Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айырбек Документ Microsoft Office Word (2).docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
41.42 Кб
Скачать

Білім алушылардың өздік жұмысы, тапсырмаларды практикалық шешу дағдысын және ептілігін қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық белсенділігін, танымдық қабілеттер мен оқу материалдарын игерудегі зерттеу тәсілін дамытуға бағыттылған. ТҚ және ҚОҚ кафедрасында студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру, рефераттар мен колловкиумдар, бақылау жұмыстары мен тест түрінде бақыланатын, оқу-әдістемелік нұсқамалармен және әдебиеттермен қамтамасыз етілген, өздігінен игеруге арналған тақырыптар тізімі бойынша жүзеге асырылады.

СӨЖ алынған білімнің, шеберліктің, дағдылар мен құзыреттіліктің тереңдігі мен беріктілігіне әсер ететін және студенттердің өзін-өзі оқыту мен дамытуына мұқтаждығын тудыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі сапасының интегралдық бағасының маңызды факторы болып табылады. СӨЖ барысында білім алушы оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады және еркін ойлау дағдыларын, дәлелдеу мүмкіндіктерін, өз көзқарасын қорғауды, жігерлілікті игереді.

ТҚжәне ҚОҚ кафедрасында СӨЖ ұйымдастыру оның оқу үрдісінің басқа факторларымен өзара байланысын орнатуды топшылайды, соның ішінде:

  1. пәннің нақты тақырыптарын игеруде СӨЖ орнын нақты анықтау;

  2. дәрістік және практикалық сабақтардың СӨЖ-ге бағыттылығы;

  3. оқу материалдарының түрлері мен көлемінің дұрыс таңдалуы;

  4. тапсырманы орындау бойынша нұсқаулар мен әдістемелік нұсқаулықтардың болуы;

  5. СӨЖ-дің оқу тапсырмаларының әртүрлі формаларымен байланысы;

СӨЖ-ді ұйымдастыру мен жүргізу технологиясы келесі элементтерді қосады – ОӘК мен силлабустарда көрсетілген СӨЖ-ді жобалауды, әдістемелік қамтамасыздандыруды, орындалуын бақылау және бағалауды, сараптау және жетілдіруді. СӨЖ оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы (СОӨЖ) бойынша және білім алушының өздігінен жұмыс (СӨЖ) істеуіне сағат бөлумен жоспарланады.

Студенттің оқытушының жетекшілігімен өздік жұмысы ТҚ және ҚОҚ кафедрасында бекітілген кесте бойынша, кафедрамен арнайы белгіленген дәрісханаларда және ережеге сәйкес түскі үзілістен кейін жүргізіледі.

Кафедрада оқу пәндері бойынша СӨЖ-дерді есепке алу журналы толтырылады, ал СОӨЖ сағаттары оқытушының журналында көрсетіледі.

СӨЖ-ді бағалау, кредиттік білім беру жүйесі негізінде баға қою саясаты бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

СОӨЖ

Өздік жұмыстың бұл түрі студентпен оқытушының жетекшілігі арқылы орындалады және тіркеуші кеңсенің кестесі бойынша ТҚ және ҚОҚ кафедрасына бекітілген дәрісханаларда жүргізіледі.

СОӨЖ барысында оқу бағдарламасының, үй тапсырмаларының, курстық жобаның (жұмыс), семестрлік жұмыстарды бақылаудың, есептеудің ең қиын сұрақтары және СӨЖ тапсырмаларының басқа түрлері бойынша кеңестер жүргізіледі.

Ол өзіне қосады:

  • студенттерге қиындық туындатқан бөлімдер бойынша және өздігінен игеруіне шығарылған пәннің қосымша бөлімдері бойынша жекелей-топтық кеңестер жүргізу;

  • кеңестерді жүргізу, өздік жұмыстың (рефераттар, үй тапсырмалары, есептік-кестелік тапсырмалар, семестрлік жұмыстар, курстық жұмыстар, курстық жобалар және т.б.) барлық түрлерін қорғау және қабылдау;

  • бақылау жұмыстарын жүргізу;

  • колловкиумдар жүргізу;

  • аралық және шектік бақылаулар жүргізу.

Өздік жұмыс үшін СОӨЖ-ге арналған тапсырмалар мен материалдар дәрісханаларда оқытушылармен беріледі. СОӨЖ кезінде оқытушы бақылау жүргізеді, сонымен қатар студентке жұмысты дұрыс ұйымдастыру бойынша көмек көрсетеді.

Оқу пәндеріне тіркелу тәртібі

Пәндерді игеруге (Enrollment) студенттердің тіркелуі «Оқу пәндеріне тіркелу» ҚазҰТЗУ ТК 719 сәйкес кафедра меңгерушілері мен эдвайзерлерді тарта отырып тіркеуші кеңсемен келесі түрде ұйымдастырылады:

  1. ҚазҰТЗУ 1 курсына түскен студент ережеге сай оқу жоспарында таңдау бойынша пәні болмағандықтан және жеке оқу жоспары құрастырылмағандықтан, кафедрамен жасалынған оқу жоспары бойынша білім алады.

  2. Екінші және жоғарғы курстардың студенттері өздерінің келесі оқу жылындағы жеке оқу жоспарын (Cirriculum) қажет болған жағдайда эдвайзер кеңесінің көмегімен, белгілі формада 1-15 маусым аралығында түзете алады. Бұл жоспар студенттің қолымен кафедраға 20 маусымға дейін тапсырылады.

  3. Екінші және жоғарғы курстардың студенттері 25 тамызға дейін өздерінің жеке оқу жоспарына жалпы кредит санының 10%-ынан аспайтын көлемде өзгеріс енгізуге құқылы. Бұл жағдайда кафедраға белгіленген форма бойынша өзгертулер көрсетіле отырып жазбаша өтініш қалдырылады.

  4. Әр оқу пәні бойынша кафедра институт дирекциясының келісімімен пәнді игеруге қажетті студенттердің минималды санын, ал әр оқытушы үшін академиялық топтағы студенттердің максималды санын орнатады.

Егер берілген пәнге 20 маусымға дейін минималды белгіленген шамадан аз студенттер жазылса, онда пән ашылмайды және қызметтік оқу жоспарына енгізілмейді. Дирекция бұл жайлы ақпараттық стендте және университеттің оқу порталындағы институт парақшасында хабарлайды. Бұл пәнге жазылған студенттер 25 тамызға дейін кафедраға студенттің жеке оқу жоспарының өзгеруі жайлы өтініш беру керек.

  1. Егер оқытушыға максималды белгіленген шамадан артық студенттер жазылған жағдайда, тіркеуші кеңсе институт дирекциясымен бірге осы пән бойынша екінші академиялық топ қалыптастырады және оған өз қалауы бойынша біліктілігі сәйкес келетін оқытушыны тағайындайды. Студенттер жазылу тәртібіне сәйкес академиялық топтар бойынша бөлінеді.

  2. Келесі курсқа өткізілген студент белгіленген мерзімде кафедраға өзінің жеке оқу жоспарын өткізбеген жағдайда, оның оқу негізіне сол курстың қызметтік оқу жоспары қабылданады, сонымен бірге таңдау пәндері кафедра мен тіркеуші кеңсенің қалауымен анықталады.

Барлық мүмкін болатын өзгертулер оқу кезеңі аралығында тіркеуші кеңседе студенттің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Оқу пәндеріне тіркелу мен белгіленген тәртіпте өзгертулер енгізу аяқталғаннан кейін студенттердің жеке оқу жоспары кафедра меңгерушісімен бекітіледі.

Студенттің жеке оқу жоспарлары негізінде сол оқу жылындағы немесе академиялық кезеңдегі сабақ және оқу ақысын төлеу кестелерін жасауға негіз болатын қызметтік оқу жоспары құрастырылады.

Студенттер университет басшылығының келісімі бойынша жеке оқу пәндерін университеттің студенттер алмасу бойынша келісім-шарты бар басқа жоғарғы оқу орындарында оқуға құқығы бар.

Оқу жұмыстарының барлық түрлерін рәсімдеу кезінде олардың ҚазҰТЗУ СТ РГП 38944979-09-2012 стандартына сәйкестігі тексеріледі. Мәтіндік және графикалық материалды құруға, баяндауға, рәсімдеуге және мазмұндауға қойылатын жалпы талаптар.

ҚазҰТЗУ 706 ТК «Білімді бағалау» бойынша аралық, шекті және қорытынды бақылаулардың барлық түрлері ауызша, жазбаша емтихандарды өткізу жайлы, П-29.04.27-03.01.0502013 компьютерлік тестілеуді өткізу жайлы және П 029-04.12-4.1.01-2013 білім алушылардың қорытынды аттестатталуын өткізу жайлы ережелерге сәйкес жүргізіледі.

6 Кәсіби іс-тәжірибе

Кәсіби іс-тәжірибе – бұл болашақ мамандыққа байланысты білімдер мен дағдыларды игеруге теориялық білімді өндірісте іс жүзінде қолдану.

«Кәсіби іс-тәжірибе» ҚазҰТЗУ ТК 709 талаптарына сәйкес кәсіби іс-тәжірибе үш түрде жүргізіледі: оқу-танымдық, өндірістік және диплом алдындағы.

Оқу-танымдық тәжірибе болашақ кәсіби қызметінің қыр-сырымен, кәсіпорынның негізгі бөлімшелерінің жұмысымен және жұмыс орындарымен танысуға арналған және 2014 жылғы ТҚ және ҚОҚ кафедрасымен жасалған іс-тәжірибенің қызметтік бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Білім алушылар үшін табиғи және өндірістік ортадағы микроклимат параметрлерін өлшеу аспаптары және жабдықтарымен, қолданбалы компьютерлік бағдарламалармен ПЭВ-та жұмыс істеуге дағдылану маңызды мәнге ие.

Іс-тәжірибе екі апта ішінде «Қапшағай» ҚазҰТЗУ полигонында, аяқталған соң, практика бойынша есепті кафедрада рәсімдеу және қорғаумен өткізіледі.

Өндірістік тәжірибе 5В073100 – «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы студенттерінің кәсіптік тәжірибелерін ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқамаларға сәйкес жүргізіледі және студенттермен алынған теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану дағдыларын игеру, мамандық бағытына сәйкес кәсіпорында немесе ұйымда тәжірибелік және басқару міндеттерін шешу икемділігін дамыту мақсатына ие.

Өндіріс орнындағы ортаны қорғауға және техникалық қауіпсіздік қызметі жұмысының ұйымдастырылуымен және өндіріс технологиясымен танысуға ерекше мән беріледі.

Өндірістік тәжірибе негізгі қызметі тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша түлектердің кәсіби қызмет түрлері және нысандардың болуын анықтайтын шеттегі ұйымдарда жасалған келісім-шарт негізінде жүргізіледі.

Тәжірибе қорытындылары бойынша аттаестаттау, орнатылған талаптар бойынша рәсімделген жазбаша есеп және кәсіпорындағы практика жетекшісінің пікірі негізінде жүргізіледі.

Диплом алдындағы тәжірибеде студент, ғылыми жетекшімен берілген тапсырмалар бойынша, дипломдық жобаны (жұмыс) орындау үшін бастапқы материалдарды жинау мен жүйелендіруді жүзеге асырады.

7. Жазбаша жұмыстар

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» – мамандығының білім беру бағдарламасымен жазбаша жұмыстардың қатары қарастырылған.

Реферат – бұл әдебиет немесе басқа материал көздерінің қысқаша мазмұнына сәйкес келетін көпшілік алдындағы баяндама түріндегі немесе жазбаша түрдегі қысқаша баяндамалар

Курстық жоба – бұл машинаның технологиялық үрдістерін, құрылымдарын, бұйымдарын, тораптарын және техникалық өнімдердің басқа түрлерін жасауға арналған сызбалардың, есептердің және басқа материалдардың жиынтығы.

Курстық жұмыс – бұл сызбалардың, тәжірибелер нәтижелерінің, есептердің және жергілікті тапсырмаларды шешу бойынша басқа материалдардың жиынтығы.

Семестрлік жұмыс – типтік және дәстүрлі емес жеке тапсырмаларды шешу арқылы теориялық білімді орнықтыру бойынша есептік-графикалық жұмыс.

Эссе: тақырып бойынша салыстырмалы еркін пікірлер. Көлемі 5-7 бет.

Эссе құрылымы:

Кіріспе – тақырып тұжырымдамасы; тақырып өзектілігі; тақырыпқа қатысты пікірлердің қайшылықтары, тақырыпты қарастыру құрылымы; негізгі шешімге ауысу.

Негізгі бөлім – автор қозғайтын шешімдер, қозғау кезінде қолданылатын негізгі түсініктерді анықтау; дәлелдер мен қолдаулар – шешімді қолдайтын фактілер мен мысалдар; қарсы дәлелдеулерді немесе қарама-қайшы шешімді қарастыру (олардың не себепті әлсіздігін, ал автордың қабылдаулары неліктен күшін жоймайтынын көрсету қажет).

Қорытынды – негізгі шешімді қайталау;

Жазбаша жұмыстардың барлық түрлері сәйкес модульге кіретін пәндерді бақылау формасы болып табылады және 2014 жылы кафедрамен жасалған қорытынды мемлекеттік аттестация жүргізу және оқу жұмыстарын рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулық талаптарына сәйкес рәсімделіп, орындалады.

Жазбаша жұмыстардың баға өлшемдері болып табылады: оларда игерілген материалдардың көрсетілу деңгейі; дәлелдеулер; өз көзқарасынан тайынбау мүмкіндігі.

Есеп – бұл мазмұны ақпаратты ұсынатын және берілген жағдайға қолданатын зерттеулер немесе сұрақтар мәнін көрсететін хабарлама немесе құжат. Көбінесе басқармаға және жоғары тұрған лауазымды тұлғаға бағытталған қызметтік іс жайлы ақпараттардан тұрады. Белгілі форма бойынша құрастырылған мәліметтер, анықталған өткен кезеңдегі серіктестік және ұйым қызметі жайлы деректер.

Есеп мақсаты әлдене туралы біреуге ақпарат беру. Дегенмен, есептер өздеріне нұсқаулықтар, сөйлемдер немесе басқа да уәждемелік ұсыныстар сияқты элементтер қосуы мүмкін. Есеп көбінесе ғылыми зерттеу құрылымына ие: кіріспе, әдістер, қорытындылар және талқылаулар.

Білім беру бағдарламасы СҒЗЖ-ның немесе іс-тәжірибенің барлық түрлері білім алушылардың есеп жазуын топшылайды.