Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менингит реферат Сулушаш.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
44.96 Кб
Скачать

ҚР ҰЭМ ТҚҚК ғылыми-тәжірибелік санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және мониторинг орталығы.

Научно-практический центр санитарно-эпидемиологической экспертизы и мониторинга КЗПП МНЭ РК.

Реферат

Тақырыбы: Ауа-тамшылы инфекциялар. Бактериалды менингит қоздырғыштарының сипаттамасы. Микробиологиялық диагностикасы.

Воздушно-капельные инфекции. Характеристика возбудителей бактериального менингита. Микробиологическая диагностика.

Орындаған: Қожаназарова С.С.

ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШЖҚ ОҚОФ РМК

Арыс қалалық бөлімінің дәрігер бактериологі

Отд.ФРГП на ПХВ «НЦЭ» КЗПП МНЭ РК

г. Арыс ЮКО

Қабылдаған : Шакенова З.Э.

г. Алматы 2015г

Ауа-тамшылы инфекциялар. Бактериалды менингит қоздырғыштарының сипаттамасы. Микробиологиялық диагностикасы.

  Менингококты инфекцияны - менингококктар қоздырып, ауа-тамшылы жолмен жұғатын, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықта-ры  мен жұмсақ ми қабықшасының зақымдануымен, ерекше септицемиямен (менингококцемиямен) сипатталатын, клиникалық көріністері кең диапазон-ды – бактериятасымалдаушылықтан назофарингитке, менингококцемияға, менингитке дейін көрінетін антропонозды жедел ауыр жұқпалы ауру.

Қоздырғышы – Neisseria meningitidis ( Neisseriaceae тұқымдасы, Neissera туысы). Менингококк-клетка ішінде тіршілік ететін, грамм теріс боялатын, капсула түзетін, L-түріне айналатын, эндотоксин және нейроамидаза өндіретін сыртқы ортада тұрақсыз диплококктар. Антигендік құрамы бойынша 12 серотобы белгілі: А, В, С, Д, V, Z т.б.-оның ішінде А,В,С типтері жиірек кездеседі.

Жұқпа көзі - науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Қоздырғыштың берілу механизмі - ауа-тамшы жолымен. Қоздырғыш қоршаған ортаға төзімсіз болғандықтан ауа - шаң жолымен, тұрмыс заттарымен беріле алмайды. Инфекция қабылдаушылық деңгейі-балалар ортасында бірталай жоғары, ересектер арасында орташа. Ауруға ең көп шалдыққандар 5 жасқа дейінгі балалар. Олардың үлесіне эпидемия аралық кезеңінде ауырғандардың 80-90% тиеді, ал эпидемия кезеңінде ауруға ересектерде жиірек ұшырайды (30-40% дейін).

Маусымдылығы: қыс-көктем айлары (ақпан, мамыр) . Кезеңділігі: 20-30-40 жыл аралығында.

Инкубациялық кезең – 3-10 күн.

Менингококты инфекцияға-қабыну процесінің, ал жайылған түрінде қан тамырлардың зақымдануы мен әр түрлі мүшелерде іріңді ошақтар қалыптасуы тән.

Менингококты инфекция клиникалық белгілердің, эпидемиологилық және лабораторлық мәліметтердің көмегімен анықталады:

Іріңді бактериалды менингиттер

Іріңді бактериалды менингиттердің бактериологиялық диагностикасын жүргізу үшін, науқастардан: анализ-толық көлемде, анализ алу тәртібі мен температуралық жағдайларды сақтай отырып , уақытылы алынып тасымалдану қажет.

Іріңді бактериалды менингитттердің зертханалық диагностикасы: бактериологиялық әдіспен қоздырғыштарды бөліп, ажырату, ал серологиялық жолмен ағзадағы сұйықтықтардан спецификалық антигендерді немесе қан сары суынан антиденелерді анықтау арқылы жүргізіледі.

Зертханалық диагностиканы диагностикалық мақсатта және эпидемиологиялық көрсеткішпен жүргізеді.

Диагностикалық мақсатта айқын клиникалық көріністермен, назофарингит формасында және менингококкты инфекцияға күдіктілер мен өзге этиологиялы менингитпен науқастар тексеріледі.

Эпидемиологиялық көрсеткішпен менингококкты инфекциямен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар тексеріледі.

Мектепке-дейінгі мекемелердегі қарым-қатынаста болғандарды бактериологиялық тексеру 2 реттен кем емес 3-7 күндер аралығында, өзге ұжымдарда 1 рет тексеру жүргізіледі.

Негізгі этиологиялық факторлары- N.meningitidis (60%), S.pneumoniae (30%) және H.influenzae (10%) құрайды.

Пневмококктармен гемофилдар да менингококктар секілді микроағзалардың дақылдануына аса талапшыл (требовательны) келеді. Олардың өсу факторына шығу тегі әртүрлі қандар қолданылады. Сондықтанда барлық қоздырғыштарға универсалды қорек орта ретінде *шоколадты агар* қолданылады.

Haemophilus influenzae

"Бактериялардың Берджи анықтамасына" сәйкес Haemophilus influenzae көптеген қоздырғыштармен қатарлас тұрған (15 шақты түрі бар) Haemophilus туыстығына, Pasteurellaceae тұқымдастығына кіреді (3 топша), микроағзалардың 5 тобына жататын, барлық факультативті-анаэробты грамтеріс таяқшалар. Адам ағзасынан гемофилдардың 8 түрін бөлуге болады, бірақ олардың тек - Haemophilus influenzae және Haemophilus duckrey 2-уі ғана адамның негізгі патогендері болып саналады.

Haemophilus influenzae –үлкен емес (0,3 - 0,4 * 1 - 1,5 мкм) грамтеріс , шар тәрізді , сопақша және таяқша тәрізді клеткалар. Кейде жіптер түзеді және айқын алуан түрлілік (полиморфизм) құрайды, әсіресе β-лактамды антибиотик қабылдаған науқастарда байқалады. Гемофилдер қозғалмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыштармен баяу боялады. Каталаза мен оксидаза оң нәтижелі.

Haemophilus influenzae - ауалы жағдайда жақсы өсетін факультативті анаэроб. Haemophilusтың көпшілік түрі дақылдау барысында қорек орта құрамында X және/немесе V өсу факторларының болғанын қалайды.

Haemophilus influenzae (ыстыққа төзімд) X өсу факторымен қоса , (ыстыққа төзімсіз) V өсу факторынада тәуелді. Гемофилдердің өсу температуралық шектеуі +24 - +43°С, оптималды +37°С. Гемофилдардың дақылдану барысындағы (X н/е V) өсу факторларға тәуелділігіне орай , олардың тиімді өсу қорек ортасы, құрамына қыздыру барысындағы эритроциттердің жойылуы кезінде бөлінетін Х және V өсу факторларын бөлетін жылытылған қан кіретін *шоколадты агар* болып табылады.

Негізгі эпидемиологиялық қауіптісі Haemophilus influenzae «b» типі, себебі ол менингиттің ауыр түрлерін , сепсис, пневмония және басқа да жұқпалы ауруларды шақырады. Бұл қоздырғыштың 1 түрінің өзінің алуан түрлі құбылмалылығына орай оны ажырату өте қиын. Бірақтанда , индол, уреаза және (ОДС) орнитиндекарбоксилазалардың метоболизмдерін анықтау арқылы, I ден VIII ге дейінгі биотиптерді ажыратуға болады.

Streptococcus pneumoniae

Пневмококкты менингиттердің қоздырғышы Streptococcus pneumoniae немесе Streptococcus туыстастығына (ауыз қуысы стрептококктарының тобына) "грам оң кокктардың" 17 ші тобына жататын пневмококк болып табылады.

Ол сопақша, кейде ланцет тәрізді кокктар, диаметрі 0,5-1,0 мкм, жұптасып орналасады және біріккен капсуламен қоршалған.

Пневмококктардың клеткалық қабатының құрылысы грамм оң бактерияларға ұқсас. Пневмококктар қозғалмайды, спора түзбейді, факультативті анаэроб болып табылады, хемоорганотрофтар. Дақылдану үшін өте бай қорек ортасына тәуелді, капнофильді жағдайды қажет етеді (5 - 10% СО2). Қолайлы температуралық ортасы +37°С. Каталаза теріс.

Қатты қоректі орталарда майда, нәзік, мөлдір колониялар түзеді. Қанды агарларда сұрғылт жасыл түсті, айналасы гемолизденіп, жасылданған түсте өседі. Пневмококктар 0,2% глюкоза қосылған және сары су қосылған сорпада жақсы өседі. Сұйық ортада лайланып және тұнба түзеді.