Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1урв.docx
Скачиваний:
77
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
79.38 Кб
Скачать

1-уровень

1.Қазақ тіліне тән дыбыстар: ә, і, ұ, ү, ө, қ, ғ, ң, һ

2.Дауысты дыбыстар  Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э  Дауысты дыбыс тіл, жақ және еріннің қатысына қарай жуан және ''жіңішке, ''ашық'' және қысаң, еріндік және езулік болып жіктеледі:  Тілдің қатысына қарай: Жуан: а, о, ұ, ы, у.  Жіңішке: ә, ө, ү, і, е, и, у, э.  Жақтың қатысына қарай: Ашық: а, ә, о, ө, е, э.  Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ.  Еріннің қатысына қарай: Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.  Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э. 

3.Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі. Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады. Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады. Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, м, н, ң, й, у. Үнді дауыссыздарда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.

4. Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:

  1. Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)

  2. Біріккен сөздер(бойжеткен, баспасөз т.б.)

  3. Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.

  1. Көмектес септік жалғаулары:-мен, -бен, -пен (доп-пен, дос-пен т.б.)

  2. -нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)

  3. -жаң, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар (аға-жан, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, сезім-тал т.б.)

  4. -хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.)

  5. -кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, сөз-уар т.б.)

  6. -ов, -ев, -ин (Cейсенбеков-тің, Aлмабаев-тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.

  7. Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.)

5.Дыбыс үндестігі .Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ. Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес). ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес). б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Қоныспек Қонысбек Тыныспек Тынысбек тас пер тас бер в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жаңағорған Жаңақорған кім гелді? кім келді? КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ. Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз. Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады. Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес). Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар: а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жампейіс Жанпейіс Ермағамбет Ермағанбет ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі. Мысалы: айтылуы: жазылуы: ашшы асшы колхошшы колхозшы б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады. Мысалы:айтылуы:жазылуы түс салтұз сал жассажазса божжігітбозжігіт 

6. Орфография –дұрыс жазамын деген ұғымды білдіретін грек тілінен енген термин.Тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы.Мысалы:Тұратбек, көзсіз, көк ала, итбалық т.б.

Орфоэпия - дұрыс айтамын деген ұғымды білдіретін грек тілінен енген термин.Тілдегі сөздерді дұрыс айту ережелер жиынтығы.Мысалы: Тұратпек, көссіз, көгала, итпалық т.б.

7.Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Түркі тілдерінде екпіннің қызметін сингармонизм атқарады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты, көбіне соңғы буындармен байлаулы болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.  Екпіннің екі түрі бар (қазақ тілінде): бірі – негізгі; екіншісі – көмекші екпін деп аталады.  Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мәселен: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер, орақшылар, балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де, түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады.  Екпін түспейтін буындар  1. Жіктік жалғауына. Мысалы: оқушымыз, барамыз.  2. Болымсыз етістіктің жұрнағына. Мысалы: ағашты жарма, сен оған айтпа.  3. Шылау сөздерге. Мысалы: үй де, мал да – бәрі де аман.  4. Көмекші сөздерге. Мысалы: мен ғой кеңседе болдым, үйге шейін атпен келдім.

8.Тасымал.Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа - раторғай, қара - торғай, қаратор - ғай; күн - делікті, күнде - лікті, күнделік - ті, т. б. Санаулы сөздер дауысты дыбыстан басталып тасымалданады. Мысалы, ау - ыл, бу - ын, қи - ыр, жи - ын, т. б. Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды: 1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т. б. 2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т. б. 3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды:А.Құнанбаев,М.Әуезов,С.Торайғыров,Г. Дулатова,т.б. 4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11 - сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,70 км, 52 кг, 120 г, т. б. 5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т. б.

9. 10. 11. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейді. Мысалы, аяқ деген сөз әрі ыдыстың бір түрі және адамның дене мүшесі мағыналарын білдіреді. Бұл мағыналардын арасында байланыс жоқ. Демек, аяқ деген сөз бірдей айтылғанмен әр мағынасы бөлек-бөлек сөз болып табылады.Сондай-ақ сыр — біреудің құпия ойы және сыр — бояу, жас — адамның нешеге келуі және жас — көзден ағатын су және жас — жастық кез т. б. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздермен шатастыруға болмайды. Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді. Мысалы, әдемі, сулу, келбетті, немесе қысқа, шолақ, келте, немесе кушті, мықты, берік т. б. сөздердің мағыналары бір-біріне жақын, сондықтан да көбіне-көп оларды бірінің орнына екіншісін қолдана беруге болады: әдемі қыз — сұлу қыз, келбетті қыз немесе күшті жігіт, мықты жігіт, берік жігіт т. б. Белгілі бір ұғымды білдіретін мәңдес сөздер тобы синонимдік қатар жасайды. Мысалы: аброй, бедел, қадір немесе мықты берік, күшті, бекем дегендер синонимдік қатар құрайды. Бірақ жалпы ұғымды білдіретін сөздер мен жеке ұғымды білдіретін сөздер немесе бір заттың әр жақты түрін біддіретін сөздер синонимдік қатар жасай алмайды. Мысалы, киім деген сөзге шалбар немесе көйлек синоним бола алмайды, өйткені шалбар да, көйлек те киімнің жеке-жеке түрлері. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейді. Ащы-тұщы, жақсы-жаман, аз-көп, алыс-жақын т. б. Болымсыздық мағынаны білдіретін қосымшалар арқылы жасалған сөздер антоним бола алмайды: Қарлы — қарсыз, желді — желсіз т. б. Антоним болу үшін сөздердің тұлғалары бөлек, мағыналары бір-біріне қарама-қайшы болуы шарт. Кейде антоним сөздер жалпылық мағыналы қос сөз түрінде де қолданылады. Мысалы: Жоғары — төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.

12. Сөз мағынасы. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын, ондағы мағыналардың өзгеру жолдарын зерттейтін ғылым саласын — семасиология деп атайды. Сөз мағынасын сөздің семантикасы деу де олардың бір-біріне синоним болатын қасиетінен туған.  Сөз — дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады. Әрбір сөз белгілі 6ip зат пен құбылыстың аты, ол сөздердің әрқайсысына тән белгілі мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен құбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі ретінде жұмсалады да, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей түсінікті болады. Сөздің мағынасында әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, бояуы, өзіндік мәні, сипаты болады.  Сөздің белгілі бір дыбыстық қүрамда айтылуы оның формасы десек, сөз мағынасы оның мазмұны болмақ. Сөз — aca күрделі тілдік түлға болғандықтан, ен алдымен, сөздің мағынасы мен сөз арқылы берілетін үғымның арақатынасы аныкталады. Мысалы, cym, нан, қapa, көк, оқ, сол, бес, он деген сөздердің дыбыстық қүрамы мен оның білдіретін мағынасының арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды, өйткені, ондай дыбыстық құрамның қай қайсысы болмасын белгілі бір ұғымның аты яки белгісі есебінде қызмет ететін дыбыстық комплекс я сөз деп аталады.  Сөз мағыналары — негізгі мағына және туынды мағына болып екіге бөлінеді.

13. Көп мағыналы сөздер Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді.Мысалы:қол, бауыр, тіл, бас, т.б. Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады. Өздерінің шығармаларында ақын-жазушылар кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып жұмсай береді. Екі күймек бір жанға әділет пе, Қаны қара бір жанмын, жаны жара. Ашиды жаның, қайнайды қаның, Мінездерін көргенде… Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты болса, омоним сөздердің мағыналары бір-бірімен байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады.

14.15.Тура және ауыспалы сөздің мағыналары Сөздің бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы — оның тура мағынасы болып есептеледі. Завод деген сөз жеке тұрып та, сөйлемде келсе де, бір-ақ мағынаны — заводты білдіреді. Сондықтан мұндай сөздерді бір мағына білдіретін сөздер дейміз. Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді: Қол — адамның дене мүшесі. Бұл — осы сөздің тура мағынасы. Сен менің оң қолымсың деген сөйлемде оң қолымсың деген сөз көмекшімсің деген мағынаны білдіріп тұр. Ал қол ұшын береді деген тіркесі жәрдемдесті деген үғымды, қолы жеңіл — ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Бұлар — қол сөзінің ауыспалы мағыналары. Кейде бір сөз бірнеше мағынада да қолданыла береді. Мысалы: Ақ сөзі бірде түсті білдіріп, ақ көйлек деген тіркесте қолданылса; бірде сүт, айран дегенді білдіреді.

16.Неологизмдер (Жаңа) сөздер  Қоғамның дамуына сай тіліміз де дамып, жетіліп отырады. Әр қоғамда халықтың санасына, түрліше жағдайына, рухани есуіне, экономика мен техниканың дамуына байланысты жаңа сөздер пайда болады. Мұндай жаңа сөздерді неологизм деп атайды.  Бұрынгы Советтік дәуірде тілімізге көптеген жаңа сөздер енді. Мысалы: революция, коммунист, комсомол, пионер, колхоз, совхоз, тәлімгер т. б. Қазақ тіліндегі неологизмдер бес түрлі тәсілмен жасалады.  1. Сөздердің мағыналарының жаңаруы арқылы: мұра, әлем, талқылау.  2. Қосымша жалғану арқылы: мұздат-қыш, құра-м, наград-тау, оқу-лық.  3. Сөздердің бірігуі арқылы: өнеркәсіп, бесжылдық, қолөнер.  4. Басқа тілдерден ауысу, ену арқылы: самолет, парашют, химия, телефон.  5. Басқа тілден сөзбе-сөз аудару арқылы: үшбұрыш, жазушы.

17.Термин сөздер – ғылым мен техника, өндіріс саласында қолданылатын арнаулы заттар мен ұғымдардың атауы болатын сөздер. Қазақ тіліндегі термин сөздер екі түрлі жолмен жасалған. 1. Баламасы бар термин сөздер: 1) жергілікті және көне сөздерден жасалған термин сөздер: универсал – әмбебап, устав – жарғы, рынок – нарық, комплекс – кешен, администратор – әкім, т.б. 2) тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған термин сөздер: семья – отбасы, музей – мұражай, герб – елтаңба, гимн – әнұран, паспорт – төлқұжат т.б. 2. Қазақша баламасы жоқ интернационалдық термин сөздер: коэффицент, синус, куб, азон, аммиак, карта, материк, глобус, синтаксис, диалект, антоним, дисфемизм т.б.

18.Көнерген сөздер. Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көп жағдайда тілдін лексикасы жаңа сөздердің есебінен кемеліеніп, үнемі толығып отырса, енді бір ретте кейбір сөздердің тозығы жетпі көнеруіне әкеп соғады. Көнеру процесі кенет бірден бола қалатын қүбылыс емес, әуелі, қолдану жиілігін бәсеңдетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан жаңа ұрпақтың біреине жеткенмен, кейінгілерге еркін жете алмай, түсініксіз болып ұмтыла бастайды. Бара-бара қолданудан біржола ығысып, кейбіреулері тілден жоғалып та кетуі мүмкін.

19. Архаизм. Историзм. Көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне қарай көнерген сөздер архаизмдер жоне историзмдер болып екі салаға бөлінеді. Архаизмдерге әр халықтың күн көріс тіршілігіне салт сана тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүние танымына қарай әр дәуір де өзгеріп басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады. Қазақ тілінде архаизмдердің мынадай түрлері бар:

1. Мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер: тор- қа, мақпал, шайы, пайы, мауыты, биқасап, борлат, лостек, ақсақ, репес, манат, дүрия, патсайы, берен, тұқаба т. б.

2. Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдер: сауьш , ас бсру, ұрын бару, құда түсу, кит кню, жылу,тілеу азық, мертік ас, жарыс қазан, тоқым кагар, отқа салар. бесік кұда, бел құда, жеңгетай. беташар, тасаттык, бастаңғы, қол кесер, шашу, барымта, көрімдік, қалың мал, байғазы, өлітірі, қырықжеті.

Киім-кешек, ыдыс-аяк, атауларына қатысты архаизмдер: шидем, шскпен, күпі, кебіс, сәукеле, жаргак, аба, кісе, жаулық, қоқы, жағлан, күлапара, қол жаулық, кебеже, шара аяқ, көбіс, сапты аяқ, түтқыш, казан қап, көнек, асадал, талыс, шөншік . керсеп ~ астау, кебене, т. б.

Діни ұғымға қатысты архаизмдер: қиямет кайым, мүңкір-нәңкір, қазірет, біродар, зікір, жаназа, мүпти, підия, ақирет, ка-жы, калпе, зексг, құшыр, сәлде, жарапазан, әзірейіл, періште, сәресі, айг, ішірткі, ораза, иігір, бойтұмар, әллие, әнбие, жар болу, аян беру, кітап ашу, құран шығарту, бата оқыр, дем салу, үшкірту, аптау, ұшықтау, пірге кол тлпсыру, шаригат, ақтық байлау, жапнамаз, дұғалық, жыртыс т. б.

5. Ай аттарына қатысты архаизмдер: наурыз—март, көкек—апрель, мамыр—май, маусым— июнь, шілде—июль, тамыз—ав-густ, қыркүйск—сснтябрь, казан— октябрь, қараша—ноябрь желгоқсан—декабрь, қаңтар—январь, ақпан—февраль.

6. Үй тұрмысына, мал атауларына қатысты архаизмдер: итарқа, жаппа, шошала, жолым үй, ергенек, иткірмес, да-ғара, қақыра, аран, шопан ата (қой), қамбар ата (жылқы), ойсыл қара (түйе), зеңгі баба (сиыр), шекшек ата (ешкі) т. б.

7. Әр түрлі ұғымга қатысты архаизмдер: аламан, алапа, ал-бан алаш, аластау, ақсарбас, дат, ақсақалдық, ақшом, ақшомшы, керуен, ақ сүйек, ақтаяқ, сүндеттеу, ақыретшіл, жаушы, жоралғы, мор, бұзачшық, тоганақ, томыртқа, т. б.

8. Жалпы турік тілдеріне тән архаизмдер: будун, ұлық, ұлыс, жұрт, тәнрі, толағай, адақ, дарқан, бек, мешін, т. б.

Көнергсн сөздердің кәнеру дәрежесі үш түрлі болады:

Историзм  — атап білдіретін заттары мен құбылыстары өмірде жоқ, көнеріп қолданудан шығып қалған сөздер мен тұрақты сөз тіркестері.Историзмдерді де бірнеше топқа бөлуге болады

1. Әкімшілік басқарумен байланысты туған историзмдер; хан, ханша, ханым, ханзада, так, таж, уәзір, бек, бекзада, датка, патша аға сұлтан, ауылнан, болыс , старшын, би, казы, атшабар шабарман нөкер, құл,күн, орда малай, бикеш,, бәйбіше,тоқал, дуан,елубас, г б.

2. Әскери атақ пен қару-жараққа қатысты историзмдер; Садак, жак, жебе, қорамсак, оқшантай, сауыт, қалкан, айбалта, найза, жасақ, қосын, шеру, сарбаз, дулыға, байрақ, адырна, қозы жауырын, ақберен, шарайна, наркескен, кіреуке, аламан, білтелі мылтык, шиті’ мылтык, алдаспан т. б.

3. Совет тұсында пайда болған историзмдер: нарком, губком, совдеп, рабфак, алшылар комитеті, кедейлер комитеті, партия ұясы, қызыл эскер, қызыл отау, нәп, нәпман, косшы, өзара салық, ұя қатшы, старба, қара айғыр, төраға т. б.

20.  Диалект сөздер – белгілі бір жердегі(аймақ,облыс,аудан ) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер.Диалект сөздер жалпыхалықтық  болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы: Шымкент, Арыс манында шайнекті — чәугім, жұмыртқаны — тұқым дейді, Орал өңірінде таразыны — шеккі, бәкіні — шаппа, кауғаны — бөрлек десе, Гурьев, Маңғыстауда: көрт, кердері, жанпоз, жарбай сияқты түйе атауының неше түрі бар. Осындай жергілікті халық тілінде ғана колданылатын, белгілі аймақ көлсмінде ғана айтылатын сөздерді диалектизмдер дейді.    Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы : тыңла – тыңда,құдағай – құдаға т.б.   Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды.

21. Кәсіби сөздер Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді: 1. Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқ киім тігетін құрал, тарамыс – аяқ киім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б. 2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші; 2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б. 3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше, торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.

22. Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома(қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.

23. Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі,фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық», «Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық», «Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам баласын»

24. Қосымша. Түбірге жалғанған бөлшек қосымша деп аталады. Мысалы, жақсы+лық, ғылым+ды, адам+дық, дәптер+ге, тау+лар, өзен+де, тілек+тес, табыс+ты, парасат+ты+лық, адам+гершілік, ана+сы+мен. т.б.

 

Қосымша жалғанған сөз қосымшалы сөз деп аталады.

Қосымшаның екі түрі бар: 1) жұрнақ; 2) жалғау.

Қос Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады және өзі жалғанған сөздің рең мәнін түрлендіреді.

Жұрнақ екіге бөлінеді: 1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.

Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады. Мысалы, ақыл + ды + лық, көр + еген + ді + лік, әдіс + кер + лік, талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш +ыра + ңқы, би + ші, қобыз + шы, құм + айт, шөл + ейт, т.б.

Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің рең мәнін ғана түрлендіреді, негізгімағынасын өзгертпейді, жаңа сөз тудырмайды. Мысалы, жапырақ + ша, көл + шік, қора +шық, апа + тай, ата + й, сар + ғыш, қыз + ғылтым, ағ(а) + еке, т.б.

Сөз тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сөз; 2) туынды сөз.

Негізгі сөз – ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір тұлғадағы сөз.

Мысалы, жұлдыз, жең, оқы, сегіз, шапшаң, бүгжең, құрау т.б.

Туынды сөз – жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз. Мысалы, жұлдыз+шы, жеңіл+дік, оқы+мысты, бой+шаң, бүгжең+де, құрау+ла, еңбек+тен, сабыр+лы, дін+дар, арба+кеш, кітап+хана+шы т. б.

Туынды сөз әр түрлі сөз табына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.

 

 

Зат есімнен жасалған туынды сөз

Сын есімнен жасалған туынды сөз

Сан есімнен жасалған туынды сөз

Етістіктен жасалған туынды сөз

Үстеуден жасалған туынды сөз

Еліктеу сөзден жасалған туынды сөз

Одағайдан жасалған туынды сөз

Сапалы

Мейірім-ді

Тазалық

Жақсы-

лық

Үштік

Ондық

Тапқыр

Сезгіш

 

Сонша-ма

Осынша-

ма

Тарсыл

Гүрсіл

Ербеңде

Ойбайла

Шөреле

 

 

25.26. Тілімізде бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы тараған сөздер де кездеседі. Мысалы, өн  өндір, өнгіш, өнім, өнгіз, өндіріс, т.б. Мұндай сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, сөз бен сөздібайланыстырып, жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде жалғаудың төрттүрі бар: 1) көптік жалғау; 2) тәуелдік жалғауы; 3) септік жалғауы; 4) жіктік жалғауы.

 

Көптік жалғаулары: -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер өзі жалғанған сөздерге көптік мағынабереді. Көптік жалғаулары буын үндестігі бойынша жалғанады.

Көптік жалғауының буын үндестігі бойынша жалғануын төмендегідей кесте арқылы көрсетуге болады.

 

С Ө З Д Е Р

Ж А Л Ғ А У Л А Р

Дауысты дыбыстарға;

үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса

-лар, -лер

Ұяң дыбыстарға;

үнді м, л, н, ң дыбыстарына аяқталса

-дар, дер

 

Қатаң дыбыстарға;

Орыс тілінен енген б, в, г, д дыбыстарына аяқталса

-тар, -тер

 

 

 

Көптік жалғауы мынандай жағдайда жалғанбайды:

1. Жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттарына: қант, су, шаш, тұз, май, бидай, күріш, мақта, т.б.

 

2. Халық, ру, ел аттарына: найман, қазақ, арғын, өзбек, татар т.б.

 

3. Адамның ішкі сезімін білдіретін дерексіз зат есімдерге: қуаныш, тілек, ақыл, парасат, жақсылық, мейірім, ізеттілік, көмек, жолдастық т.б.

 

4. Алдынан сан есім келген зат есімдерге: жеті нан, жиырма оқушы, алпыс балуан, тоқсан жылқы, мың қой, сексен түйе т.б.

 

5. Алдынан көп, аз, бірталай, қыруар сияқты сөздер тіркесіп келген зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды: көп адам, қыруар қаржы, бірталай уақыт, аз жұмыс, әлденеше оқушы, бірнеше кітап т.б.

 

Тәуелдік жалғау – үш жақтың біріне меншіктілікті білдіретін грамматикалық категория. Сөздердің тәуелдік жалғауын қабылдауы тәуелдену деп аталады.

 

Тәуелдіктің екі түрі бар: 1) Оңаша тәуелдеу бір не бірнеше заттың бір адамға ғана меншікті екенін білдіреді. Мысалы: менің арманым, сенің мақсатың, оның пікірі, сіздің ойыңыз.

 

2) Ортақ тәуелдеу бір не бірнеше заттың бірнеше адамға меншікті екенін білдіреді. Мысалы:Біздің досымыз, олардың заттары, сендердің кітаптарың, сіздердің інілеріңіз.

3)

ОҢАША ТӘУЕЛДЕУ

ОРТАҚ ТӘУЕЛДЕУ

Менің анам, кітаптарым

Сенің анаң, кітаптарың

Сіздің анаңыз, кітаптарыңыз

Оның анасы, кітаптары

Біздің ініміз, кітаптарымыз

Сендердің інің, кітаптарың

Сіздердің ініңіз, кітаптарыңыз

Олардың інісі, кітаптары

 

Тәуелдік жалғауы негізінен зат есімге жалғанады, сондай-ақ заттанған басқа сөз табына да жалғанады. Мысалы, біз бесеуміз, көзінің ағы мен қарасы, т.б.

Тәуелдік жалғауы -нікі, -дікі, -тікі түрінде де кездеседі. Мысалы, Семейдікі, кітапхананікі,Тілектікі, т.б.

 

Септік жалғау – сөздерді бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын қосымшаның түрі. Сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгеру жүйесісептеу немесе сөздердің септелуі деп аталады. Қазақ тілінде жеті септік бар. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

 

Септік деген термин – сеп, жәрдем, көмек, дәнекер деген ұғымды білдіретін сөздер.

 

Әрбір септіктегі сөз белгілі бір сұрақтарға жауап береді. Сұраққа сәйкес әр септіктің арнаулықосымшалары болады, олар септік жалғаулары деп аталады. Септік жалғаулары әр сөзге буынжәне дыбыс үндестігіне байланысты әр түрлі нұсқада жалғанады.

 

 

СЕПТІКТЕР

 

СҰРАҚТАРЫ

 

СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ

 

Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Көмектес септік

 

Кім? Не?

Кімнің? Ненің?

Кімге? Неге?

Кімді? Нені?

Кімде? Неде? Қайда?

Кімнен? Неден? Қайдан

Кіммен? Немен?

 

жалғауы жоқ

-ның/нің, -дың/дің, -тың/тің

-ға/ге, -қа/ке, -на/не, -а/е

-ны/ні, -ды/ді, -ты/ті, -н

-да/де, -та/те,-нда/нде

-нан/нен, -дан/ден, -тан/тен

-мен, -бен, -пен, -менен,

-пенен, бенен

 

Септеудің екі түрі бар: 1) жай септеу; 2) тәуелді септеу.

 

1) Жай септеу – септік жалғауының түбір сөзге бірден жалғануы.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]