- •Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) арналады.
- •Ішкі аурулар Оқулық жоғарғы медициналық оқу орындарындағы студенттерге арналады.
- •Ажту – активтенген жартылай тромбопластин уақыты
- •Га – гипертония ауруы
- •Гкмп – гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Гн – гломерулонефрит
- •Тт – тыныс тұншықпасы
- •Т ы н ы с м ү ш е л е р і н і ң а у р у л а р ы Жедел бронхит және бронхиолит
- •Созылмалы бронхит
- •Тыныс тұншықпасы (тт)
- •Бронхоэктазия ауруы
- •Пневмония
- •Ауруханадан тыс пневмония
- •Ауруханаішілік пневмония
- •Атипиялық пневмониялар
- •Аспирациялық пневмонияны емдеу
- •Созылмалы пневмония
- •Өкпенің инфекциялық деструкциялары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесі)
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпенің созылмалы себінді аурулары (өсса)
- •Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
- •Созылмалы өкпе-текті жүрек
- •Плевриттер
- •Транссудат пен экссудаттың белгілері
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
- •Тыныс жетіспеушілігі
- •Спонтандық пневмоторакс
- •Ересектердің респираторлық дистресс – синдромы (ердс)
- •Өкпе артериясындағы гипертензия
- •Бірінші ретті өкпе артериясының гипертензиясы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар
- •Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)
- •Қалыпты артериялық қан қысымы
- •Аққ көтерілуінің дәрежелері
- •Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993
- •Қатерлі артериялық гипертензия
- •Гипертензиялық криздердің салыстырмалы сипаттамасы
- •Артериялық гипертензияда қолданылатын негізгі дәрілер
- •Антигипертензивтік емнің тәсілдері
- •Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау
- •Антигипертензивті дәрілердің құрамалары
- •Гипертониялық кризді тоқтатуға қолданылатын дәрілер
- •Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар
- •Ренальдық аг.
- •Эндокриндік аг.
- •Иценко-Кушинг ауруы және синдромы
- •Гемодинамикалық аг
- •Нейрогендік гипертензиялар.
- •Дәріден болатын аг.
- •Атеросклероз
- •Жүректің ишемия ауруы
- •Кенеттен болатын коронарлық өлім
- •Стенокардия (жүрек қыспасы)
- •Тұрақсыз стенокардия классификациясы
- •Фармакологиялық сынамалар
- •Стенокардияны емдеуде қолданылатын антиангинальдық препараттар
- •Миокард инфарктісі
- •Ми-дағы резорбциялы – некроз синдромы мен биохимиялық маркерлер көрсеткіші
- •Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.
- •Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі
- •Кардиогендік шоктың ауырлық дәрежелері
- •Ауырғандықты тию алгоритмі.
- •Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы
- •Ревматизм қызбасының классификациясы
- •Жрқ диагнозын қоюда қолданылатын Киссель-Джонс критерийлері
- •Инфекциялық эндокардит
- •Инфекциялық эндокардиттің классификациясы
- •Иэ емдеуде қолданылатын антибиотиктер
- •Миокардтың коронарогенді емес аурулары
- •Миокардиттер
- •Миокардиодистрофиялар
- •Кардиомиопатиялар
- •Дилатациялық кардиомиопатия
- •Гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Рестрикциялы кардиомиопатия
- •Жүрек ақаулары
- •Жүре пайда болатын жүрек ақаулары
- •Митральдық қақпақ кемістігі
- •Өкпе артериясы сағасының стенозы
- •Антиаритмиялық дәрілердің “Сицилиан гамбиті” классификациясы
- •Жүрек аритмиялары Экстрасистолия
- •Пароксизмальды тахикардия
- •Суправентрикулярлық және қарыншалық тахикардиялардың айырықша белгілері
- •Қарыншаішілік блокада
- •Қарыншалардың мезгілінен бұрын қозу синдромы
- •Сжә-де дәрілерді таңдау
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Асқорыту мүшелерінің аурулары Өңеш аурулары Гастроэзофагальды рефлюкстік ауру
- •Гэра мен жиа екшеу-іріктеу диагнозы
- •Асқазан аурулары Созылмалы гастрит
- •Қалыпты асқазан секрециясы
- •Гастриттің ерекше түрлері
- •Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері
- •В гастритінің екі сатысының басты критерийлері
- •Нр байланысты созылмалы гастритті емдеу. Емнің мақсаты – асқазан мен он екі елі ішек кілегей қабығындағы нр жою.
- •Жара ауруы
- •Жара ауруының асқынулары.
- •Ішек аурулары Созылмалы энтерит
- •Созылмалы колит
- •Бейспецификалық жаралы колит
- •Крон ауруы
- •46-Кесте ка мен бжк екшеу-іріктеу диагнозы
- •Тітіркенген (қозған) ішек синдромы
- •Ұйқы безінің аурулары Созылмалы панкреатит
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит
- •Классификациясы (Гастроэнтерологтардың Дүниежүзілік конгресі, Лос-Анджелес, 1994).
- •Бауыр жетіспеушілігі
- •49-Кесте Жедел гепатит пен бауыр циррозы фонында дамыған
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы тассыз холецистит
- •Бауыр циррозы
- •Бадд – Киари синдромында болатын цирроз
- •Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау
- •Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.
- •Бауыр циррозының сирек түрлері.
- •Бауыр циррозындағы және тубперитониттегі асцит сұйықтығы
- •Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
- •Асқынуларды емдеу.
- •Бауыр циррозының сирек түрлерінің емі.
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Жқж клиникалық варианттарының жұмыс классификациясы
- •Жқж активтілік дәрежелері
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:
- •Жүйелі склеродермия
- •Дерматомиозит
- •Буын аурулары Ревматоидтық артрит
- •Ра жұмыс классификациясы
- •Жүйелі өзгерістер жоқ ра.
- •Жүйелі зақымданулар болатын ра.
- •Ерекше синдромдар
- •Ра синовиальды сұйықтықтың көрсеткіштері
- •Ра түрлеріне қарап емдеу
- •Негізгі клиникалық түрлері
- •Подагра
- •Жүйелі васкулиттер
- •Түйінді периартериит
- •Түйінді периартерииттің диагноз қою критерийлері
- •Бейспецификалық аортоартериит
- •Такаясу ауруының критерийлері
- •Вегенер гранулематозы
- •Вегенер гранулематозы диагнозының критерийлері
- •Жедел гломерулонефрит
- •Бүйрек амилоидозы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Анемиялар
- •Теміржетіспеушілік анемия
- •Витамин в12-жетіспеушілік анемия
- •Гемолитикалық анемиялар
- •Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)
- •Г-6-фдг жетіспейтін анемия
- •Талассемия
- •Қолорақ клеткалы анемия
- •Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия
- •Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия
- •Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар
- •Гемобластоздар
- •Лейкоздар
- •Жедел лейкоздар
- •Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Полицитемия
- •Геморрагиялық диатез
- •Гемофилия
- •Виллебранд ауруы
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы.
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)
- •Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)
- •Геморрагиялық диатездердің негізгі түрлерінің екшеу диагнозының белгілері
- •Тамыріші себінді қан ұю синдромы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Тестілер жауаптарының эталондары
- •Б) жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бойынша
- •Қолданылған әдебиет тізімі жалпы әдебиет
- •Несеп бөлу жүйесінің аурулары бойынша
- •М а з м ұ н ы
Бейспецификалық аортоартериит
Бейспецификалық аортоартериит (БСАА, Такаясу ауруы, пульс болмайтын ауру, қолқа доғасының синдромы, брахиоцефальды артериит) – қолқаның және оның басты тарамдарының созылмалы гранулематозды қабынуы түрінде көрініс беретін жүйелі васкулит. Оның өзі артериялардың стенозы мен окклюзиясын тудырып, кейін органдар мен тіндердің ишемиялық зақымдануына әкеліп соқтырады.
1908 ж. жапон офтальмологі пульсі жоқ ауру адамда көз торы артериясының қандай өзгерістері болатынын сипаттап жазған. 1954 ж. бері бұл ауру Такаясу ауруы деп аталып келеді. Такаясу ауруымен сырқаттанушылық жиілігі 1,2-6,3:1000000 құрайды. Көбіне 50 жасқа дейінгі әйелдер ауырады.
Этиологиясы және патогенезі белгісіз. Тұқым қуалау бейімділігіне көңіл аударылып жүр. Такаясу ауруы мен HLA-ДR2, А10, В5, Bw52 жиі бір кездеседі.
Эндотелийдің зақымдануы мен жергілікті тромб түзілу иммундық комплесктердің жиналуын және фосфолипидтерге қарсы антиденелердің пайда болуын тудырады. Мұның өзі табиғи антикоагулянттық жүйені ыдырату әсерін көрсетіп, тромбоздық асқынуларды жиілетеді.
Патоморфологиясы. Қабынулы гранулематозды өзгерістер алдымен адвентиция мен медияның сыртқы қабаттарынан басталып, біртіндеп барлық қабатты қамтиды, кейін гранулемалар склерозданып, интимада пролиферация өріс алып, тамыр қуысын тарылтады және онда тромб түзілуін тудырады.
Ұсақ және орташа калибрлі артериялардың проксимальды сегменттері зақымданады.
Классификациясы. Такаясу ауруының төмендегідей клиникалық-морфологиялық варианттарын ажыратады:
І тип – қолқа доғасы мен оның тарамдарының зақымдануы;
ІІ тип – қолқаның кеуде және іш бөлігінің зақымдануы;
ІІІ тип – қолқа доғасының, оның кеуде және іш бөлігінің зақымдануы (ең жиі кездесетін вариант);
IV тип - өкпе артериясы мен қолқаның кез-келген бөлігінің зақымдануы.
Клиникасы. Такаясу ауруының клиникалық белгілерін екі топқа бөледі:
а) организмнің жүйелі қабыну жауабынан туындайтын бейспецификалық симптомдар. Оларға қызба, жүдеу, әлсіздік, ұйқышылдық, артралгия, симметриялы полиартрит, миалгия жатады. Бұл белгілер көбіне аурудың бас кезінде кездеседі;
б) тамыр арнасының әр түрлі бөліктерінің зақымдануының нәтижесінде пайда болатын үдемелі ишемия тудыратын симптомдар. Оларға байланысты орын алатын синдромдар:
Қолқа доғасының синдромы; қолқа доғасынан басталатын артериялардың қанмен қамтамасыз ететін аймақтарында ишемия белгілерінің болуымен сипатталады. Қолқа доғасы синдромының белгілеріне сол жақ кәрі жілік артериясында пульстің болмауы, ми ишемиясының эпизодтары мен инсульт, офтальмологиялық белгілер (көру алаңының тарылуы, диплопия, көз торы тамырларының аневризмасы, көз торына қан құйылу, көз торының ажырауы, катаракта, көрмей қалу – кейде уақытша көрмеу) жатады;
Қолдарға қан жетіспеушілік синдромы, бұғана асты артерия бітелгенде туындайды. Белгілері: қолдардың ауыруы, тоңғақтық, бұлшық ет әлсіздігі, трофикалық бұзылыстар. Физикалық тексергенде артерия тарылған жерден төмен пульстің болмауы, тарылған жердің үстінде және одан төмен жердің үстінде систолалық шудың естілуі, екі қолдағы АҚҚ айырмашылығы болатыны және Рейно синдромының анықталуы;
Бет пен мойынға қан жетіспеушілігі синдромының белгілері: мұрын ұшы мен құлақтың трофикалық бұзылыстары (гангренаға дейін жетеді), мұрын пердесінің тесілуі, бет бұлшық еттерінің атрофиясы;
Аяққа қан жетіспеушілігі синдромының (“ұстамалы ақсақтық”) белгілері: күш түскен кезде аяқтың проксимальды бөлігінің ауыруы мен әлсіздігі. Пульстің әлсірегені анықталады және зақымданған тамырлар үстінде систолалық шу естіледі;
Артериялық гипертензия синдромы, бүйрек артериялары зақымданғанда реноваскуляр-лық артериялық гипертензия түрінде пайда болады.
Тері зақымданғанда түйінді эритема, сирақтың жарасы пайда болады.
Буындардың зақымдануында атралгия және көшпелі полиартрит, көбіне қол буындарының полиартрит белгілері байқалады.
Жүректің зақымдануы коронарлық артериялардың проксимальды бөліктерінің окклюзиясымен байланысты аурудың клиникасында ишемия синдромының (миокард инфарктісіне дейін), миокардиттің, қолқа қақпақтарының жетіспеушілігі мен жүрек әлсіздігінің белгілері қалыптасады.
Асқазан-ішек жолы зақымданғанда іш ауырады, үдемелі жүдеу, ішек қызметінің бұзылуы байқалады (сіңіру бұзылуының синдромы, іш өту, метеоризм).
Өкпе тамырларының зақымданғаны өкпе гипертензиясын тудырып, өкпе-текті жүрекке алып келеді.
Бүйрек гломерулонефрит және амилоидоз (сирек) түрінде зақымданады.
Бейспецификалық аортоартериттер дамуының бірнеше клиникалық варианты бар. Аурудың жедел даму барысы қызбадан, буын синдромынан, ЭТЖ өсуінен, анемиядан басталады. Ишемиялық белгілер ауру дамуының бірінші жылының ішінде көрініс беріп, тез үдейді.
Жеделше даму барысында белгілер баяу дамиды. Дене қызуы онша жоғары болмайды, органдар ишемиясының белгілері баяу пайда болады. Лабораториялық белгілер орташа дәрежеде.
Созылмалы даму барысы әдетте 30 жастан жоғарыдағыларда кездеседі, аурудың клиникасында органдар ишемиясының белгілері басым болады. Лабораториялық көрсеткіштер болмашы өзгерген.
Қосымша тексерулер.
Такаясу ауруының диагнозын қою үшін ангиография, магнитті – резонансты ангиография, тамырлар допплеграфиясы қолданылады. Бұл әдістердің көмегімен артериялардың бітелген (окклюзия) жерін және коллатеральдардың күйін анықтайды.
Биопсия аурудың алғашқы сатыларында тамыр қабырғасының гранулематозды қабынғанын, кейінгі сатыларда – склероздық өзгерістерді табады.
Ауруға тән лабораториялық сынама жоқ. ЭТЖ өсуі, анемия, глобулиндер өзгерістері байқалады.
Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Такаясу ауруының диагноз қою критерийлері 56-кестеде келтірілген.
56-кесте