Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biletter.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
712.41 Кб
Скачать

1билет

1.Сумен жабдықтау жүйелері деген суды табиғи көздерден қабылдап, оның сапасын жақсартып пайдаланатын жерлерге жеткізуге арналған инженерлік ғимараттар мен шаралардың кешені. Елді мекенді немесе өнеркәсіп, кәсіпорынды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі, жер бетіндегі немесе жерасты көздерінен суды алып, оны тазалап және өңдеп тұтынушыларға уақытысында қажетті мөлшермен жеткізуді қамтамасыз етуі керек. Осы мақсатпен сумен жабдықтау жүйесіне су қабылдайтын ғимараттар, суды арынмен тазарту ғимараттарға, жинағыш резервуарлар мен тұтынушыларға жеткізетін сорғы станциялар, тазарту ғимараттар, сақтау мен реттеуге арнапған резервуарлар мен арынды су мұнаралар, суды үлестіру мен тұтыну жеріне жеткізуге арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді. Адамдардың тіршілік ісі нәтижесінде және өнеркәсіптік кәсіпорындарында пайда болатын сарқынды суларды жинап әкетіп және тазарту үшін, суды әкету жүйесі пайдаланады. Кәсіпорындардың өндіріс қалдықтарының, коммуналдық-тұрмыстық объектілердің қалдықтарының құрамындағы ластайтын заттар қоршаған ортаға зиян келтіреді. Ауа алабын және су ресурстарын осындай улы заттардан қорғау үшін қоршаған ортаны қорғау инженерлік жүйелер қолданылады.

2. Тасымалданатын судың негізгі көрсеткіштері яғни суды тасымалдаған кезде біріншіден оның қайда тасымалданатыны, қандай мақсатта қолданатыны, қай мезгілде, кандай көрсеткіште жіберуіміз керек екенін анықтайды. Мысалы, біз суды тұрмыстық шаруашылыққа, өндірске, абаттандыруға, көше суаруға кететінін қарастырамыз. Абаттандыруға кететін су тәулігіне неше рет, неше сағат шығындалатынын мекенжайдың ауа райына және басқа жағдайларына байланысты қала басшыларымен келісе отырып белгілеген жөн. Әдетте, абаттандыру су шығынының 50пайызы машина көмегімен себіледі. Қаладағы суландыру, себу және жуу жұмыстары. Су ең аз шығындалатын мезеттерде жүргізілгені жөн. Көшелер мен алаңдарды себуге қажетті суды пайдалану тәртібін былайша жоспарлауға болады 60-70 пайыз кешкі және таңертеңгі мезеттерде, 30-40пайыз күндізгі уақыт, жасыл алқаптарға 80 пайыз таңертең, ал қалғаны күндізгі уақытта жұмсалады.Өнеркәсіп орындарындағы өндіріске және жұмысшыларға кететін судың тәулік бойы шығындалу кестесі мекеме технологінің есеьі бойынша алынады. Кейбіреулерінде су шығыны тұрақты болып, жылдар бойы өзгермесе, ал кейбіреулерінде мәселен салқындату өндірісінде шығын көлемі қыста кеміп, жаз айларында көбеюі мүмкін.

3. Су тұтыну мөлшері дегеніміз– уақыт бірлігінде әртүрлі мүдделерге немесе шығарылатын өнімнің бір бөлігіне жаратылатын судың мөлшері. Шаруашылық пен ауыз суын тұтыну мөлшерлері (кестеден алынады) әр мекеннің аудандарының абаттандырылу дәрежесіне байланысты қабылдайды.

Шаруашылық - ауыз судың есептік орташа тәулік шығыны мына формуламен анықталады (ҚН ж Е 2.04.02-84):

Q=(q*N)/1000, [м3/тәул]

мұндағы:: q - шаруашылық - ауыз суын тұтыну мөлшері, 1 тұрғынға л/тәул (кесте бойынша қабылданады); N - тұрғындардың саны.

Тәуліктегі максималды және минималды су тұтынудың есептік шығыны былай анықталады:

Qтәул. макс = Ктәул. макс. * Q о.т., [м3 /тәул]

Qтәул. мин. = Ктәул. мин* Q о.т.,3 /тәул]

мұндағы:: Ктәул.макс.- тәуліктік максималды тұрақсыздық коэффициенті, Ктәул.макс=1,1-1,3; К тәул.мин - тәуліктік минималды тұрақсыздық коэффициенті, 0,7 - 0,9-ға тең.

Тәуліктік тұрақсыздық коэффициенті Ктәу халықтың әдет ғұрыпына, кәсіпорынның жұмыс тәртібіне, үйлердің абаттандырылу дәрежесіне байланысты анықталады.

Есепті сағаттық шығындар келесі формуламен анықталады:

; (м3/сағ)

; (м3/сағ)

Есепті секундттық шығындар келесі формуламен анықталады:

; (л/с)

; (л/с)

Елді мекендердің көшелерін суару, жасыл алқаптарды суаруға қажетті су шығыны жергілікті жағдайлармен, суару түрі және топырақ құрамына байланысты 1 м2 ауданға 0,3-0,6 л мөлшерімен анықталады.

Өндіріс орнындарында жұмыс істейтін жұмысшылардың шаруашылық ауыз суға қажетті мөлшерін ыстық цехтар үшін 1 адамға 1 сменада 45 л мөлшермен, ал суық цехтар үшін 25 л мөлшермен есептеп алуға болады.

Суды әкелу мен үлестіру жүйелерін есептегенде тұтынушылардың су пайдалануының жыл бойы күн сайын өзгеруін ғана емес, тәуліктің әр мерзімінде болып тұратын өзгерістерді де есепке алу керек.

Елді мекендегі су колонкасынан алынатын су мөлшері бір тұрғынға тәулігіне 30-50 л шамамен белгіленеді.

Елді мекенде сағаттық су тұтынуы халықтың санына, ауа райы жағдайына, үйлердің санитарлы-техникалық жабдықталуына, жылдың маусымына және басқа да факторларға байланысты.Тәуліктік максималды су тұтыну сағатындағы шығынның, орташа сағат шығынға қатынасын сағаттық тұрақсыздық коэффициенті дейді.

К сағ = q сағ.макс / q сағ.ор.

Сағаттық тұрақсыздық коэффициенті Ксағ елді мекенде су тұтыну мөлшеріне байланысты қабылдайды.

Кесте 1.1- Елді мекендер үшін шаруашылық ауыз су тұтыну мөлшері

Үйлердің санитарлық техникалық жабдықталу дәрежесі

Абаттандыру дәрежесі

Бір адамға тәулігіне мөлшерленген су шығыны, л/тәу, q

Үйлер су құбырымен және су әкету жүйелерімен жабдықталған, ваннасыз

1

125-160

Үйлер су құбырымен және су әкету жүйелерімен жабдықталған, ванналы және жергілікті су жылыту қондырғысы бар

2

160-230

Үйлер су құбырымен және су әкету жүйелерімен жабдықталған, орталықтандырылған ыстық су жүйесі бар

3

230-350

2билет

1.Су құбырлары сумен жабдықтау жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Олар өз жұмысында сорғыш станциялары мен реттеуші немесе сақтаушы сыйымдылықтармен тығыз байланысты болып суды мекенжайдың барлық нүктелеріне жеткізіп және үлестіріп беру қызметін атқарады. Дұрыс жобаланған су құбыры тораптары тиісті көлемде өзімен су өткізе алатын, тұтынушыларды үзіліссіз , сенімді түрде сумен қамтамасыз ететін және басқа инженерлік құрылыстар тәрізді тиімді болулары шарт. Бұл айтылып отырған талаптар су жүйесі құбырларының пішін үйлесімін, сонымен қатар құбырлардың диаметрі мен материалын дұрыс таңдағанда ғана орындалады. Су жүйесі тораптарының орналасу пішіні сумен қамтамасыз етілетін мекенжайдың сипатына,тұрғын кварталдардың формалары мен көлеміне, жер бедеріне, табиғи немесе жасанды тосқауылдарға және т.б. жергілікті жағдайларға байланысты болады. Әрине, су жүйесін жобалаған кезде сонша көп факторлардың барлығын есепке алу қиынырақ,дегенмен төмендегі ережелерді қатал сақтай отырып, жобалау жұмыстарын жеңілдетуге болады:

а) Суды тұтынушыларға таратуды өте қысқы жолмен жүргізген жөн;

в) Металды құбырларды коррозияға ұшыратпау мақсатында трамвай рельстерімен қатар жатқызбаған жөн;

б) Магистралды құбырларды биік жерлерден өткізген жөн;

г)Құрылыс құны арзандау болу үшін құбырларды жер құрылымы жақсы жерлер арқылы жүргізген жөн;

д) Қиюшы құбырлар суды қысқа жолмен жеткізу және арын жоғалуын азайту мақсатында жүргізілуі тиіс.

2.Су тұтынушылар-табиғи суды тиісті өнім шығару үшін шикізат ретінде пайдаланатын –өндірістер,тұрсытық шаруашылықтар,егістік шаруашылықтар жатады.

Сумен жабдықтау объектісін жобалағанда, ең алдымен объектіге берілетін судың саны мен сапасы анықталу қажет. Бұл мәселелерді шешу үшін тұтынушылардың категориясын, қойылатын талаптарын және суға қойылатын талаптарын білу қажет.

Су әр түрлі тұтынушылармен, әр түрлі мақсаттарда қолданылады. Бірақ су қолданудың үлкен түрі халық шаруашылығында келесі негізгі категорияларында пайдалануы мүмкін.

Адамдардың шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтары (елді мекенде және өнеркәсіптерде жұмысшылар келген уақытта);

Әр түрлі өнеркәсіп орындарының технологиялық процесс қажеттіліктеріне жұмсалатын өнеркәсіптік қажеттіліктер;

Елді мекен мен өнеркәсіп орындарының аббатандыру жағдайына кететін су шығындары: көшелер мен алаңдарға су себу мен суару, жасыл алқаптарды суару және т.б

Өрт сөндіруге кететін су шығындары

Ауыл шаруашылығында суды пайдаланудың негізгі түрі – суару. Бұл су шаруашылығының «сумен жабдықтау» түсінігіне кірмейтін бөлек бір саласы.

Тұтынушылардың жекелеген категорияларының су пайдалану сапасы мен талабына қойылатын талаптар әр түрлі. Шаруашылық ауыз су мақсаттарына санитарлы және физикалық түріне қойылатын талаптары жоғары болады. Өнеркәсіп орындарының әр түрлі салаларына қажетті су технологиялық процестердің сипаттамаларына байланысты және әртүрлі. Көшелер мен жасыл алқаптарды суару мен өрт сөндіру сулары сапасына арнайы талаптар қойылмайды.

3. Таратушы тордың бір учаскесінен өтетін судың мөлшерін анықтау кезінде, оған әртүрлі көлемде (q1,q2,q3....qn) су алатын үйлер қосылатынын және олардың алатын су мөлшері тәулік,тіпті сағат сайын өзгеріп отыратынын ескерген жөн. Судың алыну-алынбасы тұтынушылардың өз еркінде болғандықтан, ол үнемі құбылып тұрады. Сондықтан, тіпті шағын мекенжай үшін де учаскелердегі шығынды есептеу өте қиын жұмыс. Сондықтан есептеу жұмыстарын жеңілдету мақсатында қала су құбырларын жобалаған кезде, құбырларға берілетін су құбыр ұзындығы бойынша бірқалыпты шығындалады деп есептелінеді. Профессор Н.Н.Гениевтің ұсыны бойынша, әрбір учаскеден бөлініп шығатын су көлемі оның ұзындығына пропорционал болады. Бұл жағдайда бір метрге қатысты алынатын «меншікті » шығын мына формуламен есептелінеді:

Qмен=

Мұндағы: Q-есепті мерзімдегі тұтынушылар алатын толық су шығыны, л/с; -жоғары шоғырланған шығындар жиынтығы;- магистраль құбырларының жалпы ұзындығы,м.

3билет

1.Ішкі су құбырын жобалағанда үймереттің жанындағы алқаптарды суару, өртке қарсы сумен қамтамасыз ету және елді мекеннің қандай жәйін сумен жабдықтауына байланысты шаруашылықты ішетін сумен жабдықтау немесе техникалық сумен жабдықтау шараларын анықтап алу қажет. Көп жағдайда жоғарғыда айтылған қажеттіліктерге су құбыры құнын азайту мақсатында біріктірілген жүйе арқылы су беріледі. Ішкі сумен жабдықтау жүйелеріне қоятын негізгі талаптың бірі олардың үзіліссіз жұмыс істеуі. Сол үшін үйлердің су торабын судың максимальды секундты шығынын өткізуіне есептейді. Сумен жабдықтауда ішкі су құбырын есептеудің де маңызы зор, өйткені ішкі су құбырын есептеу арқылы ғана нақты тұтынушының су мөлшерін анықтауға болады. Ішкі су құбыры есебінің негізгі мақсаты: Максимальды сағаттық, секундтық және тәуліктік шығындарды анықтау; тұтынушыға қажетті ішкі су торабындағы есептік арынды әнықтау; анықталған қажетті арынды сыртқы су құбыры тоабындағы кепілдеме арынмен салыстыру, қажет болса арын көтеру қондырғыларын қарастыру; ішкі су торабының құбырларын гидравликалық есепке салу.

2. Резервуарлар екіге ажыратылады. Біріншісіне арынды сыйымдылықтар жатады. Олар арынды мұнара тәріздес болып, олардың жер бетінің ең биік жерлеріне орналастырады да, тұтынушыларға судың сорғыштарсыз-ақ бере алады.

Резервуардың екінші түрі арынсыз келеді де, оларды ауа райына, топырақ сипатына және қызметіне байланысты жердің бетіне немесе жерге кеміңкіреп жасайды. Олардан суды сорғыштармен сорып алады. Арынсыз резервуарлар сумен жабдықтау сұлбасындағы орнына байланысты таза суды сақтау, судың шығындалуы режимін реттеу және қосымша сыйымдылықтар мақсатында пайдаланылады.

Резервуарлардың конструктивтік көрінісі де әртүрлі. Бұрынғы кездері резервуарларды қыштан,тастардан жасаса,қазіргі уақытта пішіні, құрылымыжәне құру әдістері әртүрлі болып келетін темір-бетонды элементтерден құрастырады.

Мұнай цистерналарында ұқсайтын болаттан жасалған резервуарлар АҚШ-та жиі кездеседі. Коррозиядан сақтау жұмыстары әрі қиын, әрі қымбат болғандықтан, біздерде болатты сыйымдылықтар көп қолданылып жүрген жоқ.

Темірбетонды резервуарларды кеңдігі қанша болса да құра алатын биіктігі 3,6...4,8 м-ге дейін болатын әртүрлі жеке элементтерден жинау мүмкіншілігі қарастырылған.

Резервуарлар су келетін, екі сорушы, біреуі шаруашылық-ауыз су құбыры, ал екіншісі өртке қарсы су құбыры, ағынды және ласты құбырлармен жабдықталады.

Резервуар арынды-реттеуші сыйымдылық рөлін атқаратын жағдайларда, оның құбырлармен жабдықталуы арынды мұнаралар тәріздес болады.резервуарлар сумен жабдықтау сұлбасында су жүйесінің сұлбасында сорғыш бекетінің қарама-қарсы жағында болса, онда сорушы мен су келетін құбырларды біріктіріп құруға болады.

Су белгілі мөлшерден асып кеткен жағдайда, оны шығарып тұратын ағынды құбырға ысырма қойылмайды. Оны ласты құбырларға қосуға болады. Резервуардағы су алмасуын қамтамасыз ету үшін су келетін құбыр су алатын орынның қарама-қарсы жағына жеткізілгені жөн.

Резервуардағы өртке жұмсалатын суды шаруашылық-ауыз су сорғыш сорып кетуден сақтау үшін сұлбадан басқаша құрастыруға болады. Екі құбырдың орнына біреуін ғана орналастырады, ал оның ұшы қмсық мойынды болып және жоғары жағында тесігі болады.

3. Су құбыры тораптарының ғимараттары:

Сумен жабдықтау жүйесіне су қабылдайтын ғимараттар, суды арынмен тазарту ғимараттар, жинағыш резервуарлар мен тұтынушыларға жеткізетін сорғы станциялар, тазарту ғимараттар, сақтау мен реттеуге арнапған резервуарлар мен арынды су мұнаралар, суды үлестіру мен тұтыну жеріне жеткізуге арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді.

Ал егер судың сапасы тиісті сапаны қамтамасыз ететін болса тазалау ғимаратынсыз суды тұтынушыларға жіберуге болады. Егер жер бетінің суын өзен, көл немесе теңіз суларын өндіріс орнына пайдаланатын болса онда суды тек қана тордан сүзу арқылы қолдануға болады.

Су мұнарасының негізгі атқаратын міндеті ол суды сақтау және құбырға қажетті арынды тудыру болып табылады. Құбыр бойына сорғы арқылы пайда болған артық қысым кезінде су мұнараға түссе құбырдағы қысым төмендегенде мұнарадан құбырға су жіберіледі. Кейбір жағдайда үлкен өндіріс орындары үнемі көптеген суды қолданып тұратын кезде су мұнарасын орналастыру қажет емес. Яғни су сорғының көмегімен үнемі құбырға жеткізіліп тұрады.

Өнеркәсіп орындардың көбінде суды әр түрлі агрегаттарды салқындату үшін қолданадады. Бұл жағдайда суды салқындатып қайта пайдалану жүйесі қарастырылады.

Су құбыр жүйесі сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы су құбыр жүйесіне суды қабылдау, суды тазалау және су құбыр жүйесіне бөлу ғимараттары кірсе, ішкі су құбыр жүйесіне сыртқы су құбыр жүйесінен құрылыстағы тұтынушыға жеткізуге дейінгі бөлік кіреді.

4билет

1.Қазіргі кезде қолданылатын құбырларға шойыннан, болаттан, асбестцементтен және темірбетоннан жасалынатын құбырлар жатады. Кейінгі кезде синтетикалық құбырлар да кең қолдау табуда.

Шойын құбырлар. Су жүйесінде қолданылатын шойын құбырларының бір жақ басында екінші құбырды кіргізуге арналған кең қоныш болады да, екінші ұшы тегіс болып келеді. Бұл құбырлар 9583-75 МЕСТ бойынша ішкі диаметрі 65....1200мм, ұзындығы 2...7м етіп жасалынған. Шойын құбырларын зауытта шығарар алдында мүжілуден сақтау мақсатында ішкі және сыртқы қабаттарын мұнайдың қалдығымен (битуммен) майлайды. Болат құбырлар. Сыртқы су жүйе тораптарында МЕСТ 10704-76, 10705-80 (тік тігісті) және (спираль тігісті) бойынша шығарылатын, ішкі диаметрі 100....1600 мм, ұзындығы 12 м дейін жететін болат құбырлар қолданылады. Бұл құбырлардың екі ұшы да тегіс болып, бір-бірімен дәнекерлеу арқылы жалғанады. Оларды сумен жабдықтау жүйесінде негізінен ішкі қысымы едәуір болатын тораптарда, сейсмикалық аудандарда және иіліу-созылу күштеріне қарсылық көрсету қажет болған жағдайларда қолданады. Асбестцемент құбырларды құрамы 75-80% портландцемент және 20-25% асбест талшықтарынан тұратын қоспадан жасайды. Олардың диаметрі 500мм-ге дейін, ұзындығы 3...4м, ал екі жақ ұшы жонылып жіңішкерілген болады. Бұл құбырлар коррозияға берік және ток және жылу өткізбейтін қасиеттері болады, сонымен қатар салмағы аздығынан тасымалдау, құрастыру мүмкіншіліктері ыңғайлы болатындықтан, оларды су жүйелері тораптарында кеңірек қолданады.Темірбетон құбырлардың ұзындығы 5мм-ге дейін, ал диаметрі 500...1600 мм болады. Бұл құбырлардың бір ұшы кең қонышты келеді де, бір-бірімен шойын құбырларына ұқсас жалғастырылады. Олар коррозияға өте төзімді. Ток өткізбейтін және су өткізгіштік қасиеттері басқа құбырларға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Әдетте, темірбетон құбырлар өткізгіштерде пайдаланады.Пластмассалы құбырлар. Сумен жабдықтау жүйелерінде жоғарғы және төменгі тығыздықтардағы полиэтиленнен және винипластан жасалған пластмасса құбырларды қолданады.

2. Канализация жүйесі келесі негізгі ғимараттардан тұрады:

а) ғимараттар және квартал ішіндегі су әкету жүйелері;

б) сыртқы су әкету жүйелері;

в) реттеуші резервуарлар;

г) сорғыш бекеттері және арынды құбырлар;

д) тазарту ғимараттары;

ж) тазарған суды және жалпы суды апат кезінде тастау.

Құбырлардың ішкі су әкету торабы сарқынды су шығыны аса үлкен болғанның өзінде құбырлардың жартылай толуына есептеледі. Құбырдың құрғақ бөлігі қаланың және өндірістің су әкету торабын жеделдету үшін қызмет атқарады. Үйге немесе бөлмеге газ шығып кетпес үшін санитарлық құралдар астына сифондар қойылады. Ғимараттан өндірістік сарқынды су әкету үшін де су әкету торабы құрастырылады. Өте үлкен сарқынды су шығыны үшін науалар қолданылады. Сыртқы су әкету торабы дегеніміз-су әкету бағытымен жер ылдилығына сәйкес орналасқан жер асты құбырлар жүйесі. Құбырлардың жатқызылуы жер бедерінің ылдилығына байланысты болады. Реттеуші резервуарлар судың максималдық шығынын шоғырландыруға және реттеп тазарту ғимаратына беруге арналған табиғи немесе жасанды сиымдылық. Резервуардағы сарқынды суды шығару құйылатын сарқынды судың шығыны азайған кезде жүргізіледі. Сарқынды судың тазарту ғимаратына өздігінен ағуы жер бедерінің ылдилығы айқын болған кезде ғана іске асырылады. Сарқынды кетіру үшін сорғын бекеттерді орнатады. Сорғыш бекеттерді жергілікті,аудандық және бас сорғыш бекеттері болып бөлінеді. Тазарту ғимарттары-бұл әртүрлә жағдайлардағы сарқынды суды ретімен тазартып шығаратын қондырғылар кешені. Тұрмыстық және өндірістік сарқынды суларды тазартқанда, механикалық және биохимиялық әдістер қолданылады. Суатқа тастау-науалы қондырғы. Бұл қондырғы сарқынды судың суат суымен тез және белсенді араласуын қамтамасыз етуі керек.

3. Канализацияда қолданылатын құбырлар (керамикалық, асбест-цементтік, темірбетондық, металл және т.б.). Керамикалық, темірбетондық құбырлар өзі ағатын канализация жүйелеріне қолданылады. Керамикалық құбырлар ГОСТ-286-82 бойынша ішкі диаметрі 150+600 мм және ұзындығы 800+1200 мм болады. Керамикалық құбырлар канализация жүйелерінің бәрінде де беріктігіне,буға тқзімділігіне, ұзақ сақталуына химиялық температуралық әсерлерге қарсы тұра алатынына байланысты жиі қолданылады.

5билет

1. Қазіргі кезде қолданылатын құбырларға шойыннан, болаттан, асбестцементтен және темірбетоннан жасалынатын құбырлар жатады. Темірбетон құбырлардың ұзындығы 5мм-ге дейін, ал диаметрі 500...1600 мм болады. Бұл құбырлардың бір ұшы кең қонышты келеді де, бір-бірімен шойын құбырларына ұқсас жалғастырылады. Олар коррозияға өте төзімді. Ток өткізбейтін және су өткізгіштік қасиеттері басқа құбырларға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Әдетте, темірбетон құбырлар өткізгіштерде пайдаланады. Темірбетон құбырлары арынсыз және арынды құбырлар болып екі түрге бөлінеді. Диаметрлері 400+2400 мм-ге тең. Темір бетонды арынды құбырлар болып ішкі қысымы 0,2-ден 1,5 МПа-ға есептеледі және арынды құбырлар мен дюккерлер жатқызу үшін қолданылады. Жақсы жағы – төзiмдiлiгi, тот баспайды. Кемшiлiгi – үлкен салмақ, бағасының өте қымбаттылығы.

2. Канализация жүйелеріндегі ғимараттарға құдықтар жатады. Олар тексергіш,тораптық, бақылайтын, тазартатын, бұрма және құлама құдықтар болып бөлінеді. Жаңбыр және жалпы ағызатын канализация жүйелерінде жаңбыр суын қабылдап алу үшін жаңбыр қабылдағыш құдықтар салынады. Бақылау құдықтарын есептік учаскелерде салады. Бақылау құдықтарының арақашықтары құбырлардың диаметріне сәйкес қабылданады. Бұратын құдықтарды канализация құбырларының трассасының бағыты өзгерген жерге салады,өзінің науасының пішіні қисық болады. Тораптық құдықтарды екі немесе үш канализациялық құбырлардың қиылысқан жеріне салады, кейде үлкен диаметрлі коллекторлардағы тораптық камера деп атайды. Тазартатын құдықтарды құбырларды тазарту үшін канализация жүйелерінің басты учаскелерінде салады. Құлама құдықтарды канализация құбырларының өте терең орналасқан негізгі коллекторларға қосылған жеріне салады. Канализациялық құдықтар планда дөңгелек немесе тікбұрышты болады. Дөңгелек құдықтардың диаметрін құбырлардың диаметріне сай нормативтік әдебиеттерден қабылдайды. Құбырлардың диаметрі 1200мм артық болса, құдықтар тікбұрышты болады. Құдықтардың мойнының диаметрі 700мм тең болады.

3. Коррозияға құбырдың сыртқы қабырғалары ұшырауы мүмкін. Сыртқы коррозиядан оларды әртүрлі битумдық қаптағыштармен орау арқылы құтқаруға болады. Қаптағыштармен түрін жер қыртысындағы тұздардың электролиттік бүлдіргіштік әсеріне байланысты анықтайды. Металл құбырларды коррозиядан қорғаудың тағы бір жолы-коррозиялық электрохимиялық теориясына негізделген катодтық қорғау. Бұл теория бойынша металдың мүжілуі коррозиялық ортамен жанасқанда, құбырдың сыртқы бетіне гальваникалық будың енуімен сипатталады. Металл құбырларда катодтық әдіспен қорғағанда науайы ток көзінен алынатын тұрақты токты құбыр маңына қадалған,анод қызметін атқаратын темір қазыққа бағыттайды. Ток құбыр бетінде гальваникалық будың бүлдіргіш әрекетін бейтараптандыратын катодты кеңістік түзеді. Электр энергиясының көп шығындалатынына байланысты катодтық қорғау битуммен қапталған құбырларға тек қосымша шара ретінде қолданылады. Металл құбырлардың ішкі бетін тот бсудан суды науайы өңдеуден өткізу жолымен де сақтауға болады.

6 Билет

1. Су құбырларының трассирофкасы

Су құбырының трассировкасы деп елді-мекендерді сумен жабдықтау немесе су құбырларын тартуды айтамыз. Су құбырларынның трассировкасы орнатылатын мекенжайдың сипатына, тұрғын кварталдың формалары мен көлеміне ,жер бедеріне, табиғи немесе жасанды тосқауылдарға және т.б жергілікті жағдайларға байланысты болады. Су құбырларын жобалаған кезде мына факторларды ескерген кезде , су құбырлардың трассировкасын жеңілдетуге болады :

Суды тұтынушыларға таратуды өте қысқа жолмен жүргізген жөн;

Металды құбырларды коррозияға ұшыратпау мақсатында трамвай рельстерімен қатар жатқызбаған жөн;

Магистралды құбырларды биік жерлерден өткізген жөн;

Құрылыс құны арзандау болу үшін құбырларды жер құрылымы жақсы жерлер(батпақсыз,тассыз тағы сол сияқты) арқылы жүргізген жөн;

Қиюшы құбырлар суды қысқа жолмен жеткізу және арын жоғалуын азайту мақсатында жүргізілуі тиіс.

Тұтынушыларды толық сумен қамтамасыз ету мақсатында құбырларды қаланың барлық көшелері арқылы жүргізілерді.Суды екі түрлі тармақталған немесе айналмалы құбыр торлары арқылы трассировкалауға,яғни су құбырын тартуға болады.

2. Канализация торабының трассировкасы

Канализация торабының трассировкасы деп бұл жағдайда біз су әкету жүйесін айтамыз. Канализация торабының трассировкасы келесі негізгі элементтерден тұрады :

Ғимараттар және квартал ішіндегі су әкету жүйелері;

Сыртқы су әкету жүйелері;

Беттеуіш резервуарлар;

Сорғыш бекеттері және арынды құбырлар;

Тазарту ғимараттары;

Тазарған суды және жалпы суды апат кезінде тастау.

3. Су құбырлары торабының тупикті (тұйықталған) есебі.

Сумен жабдықтау жүйесінің гидравликалық есебін тұйықталған торапта анықтау керек. Сонымен қатар су құбыр торабының арыны жоғалуын есептеу.

Су жылдамдығыныњ өсуі гидравикалық арынныњ азаюына әкеліп соғады. Құбыр диаметрін табу жолында техника-экономикалық байланыстарға тиісті жылдамдық қолданалады.

Құбыр диаметрін табу үшін профессор Ф.А.Шевелевтың кестесі қолданалады. Мұнда гидравликалық есептеу үшін су шығын мәні Q байланысты су құбырының диаметрі d, су жылдамдығы U және 1000 м-ге тиесілі гидравликалық ылдилық анықталады. Шевелевтың кестесін қолдана отырып, берілген есептік шығындардың экономикалық тиімді құбыр диаметіріне сәйкес келетін су жылдамдығын анықтай отырып, арын жоғалуды табуға болады. Бөліктің есептік шығынын біле отырып, құбыр диаметрі, жылдамдық және ылдилықты анықтай отырып арын жоғалтуды анықтаймыз.

мұндағы: i – бірліктік арын жоғалту құбыр жолы ұзындығы және гидравликалық еңіс (уклон), l – бөліктің ұзындығы.

Магистралдық құбыр деп тұйықталған тораптың ең алысында, ең биігінде орналасқан нүктені жалғастыратын құбырды айтамыз. Біздің есебімізде ең алыс орналасқан 9 нүкте болғандықтан, сол нүктеден бастап есепті жүргіземіз. Сонмен қатар магистралдық құбырдың бойы 4-7-8-9 нүктелерімен жүргізіледі. Тұйықталған тораптың 4 нүктесіндегі q4 су шығынын және сол нүктедегі арын Н4 анықтау керек.

Максималды су тұтыну үшін су құбыр торабының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін су шығыны мен арыны анықталады.

4 нүктедегі су шығыны:

q4 = q7 + q8 + q9 + q10 + q11

мұндағы: q7 ; q8 ; q9 ; q10 ; q11 – су құбыр торабының 7, 8, 9, 10, 11 нүктелеріндегі су шығыны.

4 нүктедегі арын келесі формуламен анықталады

H4 = H9 + ∑h + z9 – z4,

мұндағы: H9 – 9 нүктедегі еркін арын;

H9 = 10 м су б.б.;

∑h – магистралдық құбырдағы арын жоғалу;

∑h = h4-7 + h7-8 + h8-9

h4-7 ; h7-8 ; h8-9 – магистралдық құбырдың көрсетілген бөліктеріндегі арын жоғалу ;

z9 ; z4 –9, 4 нүктелердегі жер бетінің белгісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]