Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ТехПр / 4-лаба

.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
221.18 Кб
Скачать

4–зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Массивтер

Жұмыстың мақсаты: Есепті шешуде бір және екі өлшемді массив тіпті мәліметтер құрылымын қолданып программалауды үйрену.

Зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік ұсыныстары: Массивтер–бұл бірдей типтегі элементтер жиыны(double, float, int).Массивті жариялағанда компилятор массив элементтерінің типі және олардың саны туралы ақпарат алуы керек. Массив сипатталуының түрі:

спецификатор–тип сипаттаушы [константа–өрнек]

сипаттаушы– массив идентификаторы

Спецмфикатор–тип массивтің элементтерінің типі

Константа–өрнек массив элементтерінің саны

СИ тілінде массивтің бірінші элементінің индексі 0-ге тең.

Зертханалық жұмыс тапсырмалары: Бірөлшемді массивтерді өңдеу тапсырмаларын шешетін блок–схема түріндегі алгоритм мен программа құру. Төменде көрсетілген тапсырмаларды программалауда циклдік операторлардың әр түрін қолдану ұсынылады.

1–тапсырма. a[10] массиві берілген. Осы массивтегі бірінші кездесетін нөлдік элементке дейінгі элементтің санын және қосындысын табыңыз.

2–тапсырма. а[5][5] массиві берілген. Егер массив элементтерінің арасында B–ға тең элемент болса, онда X айнымалысына осы элементтің сол жағында орналасқан сандардың қосындысын , әйтпесе Х айнымалысына 0 меншіктеу программасын құру.

3–тапсырма. a[5][5] екі өлшемді массиві берілген. Циклдік операторлар көмегімен осы массивтің тақ жолында орналасқан жұп элементтердің санын табу программасын құру.

Программаның логикалық құрылымын сипаттау

1-енгізу-шығару функияларын қосу үшін арналған препроцессор директивасы

2-экранмен жұмыс жасауға арналған препроцессор директивасын қосу

3-математикалық стандартты функцияларымен жұмыс жасауға арналған препроцессор директивасы

4-басты функция(аргументі жоқ)

5-бүтін сандар типі

6-for операторы көмегімен бір өлшемді массивті енгізу

7-форматты енгізу функциясы: 1-тырнақшаға алынған символдар комбинациясы спецификатор жолы деп аталады. Бұл жол барлық уақытта % символымен басталады. % кейінгі әріп енгізілетін айнымалыны көрсетеді. Бұл түрлендіру спецификаты деп аталады; 2-апмерсанд, айнымалы адресін айтады.

8-і-ге бастапқы мән беру

9-12-массивтегі бірінші кездесетін нөлдік элементке дейінгі элементтің санын және қосындысын do–while операторы көмегімен есептеу

13-форматты шығару функциясы

14-программа соңы

Соседние файлы в папке ТехПр