Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
35.58 Кб
Скачать

Жоспар:

І.Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім

1.Халықаралық маркетинг : құрылымы , ерекшеліктері.

2.Маркетинг және қоғам.

ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе

Халықаралық маркетинг концепциясының пайда болуы мен дамуы XX ғасырдың 60-70 жылдарына сәйкес келеді. Дәл осы уақытта маркетинг принциптері негізінде халықаралық масштабта нарықтық қарекеттің қайта құрылуына қажетті алғышарттар қалыптасып, маркетинг корпоративтік басқару мен ұлттық нарықтарда бәсекелік күрес құралы ретінде танылды. Әлемдік нарықтардағы бәсекелестіктің қарқындалуымен, өндірістің күрделі технологиялық және ұйымдастырушылық үлгілерімен, ақпараттық қанықтылықпен сипатталатын қоғамдағы шаруашылықтың бүгінгі даму жағдайында сыртқыэкономикалық қызметтің эффективтілігі, жалпы экономикалық белсенділік сияқты, маркетинг құралдарын пайдалану әдістемесімен және оның мақсаттарымен тығыз байланысты.Сонымен қатар әлемдік экономиканың интернационализациялануы, халықаралық сауданың кеңеюі, капитал мен жұмыс күшінің динамикалық және массалық орын ауыстыруына сәйкес, оның халықаралық аспектілері біршама актуалданады. Сыртқы экономикалық байланыстар барған сайын мекемелер мен ұйымдардың шаруашылық қызметінің маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Шет елдерден шыққан серіктестермен біріге отырып, экономикалық, өндірістік және ғылыми-техникалық мәселелерге ат салыса қатынасуға қызығушылық артуда. Осындай жағдайда көптеген өндірістік салалардың, шағын кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері әлемдік нарық туралы, оның құрылымы, коммерциялық операцияларды жүзеге асыру техникасы жайында объективті ақпаратты қажет етеді. Осы орайда халықаралық маркетингті қолдану сыртқы нарықтарға қатысты ашықтықтың артуына байланысты өте маңызды рөлге ие болып отыр. Маркетинг — шаруашылық шешімдерді қабылдау үшін нарықта орын алып жатқан үрдістерді мұқият есепке алуды қарастыратын капиталистік кәсіпорынды басқару жүйелерінің бірі. Маркетинг мақсаты — өндірістің қоғамдық сұранысқа, нарық талаптарына сәйкес болуы үшін жағдай жасау, нарықты зерттеу, өнім өткізуді қарқындату, тауарлардың бәсекелестік қасиетін жоғарлату бойынша ұйымдастырушылық – техникалық шаралар жүйесін құрастыру. Маркетингтің негізгі қызметтері: сұранысты, баға қалыптастыру мәселелерін, жарнама мен өткізуді ынталандыруды зерттеу, тауар ассортиментін, өткізу мен саудалық операцияларды жоспарлау, тауарларды сақтау, тасымалдау, сауда-коммерциялық персоналды басқару, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша қызмет. Халықаралық маркетинг – бұл компанияның бас өкілдігі орналасқан елдің ұлттық шекарасынан тыс жердегі тауарлар мен қызметтер маркетингі.Ішкі және халықаралық маркетинг арасында айтарлықтай принципиалды айырмашылықтар жоқ. Екі жағдайда да бірдей қызмет ету принциптері пайдаланылады. Алайда халықаралық сауданың өзіндік спецификасына байланысты сыртқы елдердің нарықтық, экономикалық, саяси-құқықтық, әлеуметтік, мәдени ортасын ескермеуге болмайды. Халықаралық сауданың ерекшеліктерін, халықаралық келісім-шарттар мен саудалық практиканы, салт-дәстүрді де есте сақтау керек.

ІІ. Негізгі бөлім

1.Халықаралық маркетинг : құрылымы , ерекшеліктері.

Халықаралық маркетинг —маркетигтің «жоғарғы мектебі». Себебі, экспорт барлық уақытта сауда ісін ұйымдастырудың жоғарғы деңгейіменен сипатталады, ал сыртқы кәсіпорындар маркетинг жетістіктерін қолдану қажеттігін сезеді. «Халықаралық маркетинг » ұғымын «экспорт» ұғымынан айырған жөн. «Дәстүрлі экспортты отандық кәсіпкер өзінің өнімдерін басқа мемлекет фирмаларына, яғни импорттегілерге жеткізумен ғана айналысады» . Халықаралық маркетингте тұтынушыға тауарды жеткізу жолында, халықаралық нарықтың әр сатысын белсенді, жоспарлы және жүйелі түрде игеру, онда өңдеу іс-әрекеті қамтылады. Халықаралық маркетинг дамуының бірнеше сатысын қарастыруға болады.

Даму сатысы

Мәндік сипаты

Дәстүрлі экспорт

Тауарды түпкі тұтынушыларға қарай жылжытусыз шетелге сату. Экспортшының, сатып алушының алдында жауапкершілігі тауарды жеткізгенге дейін ғана болады және тауар сатылғаннан кейін қапы болмайды.

Экспорт маркетингі

Экспортшы жүйелі түрде шетел нарығын зерттейді және сол нарық талабына сай өзінің өндірісін бейнелейді. Экспортшы тауардың түпкі тұтынушыларға жету жолын бақылауға тырысады.

Халықаралық маркетинг

Экспортшы нарықты терең зерттейді және оны игеру үшін барлық маркетинг құралдарын, сонымен қатар, әртүрлі сыртқы экономикалық байланыс түрлерін ( ғылыми-техникалық айырбасты, келісім-шарт өндірістері, бірлескен кәсіпорындарын ,еншілес кәсіпорындарын құру, экспорт) толық қолданылады.

Әлемдік маркетинг

Шетелге тек тауарды ғана өткізу емес, сонымен қатар шетелдегі кәсіпорын әрекеттерінің барлық іс-әрекеттері: жабдықтау, зерттеу мен өңдеу, кадр, аржы және т.б. қамтылады.

Фирманың халықаралық маркетингпен айналысуына түрткі болатын екі фактор бар: біріншіден, ішкі нарықтың даму деңгейі ( нарықты тауармен толықтыру; бәсекелестердің көбеюі; делдалдық сауда тәуекелділігінің өсуі ) осыдан шетел нарықтарына шығу, қаржыны тиімді басқа жаққа құю қажеті қалыптасады. Екіншіден, фирма тауарлары басқа елдерге сату мүмкіндіктерінің өсуі. Шетел нарығына шығу мүмкіндіктері қалыптасқан жағдайда қосымша шығындарға және басқа да қиыншылықтарға қарамастан, ішкі нарықтан қол үзбей ақ фирма өзіне тартымды сыртқы нарықтарды игеруі әбден мүмкін. Осындай жағдайда фирмалар халықаралық маркетингпен кеңінен айналысады және олар трансұлттық корпорациялар есебіне кіруі мүмкін. Өйткені, олардың капиталы халықаралық сипат алады .Мысалы, трансұлттық компанияларға « Нестле », « Кока-кола », « Юнилевер » және т.б. жатады. Соңғы кездері ірі трансұлттық компаниялар әлемдік сипат алған. Өйткені олар әлемдік маркетингпен айналысады.

Халықаралық маркетинг —

  1. Ұйым орналасқан елден тыс жерлердегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтер маркетингі;

  2. Соңғы ғасырда қалыптасқан ғылым және соған сәйкес халықаралық нарықтардағы айырбас үдерістері туралы пән. Ол осы нарықтарды тұтынушылар мен тауар өндірушілердің мүдделері үшін жетілдіру жөнінде ақыл-кеңес береді;

  3. Шетелдегі төлем төлеуге қабілетті сұранымның иелерін олардың қажеттерін неғүрлым толық ескеріп, қанағаттандыру есебінен жоғары коммерциялық нәтиже алуға бағытталған жаңа іскерлік философия;

  4. Заттай нысандағы тауарларды, зияткерлік өнім мен көрсетілетін қызметтерді жылжыту үшін әлемдік нарықта оның заңдары мен дәстүрлерін пайдалану жұмысы. Қазіргі кезде Халықаралық маркетинг тауарлар экспортымен ғана емес, сонымен бірге тікелей шетелдік инвестициялармен де байланысқан. Халықаралық маркетинг негізгі үш түрге бөлінеді, олар: жаһандық, көп ұлттық және экспорттық Халықаралық маркетинг.

Халықаралық маркетингті ауыл шаруашылығында неғұрлым тиімді пайдалану үшін — халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қорының мәні зор.

Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (ХАШДҚ) (Қnternatіonal Fund for Agrocultural Development, ҚFAD) — үкіметаралық ұйым, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. Дүниежүз. азық-түлік конференциясының шешімімен (Рим ,1974) құрылған. ХАШДҚ-н құру туралы келісім 1977 ж. күшіне енді. Кеңес Одағы бұл келісімге қатысқан жоқ. Орналасқан жері — Рим. Мүше елдер үш санатқа бөлінген: бірінші санат — 22 ел — экон. ынтымақтас және даму ұйымының мүшелері; екінші санат — 42 ел — ОПЕК (Мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымының) мүшелері; үшінші санат — 123 ел — дамушы елдер. Қордың ресми мақсаты — а. ш-н дамыту, азық-түлік өндіру көлемін ұлғайту, дамушы елдерге тамақтануды жақсарту жобаларын іске асыруға жәрдемдесу, тех. көмек көрсету. Қаржылай көмек жеңілдікті несие түрінде басымдықтар жүйесіне сәйкес: 50 жылға іс жүзінде пайызсыз беріледі, өтеу мерзімі 10 жылдан кейін басталады, 20 жылға 4% өсіммен өтеу мерзімі 5 жылдан кейін басталады; 15 — 18 жылға 8%-дық өсіммен өтеу мерзімі 3 жылдан кейін басталады. Көмек көрсету нысандары, негізінен халықтың кедейлігі табиғи ортаның азып-тозуымен ұштасып жатқан экон. қолайсыз аумақтар. Қызмет аясы: а. ш-н дамыту, мелиорация, мал ш., балық аулау, сауда, қор сақтау, өнім өңдеу, кадрлар даярлау, несие беру. Қор қаражаты мүше елдердің жарнасынан және жекелеген елдердің көмек қаржысынан құралады. 1-, 2-санаттағы мүше елдер жарнаны айырбасталымды валютамен, 3-санаттағы елдер ұлттық валютамен төлейді.АҚШ, Жапония, Германия, Иран, Сауд Аравиясы және басқа мемлекеттер бұл қорға айтарлықтай қаржы көмегін көрсетіп тұрады. Қор БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымымен, Халықар. жаңғыру және даму банкімен, Азия, Африка, Исламжәне Америка аралық даму банкілерімен ынтымақтасады. Қор-дың есептесу өлшемі — арнаулы өзара қарыз құқығы. Қордың басқарушы органдары — басқарушылар кеңесі, атқарушы кеңес, президент, хатшылық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]