл на­маз құ­пия оқы­ла­ды.

 

Ақ­шам на­ма­зы

Ақ­шам (на­маз­шам) на­ма­зы­ның үш рә­кат па­ры­зы бе­сін мен на­маз­ды­гер на­ма­зы­ның ал­ғаш­қы үш рә­кат на­ма­зы се­кіл­ді оқы­ла­ды. Ал­ды­мен ақ­шам на­ма­зы­ның па­ры­зы­на ниет ете­ді де, қол кө­те­ріп, тәк­бір ай­тып, қол бай­лайды. Со­дан кейін жо­ға­ры­да ай­тыл­ған­дай екі рә­кат оқы­лып, бол­ған соң оты­рып, «әт-та­хият» оқи­ды. Бұл – бі­рін­ші оты­рыс. Мі­не, осы­дан кейін тәк­бір ай­тып, үшін­ші рә­кат­қа бас­тайды. Бұл жер­де Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха» оқы­ла­ды да, сү­ре, аят оқыл­май, рү­күғ пен сәж­де­ге ба­рып, ақыр­ғы оты­рыс­қа оты­ра­ды. Бұл жер­де «әт-та­хият», «салауат» жә­не дұ­ға оқып ба­рып, екі жақ­қа сә­лем бе­ре­ді. Ақ­шам на­ма­зын­да уа­қыт қыс­қа бол­ған­дық­тан қыс­қа сү­ре­лер оқы­ла­ды.

Ақ­шам на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­ті – айна-қа­те­сіз бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­тін­дей оқы­ла­ды. Же­ке адам ақ­шам на­ма­зы па­ры­зы­ның екі рә­ка­тын бам­дат на­ма­зы­ның па­ры­зы се­кіл­ді жа­рия оқи ала­ды. Бі­рақ соң­ғы рә­кат­та Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха­ны» құ­пия оқи­ды.

 

Құп­тан на­ма­зы

Құп­тан на­ма­зы­ның ал­ды­мен төрт рә­кат сү­нет­ті оқы­ла­ды. Бұл – на­маз­ды­гер на­ма­зы­ның төрт рә­кат сүн­не­тін­дей мүәк­кад бол­ма­ған сүн­нет. Айна-қа­те­сіз на­маз­ды­гер­дің төрт рә­кат сүн­не­ті се­кіл­ді оқы­ла­ды. Осы­дан кейін­гі оқы­ла­тын төрт рә­кат құп­тан па­ры­зы да дәл бе­сін жә­не на­маз­ды­гер па­рыз на­маз­да­ры се­кіл­ді оқы­ла­ды. Айыр­ма­шы­лы­ғы құп­тан на­ма­зы­на ниет еті­ле­ді. Осы­дан кейін оқы­ла­тын екі рә­кат сүн­нет бам­дат на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­ті се­кіл­ді оқы­ла­ды. Бұл жер­де тек ниет өз­ге­ре­ді. Же­ке оқы­ған адам құп­тан­ның ал­ғаш­қы екі рә­ка­тын жа­рия оқи ала­ды.

 

Үтір на­ма­зы

Үш рә­кат­тан тұ­ра­тын үтір на­ма­зы­ның оқы­лу тәр­ті­бі тө­мен­де­гі­дей: Ал­ды­мен үтір на­ма­зы­на ниет ете­ді. Со­дан кейін қо­лын кө­те­ріп, тәк­бір ай­тып, қол бай­лап бас­тайды да, екі рә­кат­тан кейін оты­рып, «әт-та­хият» оқи­ды. Осы­дан кейін тәк­бір ай­тып, ор­ны­нан тұ­рып, үшін­ші рә­кат­қа Бис­мил­лаһ пен «Фа­ти­ха» оқи­ды да, «әмин» де­ген соң, осы­ған жал­ғас­ты­рып аят не­ме­се сү­ре оқи­ды. Осы­дан кейін түрегеп тұ­рып, қол­да­рын құ­ла­ғы­ның тұ­сы­на дейін кө­те­ріп, «Аллаһу әк­бар» деп, тәк­бір айта­ды да, қайта қол бай­лап, түрегеп тұр­ған бойы «құ­ныт» дұ­ға­сын оқи­ды. Со­дан кейін тәк­бір ай­тып, рү­күғ пен сәж­де­ге ба­рып, ақыр­ғы оты­рыс жа­сайды. Әдет­те­гі­дей «әт-та­хият», «салауат» жә­не «раб­ба­на әти­на» дұ­ға­сын оқып, екі жақ­қа сә­лем бе­ре­ді. Мұ­ның дә­ле­лі: Ха­зі­ре­ті Айша бы­лай дейді: «Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) үш рә­кат үтір­ді оқи­тын. Үш рә­кат­тан кейін сә­лем бе­ре­тін». Бас­қа бір ха­дис­те Аллаһ Ел­ші­сі бы­лай дейді: «Ей, Құ­ран иеле­рі! Үтір­ді оқың­дар. Өйтке­ні, Аллаһ жал­ғыз. Тақ сан­ды жақ­сы кө­ре­ді»221.

Үтір на­ма­зы Ра­ма­зан­да ға­на жа­ма­ғат­пен оқы­ла­ды. «Құ­ныт» дұ­ға­сын біл­мей­тін адам «Рәб­бә­нә әәти­нә...» дұ­ға­сын оқи ала­ды.

Құ­ныт дұ­ға­сы. Бұл – Ха­зі­ре­ті Омар мен ұлы Аб­дул­лаһ­тан (р.а.) біз­ге жет­кен:

{أللهُمَّ اِنَّا نَسْتَعِينُكَ وَ نَسْتَغْفِرُكَ وَ نَسْتَهْديكَ وَ نُؤْمِنُ بِكَ وَ نَتُوبُ اِلَيْكَ وَ نَتَوَكَّلُ عَلَيْكَ وَ نُثْنِى عَلَيْكَ الْخَيْرَ كُلَّهُ نَشْكُرُكَ وَ لاَ نَكْفُرُكَ وَ نَخْلَعُ وَ نَتْرُكُ مَنْ يَفْجُرُكَ. أللهُمَّ ايَّاكَ نَعْبُدُ وَ لَكَ نُصَلِّى وَ نَسْجُدُ وَ اليْكَ نَسْعَى وَ نَحْفِدُ نَرْجُو رَحْمَتِكَ وَ نَخْشَى عَذابَكَ اِنَّ عَذابكَ بِالْكُفَّارِ مُلْحِقٌ}

 «Аллаһум­ма инәә нас­та'иину­кә уә нас­тағ­фи­ру­кә уә нәс­таһ­ди­ка уә ну'ми­ну би­кә уә нә­туубу иләйкә уә нә­тәуәк­кә­лу а'лайкә уә нус­ни а'лай­кәл-хайрә күл­лә­һу нәш­ку­ру­кә уә ләә нәк­фу­ру­кә уә нах­ла'у уә нәт­ру­ку мән иәф­жу­рук.

Аллаһум­ма ииәәкә на'бу­ду уә лә­кә ну­сал­ли уә нәс­жу­ду уә иләйкә нас'а уә нах­фи­ду нар­жу рах­мә­тә­кә уә нах­шә а'заабә­кә ин­нә азаабә­кә бил куф­фа­ри мул­хиқ».

Ма­ғы­на­сы: «Аллаһым, біз кү­мән­сіз се­нен жәр­дем жә­не ке­ші­рім ті­леп, се­нен ту­ра жол, һи­даят сұ­рай­мыз. Са­ған иман етіп, кү­нә­ла­ры­мыз үшін са­ған тәубе етіп, са­ған сүйене­міз. Се­ні бар­лық жақ­сы­лық­тар­мен ма­дақ­тап, зі­кір ете­міз. Біз­ге бер­ген ырыс-бе­ре­ке­ңе шү­кір ете­міз. Се­ні те­ріс­ке шы­ғар­май­мыз. Са­ған қар­сы кел­ген­дер­ді те­ріс­ке шы­ға­рып, олар­мен мүл­дем байла­ны­сы­мыз­ды үзе­міз. Аллаһым! Біз тек са­ған ға­на құл­шы­лық етіп, сен үшін на­маз оқып, са­ған сәж­де ете­міз. Са­ған лайық құл бо­лып, се­нің ри­за­лы­ғың­ды алу үшін жі­гер­ле­ніп, қай­рат­та­нып ал­ға ұм­ты­ла­мыз. Се­нің ра­қым­ды­лы­ғың­нан үміт­те­ніп, аза­бың­нан қор­қа­мыз. Кү­мән­сіз, се­нің аза­бың кә­пір­лер­ді қам­ти­ды».