Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меланома кожи - копия.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
956.74 Кб
Скачать

2- сабақ. Тері рагы

Кіріспе. Тері рагы – қатерлі ісіктердің ішінде өте жиі тараған түрі. Ол бірнеше жерден бір мезетте пайда болуы мүмкін және морфологиялық тұрғыдан күрделі, ол тек эпидермистен пайда болады. Терідегі кезкелген қатерлі ісіктер - қөзге көрінетін, сырт орналасқан аурулар, бұларды дер кезінде анықтау және емдеу қиын емес. Тері рагы жалпы көзбен көріп анықталатын ісіктердің біріне жатады, сондықтан ол Ш- сатысында анықталса асқынған түрі деп есептеліп, оған «Хаттама» толтырып, дәрігерлік мәжілісте талқыланып, оның асқыну себептері анықталып, ұйымдастыру шешімі қабылданады. Осыған байланысты тері рагынан сақтандыру шараларын белсенді жүргізу, дәрігерлердің білімін арттыру, оларды студент кезінде тәжірибелік білімділігін артыру білім берудің басты мақсаты болып саналады..

Иновациялық тәжірибелік сабақтың негізгі мақсаттары - тері рагы мен меланоманы анықтау үшін, терінің анатомиясын, физиологиясын, патанатомиясын, эпидемиологиясын, клиникалық белгілерін, оларды анықтау жолдарымен емін, болжамдық көрсеткіштерін және сақтандыру жолдарымен шараларын оқушылардың жетік білуін қамтамасыз ету негізгі мақсат болып саналады.

Студент бұл қатерлі ісіктердің сырт көріністерін және тексеру жұмыстарының нәтижелерін бір-бірімен салыстыра отырып, басқа аурулардан ажырата біліп, клиникалық диагнозды нақты қойып, емдеу жоспарын жасап, оның тиімділігін нақты дәлелдей білуінің нәтижесінде, олардың білім, дағдылану, коммуникативті, құқықты және өз бетінше жетілу құзыреттерін артыруға мүмкіндік береді.

Терінің анатомиясымен физиологиясы.

Тері ағзаны сырттай қорғап тұрады, онда сезімталдық жүйке талшықтары, тер және май бездері, бұлшық еттер, шаш, тырнақтар бар (№1-сурет). Тері үш қабаттан тұрады-эпидермистен, дермадан және тері асты майдан ( № 2- сурет).

Терінің ең негізгі қызметінің біріі - қорғаныс, екіншісі - тер шығару, үшіншісі - дем алуға қатнасуы, бұған қоса онда қан тамырлары өте кең мөлшерде дамыған, олар тері артериясынан және бұлшық еттерден басталып, бір-бірімен қосылады, сөйтіп, тереңнен орналасқан тері артериялық торларын негіздейді (№2-сурет). Олардың үстінде беткей жатқан осындай артериялық торлары бар, кейінгілер шаш түбірлерін, тер мен май бездерін қоректендіреді.

№1- сурет. Терінің құрылысы

№ 2- сурет. Терінің құрылысы

Лимфа тамырлары терінің дерма қабатынан басталады да бір-бірімен қосылысып, тор құрайды, ал олардың барлығы тері астындағы май қабатынды жиналады.

Терінің ісік алды аурулары нақты (облигатты), нақты емес (факультативты) болып, екіге бөлінеді:

нақты ісік алды ауруларға:

  • Пигментті ксеродерма,

  • Боуэн ауруы,

  • Педжет ауруы,

  • Кайр эритроплазиясы жатады.

Пигментні ксеродерма (№3- сурет )- жас балаларда, жазда, немесе көктемде басталады, алдымен терінің ашық жерлерінде кішкене қызыл таңбалар пайда болады, олар түлегіш келеді. Кейіннен сол жерлерде жұқа тыртықтар орналасады және бұған қосымша гиперкератоздар, телеангиоэктазиялар, сүйелдер шығады.

№3- сурет. Пигментті ксеродермия

Боуэн ауруына (№4- сурет) көптеген қабығы бар қызыл таңбалар тән, олар майда түйіндер тастап, әр түйін жұқа жылтыр қабықпен қапталады, егер қабық алынса, онда қотыр сияқты суланады, қышыма пайда болады. Дерт көбінесе кеуде терісінен көрінеді.

Педжет ауруы (№5- сурет) емшекте (емізікте), емшекұшы айналасында, шапта және шап аралықта кездеседі. Бұл - жұқа қабығы бар жара, бірақ ол өз бетінше жазылып тыртықтанатын жара емес, созылмалы, қанды-су шығарып тұратын, өмір-бақи бітпейтін жара, әсіресе, қабығы түсіп қалса.

Кайра эритроплазиясы (№6- сурет) - жалпақ келген, 1-2 см-дей көлемдегі, суланып тұратын тері бөртпесімен сипатталынады. Ол, көбінде, сыртқы жыныс мүшелерінде орналасады.

Факульт ативты ісік алды аурулардың өзі екі топ құрайды;

  1. топқа кәрілік (№7- сурет) кератоздар (терінің жұқарып, құрғақтануы, жарылуы), терінің мүйізденуі – қалыңдануы (№8- сурет) және кератоакантомалар кіреді;

  2. топты терідегі бірнеше өзгерістердің салдарынан болатын аурулар құрастырады, олар көбінесе сыртқы ортаның, соның ішінде рентген, радий сәулелерінің, мышьяктың, өндіріс қалдықтарының зиянды әсерінен пайда болатын өзгерістер, күйік, туберкулез, мерезден соң пайда болатын келлоидты тыртықтар (№ 9 - сурет), туа біткен кемістіктер, ахаулар, қызыл жегі, эпидермальды және дермоидты жылауықтар жатады.

Патологиялық анатомиясы

Клиникалық тұрғыдан тері рагы беткей жатқан рак (№10-сурет), жайылмалы (инфильтративты) және фунгозды (№11- сурет) болып келеді, ал микроскопиялық көрінісі жөнінен базальды клеткалы (бірнеше жерден біткен және беткей орналасқан, жылауық-тінді, аденоидты, гиалинді, сірнелі және пигментті келеді), жайылма клеткалы (түлегіш, түлемейтін) рак және мұнымен қоса тері қосалқы мүшелерінен шыққан рак (аденокарцинома) болып бөлінеді.

Базальды клеткалы рак тәжірибелік тұрғыдан ешқандай бөгелме ісік бермейді, ал жайылма клеткалы рак 15-17,0% бөгелме ісік береді әсіресе жиі аймақтық лимфа бездерге, сирек жағдайда - сүйектерге және ішкі мүшелерге.

Тері қабаттарына ісіктің жайыла өсуін инвазия деп атайды, оның бес деңгейі бар: біріншісінде - ісік терідегі базальды сызықтың астында орналасады, екіншісінде - ісік терінің емізік қабатына дейін жетеді, үшіншісінде - терінің ретикулярлы қабатын зақымдайды; төртіншісінде - қоллаген талшықтарына дейін, ал бесіншісінде-тері астындағы май қабатына шейін жетеді.

Тері рагының жіктелуі

Тері рагының Халықаралық ТNМ жүйесі бойынша жіктелуі

Т- алғашқы ісік,

ТХ –ісік көзі белгісіз

Tis- іn situ - рагы

То- ісік түйіні анықталмаған,

Т1- ісік түйіні 2см-ге дейін, не одан кем, тек беткей орналасқан немесе экзофитті түрі.

Т2- ісік түйіні 2см- ден 5см-ге жететін, немесе ісік көлеміне қарамай, оның тері қабатына, негізгі теріге дейін азғана жайылған,

Т3- ісік түйіні 5см-ден асқан немесе ісік, негізгі теріге дейін терең жайылған,

Т4- ісік теріден басқа бұлшық еттерге, сүйекке, сіңірге, буынға тараған, N- лимфа бездері:

Nx- лимфа бездері белгісіз,

No- лимфа бездері анықталмаған,

N1- зақымдалған жағында қозғалмалы лимфа бездері бар,

N1а- лимфа бездері бөгелме ісікті емес,

N1б- лимфа бездері бөгелме ісікті,

N2- қозғалмалы лимфа бездері қарсы жағында, немесе екі жағында бар,

N2а- лимфа бездері бөгелме ісікті емес,

N2б- лимфа бездері бөгелме ісікті,

N3- қозғалмайтын лимфа бездері бар,

М- бөгелме ісік:

Мх- бөгелме ісік белгісіз,

Мо- алысқы бөгелме ісік жоқ

М1- алысқы бөгелме ісік бар

Ескерту: бір мезгілде пайда болған терінің көп ісік көздерінде жіктелу ең үлкен көлемдегі ісік көзі бойынша қойылады.