Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ррпрп

.docx
Скачиваний:
99
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
2.19 Mб
Скачать

Слайд 1

Модуль « Фармацевт - технолог » С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДА Ғ Ы Қ АЗА Қ Ұ ЛТТЫ Қ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Орында ғ ан:«Фармацевтикалы қ ө ндіріс технологиясы» маманды ғ ыны ң PhD-докторанты Тулемисов С.К. Алматы-2013

Слайд 2

Бейсу ерітінділер – құрылыстық бірлігі иондар мен молекулалар болатын гомогенді сұйық дәрілік түр. Еріткіш ретінде бейсу ерітінділерде бейсу еріткіштер ( спирт, эфир, өсімдік майлары және т. б ) қолданылады. Бейсу еріткіштерінің қолданылуы көптеген заттардың суда ерімуіне негізделген.

Слайд 3

- емдік тиімділігінің дәрігерлік нұсқауға сәйкестігі; - дәрілік заттардың толық еруі; - механикалық қоспалардың болмауы; - дәрілік қалыптың көлемінің рецептте көрсетілген массасының мәніне сәйкестігі; - сақталу кезіндегі тұрақтылығы және т.б.

Слайд 4

- құтыға алдымен еритін затты, содан соң еріткішті салады. Себебі мойны ылғалданған құтыға затты салу қиын, көп мөлшердегі, көлемді дәрілік заттарды (ұнтақтарды) құтыға воронка арқылы салады; - ерітіндіні тікелей босататын құтыға дайындайды; - сусыз ерітінділерді қажет болған жағдайда ғана құрғақ мақта тампоны арқылы воронканы шынымен жауып сүзеді. - құты құрғақ болуы керек, себебі су спиртті сұйылтып, басқа еріткішпен араласпайтын дәрілік заттардың ерігіштік қасиетін төмендетеді;

Слайд 5

Эфир Хлороформ Этанол (этил спирті) Коллодий ерітіндісі Глицерин Майлы майлар Вазелин майы Димексид ПЭО – 400 Эсилон Әртүрлі еріткіштер қосапсы Бейсу еріткіштер Ұшқыш Ұшқыш емес Біріктірілген еріткіштер қоспасы Біріктірілген еріткіштер қоспасы

Слайд 6

Таза этанол тұнық, түссіз сусымалы ұшқыш сұйық. Өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар, -78ºС температурада қайнайды. Этанолда полярлы емес органикалық заттар жеңіл ериді.Этанол сумен, глицеринмен, эфирмен, хлороформмен, ацетонмен жеңіл араласады. Этанолдың бактериостатикалық, бактериоцидтік қасиеттері оның концентрациясына тура пропорционалды. Этанолдың еріткіш ретінде, қолданылуы шектеулі. Себебі ол: - фармакологиялық индифферентті емес; - дегидраттау, яғни заттардың суын өзіне тартып алу қасиеті бар; - ұшқыш, оңай жанады; - спирт пен суды араластырған кезде оның көлемі су мен спирттің көлемдерінің арифметикалық қосындысынан кем болады (контракция құбылысы). Этил спирті (Spiritus aethylicus)

Слайд 7

Дәріханаларға негізінде 95 - 96 % немесе одан да концентрлі этанол түседі, сол себепті олар қажетті концентрацияға дейін сұйылтады. Спиртті ерітінділердің 30; 35; 40; 45; 50; 55; 60;...90 және 95 % концентрацияларын дайындауға МФ келтірілген арнаулы алкоголеметриялық кестелер пайдаланылады. ССРО МФ ХІ басылымында олар 3, 4, 5 кестелерде келтірілген. Бұнымен қатар, спирттің сұйытылған ерітінділерін дайындауға : сұйылту теңдеуі пайдаланылады. Х - сұйытылатын, жоғары концентрлі спирт мөлшері, мл, У - дайындалатын сұйытылған спирт ерітіндісі көлемі, мл, А - дайындалатын спирт концентрациясы, %, В - сұйытылатын спирт концентрациясы, %.

Слайд 8

Слайд 9

Слайд 10

Түссіз мөлдір, сусымалы, өзіндік иісі және өткір дәмі бар ұшқыш сұйық. Органикалық еріткіштерде – этанолда, эфирде, майларда жақсы ериді, суда аз ериді, глицеринмен араласпайды. Хлороформның наркотиктік және дезинфекциялық қасиеттері бар (Б тізімі). Осыған байланысты қолданылуы шектелген. Сусыз ерітінділерде хлороформ негізінен этанол және майлармен бірге қолданылады. Хлороформ линименттер технологиясында кеңірек қолданылады. Хлороформның этанолдан айырмашылығы – рецепте массамен алынуы. Хлороформ (Chloroformium)

Слайд 11

Түссіз, мөлдір тез тұтанғыш ұшқыш сұйық, өзіндік иісті, өткір дәмді, этанолмен, майлармен жеңіл араласады, 12 бөлік суда ериді. Еріткіштік қасиеті бойынша хлороформмен салыстыруға болады: хлороформда ерігіш заттар, сол концентрацияда эфирде де ериді. Эфир хлороформ секілді наркотикті әсерлі, Б тізіміне кіреді. Хлороформ секілді ол да жеке қолданылмайды, тек басқа еріткіштермен қоспа түрінде қолданылады, дозалауы масса түрінде. Эфирмен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздік шараларын мұқият сақтау керек, себебі эфир жылдам тұтанады, оның ауамен қосылған буы жарылғыш ретінде өте қауіпті. Медициналық эфирді жақсы тығындаған құбырларда, салқын және сәуле түспейтін, оттан (ыстық) алыс жерде сақтайды (қайнау температурасы 34 - 37ºС). Медициналық эфир (Aether medicinalis) диэтил эфирі

Слайд 12

Коллодий (Collodium) коллоксилиннің спиртті – эфирлі ерітіндісі Коллодий ерітіндісіне тән қасиет, ол жағылған дене бетіне жұқа қабатты пленка түзуінде. Осы қасиетіне байланысты коллодий ерітіндісін хирургиялық таңбаны бекітуге, шағын жара бетін жабуға қолданады. Коллодий эластикалы (Collodium elasticum) 94 бөлшек коллодийден және 3 бөлшек май санадан тұрады және күске қарсы сұйықтардың негізгі құрамы ретінде пайдаланылады.

Слайд 13

Түссіз, қоймалжың сұйық, дәмі тәттілеу, иісі жоқ. Глицерин сумен шексіз араласады, бірақ этанолдан ерекшелігі – эфирде, майларда ерімейді. Глицериннің 25% асқан ерітіндісі микробтармен ластанбайды, бұдан төменгі концентрациялары микроорганизмдер үшін жақсы даму ортасы болып келеді. Глицеринді жоғары гигроскопиялығына байланысты жақсы тығындалған ыдыстарда сақтайды. Глицерин (Glycerinum)

Слайд 14

мұнда, m – дистилденген глицерин мөлшері, г; X – сұйылтылған глицерин мөлшері, г; a – дистилденген глицерин тығыздығы, г/см3; b – сұйылтылған глицерин тығыздығы, г/см3; 1 – су тығыздығы, г/см3. Фармацевтикалық өндірісте абсолютті глицерин қолданбайды тек оның 80 – 90% судағы салыстырмалы тығыздығы 1,224 – 1,235 г/см3 ерітіндісі қолданылады. Абсолютті глицеринді қолданбау себебі ол өте гигроскопиялы және тітіркендіргіш қасиеті бар. Өндірісте маркасы «таза» және «дистилденген» глицеринді қолдануға болады, тек оны салыстырмалы тығыздығы 1,225 – 1,235 г/см3 теңескенше сұйылту қажет. қажет

Слайд 15

Майлы қышқылдар және глицериннің күрделі эфирлері – мөлдір, дағдылы жағдайда біршама боялған майлы сұйық, иіссіз немесе әлсіз өзіндік иісі бар. Оларды тұқымдар мен жемістерді пресстеу арқылы алады. Дәріханада қолданылатын майлар: миндаль (Oleum Amygdalarum), шабдалы (Oleum Persicorum), өрік (Oleum Armeniacae), зәйтүн (Oleum Olivarum), күнбағыс (Oleum Helianthi), Барлық майлар секілді өсімдік майлары сумен араласпайды. Этанолда аз ериді, бірақ эфирде, хлороформда жеңіл ериді. Олар аз полярлы немесе полярлы емес дәрілік заттар үшін еріткіш ретінде кең қолданылады. Өсімдік майлары биологиялық қауіпсіз, фармакологиялық индифферентті, бірақ– химиялық тұрақсыз. Майлар (Olea pinguia) Миндаль майы (Oleum Amygdalarum)

Слайд 16

Өрік майы (Oleum Armeniacae) Күнбағыс майы (Oleum Helianthi) Шабдалы майы (Oleum Persicorum Зәйтүн майы (Oleum Olivarum)

Слайд 17

Түссіз, мөлдір, май секілді сұйық, иісі және дәмі жоқ. Вазелин майы үлкен химиялық инерттілігімен сипатталады, суда және этанолда ерімейді, бірақ эфирмен, хлороформмен, майсанадан басқа өсімдік майларымен шексіз араласады. молекула құрамына спиртті, фенолды гидроксил топтары бар және басқа полярлы топтары бар дәрілік заттар, өсімдік майымен салыстырғанда, вазелин майында нашарлау ериді. Вазелин майы тері кілегейлі қабаты арқылы сіңбейді және дәрілік заттар сіңімділігін (резорбциясын) нашарлатады. Вазелин майының тағы бір елеулі кемшілігі теріге жаққанда газ және жылу ауыстырғыштықты төмендетеді, нәтижесінде қозу үрдісін тежеу төмендейді. Вазелин майы – сұйық парафин (Oleum Vaselini, Paraffinum liquidum)

Слайд 18

Бұл мөлдір, түссіз, қоймалжың, гигроскопты, әлсіз өзіндік иісі және тәттірек дәмі бар сұйық, биологиялық қауіпсіз, микробқа қарсы тұрақты. ПЭО - 400 суда, этанолда және хлороформда жақсы ериді, эфирде іс жүзінде ерімейді. Суда аз және қиындықпен еритін дәрілік заттар ПЭО - 400 ерітіндісінде жақсы ериді. ПЭО - 400 таза түрімен қатар сулы ерітінділерінің кейбір дәрілік заттардың ерігіштігін шұғыл жоғарылатуы қызығушылық туғызады. ПЭО - 400 осмостық қысымы жоғары, соған байланысты іріңді жараларды емдеуге керекті дәрілер технологиясында оны пайдаланудың келешегі зор. ПЭО - 400 басқа да поиэтиленоксидтер сияқты фенолдармен, амидопиринмен, резорцинмен, танинмен, тимолмен т.б сиыспайды. Осыған байланысты технологиялық үрдіс алдында оның басқа да дәрілік заттармен сиымдылығын тексеріп алу керек. Полиэтиленоксид - 400 (Polyaethylenoxydum - 400)

Слайд 19

Күкіртті органикалық зат, күкірт диоксидінің туындысы. Димексид түссіз, мөлдір сұйық немесе түссіз, өзіндік иісі бар, жоғары гигроскопты сұйық. Ол этанолмен, ацетонмен, глицеринмен, хлороформмен, эфирмен, майсана майымен жақсы араласады. Сумен шексіз пропорцияда араласып, 2:1 қатынаста сумен гидрат түзеді. Димексидте көптеген әр түрлі химиялық табиғаттағы дәрілік заттар жеңіл ериді. Бұл еріткішке қызығушылық оның тек жоғары еріткіштігіне ғана байланысты емес, ол бұзылмаған тіндерден жылдам өтіп, дәрілік заттарды бірге өткізеді. Бұдан басқа димексидтің ауруды жеңілдетіп, қоздыруға қарсы және ыстық төмендеткіш әсері, сонымен қатар микробқа қарсы қабілеттілігі бар. Димексидтің бұл қасиеттері, оның биологиялық қауіпсіздігімен қатар әр түрлі дәрілік қалыптар технологиясында кеңінен қолдануына мүмкіншілік туғызады. Димексидте дайындалған дәрілік заттардың дозаларының төмендетілуінің де мүмкіншіліктері бар. Димексид (Dimexidum)

Слайд 20

Силиконды тізбек құрамды полимерлерге жатады - (C2H5)3 - Si - O - Si - (C2H5)n - O - Si - (C2H5)3, бұл жерде n - саны 5 және 12. Олар эфирмен, хлороформмен, вазелин және өсімдік майларымен шексіз араласады. Полярлы емес дәрілік заттардың эсилондарда ерігіштігі полимердің тұтқырлығына байланысты. Мысалы, ментол эсилон - 4 - тің ерітіндісінде 1:4 қатынасында, ал эсилон - 5 - 1:10 қатынасында ериді. Бұл көрініс стероидты гормондарға, органикалық негіздер мен камфораға, фенолға т.б қосылыстарға тән. Силиконды ерітінділер тері беттерін қорғауыш бұйым ретінде тиімді орын тапты.

Слайд 21

1. Бейсу ерітінділердің технологиясында қолданылатын еріткіштерді олардың физикалық – химиялық қасиеттеріне байланысты қалай бөледі ? А ) Бейсу және сулы Б ) Майлы және минералды В ) Табиғи және синтетикалық Г ) Ұшқыш және ұшқыш емес Д ) Органикалық және бейорганикалық 2. Спирт пен суды араластырған кезде оның көлемі су мен спирттің көлемдерінің арифмерикалық қосылысынан кем болады. Бұл қандай құбылыс ? А ) Коацервация Б ) Конвекция В ) Тиксотропия Г ) Синерезия Д ) Контракция 3. Вазелин майының ең негізгі кемшілігі : А ) Теріге жаққанда газ және жылу алмасуға кедергі келтіреді Б ) Тері және кілегейлі қабаттар арқылы сіңірілмейді В ) Дәрілік заттардың сіңірілуін баяулатады Г ) Еріткіштік қасиеті шектеулі Д ) Химиялық индифферентті емес

Слайд 22

4. Егер рецепте этанолдың концетрациясы көрсетілмесе, ССРО МФ және нұсқау талартарына сай... этанол қолданылады. А ) 70% - дық Б ) 80% - дық В ) 90% - дық Г ) 95% - дық Д ) 60% - дық 5. Егер рецепте йодтың 5% - дық спирттік ерітіндісі берілсе оны дайындау үшін... этанол қолданылады. А ) 90%- дық Б ) 96% - дық В ) 95% - дық Г ) 70% - дық Д ) 40% - дық 6. Құрамында этанол бар ерітінді... қосымша этикеткасымен безендіріледі. А ) « Қолданар алдында шайқаңыз » Б ) « Құрғақ жерде сақтаңыз » В ) « Оттан сақтаңыз » Г ) « Қолданар алдында қыздырыңыз » Д ) « Абайлап қолданыңыз »

Слайд 23

7. Фармацевтикалық өндірісте абсолютті глицерин қолданбайды тек оның... судағы салыстырмалы тығыздығы 1,224 – 1,235 г / см 3 ерітіндісі қолданылады. А ) 20 - 30% - дық Б ) 80 - 90% - дық В ) 60 - 70% - дық Г ) 40 - 50% - дық Д ) 95 - 96% - дық 8. Майлардың сапасы МФ бойынша келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады : А ) Салыстырмалы тығыздық көрсеткіші, қышқылдық саны, сабындану саны, йодтық саны және т. б Б ) Электролиттік қасиеті, дисперстік дәрежесі, біркелкілігі В ) Термиялық тұрақтылығы, тұтқырлығы, біртектілігі, бөлшектерінің дисперстілігі Г ) Біркелкілігі, дисперстік дәрежесі, ресуспендирлігі, термиялық тұрақтылығы Д ) Біртектілігі, электролиттік қасиеті, бөлшектерінің дисперстілігі

Слайд 24

9. Сусыз ерітінділерді қажет болған жағдайда... арқылы воронканы шынымен жауып сүзеді. А ) Қағаз фильтр Б ) Қос қабат дәке В ) Нутч - фильтр Г ) Друк - фильтр Д ) Құрғақ мақта тампоны 10. Спиртті сұйылтуға қажетті есептеулер келесі тәсілд e рмен жүргізіледі : А ) Стокс теңдеуімен, Дерягин ережесімен, Ребиндер эфффектісі бойынша Б ) Гиббс ережесі бойынша, Дерягин ережесімен, суйылту кестесі бойынша В ) Дерягин ережесімен, Крест ережесімен, Гиббс ережесі бойынша Г ) Алкоголиметрлік кесте, сұйылту теңдеуімен, Крест ережесімен Д ) Алкоголиметрлік кесте, сұйылту теңдеуімен, Дерягин ережесімен

Слайд 25