Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

_АЗА_СТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ Ж_НЕ _ЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ / ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
38.37 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

« Информатика » кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Word-та схемалар мен диаграммалар салу

Жұмыстың орындалу сапасы

Баға диапазоны

Орындалған

%

1

Орындалған жоқ

0%

2

Орындалды

0-50%

3

Матералдық өзіндік жүйелендіру

0-10%

4

Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау

0-5%

5

Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану

0-5%

6

Орындалған тапсырманың ерекшелігі

0-10%

7

СӨЖ-ді қорғау

0-20%

Қорытынды:

100%

Оқытушы: Айткулов Ж

Студент: Нұраддин Ж

Мамандығы:5В070600

Тобы: ГРБ-15-4қ

Алматы 2015

Мазмұны

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2.1 Word-та схемалар салу

2.2 Word-та диаграмма салу

2.3 Word-та кестемен жұмыс жасау

III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.       Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады. 

2.1 Word-та схемалар салу

Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:

1.Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.

2.Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

3.Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

4.WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

  • Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

  • WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  • тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  • редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

  • Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.

Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.

Word құжатында суреттер салу. Word текстік процессорында қарапайым схемаларды, чертеждер мен суреттерді Вид->Панели инструментов->Рисование командасы арқылы іске қосылатын орнатылған графиктік редактор көмегімен салуға болады. Графиктік объектілерді біріктіру. Түрлі бөліктерден құралған чертежді немесе схеманы біртұтас сурет ретінде қарастыру үшін ол бөліктерді Shift батырмасын баса отырып белгілейді де сол жерде контекстік мәзірден Действия->Группировать командасын орындайды. Объектілерді біріктіруді алып тастау үшін сол контекстік мәзірдегі Действия -> Разгруппировать командасы қолданылады. Word процессорындағы графикамен жасалатын жұмыстарды үш бағытқа сәйкес қарастырады:

1. Басқа қосымшаларда (мысалы, Paint, Ms Drawing, Paintbrush, Excel және т. б.) салынған графиктік объектілерді құжатқа кірістіру;

2. Құжаттың өзінде Рисование панелінің құралдарын пайдаланып сурет салу; 3. Тексті көркемдеуде Clipart коллекциясының дайын суреттерін пайдалану. Графиктік объектінің текстегі орналасуы.

1. Настройка изображения панелін іске қосыңыз. Ол үшін Вид -> Панели инструментов -> Настройка изображения командасы орындалады. 2. Пайда болған панелден Обтекание текстом батырмасына шертіледі. Пайда болған мәзірден өзіңізге қажет команда таңдалынып, сол командаға шертіледі. Егер По контуру командасы таңдалса терілген текст графиктік объект контурын жағалай орналасады.

2.2 Word-та диаграмма салу

Word-соңғы жаңа версияларында OfficeArt  толық қолдауы қамтылған. Ол  Word-та көптеген PowerPoint және Excel-де бар фигуралармен жұмыс істеудің қосымша мүмкіндіктерін пайдалануға болады дегенді білдіреді. Пайдаланушы жұмысты тездету және пішімдеуде үнемділікті қамтитын фигуралардың қосымша типтерін және көптеген құралдарын таңдауына болады. Word-та графиктер мен диаграмма салу мүмкіндіктері бар.

Word-та диаграммалармен байланысты мәліметтерді басқару үшін келесі әрекеттерді орындау қажет.

  1. Word құжатында диаграмма орналасатын жерді шертіңіздер.

  2. Кірістіру (Кірістіру) қосымшасында Иллюстрация тобында Диаграмма пунктін таңдаңыздар.

  3. Диаграмманы кірістіру (Вставка диаграммы) диалогтық терезесінде диаграмманы шертіңіздер және  OK батырмасын басыңыздар.

Жеке терезеде ұлгі ретінде берілген мәліметтермен OfficeExcel ашылады.

Excel парағындағы ұяшықты шертіңіздер, қажетті мәліметтерді енгізу үшін уақытша мәліметтерді ауыстырыңыздар.

Сонымен қатар А бағанындағы осьтар жазуын және жолдағы легенда элементтерірінің аттарын да ауыстыруға болады.  Word-тағы диаграмманың парағы жағартылғаннан кейін ол автоматты түрде жаңартылады.

  1. Excel-де Microsoft Office батырмасын басыңыздар және Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдаңыздар.

  2. Бумалар тізімінде Құжатты сақтау диалогтық терезесінде жұмыс парағын сақтау үшін буманы немесе дискіні таңдаңыздар.

  3. Парақты жаңа бумада сақтау үшін Бума құру (Создать папку) батырмасын басыңыздар.

  4. Файл аты өрісінде жаңа файлдың атын жазыңыздар.

  5. Сақтау батырмасын басыңыздар.

  6. Excel-де Microsoft Office батырмасын содан кейін Жабу (Закрыть) батырмасын басыңыздар.

Құрылған диаграммалар OfficeWord құжатына қойылады, ал диаграмма мәліметтерді Word файлына енгізілген Excel парағында сақталады.

Диаграмманың типін, мазмұнын, түсін өзгерту үшін Диаграммалармен жұмыс (Работа с диаграммами) қосымшасын іске қосамыз. Ол үшін бір рет диаграмманы және лентадағыДиаграммалармен жұмыс (Работа с диаграммами) қосымшасын шертіңіздер.

Сонымен қатар диаграмманы Excel-ден OfficeWord-қа көшіріп алуға болады. Диаграмманы көшіргенде ол статистикалық объект немесе кітаппен байланыста болып енгізіледі. Пайдаланушы қолжетімдігі бар байланысты диаграмма үшін диаграмма ашылған сайын өзгерісті байланыстырылған кітапқа автоматтық тексеруді орнатуға болады.

2.3 Word-та кестемен жұмыс жасау

Кесте – бағандар мен жолдарда реттелген информация. Кесте жолдар мен бағандардың қандай бір санынан тұрады.  Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды.

Word процессорында кестені екі түрлі әдіспен қоюға болады.

Бірінші: Таблица-Добавить таблицу командасы көмегімен

Екінші: аспаптар тақтасындағы Добавить таблицу батырмасын пайдаланып.

Бірінші жолмен кесте қою үшін Таблица-Добавить таблицу командасын орындаған соң экранға Вставка таблицы терезесі шығады. Число столбцов өрісінде баған санын, число строк өрісінде жол санын енгізіп, ОК батырмасын шертеді. Сонымен қатар оңай жолын таңдасақ төменгі командаларды орындаймыз.

  • ВставкаТаблица керектіні белгілеу;

  • ВставкаВставить таблицубаған немесе жол ОК батырмасы;

  • ВставкаТаблицаНарисовать таблицу;

  • Таблица Excel түрінде енгізуге болады.