Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ТехПр / 6-лаба

.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
152.21 Кб
Скачать

6 – зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Символдық мәліметтермен жұмыс

Жұмыстың мақсаты: Си тілінің стандартты функциясын қолданумен символдық ақпараттарды, мәтіндерді өңдеу

Зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік ұсыныстары:

Жолдармен жұмыс істейтін функциялар:

– strcat

Синтаксисі: сhar*strcat(char*Жол1, const char*Жол2)

Жол1 жолын Жол2 жолдарын біріктіреді және нәтижені Жол1–ге жолға жазады.

–strcpy

Char*strcpy(char*Жол1, const char*Жол2)

Жол1 жолын Жол2 жолына көшіреді.

–strlen

Синтаксисі: Int strlen(const char*Жол)

Жолдың ұзындығын қайтарады. Нөлдік символ ескерілмейді.

–strcmp

Синтаксисі: Int strcmp(const char*Жол1, const char*Жол2)

Жол1 мен Жол2 жолдарын салыстырады. Егер жолдар тең болса, 0-ді қайтарады, егер Жол1<Жол2 болса, сан нөлден кіші болады, егер Жол1>Жол2 онда сан нөлден үлкен.

–strlwr

Синтаксисі: Char*strlwr(char*Жол)

Жолдың кіші әріптерін үлкен әріптерге түрлендіреді(тек латын әріптерін)

–strupr

Синтаксисі: Char*strupr(char*)

Жолдың үлкен әріптерін кіші әріптерге түрлендіреді(тек латын әріптерін)

–strset

Синтаксисі: Char*strset(char*Жол)

Функцияны шақырады жолды көрсетілген символмен толтырады.

–strchr

Синтаксисі: Char*strchr(const char*Жол, int Жол)

Жолда символды іздеуді орындайды және көрсеткішті бірінші табылған символға немесе егер символ табылмаса,-NULL мәнін қайтарады.

–strtok

Синтаксисі: Char*strtok(char*Жол, const char*Бөлгіштер_Жол)

Адрестелген Жолды Бөлгіштер_Жолын көрсететін, әрқайсысы жолдың символдарымен анықталатын лексем тізбектеріне бөледі. Бірінші шақыруда strtok функциясы бірінші аргумент ретінде Жол мәніне ие болады, келесі барлық шақыруларды бірінші параметр ретінде нөлінші көрсеткіш, яғни NULL беріледі. Басты файл: <string.h>

Зертханалық жұмыс тапсырмалары. Символдар жолының алгоритмін құру және программалау.

1-тапсырма. s1 және s2 символдар жолы берілген. Осы жолдардың соңына кез-келген сөз енгізу.

2-тапсырма. s1 және s2 символдар жолы берілген. Бірінші жолды екінші жолмен салыстыру программасын құру.

3-тапсырма. s символдар жолы берілген. Осы жолдың ұзындығын анықтау.

4-тапсырма. s1 және s2 символдар жолы берілген. Бірінші жолды екінші жолмен біріктіріп оны баспаға шығару.

5-тапсырма. s символдар жолы берілген. Осы жолдағы "?" таңбасын "+" таңбасына ауыстырып баспаға шығару.

Программаның логикалық құрылымын сипаттау:

1-енгізу-шығару функияларын қосу үшін арналған препроцессор директивасы

2-экранмен жұмыс жасауға арналған препроцессор директивасын қосу

3-математикалық стандартты функцияларымен жұмыс жасауға арналған препроцессор директивасы

4-басты функция(аргументі жоқ)

5-7-сhar типті бір өлшемді массив ретінде жолды жазу

8-10-өрнекті шығару

11-жолды шығару

12-программа соңы

Соседние файлы в папке ТехПр