Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЗ каз ЛЖ С.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
14.03.2016
Размер:
6.78 Mб
Скачать

Тәжірбиелік сабақ №5

Қазақстанда қытай өндірісінің KZ4A электровозын тәжірибелік пайдалану басталды.

Локомотивтің қысқаша техникалық сипаттамасы:

өндіруші: Қытай Чжуджоу электровоз жасау зауыты

Қуаты: 4800 кВт құрылымдық жылдамдығы: 200 км/с

максимальды тартым күші: 264 кН

остік формуласы: 20-20

1-сурет. Электровоз KZ4A

Арбашығы жылжымалы құрамның негізгі тораптарының бірі, құрылымы жылжымалы құрамның динамикалық сипаттамасын анықтайды. Алуан конструктивті шешімдерді қолдану локомотивтерді пайдалану шарттарымен негізделеді. KZ-4A электровозының арбашығы Siemens компаниясының локомотивтерді жобалау бойынша тәжірибесі негізінде дайындалған.

Арбашық келесі негізгі тораптардан тұрады (35 сурет): рамалар 5, доңғалақтар жұбы 3, серіппегіштік ілінудің бірінші 4 және екінші 6 саты элементтері, көлбеу тартымы 9, қозғалтқыш аспалары 7, тежегіш дискі 8, жал майлағыш 1, қосалқы құрылғылар 2.

2- сурет. Электровоз арбашығының рамасы

Доңғалақтар жұбы құрсауланған оске тығыздалған моноблокты (бандажсыз) доңғалақтардан құрастырылған. Доңғалақтар жұбы келесі элементтерден тұрады (36 сурет): жетектегі доңғалақ 1, ось 2, цевка 3, жетекші доңғалақ 4. Цевка 3 доңғалақтар жұбының жетегін бекіту үшін қажет.

Әрбір доңғалақта екі тежегіш диск бектілген. Әр доңғалақ жұбына цилиндрі және қысқыштары бар жеке тежегіш блогы сәйкес келеді, блок жұмысының парметрлері автоматты реттеледі. Бұндай жүйе пайдалану және жөндеуде аса тиімді және қарапайым.

3- сурет. Доңғалақтар жұбы.

Тартым жетегі. KZ-4А электровозы жеке тартым жетегіне және тартым қозғалтқышы мен редуктордың тірек-рамалы аспасына ие (37 сурет). Тартым жетегі мыналардан тұрады: доңғалақтар жұбы 2, картер 3, қуыс ось 4.

Электр қозғалтқышынан болатын айналдыру сәті қуыс осте орнатылған, редуктордың жетекті осі арнайы муфта арқылы доңғалақтар жұбының қуыс осімен, ал ол доңғалақтар орталығының муфтасымен қосылған. Екінші доңғалақ біріншіден доңғалақтар жұбының осі арқылы айналымға келеді. тартым редукторына 3 беріледі.

4-сурет. Доңғалақтар жұбының қуыс осі арқылы болатын жетек конструкциясы.

Букса иілгіштік және буксирлық иінтіректі құрылымы бар жеке аспа түрінде орындалған. Доңғалақтар жұбының буксаларында кассеталық орындаудағы герметикалық роликті мойынтіректер қолданылған.

Серіппегіштік іліну. KZ-4А электровозында дөңгелек көлденең қиманың шыбықтарының жасалған цилиндрлік бұрамалы серіппелерді және гидравликалық тербеліс өшіргіштерін қолданады. Цилиндрлік серіппелер әлсіз дүмпулерді (оларды қатты серіппелер салыстырмалы түрде елемейді) жақсы реттеп отырады.

Серіппегіштік ілінудің бірінші сатысы серіппеге арналған жоғарғы тіректен, крюктен, бірінші сатының вертикальды тербелістерінің өшіргішінен, бірінші сатының бұрамалы серіппесінен, төменгі құрастырма тіреуден тұрады. Серіппегіштік ілінудің екінші сатысында «Флексикойл» типтес дөңгелек қиманың екі серіппесі, көлденең тербелістердің өшіргіші, бұрамалы тербеліс өшіргіші, екінші сатының рәзіңкелі тығырығы қолданылған.

Тағайындалуына байланысты электровоздар төрт (жолаушылық және әмбебап) немесе алты (жүк) остерге және тартым электр жабдықтауының бір немесе бірнеше жүйелері арқылы жұмыс істеу мүмкіндігіне ие. Барлық электровоздарда бірыңғайланған екі ості арбашық, тартым қозғалтқыштары, түрлендіргіш блоктар мен бірқатар басқа модульдер қолданылған, бірақ маңдай бөлігінің үйлесімі, басқару кабиналарының құрастырылуы және сигнал беру мен байланыстың әр түрлі жүйелерімен жабдықталуы жеке тапсырыс бойынша орындалады.

Құрастырудың жалпы талаптары. Жоғарыда келтірілген локомотивтерді құрастыруды салыстыра келе мынаны айтуға болады: құрал-жабдықты оларға орналастыру өндіріс пен машиналарды пайдалану шарттарынан шығатын бірқатар талаптарға бағынады. Бұл шарттарды орындау локомотивтерді жобалау кезінде міндетті болып табылады. Осылайша, барлық локомотивтерде шанақта көлденең және бойлық өтпелер немесе локомотив агрегаттары мен жүйелеріне қызмет көрсету кезіндегі пайдалануда үлкен қолайлылық туғызатын капот типтес экипаж бөліктегі рамалар периметрі бойынша ашық алаңшалар қарастырылған.

Машинист кабиналарын экипаж бөлігінің барлық еніне орналастырады, жылумен және шудан оқшаулайды, машиналық бөліктен тамбур арқылы бөледі, бригада жұмысының қолайлы жағдайларын жасау үшін серпімді элементтерге орнатады. Жолдың, магистральды локомотивтер жанындағы сигналдардың жақсы көрінуіне машинист кабиналарын шанақ ұштарына орнату жолымен қол жеткізіледі.құрастыру және демонтаждау, жөндеу кезіндегі агрегаттарды құрастырудың ыңғайлылығы үшін шанақ төбесінде люктардың, ал ірі габаритті құрал-жабдықтың үстінде төбенің алынатын секцияларының болуын ескереді. Ауыр жабдық экипаж бөлігінің ортасында немесе арбашықтың теңдей жүктелуі үшін ортадан симметриялы түрде орналастырылған.

Дербес локомотивтерде құрал-жабдықтың орналастырылуы ірі габаритті күштік қондырғының болуымен анықталады. Егер қондырғы екеу болса, оларды симметрияның көлденең жазықтығына қатысты симметриялы түрде орналастырады, ол болса қосалқы машиналардың конструкциясы бойынша бірдей жетектерін пайдалануға, шанақты бөліп өлшеудің міндетін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Күштік қондырғының жоғары қуаты (3000-4400 кВт) кезінде қосалқы жабдық пен жүйелердің бір бөлігі пайдалану шарттары бойынша берілген тепловоздың жалпы ұзындығын алу үшін шанақ төбесінің элементтерінде орналасады.

Дизель білігінен келетін жетегі бар қосалқы жабдықты трансмиссия құрылымы қарапайым буындардың ең аз санына ие болатында етіп орнатады. Ауа құбырларының, иілгіш элементтер құбырларының ұзындығын қысқарту үшін, қосалқы жүйелердің жекелеген құрал-жабдығын (сүзгілер, жылу алмастырғыштар) күштік қондырғының рамасына орналастырады. Шығаратын жүйені газды жоғары шығара отырып дизель үстінен, ал жазық сүзгілері бар ауа қақпалары жүйесін шанақтың қаптал қабырғаларында орналастырады. Дизель білігінен басталатын жетегі бар электр машиналарын салқындатуға арналған ауаны берудің орталықтандырылған жүйесі кезінде элементтер саны едәуір қысқарып, қосалқы мұқтаждықтарға деген қуат шығыны азаяды.

Отын багін арбашықтар арасында шанақ ауырлығының орталығы астында орналастырады. Бұл локомотивті пайдалану үрдісіндегі доңғалақтар жұбы бойынша жүктеменің бөлінкін бұзбайды. Отын багінің қаптал қуыстарына аккумуляторлық батареяны орнатады, ол қызмет көрсетуді едәуір жеңілдетіп, электролит буының машиналық бөлікке өтуін болдырмайды.

Құрал-жабдықты орналастырудың көрсетілген заңдылықтары өзгеріссіз қалмайтынын атаған жөн. Экипаж бөлігі, күштік және қосалқы жабдық құрылымын, өндіріс технологиясын жетілдіру, пайдалану шарттарын өзгерту және т.б. жаңа құрастыруды орындауға мүмкіндік береді.