Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
b481.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
495.62 Кб
Скачать

Дайындамаларды ұнтақты металлургия әдісімен алудың дамуы және болашағы Кіріспе

Металл ұнтақтарын, сонымен қатар олардан немесе олардың металл емес ұнтақтарымен қоспасынан бұйымдарды өндіру ғылым және техника облысын ұнтақты металлургия деп атайды. Оның маңызды ерекше сипаты ұнтақ тәріздес күйінде қатты заттармен жұмыс істеу және сәйкес металдың балқу нуктесінен төмен немесе, егер әртүрлі ұнтақтар қоспасы жағдайында, ең қиын балқитын компоненттің балқу температурасынан төмен қыздыру (күйежентектеу) операцияларын өткізу.

Металдарды өңдеу әртүрлі тәсілдерінен ұнтақты металлургия ең ерекше орын алады, өйткені пішіні мен тағайындалуы әртүрлі бұйымдарды өндіру ғана емес, сонымен қатар жаңа материалдарды жасауға мүмкіндік береді.

Ұнтақты металлургия құю, қысыммен өңдеу, кесумен өңдеу және де басқа әдістерімен бақталасады да, оларды толтырады немесе ауыстырады.

Ұнтақты металлургия әдісімен дайындамаларды және бұйымдарды өндірудің типтік технологиялық схемасы негізгі төрт операциядан тұрады: бастапқы материалдан ұнтақты алу; одан дайындамаларды пішіндеу және оны күйежентектеу; ақырғы өңдеу (құрылымын реттеу, колибрлеу, механикалық және химия - термиялық өңдеулер). Аталған операциялардың әрқайсысы соңғы ұнтақты бұйымдардың барлық қасиеттерін қалыптасуына маңызды үлес енгізеді.

1 Металл ұнтақтарын өндіру және олардың қасиеттері

1.1 Ұнтақты алу әдістерін топтастыру

Ұнтақты өндіру- ұнтақты металлургия әдісінің бірінші технологялық операциясы. Ұнтақтарды алу тәсілдері өте әртүрлі, осы жағдай олардың қасиеттерін кең нең алмастыруды рұқсат етеді. Ұнтақты дайарлау әдісі маңызды мөлшерде бұйым сапасын және өзқұндылығын анықтайды. Ұнтақты алудың тәсілдеріне қарай оларды шартты түрде физика–химиялық және механикалық тәсілдерге бөледі.

Физика- химиялық әдістеріне бастапқы шикіқұрамды терең физ- химиялық айналдырумен байланыстын ұнтақты өңдеу технологиялық үрдістері жатады. Нәтижесінде алынатын ұнтақ химиялық құрамы бойынша бастапқы шикіқұрамнан маңызды ерекшеленеді. Қалпына келтіру әдістері, электролиз және карбонильдік қосылыстардың термиялық диссоцияциясы негізгі әдістер болып табылады.

Механикалық әдістер бастапқы материалды ұнтаққа айналдыруын, оның химиялық құрамының байқалмайтын белгісіз өзгерісін қамтамасыз етеді. Қатты материалдардың конструкциясы әр түрлі диірмендерде ұнтақталуын және балқымаларды диспергиялауында қолданылады.

1 Кесте – Металл ұнтақтарды өңдеудің негізгі әдістері

Ұнтақты алу әдістері

Әдіс сипаттамасы

Алынатын

ұнтақ

1

2

3

Физика химиялық әдістері

Химиялық қалпына келтіру: тотықтар және басқа металдар қатты қосылыстар

Ең кең тараған және экономдық тәсілдердің бірі. Қалпына келтіргіштер ретінде газдар (сутегі, конвертірленген табиғи газ және басқа), қатты көміртек (кокс, күй және басқа) және металдар (натрий, калий және басқа) тотыққан кендер, концентраттар, қалдықтар және металлургия өндірістің жанама өнімдері бастапқы шикізат болып табылады, сонымен қатар металдардың әр түрлі химиялық қосылыстар.

Темір, мыс, никель, кобальт, вольфрам, молибден, тантал, ноибий, цирконий және басқа металдар мен олардың қорытпалары.

Әр түрлі металдардың газ тәрізді қосылыстарды

Газ тәрізді қосылыстарды реактордағы қайнаған реактор немесе плазмада сутектен қалпына келтіреді.

W, Mo, Ni

1 кестенің жалғасы

1

2

3

Металдардың әр түрлі қосылыстардың ерітінділерін

Ең тиімді әдістерінің бірі, жоғары сапалы металл ұнтақтарын алуға мүмкіндік береді. Қалпына келтіруші–сутегі немесе көміртек диоксиді. Бастапқы шикізат–күкіртқышқыл немесе металдарға сәйкес тұздардың аммиакты ерітінділері

Мыс, никель, кобальт, күміс, алтын

Су ертінділердің немесе әр түрлі металдардың ерітілген тұздардың электролизі

Катодта электр тоқ әсерімен су ерітінділерінен немесе тұз балқымаларынан кез келген металдардың таза ұнтақтарын тұнбалайды. Электроэнергияның жоғары шығыны мен электролизердің салыстырмалы төмен өнімділігі үшін ұнтақтар құны жоғары

Мыс, никель, қорғасын, темір, Ar, және Zn – су ерітінділерінен;

Ta, Nb, Fe, Th, U, Zr, Be, Ti – балқытылған орталардан

Карбонилдердің диссоциациясы

түрлі металды CO қосуымен қыздыруымен ыдыратады. Құны жоғары сапалы дисперстік ұнтақтарды өндіру үшін өнеркәсіптерде пайдаланады

Fe, Ni, Co, Cr, Mo, W, Mn

Термодиффузиялық қанықтыру

Әр түрлі металдардың кезектесетін қабаттарын немесе ұнтақтар қоспаларын олардың белсенді әрекеттесуін қамтамасыз ететін температураға дейін қыздыру

Жез (латунь Cu+Zn), Cr негізіндегі қорытпалар, жоғары легірленген болаттар.

Айдау және конденсациялау

Контакты алу үшін металды буландырады және суық бетте буларды конденсациялады. Ұнтақта саны көп оксидтер болады және жұқа дисперсиялық болып табылады

Zn, Mg, Cd және булану температурасы жоғары емес басқа металдар

Кристалл арасындағы коррозия

Жинақылық (құйылған) материалда химиялық буландырғыш көмегімен кристалл арасындағы қабаттарын қиратады

Коррозияға төзімді хром-никельді болаттар

Электроэрозиялық

Электроңашалау материал қабатында электрод ұшынан металды шаңдату жолымен ұнтақ алынады

Кез келген металдар және қорытпалар

1 кестенің жалғасы

1

2

3

Механикалық әдістері

Ұсақтау және үгіту

Жоңқаны, кесінділерді және жинақылық материалдарды ұсақтату шарлы, құйынды және балғалы диірмендерде өткізеді, олардың ПӘК салыстырмалы үлкен емес

Fe, Cu, Mg (латунь, жез), қола, Cr, Al және болаттар

Шаңдату

Балқыған металл ағыншасын механикалық тәсілімен. (Айналатын лопаси центр тепкіш күштер әсері арқылы және басқа), немес энергия тасымалдаушы ағыншасы әсері арқылы дисперсияланады

Al, Pb, Zn, Sn, Ni, қола, жез, шойын, темір, болат, олова – қалайы

Түйіршіктеу

Ұнтақ балқыған металды сұйыққа құю кезінде пайда болады (мысалы, суға). Ірі ұнтақтар алынады

Fe, Cu, Ar, Pb, Sn, Zn

Металдарды кесумен өңдеу

Жинақылық (құйылған) металдарды білдекті өңдеу кезінде бөлшектер, ал жоңқа емес пайда болуын қамтамасыз ететін кесу режимін таңдайды

Болат, жез, қола, аз кремнилі шойын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]