Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Терапия казак.doc
Скачиваний:
4432
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
6.68 Mб
Скачать

Жүйелі зақымданулар болатын ра.

Аурудың аутоиммундық сипаты патологиялық процестің басқа органдарға тарауын қамтамасыз етеді. Негізінен буын синдромы мен висцеральдық патология бір мезгілде бой көрсетеді. Аурудың жүйелі белгілері процестің жағымсыз дамуын, оның жоғарғы дәрежелі активтілігін және барлық емдеу әдістеріне төзімділігін көрсетеді.

Өкпелердің зақымдануы. РА-ғы тыныс мүшелерінің зақымдануы ревматоидтық плеврит, өкпе фиброзы және өкпе мен плевраның түйінді зақымдануы түрінде көрініс береді.

РА плеврит бірнеше жыл бойы белгісіз дамиды, көбіне оның адгезиялық сипаты болады. Плевра қуысындағы сұйықтықта фагоциттер (құрамында фагоцитоз нәтижесінде жұтылған иммундық комплекстер бар лейкоциттер) табылады.

Өкпенің фиброзы ошақты және жайылмалы болады. РА белгілері мен өкпедегі ревматоидтық түйіндердің қоса кездесуі Каплан синдромы деп аталады.

Өкпеде ревматоидтық түйіндердің болуы көбіне еркектерде кездеседі, түйіндер өкпеде көптеп кездеседі. РА өкпедегі түйіндер ревматизмге қарсы ем және кортикостероидтар қолданғанда жақсы нәтиже береді.

Жүректің зақымдануы. РА жүректің зақымдануы миокардиодистрофия, эндомиокардит және перикардит түрінде кездеседі.

Миокардиодистрофияда болмашы ентігу, жүректің соғуы, жүрек тұсының мезгіл-мезгіл шаншып ауыруы болады. Жүрек аздап солға қарай ұлғайған, жүрек тондары тұйықталған, функциональдық систолалық шу естіледі, ЭКГ-да – ЭКГ тісшелері вольтажының аздап төмендегені байқалады.

Кардиттің белгісі өте аз болады, процесс баяу дамиды. Жүрек ақауы сирек қалыптасады. Әдетте процесс митральдық қақпақтың кемістігімен шектеледі. Жүрек ақауының даму барысы қатерсіз болып келеді, жүрек-тамыр жетіспеушілігінің белгілері кездеспейді.

Ревматоидтық перикардит симптомсыз дамиды, әдетте плевроперикард жабысқақтарына қарап диагнозы қойылады.

Жүректің ревматоидтық зақымдану белгілері РА-ң өршуі кезінде байқалады.

Тамырлардың зақымдануы. РА тамырлардың зақымдануына ревматоидтық васкулиттер жатады. РА клиникалық белгілері сирек кездеседі. Көбіне терінің дигитальді артерииті, петехиялық бөртпе және терінің некрозы кездеседі.

Дигитальды артериитте саусақ ұшындағы тырнақ ернеуінің маңында нүкте тәрізді некроз болады. Петехия бөртпесі (пурпура) әдетте сирақтың дистальды аймағында орналасады, өзінен кейін қоңыр түсті пигментация қалдырады. Васкулиттердің клиникалық белгілерімен бірге процестің жоғары активтігі, ревматоидтық факторлардың жоғарғы титры, сирек тері асты ревматоидтық түйіндер байқалады.

Бүйректің зақымдануы амилоидоз бен нефриттің клиникалық белгілерін береді.

РА-дағы амилоидоз протеинурия мен диспротеинемиядан басталады, кейін нефроз синдромы мен бүйрек жетіспеушілігі пайда болады. Бұл науқастарда жиі басқа ішкі органдардың амилоидозының (бауыр, талақ, ішек) белгілері анықталады.

Нефрит ошақты нефрит түрінде бой көрсетеді. Ошақты нефритте микрогематурия мен болмашы протеинурия байқалады, гипертензия мен ісіну болмайды.

РА бүйректің зақымдану түрінің бірі – дәрілік нефропатия. Олардың ішіндегі қазіргі белгілілері – фенацетиндік нефрит, «алтынды» нефропатия, Д-пеницилламиндік нефропатиялар.

Бауырдың зақымдануы. Ревматоидтық артритте бауырдың зақымдануы: 1) ревматоидтық гепатит пен бауыр амилоидозы; 2) қосымша қабыну аурулары (созылмалы гепатит, бауырдың майлы дистрофиясы т.б.); 3) дәрілік зақымдану түрінде кездеседі.

Асқазан-ішек жолының зақымдануы өңештің функциональдық өзгерістері (гипокинезия, асқазан-өңеш рефлюксі, эзофагоспазм), эрозиялы гастрит және ішек амилоидозы түрінде кездеседі.

Көздің зақымдануы. РА жиі кездесетін көздің зақымдану түрлеріне склериттер мен эписклериттер жатады.

Нерв жүйесінің зақымдануы. Көбіне мононеврит түріндегі (кіші жіліншек нервісінің зақымдануы басым) шеткі нейропатия жиі кездеседі. Ол vasa nervorum-ның қабынуының нәтижесінде туындайды. РА-те көрші тіндердің (буын қабы, сіңір қабығы) ісінуі нәтижесінде аяқ-қолдың дистальді бөлігінің нерв сабауының компрессиясы болуы мүмкін. Оған білезік өзегінің синдромы (білезік аймағында орталық нервтің қысылып қалуы), асық жілік өзегі синдромы (ішкі тобық аймағында асық жілік нервісінің қысылып қалуы) жатады. Ревматоидтық менингиттер кездеседі.